ҚҰран ілімдеріне кіріспе профессор‚ доктор



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#6413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Сүрелердің есімдері
Сүрелер  өз  есімдерін  қиссасы  баяндалған  кісілерден* 
(Нұх,  һуд,  Ибраһим,  Юсуф,  Әли  Имран,  Мұхаммед  сияқты) 
немесе  қауымдардан  (Жын,  Періштелер  Мүнәфиқун, 
Мұтаффифин),**  немесе  тақырыптардың  бірінен  немесе 
алғашқы  сөздерінен  (Қад  сәми’а,  Ә.Л.М.  Тәнзил,  Субхан, 
Ләм  якун)  немесе  бастарындағы  хұруф  мұқаттадан  (Таһа, 
Йәсин,  Қаф,  Сад  секілді)  алған.  Берілген  атаулар  тәуқифи 
болмағандығынан, кейде бір сүренің бірден көп есімі болады. 
(Инсан-Дәһр,  Фатыр-Мәләйкә,  Исра-Бәни  Исрайл  сияқты. 
Фатиха  сүресінің  Асас,  Сальат,  Дұға,  Үммүл-Құран,   Шифа 
секілді 20 шақты есімі бар. Зәрқаши сияқты бұлардың тәуқифи 
болғандығын қабылдауға пейілді болғандар да табылады.
Кейде екі немесе одан да көп сүре тобына берілген атаулар 
да бар: Зәһрауан (екі жарқыраған сүре, яғни Бақара мен Әли-
Имран)‚ Мұаввизәтан (Фәлақ пен Нас), Муаууизат (Ықлас, 
Фәлақ, Нас), Мусәббиһат (Хадид, Хашр, Саф, Жұма, Тағабұн, 
А’ла)
12
  Хауамим  немесе  Зәуатул-хамим  (40-46  сүрелер  - 
Мүмин,  Фуссиләт,  Шура,  Зухруф,  Дұхан,  Жасия,  Ахқаф 
сүрелері).  Зәуатур-Ра  болса,  Әлиф  Лам  Ра-мен  басталған 
Юнус, Һуд, Юсуф, Рағд, Ибраһим және Хижр сүрелері.
13
 Та-
уасинТасин миммен басталған Шұғара және Қасас сүрелері 
мен Та син деп басталған Нәмл сүресін қамтиды.
14
46
*  Бірақ  бұл  қатып  қалған  ереже  емес.  Мәселең,  Хз.  Мұса  жайындағы 
аяттарға  толы  болғанымен  Ағраф,  Таһа  және  Қасас  сүрелерінің  ешбірі 
«Мұса сүресі» деп аталмайды. Фатыр сүресінің тағы бір аты “Мәләикә”.
** Фатыр сүресінің алғашқы аты “Мәләикә”.
12 
Тухуатул-Ахвези, VIII, 238.
13 
Әбу Дәуіт, Сальат, 329; А. Айдемир, 85-бет.
14 
А. Айдемир, 85-бет; әл-Мәтәлибул-Алийя, III, 283-бет.

“Хикмет”
баспа үйі
Сүрелердің тәртібі
Сүрелердің  қолымыздағы  қасиетті  Мұсхафтағы  ретінің  
неге сүйенгендігі туралы басты үш көзқарас бар:
а)  Барлық  сүрелердің  тәртібі  -  Хазіреті  Пайғамбардың 
(с.а.у.) нұсқауына сүйенген, яғни тәуқифи. Өйткені, Хазіре-
ті Осман кезінде жазылып, Имам атауы берілген мұсхафты, 
барлық  асхаб,  оның  ішінде  қолдарында  жеке  нұсқалары 
болғандары  да  бір  ауыздан  қабылдаған.  Имам  мұсхафтағы 
реті,  қазіргі  кездегі  бізге  мәлім  реті.  Тәуқифи  болмағанда 
қарсылық  шығатын  еді.  Басқа  жағынан  көптеген  хадистер-
де,  сүрелердің  бірінен  кейін  бірі  реттелгендігін  айтуы  да 
осыны  көрсетеді.  Шындығында,  асхабтан  Уасыла  ибн  әл-
Аска  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  былай  дегенін  жеткізеді: 
“Маған Тәуратқа тең - әс-сәбут-түуәл, Зәбурға тең - әл-миун
Інжілге  тең  әл-Мәсани  берілді  және  Мұфассалмен  де  мен 
ерекше  болдым”.  Сүрелердің  ретінің  тәуқифи  болғандығын 
қабылдағандар  арасында  Әбу  Жағфар  ән-Нәһһас,  әл-Кирма-
ни, Әбу Бәкір ибнул-Әнбари  бар (Бәйхаки мен Суюти де  Әнфал 
және Тәубе сүрелерінен басқа бұл пікірді қабылдайды). Оларға 
қарағанда,  ауызша  әмір  болмаса  да,  іс-әрекетпен  жасалған 
тәуқифилік  бар.  Бұған  қарсылық  болмаған.  Сондай-ақ  Хау-
амим (Ха мимдер) бір арада, бірақ Мусәббиһаттың арасына 
Мужадәлә,  Мумтахинә,  Мунәфиқун  сүрелері  кірген.  Та  син 
мим, Шұғара мен Қасас арасына Та син Нәмл кірген; бұл да 
ижтиһадпен болмағандығына дәлел (М. Әбу Шуһбе, Мәдһал, 
329-331 б. Субхи Салих та бұл пікірді қостағандардан (71 б.). 
Бұған  қарсы  дәлел  болмағандығын,  басқалай  тәртіппен  са-
хаба  мұсхафтарының  өзінше  еңбек  болып,  иелерінің  басқа 
мұсылмандарды қабылдауға шақырмағандарын айтады).
ә)  Сүрелердің  бір  бөлігінің  тәртібі  Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.)  білдіруіне,  қалған  бөлігі  сахабаның  ижтиһадына  қа-
тысты. Ибн Атийе, Зәрқани және басқа ғалымдар осы пікірде 
47

“Хикмет”
баспа үйі
қосылумен бірге‚ қандай сүрелердің тәуқифи болғандығы ту-
ралы олардың арасында тағы да келіспеушіліктер болған.
Әс-сәбут-тувәл  (2-9  сүрелер),  әл-Хауамим  (40-46 
сүрелер),  әл-Мұфассал  (50-114  сүрелер)  бөлімдеріндегі 
сүрелердің тәртібі, Бәни Исрайл (Исра), Кәһф, Мәриям, Таһа 
және  Әнбия  (17-21  сүрелер),  сондай-ақ  Ықлас,  Фәлақ  және 
Нас сүрелерінің (112-114 сүрелер) бірінің соңынан бірі келге-
ні туралы хадистер бар.
15
б)  Бұл  тәртіп  сахабаның  ижтиһадына  жатады.  Өйткені, 
сахабадан  Хазіреті  Әли,  Ұбәй  ибн  Кағб,  Ибн  Мәсуд  секілді 
кісілердің меншікті нұсқаларындағы сүрелердің реттелуінде 
өзгешеліктер кездеседі. Тәвқифи болғанда олар бұл билікке, 
өзгешелікке өздеріне лайық деп қарамайтын еді. 
Сүрелердің бөлінуі (тасниф)
Құран Кәрімнің мәтіні - практикалық (тәжірибе) жағынан 
оңай  болуы  үшін  сүрелерден  тұратын  бірнеше  топтарға 
бөлінген:
1)  Әс-Сәбут-түвәл*  -  «ең  ұзын  жеті  сүре»  деген  мағына 
береді.  Олар  Фатихадан  кейінгі  2-9  -  Бақара,  Әли  Имран, 
Ниса, Әнғам, Ағраф, Әнфал‚ Тәубе сүрелері болып табылады. 
(Бисмиллаһпен бөлінбегендіктен  кейбір адамдар Әнфал мен 
Тәубені бір сүре деп есептеген).
2) әл-Миун: Бірінші топтан кейінгі және аят сандары 100-
ге жуық немесе одан да біраз асатын сүрелер (Қолымыздағы 
әдебиеттерде  бұл  сүрелер  жайында  толық  бір  шектеу  көре 
алмадық).
48
15
 Зәрқәши, Бурһан, I, 258.
*  Тыйуаль  деп  оқу  кең  тараған,  алайда  дұрысы  ең  ұзын  мағынасындағы 
«тула» сын есімінің көпше түрі қылып «Туаль» деп оқу. (Бурһан, І, 244)

“Хикмет”
баспа үйі
3)  әл-Мәсани:  Аяттың  саны  жағынан  әл-миуннан  кей-
інгі  орынды  иелейді.  Фәрра  (ө.  207/822):  «Аяттары  жүзден 
аз  болғандығынан  түуәл  мен  миуннан  да  көп  қайталанып, 
оқылатындықтан осылай аталған» - дейді.
4)  әл-Мұфассал:  Қабылданған  пікірлерге  қара-ғанда 
Мұсхаф  шәрифтің  соңғы  бөлімі  болып  табылады.  Қаф  (50) 
сүресінен  Нас  (114)  сүресіне  дейінгі  бөлім.
16
  Қысқалығынан 
Бисмиллаһпен жиі-жиі бөлінгендігі үшін немесе мәнсух аяты 
болмағандығынан, осы мағынаға келетін мұфассал атауы бе-
рілген. Оншалықты мәшһүр емес әл-мухкәм атауы болса, бұл  
сүрелердің  үкімі  мәнсух  аяттарды  қамтымағандықтарынан  
осылай аталған болуы керек. Бұл топ та үшке бөлінеді:
1) Туал мұфассал (ұзын): Қаф-Бүруж, яғни‚ 50-85 сүрелер.
2) Әусат мұфассал (орта): Тариқ-Бәйинә, яғни‚ 86-98 сүрелер.
3)  Кисар  мұфассал  (қысқа):  Зәлзәлә-Нас  яғни‚  99-114 
сүрелер.
УАХИДІҢ  САҚТАЛУЫ 
Құран  Кәрім  -  сауатсыз  ортада
17
  өмір  сүрген  үмми  кісі-
ге
18
  уахи  етілген.  Аллаһ  Тағаланың  Құранға  берген  екінші 
есімі  саналатын  әл-Китап  атауы
19
  осы  уахидің  жазуменен 
тұрақтандырылуы керектігін астарлы білдіргеніндей (33 бет-
ке қараңыз), ең алғаш уахи етілген бөлімде де қаламның, сон-
дай-ақ жазудың адамның ең маңызды ерекшелігі болған білім 
үйрену  мен  үйретудегі  рөлі  күшейтіліп  көрсетілген.  Демек, 
адамзатты надандықтан парасаттылыққа, сауатсыздықтан бі-
лімділікке шығаруды мақсат еткен Құранға, “жазулы мәтін” 
49
16
 Зәрқәши, Бурһан, I, 245-247.
17 
Жұма, 2.
18 
Анкәбут, 48.
19 
Бақара, 2, 89 151; Әли Имран, 3; Ағраф, 2 және т.б.

“Хикмет”
баспа үйі
мағынасына келетін «кітап» атын берумен, «адамға қаламмен 
үйреткен Раббымыз» 
(Алақ, 4)
 бұл иләһи нұсқаулардың жазы-
луын астарлап әмір еткен болатын.
Ең  басында  түскен  уахилардан  Құранның  жазуменен 
тұрақтандырылғаны  ашықтан-ашық  түсінікті.  Шынында 
Құран,  мүшриктердің  былайша  қарсылық  көрсеткендерін 
баяндайды: «Олар: “Бұл Құран бұрынғылардан қалған аңыз, 
ол мұны жаздырып алған да, жатқа алу үшін ертелікеш оған 
оқып  беріледі”  дейді» 
(Фұрқан,  5)
.  Бұл  сүренің  түсуі  жағынан 
42-қатарда  орын  алғандығы  риуаят  етілген.  «Ол  шынында 
ардақты  Құран.  Кітапта  (яғни  лаухул  махфузда)  сақтаулы. 
Оны  пәк  адамдардан  басқасы  ұстай  алмайды»
  (Уақиға,  77-79)

деген аят та Құранның жазулы болғандығын, оны ұстау үшін 
таза  болу  керектігін  білдіреді.  Бұл  да,  бастапқы  дәуірге  тән 
уахилардан. Нүзулі жағынан бұлардан да бұрынғы бір сүреде 
«Жоқ, олай емес! Бұл (аяттар) расында бір насихат. Қалаған 
адам  одан  үгіт  алады.  Ол  қымбатты,  жоғары  бағаланған, 
таза бет-парақтарда жазулы. Ардақты да игі жазғыштардың  
қолында» 
(Абәсә, 11-14)
 деген аят орын алған бөлім де Құранның  
әубастан-ақ  бері  жазуға  меңзелгені  байқалады.  Һижрәттан 
бұрынғы 8-жылда Хазіреті Омардың Исламға кіру оқиғасын-
да  да  уахидың  жазылғандығы  көрсетіледі.  Сонда  Хазіре-
ті  Омар,  қарындасы  Фатиманың  үйінде  Таһа  мен  Тәкуир 
сүрелері жазылған парақтарды қолына алған еді.
Пайғамбарымыз  періштенің  жеткізген  уахиін  жаттай-
тын,  кейін  уахи  жазушыларынан  біреуін  шақыртып,  кел-
ген  бөлімнің  тиісті  орнын  айтып,  жаздыратын.  Ол  дәуірде 
Құранның  мәтінін  иленген  теріге,  құрмабұтақтарына,  жал-
пақ  тастарға,  тақтайға,  түйе  мен  қойдың  жауырын  сүйекте-
ріне жазатын.
20
50
20
 Зәрқәши, Бурһан, I, 238.

“Хикмет”
баспа үйі
Риуаяттардан түсінгеніміз бойынша, Хазіреті Пайғамбар 
(с.а.у) қате болуы ықтимал жерді түзету үшін келген уахиды 
жаздырғаннан  кейін,  жазушының  оқуын  қалайтын.  Өзіне 
оқылу  арқылы  салыстырылған  бұл  мәтін,  Расулұллаһқа 
(с.а.у.) тапсырылып, үйінде сақталатын.
21
ҚҰРАННЫҢ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (с.а.у.) 
БҰЙРЫҒЫМЕН ЖАЗЫЛЫП, ЖАТТАУ АРҚЫЛЫ
БЕЛГІЛЕНІП, ТІРКЕЛУІ
Бұл  дара-дара  материалдардың  әр  қайсысының  артық 
мәтін қамтымағандығын, сондықтан бұл жүздеген (әрі бөлуге 
қолайсыз)  материалдың  бір-біріне  араласып  кетуі  әбден 
мүмкін  екендігі  ойландыруы  мүмкін.  Бұл  уахи  мәтіндерін 
әртүрлі заттарға жазуының себебі, алдымен уақытша тіркеу 
жасаудың мақұл болуы еді. Өйткені, уахи тәмәмдалмай, ауық-
ауық келіп тұрғандығынан, сүренің бітуін күтіп, біткенде ба-
рып оны өте орынды тәсілдермен парақтарға өткізетін.
22
 
Әл-Хаким  (ө.  405-1014)  «Мүстәдрәкінде»  «Құран  мәтіні-
нің  жинақталуы  үш  мәрте  жасалып,  оның  біріншісі 
Расулұллаһтың  (с.а.у.)  алдында  болған»  деген.  Осы  үкімге 
негіз  болатын  мына  хадис  Зәйд  ибн  Сәбиттен  (Бұхари  мен 
Мүслимнің  риуаят  шарттарын  қамтитын  сәнәдта)  жет-
кізген.
23
  Ол:  «Біз  Хазіреті  Пайғамбардың  (с.а.у)  алдын-
да  Құранды  бірнеше  паршадан  жинайтынбыз»  -  дейді. 
Бәйхаки  (ө.  458/1065)  осы  хадис  туралы:  «Қанағатым  бой-
ынша  мұнда-ғы  мақсатым  бірнеше  мәрте‚  бөлек-бөлек 
түсірілген аят топтамаларын Хазіреті Пайғамбардың (с.а.у.) 
көз алдында сүрелерге бөлу‚ жинақтау» - дейді. Бұл сөздер 
Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  уахиі  біткен  сүрелерді  табылған  ең 
51
21 
М. Хамидуллаһ, Құран Кәрім тарихы, 43-бет
22 
М. Хамидуллаһ, «Құран Кәрім тарихы», 44 - бет.
23 
Зәрқаши, «Бурһан», І, 237; Суюти, «Итқан», І, 57 - бет.

“Хикмет”
баспа үйі
лайықты  құралдарға  бірнеше  парақ  түрінде  таза  қылып‚ 
көшіртіп сақтайтындығын білдіреді.
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) жаңадан түскен әр уахи мәтінін 
бірінші еркектерге, артынан әйелдердің жамағатына оқып ба-
яндайтын.
24
 Құран мәтінін жазғандар паршаны әрі жаттайтын 
әрі жазулы күйінде үйлерінде сақтайтын. Жазуды білмейтін 
және жеке нұсқасы болмаған мүминдер Хазіреті Пайғамбар-
дың  намаз,  уағыз  және  басқа  жолдармен  үнемі  Құран  оқуы 
кезінде есту арқылы құлақтарына құйып алатын.
25
 Құранды 
жадында сақтау, жазудан да кең тараған еді. Мұсылмандар на-
маз оқу, құлшылық жасау‚ сауап алу, үйрену, амал жасау се-
кілді мақсаттары үшін бар ынтасымен Хазіреті Пайғамбардың 
(с.а.у)  өзінен,  не  оның  үйретіп,  өкілі  еткен  асхабынан  Құран 
паршаларын үйрететін‚ жаттайтын. Пайғамбарымыз Исламға 
жаңадан кіргендерді Құранды жақсы білетін сахабаға жібере-
тін.  Мешітте  Құранды  үйретіп  және  үйреніп  жатқандардың 
дауыстары  бір-бірлерін  шатастырмаулары  үшін  Хазіре-
ті  Пайғамбар  (с.а.у.)  асхабына  дауыстарын  бәсеңдетулерін 
әмір  ететін.  Түнде  асхаб  отырған  орындарының  жанынан 
өткендер ара ұясының ызыңындай Құран дауысын еститін.
26
 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тірі кезінде-ақ көптеген сахаба 
жадыларында әрі парақтарда Құранды жинақтаған болатын. 
Ол (с.а.у.) қайтыс болғанда Хазіреті Әли дереу үйіне қамалып, 
«Құран  жинақталмайынша,  жұма  намазына  шығудан  басқа 
уақытта жамылғымды кимеуге ант еттім» - деп‚ бекініп және  
сол  сөзін  орындап,  Құран  жинақталмайынша,  Хазіреті  Әбу 
Бәкірге  бәйат  етпеген  (мойынсұнбаған).  Асхабтан  Ұбей  ибн 
Кағб, Әбу Мұса әл-Әш’ари, Миктад ибн Амр секілді кісілердің 
меншікті нұсқалары бар еді. Негізінде жүздеген мұсылманда 
жазылған Құран мәтіндері бар болатын. Бірақ, толық мәтінге 
ие  болғандар  тым  аз  еді.  Онсызда  мұсылмандардың  көбісі 
52
24 
М. Хамидуллуһ, «Құран Кәрім тарихы», 43 - бет.
25
 Сол туынды.
26 
Зәрқани, Мәнәхил, І, 241.

“Хикмет”
баспа үйі
оқу мен жазуды білмейтін. Күн көріс және мекендейтін орын 
жоқшылығынан алыста тұратындары бар еді. Бұлар мәтіннің 
бір бөлігін де ұстамаған болатын. Кейде Хазіреті Пайғамбарға 
(с.а.у.) жол үстінде уахи келетін. Міне осы себептерге байланы-
сты мәтіннің түгелдей белгілі бір кісіде барлығын айту қиын.
Түрлі  сахабалардан  жеткен  дәлел  сөздерде  бақыт 
ғасырында  Құранның  барлығын  жаттаған  кісілердің  саны 
мен  есімдері  туралы  мағлұматтар  бір-бірінен  өзгеше.  Олар 
4,5 немесе 6 қариды атайды. Негізінде асхабы кирам әр түрлі 
қалаларға  таралғандықтарынан,  іштеріндегі  қариларын 
әркімнің білуі мүмкін емес еді.
27
 Осы мағұлматты бергендер 
өздері  білетін  қарилардың  есімдерін  айтқандықтарынан, 
риуаяттарда  түрлі  есімдер  аталған.  Бұдан  басқа,  жаттау-
ын кейіннен бітірген бір топ сахабалардың да болуы мүмкін 
және жоғарыда айтылған сөздердің уақыттары одан бұрынғы 
замандарға  тән  болуы  да  мүмкін.  Хазіреті  Әли,  Абдұллаһ 
ибн  Мәсуд,  Сәлим,  Мұаз  ибн  Жәбәл,  Ұбәй  бин  Кағб,  Зәйд 
ибн  Сәбит,  Әбуд-Дәрда  Құранды  жатқа  білген  қарилар.  Бір 
Үмму  Уарақа  есімді  әйел  қаридың  да  болғаны  айтылады.
28
  
Әбу Ұбәйд (224/838) есімді бір автордың «әл-Қырағат» атты 
туындысының басында отызға жуық қари сахабаның аты бе-
ріліп,  кейбіреуінің  қарилықтарын  Пайғамбарымыз  (с.а.у.) 
қайтыс  болғаннан  кейін  толықтырғандықтарын  жазған 
(Ит-
кан, І, 72)
.
Құранның  Жәбірейілге  Арзы  (ұсынылуы)
Құран мәтінінің жеткізілу турасында арз мәселесі туралы 
да айтуымыз керек. Әр рамазан айында Пайғамбарымыз (с.а.у.) 
оған дейін уахи етілген Құран мәтінінің толығын   Жәбірейілге 
оқып  беріп,  Жәбірейіл  оған  оқып  мұқабәлә  (салыстыратын) 
ететін.  Бұл  арз  (ұсыну)  ісі  –  Бұхари  және  басқа  хадисшілер 
53
27 
С. Атеш, Тәфсір сабақтары, 17-бет.
28 
Ахмет бин Ханбал, Мүснәд, VI, 405.

“Хикмет”
баспа үйі
тарапынан  жеткізілген.  Ұсыну  кезінде  олардың  жанында 
кейбір  сахабалардың  болғандығы  риуаяттардан  байқалады. 
Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  соңғы  рамазанында  болған  арз-
ды  «әл-ардатүл  ахирә»  дейді.  Бұл  туралы  Хазіреті  Фатима 
өзіне Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жасырын түрде: «Жәбірейіл 
Құранды менімен әр жылы бір мәрте салыстыратын. Биыл бол-
са екі мәрте мұқабәлә етті. Осыдан-ақ ажалымның келгендігін 
түсіндім» дегенін Хазіреті Айшаға айтқан.
Ислам  әлеміндегі  бақыт  ғасырынан  қазірге  дейін 
жалғасқан мұқабәлә әдеті арз ерекшелігінің дәстүрін жанды 
ұстау қалауының бір көрінісі болып табылады.
ҚҰРАН  МӘТІНІНІҢ  МҰСХАФ  ХАЛІНЕ  КЕЛТІРІЛУІ
Хазіреті  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  тірі  кезінде  үздіксіз  
уахи келіп тұрғандықтан, Құран мәтінін кітапқа (дәффәтәйн) 
айналдырып‚ мұсхаф халіне келтіруі мүмкін емес еді. Бұлай 
жасалған болса жиі-жиі өзгерту енгізу, араға кіретін бірнеше 
аятты орналастыру үшін екінің бірінде жазылған көп мәтінді 
жоюға мәжбүрлік туатын еді. Екіншіден болса, көптеген қари 
Құран мәтінін жаттап, үнемі оқып тұратын және асхабтың бір 
бөлігінің жанында жазулы нұсқалары да болатын. Сондықтан 
мәтіннің сақталуы тақырыбында алаңдауға себеп жоқ еді.
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) дүниеден өткеннен кейін, һәм 
ол секілді кепілдік берушінің араларынан кетуі һәм Исламға 
қауіп  төндірген  иртидат  әрекеттеріне  қарсы  соғыстар  иләһи 
жол көрсетуші - Құран Кәрім мәтінінің үмметтің ижма’ынан 
өтіп,  бір  сөзінен  болса  да,  ешкімді  шек-шүбәға  апармайтын 
түрде қияметке дейін ешкім қарсылық ете алмайтын имам
болуы қажеті туындаған еді.
54
* Хз. Әбу Бәкр жаздырып, Хз. Осман көбейттірген мұсхафты ғалымдарымыз 
«Әл-Мусхафуль Имам» немесе жәй ғана «Әл-Имам» деп атаған.

“Хикмет”
баспа үйі
Хазіреті  Пайғамбар  (с.а.у.)  жаздырған  парақтар  бар 
бола  тұра,  неге  Хазіреті  Әбу  Бәкір  мұнымен  қанағаттанбай, 
мұсхаф халіне жинақтауына мұқтаж болды деген сұрақ ойға 
келуі  мүмкін.  Мұның  жауабы  мынау:  Өйткені  біріншіден, 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүниеден өтпестен, ол парақтар болу-
мен қатар, олардың мемлекеттік белгі ретінде ресмилігі жоқ 
еді. Өйткені, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тірі болуы көптеген 
мәселедегідей  Құран  мәтініне  кепілдік  беру  тұрғысынан  да 
талассыз бедел саналып, Ол - әминул-уахи еді. Ал, одан кейін 
келген  халифаның  мұндай  ерекшелігі  болмағандықтан,  бұл 
парақтарды бір кітаптай мұсхаф халіне келтіруге мәжбүр бол-
ды. Негізгі билік пен кепілдіктің бұдан былай имамы (Құран 
мәтінінің) болуы керек еді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) артын-
да  Аллаһтың  кітабын  қалдырғандығын,  мұсылмандардың 
оған  тәуелді  болғандарында  әсте  адаспайтындықтарын  біл-
дірген еді.
Екінші  бір  себеп‚  Хазіреті  Әбу  Бәкір  мұсхафты  ол 
парақтардан көшірте алатын еді. Бірақ бұлай жасау не болса 
да қауіпті еді. Мұсылмандар арасында кейіннен ортаға шығуы 
мүмкін жағдайларды есепке алу керек болатын. Толық неме-
се бір бөлігі ғана бар жеке Құран нұсқаларында майда-шүйда 
қателері  болмайтын  ба  еді?  Әлбетте,  болатын  еді.  Кейбір 
бөлімдерінің өте аз адамдарда жазылғаны болғандықтан‚ көп  
өтпестен  толығымен  жоғалып  кетуі  мүмкін  еді.  Аз  да  болса 
тиләуәті  нәсх  етілген  бөлімдер  болып*,  мұны  білетіндермен 
қатар‚  білмейтіндер  де  бар  еді.  Сондықтан  қолдағы  мәтінді 
бір  жағынан  асхабтың  жазбалары  және  жаттағандарымен 
күшейту, бір жағынан жеке қателерді түзету арқылы нәтижеде 
55
* Жумһур, яғни ғалымдардың басым көпшілігі насх сөзін мәтінді мұсхаф-
тан шығарып тастау деп түсінеді. Мутәзиләлық және т.б. кейбір ғалымдар мұны 
қабыл  етпейді.  Ғалымдардың  аз  бөлімі  мұны  мәтіннің  мұсхафта  қалып,  тек 
орын ауыстыруы деп түсінеді.

“Хикмет”
баспа үйі
үмметтің  бір  ауыздан  келісімінен  (ижма’ынан)  өткен  имам 
мұсхафтың заңды тұлғалығы мен заң күшіне ие болуы керек 
еді.
Алдында  көрсетілгендей,  Расулұллаһтың  (с.а.у.)  бедел-
ді  тұлғасының  өмірден  өтуіменен  орны  толмас  олқылық, 
тартыстар  және  иртидат  соғыстары,  бір  сөзбен  айтқанда  осы 
себептердің  барлығы  Құранның  ресми  бекітуден  өткен  және 
үмметтің  бір  келісімде  тоқтауын  қамтамасыз  ететін  имам 
мұсхаф  халінде  жинақталуын  қажет  еттірді.  Шынымен-ақ 
Хазіреті Әбу Бәкірдің халифалығының басында болған Ямамә 
соғысында 70 қари
29
(бұлардың барлығы емес, едәуір бір бөлігі 
қари болуы керек) сахабаның шәһид болуы, шара қолдану ке-
ректігін анық көрсеткен еді.
Зәйд ибн Сәбит былай дейтін: Ямамә соғысында көптеген 
асхабтың  қаза  болуынан  кейін  Хазіреті  Әбу  Бәкір  мені 
шақыртты. Барсам Хазіреті Омар да сол жерде екен. Әбу Бәкір 
маған:  «Омар  Ямамәда  Құран  қариларының  көбісі  қайтыс 
болды.  Осы  секілді  оқиғаларда  қарилар  өле  берсе  Құраннан 
айрылып  қаламыз.  Меніңше  Құранның  жинақталуы  үшін 
әмір шығаруың керек» - дейді. Мен Омарға: «Расулұллаһтың 
(с.а.у.) жасамаған ісін қалай жасай аласың?» - деймін. Омар: 
«Уаллаһи, бұл жақсы іс» - деді. Кейін осы іс туралы ұзақ сөз 
қозғап, маған айта-айта ақырында Аллаһ жүрегімді осы іске 
көндірді. Мен де оның көзқарасын құптадым» - дейді. Сонда 
Әбу Бәкір маған бұрылып: «Сен жас, тың‚ ақылды адамсың. 
Ешкім  сені  кінәлай  алмайды.  Сен  онсыз  да  Расулұллаһтың 
(с.а.у.)  уахи  жазушысы  едің.  Құранның  мәтіндерін  жина» 
-  деді.  Уаллаһи!  Маған  бір  тауды  орнынан  көшіруді  тапсыр-
са да Құранды жинау жауапкершілігіндей ауыр болмас еді». 
56
29 
Құртуби, Тәфсір, Алғы сөз.

“Хикмет”
баспа үйі
Ақырында  Құранды  құрма  ағаштарынан,  жалпақ  тастардан 
және жаттаған адамдардан жинай бастадым».
30
Қайнар деректердің бір ауыздан білдіргендігіне қарағанда 
Хазіреті  Әбу  Бәкір  Зәйдке  өз  жадысындағыға  әсте  сен-
беуін  және  әр  аятқа  екі  дәлел  болуымен  бірге,  екі  кісіден 
жазылған нұсқа іздестіруін әмір етті. Қолдарында Құраннан 
жазулы  бөлімдер  болғандардың  барлығына,  бұларды  Зәйдке 
әкелуін  жариялады.  Бұл  мешітте  жарияланған  еді.  Хазіреті 
Омар  да  куәгерлердің  қолдарындағы  нұсқалардың  Хазіреті 
Пайғамбардың  (с.а.у.)  бақылаған-бақыламағандығын  нұсқа 
иелеріне ант еткізіп, тексертіп, қуаттап отырды. Зәйд те мін-
детін алғаш қабыл алғанда, оның өзіне жәрдемдесуін шарт ет-
кен. Ол да шындап жәрдем еткен.
31
Зәйдтің  өзі  де  жақсы  қари  бола  тұра,  өзі  секілді  басқа 
қариларға  да  қанағаттанып  қана  қоймай,  әр  аят  турасын-
да  Пайғамбар  (с.а.у.)  мен  Жәбірейілдің  (а.с.)  мұқабәләсінен 
өткені  туралы  екі  жазулы  куәгер  іздестіргеніндей,  өте 
мұқияттылықпен  және  ғылыми  тәсілмен  қарастырған.  Тек 
қана Тәубе сүресінің соңындағы екі аят туралы қанша іздес-
тірсе  де  екі  жазушы  куәгер  таба  алмаған.  Әбу  Хузәймадағы 
жазулы нұсқаға сүйенуге мәжбүр болған. Ол заманның шарт-
тарында мұндай қаталдық пен ғылыми талғағыштық көрсете 
алу  оқиғасында  «Расында  Құранды  Біз  түсірдік.  Әрі  шын 
мәнінде, оны Біз қорғаушымыз» - деген 
(Хыжыр, 9) 
иләһи қалау 
мен ғинаятты көрмеу мүмкін емес.
Хазіреті  Әбу  Бәкір  дәуірінде  бір  араға  жинақталып 
тәртіпке келтірілген парақтар - әл-Мұсхаф деп аталған. Бұл 
сөз  сөздікте:  «Мұқабасында  парақтар  қамтылған»  деген 
мағынаны білдіреді. Діни терминде болса: «Хазіреті Осман ке-
зінде бір ауыздан келісім бойынша аяттары мен сүрелері рет-
57

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет