Қаралық ғылыми­практикалық конференция I том



Pdf көрінісі
бет64/98
Дата03.03.2017
өлшемі9,92 Mb.
#6485
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   98

Список литер атуры: 

1  Каменоградский  И.С.  Очерки  нравст венного  воспитания  учащихся.  – 

Саратов: Изд­во Саратовского  уни верситета, 1962. – 240 с. 

2  Волков  Г.Н.  Этноп едагогика.  –  Чебок сары:   Ч увашкнигои здат,  1974.  – 

376с. 

3  Киреевский  И.В.  Антология  п едагогической   мысли  Р оссии  п ервой 



половин ы X IX в. – М.: Педагогик а, 1987. 

4  Алтын сарин  И.  Собрани е  сочинений.  Т­11.  –  Алма­Ат а:  На ук а,  1976.  – 

423 с. 

5  Оршибеков  И.  Идеи  нравст венного  воспитания  в  к аз ахском  устн ом 



 

 

458 



 

народн ом  поэти ческом  т ворчестве:   Автореф.  к анд.  п ед.  на ук .  –  Ташк ент, 

1973. – 18 с. 

6  Кошербаева  А.Н.  Из учение  р усск ого  и  каз ахского  фольклора  к ак  

средство  п риобщен ия  учащихся  к   к ульт урном у  н аследию   народов  (5­6  кл. 

р усскоязычных  шк ол  К азахст ан а).  Дис.  н а  сои ск ание  ученой   ст еп ени 

кандидата педагоги ческих на ук . ­Моск ва, 1994. – 189 с. 

7  Волков 

Г.Н. 

Чувашская 



н ародная 

п едагогик а. 

– 

Чебок сары:  



Ч увашкнигиздат, 1958. – 259 с. 

 

 



ӘОЖ 372.881.1 

Мукушева Г. 

Қандыағаш қалалық №2 ОМ мұғалімі, Ақтөбе, Қазақстан 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТАҚЫРЫПТАРДЫ  

ТІРЕК-СЫЗБА НЕГІЗІНДЕ МЕҢГЕРТУ 

 

Abstract. In article the problem of formation of the language environment when training 

in a state language on the basis of the basic schemes promoting development of oral and written 

language of pupils is considered. 

Keywords: didactic materials, oral speech, written language, didactics, training technique. 

 

Қазіргі  таңда  көптеген  технологиялардың  пайда  болуы  қоғам  талабы,  мемлекеттік 



тілдің қажеттілігінен туындап отырған мəселелер деп айтуға болады. 

Барлық  дидактикалық  материалдар  оқушылардың  жазба  жəне  ауызша  тілін 

дамытады,  сонымен  бірге  білім  сапасын  көтеруге,  балалардың  оқып­үйренуге  деген 

қызығушылықтарын  арттыруға  əсерін  тигізеді. Дидактикалық  материалдар оқушылармен 

жеке жұмыс жүргізуге жəне терең, ауқымды білім алу нəтижесіне жеткізеді. 

Орыс  мектептерінде  тілдік  орта  қалыптастыра  отырып  қазақ  тілін  үйрену, 

лексикалық  жəне  грамматикалық  тақырыптарды  меңгеру  күрделі  жұмыс.  Сондықтан 

басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі  тілде сөйлеуге үйрету қиын  да қызық  жұмыс. Сол 

қиындықтарды жеңілдету үшін өз тəжірибемізде тілдік ортаны қалыптастыру мақсатында 

тірек –сызбаларды төмендегі əдістер арқылы меңгертуге тырыстық.Әдістер: 

1.  сұрақ – жауап;  

2.  өз ойын айту; 

3.  баяндау; 

4.  сұхбаттасу; 

5.  монолог əдісі; 

6.  диалог əдісі; 

7.  аударма əдісі; 

8.  синтетикалық сызба; 

9.  «ойға шабуыл» əдісі, т.б. 

Тірек – сызба арқылы сұрақ – жауап әдісі бойынша оқушыларға 

тақырыпқа байланысты сауалдар қойып, жауап аламыз.Өз ойын айту әдісі бойынша 

балалар  тірек  сөздер  берілген  сызбаны  пайдалана  отырып  ,сөз  қорларының  көмегімен  өз 

ойларын  жеткізеді.  Баяндау  әдісі,  көбінесе  ,қазақ  жаңа  тақырыпты  өту  барысында 

қолдануға  өте  тиімді.  Тірек  –  сызба  бойынша  оқушылар  ақын  –  жазушыларының  кім 

екені,өмір  сүрген  жылдары,  шығармашылығы  жайлы  толық  мəлімет  бере  алады. 


 

 

459 



 

Сұхбаттасу  әдісі                арқылы  екі  оқушы  бір  –  бірімен  тақырыпқа  байланысты 

əңгімелеседі. Монолог әдісі бойынша оқушылар тірек – сызбаға сүйене отырып, кезкелген 

тақырыпқа əңгіме құрастырып, өз ойын жеткізе біледі. Диалог әдісі – бұл əдісті меңгерген 

оқушы  оқытушымен  жəне  өзара  кері  байланысқа  түсе  алады.  Әрине,  бұл  жағдайда 

оқушының алдында белгілі бір уақыт ішінде өздігінен ойлануға, түсінуге  жəне ойын еркін 

жеткізуге мүмкіндік туындайды. Диалогтың жəне монологтың жеке тұлға үшін атқаратын 

қызметтері  бір  арнаға  тоғысып  жатады  да  оқушының  танымдық  қабілетінің,  жалпы 

тəрбиелік  деңгейінің  дамуына  əсер  етеді.  Аударма  әдісі  бойынша  тірек  –  сызбаның 

көмегімен əңгіменің мазмұнын аударады. Тірек – сызбаларды қолдану барысында əр түрлі 

əдістермен  ауызша  тілді  дамытуға  болады.  Қазақ  халқының  белгілі  адамдары  жайлы 

немесе  танымдық  жаңа  деректерді оқығанда,  тірек – сызбалар арқылы толық  мəлеметтер 

алуға  мүмкіндік  туады.  Кейде  берілген  мəтіннің  деректерін  негізге  ала  отырып  тірек  – 

сызба құрастыруға болады.Сызбаларда тек тірек сөздер берілгендіктен оқушылар ойларын 

дұрыс  жүйелі  жеткізу  мақсатында  өздерінің  сөз  қорларына,  грамматикалық  тақырыптар 

бойынша алған білімдеріне сүйенеді жəне білім деңгейлерін көрсетеді. 

Тағы  бір  айта  кететін  жайт,  логикалық  синтетикалық  сызба  арқылы  оқушының  өз 

пікірін  айтуға  түрткі  болады.  Мысалы:  менің  ойымша,  мен  ойлаймын,  егер,  менің 

пікірімше.  Екіншіден,  оқушы  белгілі  бір  тақырып  төңірегінде  өзінің  оқып  білгенін, 

естігенін,  еркін  айтып  беруге  машықтанады  да,  тең  дəрежеде  коммуникативтік  қарым  – 

қатынасқа  түседі.  Үшіншіден,  əрбір  жеке  тұлғаның  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

даралай  оқытуға  да  əсерін  тигізеді.  «Ойға  шабуыл»  əдісі  –  теориялық    материалды 

меңгерту  кезінде  де  шығармашылық  жұмыстарды  орындату  барысында  да  кеңінен 

қолданылады.  Мысалы  7  ­сыныпта  сөздің  мағыналық  топтарын  өткеннен  кейінгі  бірінші 

кезеңде  тақтаның  ортасына  шеңбер  сызып  «синонимдер  не  үшін  қолданылады?»  деп 

жазылады  да,  оған  сыныптағы  барлық  оқушылар  жауап  беруге  тырысады.  Жұмыстың 

екінші  кезеңінде  «синонимдер  –  тіл  байлығының  белгісі»  деген  тақырыпта  шағын  ой 

тұжырымын  жазуды  тапсыруға  болады.  Бұл  оқушылардың  бір  жағынан  сөйлеу  тілі 

жетіледі,  екіншіден,  бар  пікірді  саралап,  салыстырып,  өз  тұжырымын  жасау  дағдысын 

қалыптасады.  

Грамматикалық  материалды  жəне  лексикалық  тақырыптарды  оқытуда  тірек  – 

сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір – бірімен қарым – 

қатынас  жасауға  (сөйлеу,  айту,  жазу,  оқу),  ойлау  қабілетін  дамытуға,  ойын  қазақша 

жеткізе білуге жаттықтырады. Тірек – сызбалармен жұмыс істеуді оқушы жақсы меңгеріп 

алса,  сөйлем  құрастыру,  сөзді,  сөйлемді  талдау,  өз  ойын  жеткізу  жеңіл  болады.  Тіпті 

үлгерімі  төмен  балалар  үшін  де  тірек  –  сызбалар  олардың  жұмыс  істеу  қабілеттерін 

арттырып,  дамытады.  Тірек  –  сызбалардың  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  істеу 

дағдыларын  қалыптастыруда  да  маңызы  зор.  Өз  бетімен  тануға  үйрету  оқушылардың 

белсенділіктерін  ғана  арттыра  қоймай,  олардың  зерттеу  қызметін,  жеке  тұлға  қасиеттері 

мен  даму  қабілеттерін  арттырудың  бірден  –  бір  жолы  деп  саналады.  Өздік  жұмыстың 

сабақтың құрамды бөлігі ретінде өткізуге болады.  

Мысалы,    «Фразеологизмдер»  тақырыбын  өтуде    келесідей  тірек  –  сызба  негізінде 

жұмыс түрін жүргіздік: 

 

 

 



 

 

 



                Фразеологизмдер 

тұрақты сөз тіркестері 



 

 

460 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Мұғалім түсіндіреді, айтып береді жəне көрсетеді. Жұмыс істеу алгоритмі: 

1. 


–тұрақты сөз тіркесінің нешеге бөлінетіндігін ажыратып көрсету; 

2. 


–əр қайсысының анықтамасымен таныстыру

3. 


–бір – бірінен айырмашылығын түсіндіру; 

4. 


–оқушыларға түсінікті болу үшін мысал келтіру.  

Содан  соң  10  –  15  минут  уақыты  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  бөлінеді.Әр  топ  өз 

тұжырымдамасын  ортаға  салады.  Осындай  жұмысты  мəтінмен  де  жүргізуге  болады. 

Осындай  жаттығуларды  орындау  барысында  оқушылардың  ойлау  қабілеті,жазба  жəне 

ауызша дағдылары дамиды.  

Қорыта айтқанда, тəжірибемізде тірек – сызбалардың тиімділігі 

сабақтың  сапасын  арттырады,  оқушылардың  белсенділігін,  ойлау  мен  есте  сақтау 

қабілеттерін  дамытады,  қазақ  тілін  оқып  –  үйренуге  деген  қызығушылықтарын  арттыра 

отырып, тілдік орта қалыптастыруға негіз болатынын байқадық. 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1  Р.Ә.Шаханова. Орыс аудиториясында қазақ тілін оқытуда тілдік жағдайды пайдалану. 

Алматы. Абай атындағы ҚазҰПУ.Хабаршы.,2005ж.3(9). 

2  Т.Назарова Образовательная среда школы и новый технологии обучения на рубеже ХХІ 

века – Народное образование. – 2000 ­ № 8 

3  А.А.Жеглова  Активизация  и  использование  компонентов  русской  языковой  среды.// 

Русский язык в грузинской школе – 1985. ­ №3  

4  Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно – воспитательного процесса. – М., 1982.­с.169. 

5  Н.А.Журавлева  Языковая  среда  как  обучающий  фактор  и  резерв  повышения 

эфективности краткосрочного обучения русскому языку. / Автореферат. – М., 1981. – 20б. 



 

афоризмдер (нақыл, қанатты сөздер) 

 

Мағынасы 



терең, 

ойды 


қысқаша 

бейнелейтін,  мақал­мəтелге  ұқсас,  айтуға 

оңай,  көркем  сөз  тіркесі.    Яғни  қысқа  əрі 

ойлы,  авторы  белгілі,  тұжырымды  ереже 

қағидалар. 

мақал – мəтелдер 

 

Өмір құбылысын жинақтай отырып, түйінді 



пікір 

айтатын 


ықшам 

сөз 


өрнегі.                    

Авторы халық. 

1.  Құрылымы жағынан екі, 

үш бөлімді болады; 

2.  Ой нақты айтылады; 

3.  Ақыл­кеңес, үлгі­өнеге 

түрінде айтылады. 

 

Мысалы: 



Тілден артық қазына жоқ, 

Тілден артық қасиет жоқ. 

(Н.Назарбаев) 

Мысалы:  

Не ексең, соны орасың; 

Жері байдың елі бай. 



 

 

461 



 

 

УДК 378.02:37.016 



Нұржанова А. 

ф.ғ.к., ассист.проф., Сулейман Демирел университеті, Қаскелең қаласы, Қазақстан 

aisulu.nurzhanova@sdu.edu.kz 

 

 ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДА АССОЦИАЦИЯЛЫҚ 

ӘДІСТІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ 

 

 

Abstract.  The  article  considers the  efficiency  of  the  associative  method  of  teaching  the 

Kazakh language as foreign language. 

Key words: associative method, efficiency, teaching the Kazakh language 

 

Бүгінгі  тəуелсіз  Қазақстанның  халықаралық  кеңістіктегі  саяси,  экономикалық 



беделіне сай шетелдік білімгерлердің қазақ тіліне сұранысы жылдан жылға артып келеді. 

Сондықтан қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту əдістемесін жетілдіру – өзекті мəселе.  

Осы  уақытқа  дейін  қазақ  тілін  оқытуға    арналған  кешенді  оқулықтар  орыс  тілді 

аудиторияға  арналып  жазылғандықтан,  қазақ  тілін  шет  тілі  ретінде  оқытуда  пайдалануға 

тиімсіз  болып  отыр.    Бүгінгі  таңда  дайындық  бөлімдері  бар  жоғары  оқу  орындарында 

шетелдік білімгерлерге қазақ тілін оқытатын əдіскер­оқытушылар көптеген қиындықтарға 

тап болуда.  

Біріншіден, тілді оқытудың  еуропалық  стандартына сəйкес бес  деңгейге  арналған 

арнайы  оқу  кешенінің  жоқтығы,  практикалық  сабақтарда  пайдаланатын  аудио­визуалды 

базаның  қалыптаспағандығы,  тіпті  кітап  дүкендерінің  сөрелерінде  сатылымда  тұрған 

аудиоматериалдардың барлығы орыс тілді тіл үйренушіге арналғандығы;  

Екіншіден,  шетелдік  əдістемеде  жиі  пайдаланылатын  республикалық  деңгейдегі 

тілді  (қазақ  тілі)  шет  тілі  ретінде  оқытуда  біліктілікті  жетілдіру  курстарының  жоқтығы, 

семинарлар,  вебинарлар  (онлайн­семинар)  жиі  ұйымдастырылмайтындығы,  отандық 

жетекші  əдіскер­ғалымдардың  жетекшілігімен  құрылған  орталықтардың  жоқтығы  бұл 

мəселенің  əлі  де  шешімін  таппай,  ұзақ  жылдар  бойы  өзгеріссіз,  баяу  дамитындығын 

аңғартады.  Егер  осы  бағыттағы  отандық  əдіскер­ғалымдар  бірігіп,  бір  арнада  жұмыс 

істесе, қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретінде мəртебесі  артып, шетелдіктерге тіл  үйретуде 

көптеген  мəселелер  шешімін  тауып,  осы  салада  жаңа  зерттеулер  жүргізуге  мүмкіндік 

туады.  Бұл  мəселенің  шешілуі  қазақ  тілін  шет  тілі  ретінде  оқыту  əдістемесін  жаңа 

деңгейге көтермек, нақты қоғамдық сұраныстарды қанағаттандырмақ.  

Осы  орайда  тілді  шет  тілі  ретінде  оқыту  əдістемесі  бағытының  негізін 

қалыптастырушылар:  ағылшын  тілін  шет  тілі  ретінде  оқытудағы  əдіскер­ғалымдар  (Clive 

Oxendon,  Christina  Lathman­Koenig,  Paul  Seligson,  Araminta  Crace,  Аlex  Tiibury,  Theresa 

Clementson,  Leslie  Anne  Hendra,  David  Rea,Michael  McCarthy,  Jeanne  McCarten,  Helen 

Sandiford),  орыс  тілін  шет  тілі  ретінде  оқытатын  əдіскер­ғалымдар  (М.Н.Вятютнев, 

Б.А.Глухов,  А.Н.Щукин,  И.А.Зимняя,  Э.И.Иванова,  З.Н.Иевлева,  О.Каган,  В.Т.Марков, 

Е.Ю.Николенко  жəне  т.б..),  қазақ  тілін  шет  тілі  ретінде  оқытатын  əдіскер­ғалымдар 

(Қ.Қадашева, 

Ұ.Асанова,  Б.Ашықбаева, 

Ф.Оразбаева,  Т.Аяпова,  Э.Сүлейменова, 

З.Ерназарова,  З.К.Ахметжанова,  З.Күзекова,  М.Жолшаева,  Г.Мұсаева  жəне  т.б.)  деуге 

болады.  

Ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту əдістемесінің қарқынды дамығандығы, орыс 

тілін  шет  тілі  ретінде  оқыту  əдістемесінің  бəсекеге  қабілеттілігі  осы  бағытта  зерттеулер 


 

 

462 



 

жүргізетін  отандық  ғалымдардың  қазақ  тілін  оқытуды  жаңа  мазмұнмен  толықтыруға, 

жүйелі жұмыс жүргізуге ынталандырады.  

Қазақ  тілін  екінші  тіл  немесе  шет  тілі  ретінде  оқыту  əдістемесінің  заманауи 

үрдістері  əдіскер­ғалымның  алдына  тіл  білімі  ғылымының  антропоцентристік  бағытына 

сəйкес  өзгеше  міндеттер  қойып  отырғаны  белгілі.  Басқаша  айтқанда,  тілді  оқытудың 

мазмұнын  тереңдетіп,  үйлестірілген  тəсіл  арқылы  тіл  үйренушінің  лингвоелтанымдық, 

лингвомəдени құзіреттілігін, тіл үйренушінің тілдік тұлғасын қалыптастыруға негізделеді.  

Шетел  білімгерлерінің  лингвомəдени  құзіретін  қалыптастыру  практикалық  қазақ 

тілі  сабақтарында  жүзеге  асырылады.    Ең  алдымен,  лингвоелтанымдық,  лингвомəдени 

тақырыптардың  қолжетімділігіне,  шетелдік  тыңдаушылардың  қызығушылығын  оятатын 

лингвомəдени  компоненті  бар  тілдік  бірліктерді  саралау  жəне  сұрыптау  қажеттілігі 

туындайды.  Әрине,  бұл  жағдайда,  лингвомəдени  ақпараты  бар  сөздер,  сөз  тіркестері, 

мəтіндер  тіл  үйренушінің  деңгейіне  қарай  беріледі.  Қарапайым  деңгейге  арналған 

мəтіндер  жеңіл,  қарапайым  болғаны  жөн.  Мысалы,  кез  келген  сабақтың  лексика­

грамматикалық  тақырыбына  сай  берілген  мақал­мəтелдердің  мағынасын  ассоциациялық 

əдіс  арқылы  түсіндіріп,  тіл  үйренушінің  санасында  Power  Point  бағдарламасын  тиімді 

пайдалану арқылы бекітуге болады.  

«Адамның  сезім  мүшелері  арқылы  қабылданған  ақпараттардың  негізінде 

ассоциация  туындайды»[1],  сондықтан  ассоциативтік  əдіс  тілдерді  оқытуда  тиімді  əдіс­

тəсілдердің  бірі  деуге  болады.    Демек  кез  келген  тілді  үйренуде  тіл  үйренушінің 

ассоциациялар  қоры  мол  болса,  оның  лингвомəдени,  лингвоелтанымдық  құзіреті  дұрыс 

қалыптасады.  Осы  орайда  орыс  ғалымы  Леонтьев:  «Если  нам  нужно  найти  метод,  с 

наибольшей объективностью позволяющий вскрыть  “культурную” специфику  словарных 

единиц,  вскрыть  те  побочные,  непосредственно  не  релевантные  для  обобщения 

семантические  связи,  которые  имеет  данное  слово,  его  семантические  “обертоны”,  ­  без 

сомнения, таким методом является ассоциативный эксперимент», ­деп көрсетеді [2].  

«Ассоциация  –  бұл  реттелген  бірнеше  рефлекстердің  жиі­жиі  қайталану  нəтижесі. 

Ал кез келген психологиялық  актінің  нəтижесі бір ғана процестің  санада фотографиялық 

түрде қайталануы», ­деп жазады И.М.Сеченов [3]. 

Шетелдік білімгерлерге арналған  практикалық  қазақ  тілі сабақтарында ассоциациялық 

əдіс  тіл  үйретуші  оқытушы  мен  тіл  үйренуші  білімгердің  танымдық  қызығушылығын 

талап  етеді.  Бұл  əдісті  нəтижелі  жүзеге  асыру  үшін  оқытылатын  тақырып  жүйелі  берілуі 

керек. Мысалы, əр тақырып лексикасын (жаңа сөздерін) Power Point бағдарламасы арқылы 

таныстыру.  Бастапқы  деңгейде  тіл  үйренушілердің  лексикалық  қоры  тым  аз 

болғандықтан,  тіл  үйренушіге  түсінікті  болуы  үшін  қарапайым  тəсілдерді  пайдаланған 

жөн.  Мұндай  тəсілдерге  көрнекіліктерді  пайдалану,  антонимдерді  табу  жатады.  Ал 

көрнекіліктерді  пайдаланбаған  жағдайда,  тіл  үйренушіде  лексикалық  бірлік  мағынасы 

туралы  теріс  пікір  қалыптасуы  мүмкін.  Мысалы,  «Қазақтың  ұлттық  тағамдары» 

тақырыбын өткен кезде ас – адамның арқауы, ішің ауырса, аузыңды тый, асы бар аяқтан 



(ыдыстан)  аттама  деген  мақал­мəтелдердің  шетелдік  білімгер  санасында  тез  жатталуы 

үшін мынадай суреттерді пайдалану арқылы жадында сақтау қабілетін арттыруға болады: 



 

 

    



 

Ассоциативті  əдіс  белгілі  бір  та

байланыстыру  арқылы  жүзеге  асырылады.  Пайда  бол

олардың ортақ қасиеттері: 

­  түр­түсі 

­  пішіні 

­  мөлшері 

­  көлемі 

­  дəмі, иісі 

Ассоциативті  əдісте  жатты

жаттығулардың  бірі  ассоциативті  тізбек

сабақтарында  түрік  студенттеріне  та

пайдаланылады.  Мысалы,  «Ұ

арқылы  үш  лексика­семантикалы

мынадай  ассоциативті  тізбек  құ

тағамдар  –  сүттен  жасалатын 

тағамдар.  Жұмыстың  келесі  кезе

лексика­семантикалық  тобына  ассоциативті  тізбек 



қарта.  Одан  кейінгі  тапсырмалар  ж

арналады.  Мысалы,  үшінші  ұ

тобына  қатысты  бірінші  сөз  ­

жалғау тəсілі: бауырсақ – ұннан жасалады 



– ыстық –сап-сары - өте дәмді. 

Ассоциативті тізбек жатты

  

Ассоциациялық  əдіс  оқ



жəне т.б.) арқылы жүзеге асырыл

 

Қорыта  айтқанда,  қаза



пайдалану  –  тіл  үйренушіні

 

463 



                     

                      

1000

діс  белгілі  бір  тақырып  аясында  пайда  болған  ассоциацияларды 



зеге  асырылады.  Пайда  болған  ассоциацияларды  біріктіретін 

дісте  жаттығулар  жүйесін  тиімді  пайдалануға  болады.  Осындай 



ассоциативті  тізбек  жаттығулары.  Практикалы

рік  студенттеріне  тақырыптық  ассоциативті  тізбек 



Ұлттық  тағамдар»  тақырыбы  Power  Point  ба

семантикалық  топқа  бөлінеді.  Тіл  үйренушілер  тақ

құрайды:  ұлттық  тағамдар  –  еттен  жасалатын 

ттен  жасалатын  ұлттық  тағамдар  –  ұннан  жасалатын 

келесі  кезеңінде  олар  «Еттен  жасалатын  ұлтты

тобына  ассоциативті  тізбек  құрайды:  ет,  қуырда

.  Одан  кейінгі  тапсырмалар  жүйесі  үзілген  ассоциативті  тізбекті 



ұннан  жасалатын  ұлттық  тағамдар  лексика

­  бауырсақ,  соңғы  сөз  ­  өте  дәмді.  Үзілген  тізбекті 



ннан жасалады – ашытқы қосады – майға қуырады 

мді.  

Ассоциативті тізбек жаттығулары жаңа сөздерді тез жаттап алуға кө

қытушының  эмоциясы  (ым­ишара,  іс­қимыл,  дауыс  ыр

зеге асырылған жағдайда ғана нəтижеге жеткізеді.   

азақ  тілін  шет  тілі  ретінде  оқытуда  ассоци

йренушінің  қазақ  тіліне  қызығушылығын  арттыру

 

1

 



ан  ассоциацияларды 

ан  ассоциацияларды  біріктіретін 

а  болады.  Осындай 

улары.  Практикалық  қазақ  тілі 

ассоциативті  тізбек  құру  тиімді 

ырыбы  Power  Point  бағдарламасы 

қырып  бойынша 

еттен  жасалатын  ұлттық 

ннан  жасалатын  ұлттық 

лттық  тағамдар» 

уырдақ,  сірне,  қазы-

зілген  ассоциативті  тізбекті  қайта  құруға 

лексика­сематикалық 

зілген  тізбекті  қайта 



уырады – домалақ 

өмектеседі. 

имыл,  дауыс  ырғағы 

ытуда  ассоциациялық  əдісті 

ын  арттыруға,  үлгерімін  


 

 

464 



 

жақсартуға,  лингвоелтанымдық,  лингвомəдени  құзіретін  дұрыс  қалыптастыруға  ықпал 

етеді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Әмірбекова  А.  Қазіргі  қазақ  тіл  біліміндегі  жаңа  бағыттар.  Алматы:  Елтаным 

баспасы, 2011 ж. – 204 б. 

2.  Леонтьев А.А. Словарь ассоциативных норм русского языка. – М., 1977. 

Cеченов И.М. Рефлексы головного мозга / Элементы мысли, СПб, «Питер», 2001 г., 

с. 85­86. 

 

 

ӘОЖ 37.022(1.­87):82.08 



 

Нұрекешова Г. Р.

1

, Жұмағұлова М. Ш.



1

«Шетел тілдері және аударма» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. 

2

«Шетел тілдері және аударма» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда, 

Қазақстан, Gulnaz_N71@mail.ru, Мariyash_shj@mail.ru  

 

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ 



ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ 

 

Abstract.  Patriotic  education  closely  co­operates  with  education  of  citizenship, 

consciousnesses  of  responsibility  for  safety  and  prosperity  of  Motherland,  its  advancement  on 

the way of progress. 

Key words: patriotism, national advantage, spiritual education, national mentality. 

 

Қазіргі  кезеңде  адамның  кəсіби  шеберлігіне,  біліктілік  өресіне,  зиялылық  пен 



танымдық  деңгейіне  өмірдің  өзі  биік  талаптар  қойып  отыр.  Қоғамдағы  білім  саласында 

туындаған  іргелі  өзгерістер  білім  беретін  оқу  орындарында  оқу­тəрбие  үрдісін  түбегейлі 

қайта қарауды, оны жүргізудің жаңа əдіс­тəсілдерін қолдануды алға тартады.  

Отаншылдық,  елжандылық  туған  отбасына,  туып­өскен  ортаға,  туған  топырағы  мен 

табиғатына  деген  құрметтен  басталады  [1].  Сондықтан  отаншылдықтың  қайнар  көзі 

адамгершілік  қасиеттер  болмақ.  Бұл  қасиеттер  жастармен,  атап  айтқанда  білім 

алушылармен  Отаншылдық  тəрбиеге  қатысы  бар  барлық  жоғары  оқу  орындарының 

мақсатпен əрі нəтижелі жұмыс істегенінде ғана санаға сіңеді, əрі жүзеге асады. 

Елжандылық  ­  тарихи  тамыры  терең  əлеуметтік,  саяси,  психологиялық  құбылыс.  Ол 

ұлттардың 

арасындағы 

демократиялық 

дүниетанымға, 

адамгершілікке, 

бөтенді 

жатырқамайтын қазақы ұлттық менталитет пен дəстүрге негізделген. 

Түбірі  «ел»  сөзінен  шыққан  «елжандылық  ­  өз  ұлтын,  халқын,  жерін,  ана  тілін, 

ділін, мəдениетін сүйетін, оны дамыту мен қауіпсіздігін сақтауды қоғам мұратымен тығыз 

байланыста  іске  асыратын,  өзге  халықтарға  бөтен  ниеті  жоқ  əрбір  ұлт  адамына 

жарастықты  қасиет»  ­  деп  анықталды  [2].  Елжандылық  ұғымын  басқа  ұлттың  мəдениеті 

мен  дəстүріне  толеранттық  көзқарас  сияқты  қасиеттер  арқылы  қарастыру  ұсынылады. 

Елжандылық  ­  тарихи  тамыры  терең  əлеуметтік,  саяси,  психологиялық  құбылыс. 

Этникалық  сəйкестілік  пен  азаматтық  сəйкестілікті  үйлестіру  өзара  ұлттық  түсінікті 

орнатуға,  өз  ұлттық  қадір­қасиетін  құрметтеуге,  басқа  ұлттардың  қадір­қасиетін 

кемсітпеуге  тəрбиелеуді  қажет  етеді.  Өз  халқының  тамаша  ерекшеліктерін  сыйлау,  басқа 


 

 

465 



 

халықтардың  асыл  қасиетін  бағалай  білуге  жол  ашады.  Ол  ұлттардың  арасындағы 

демократиялық  дүниетанымға,  адамгершілікке,  ұлттық  менталитет  пен  дəстүрге 

негізделген.  Қазақ  жерін  барлық  ұлттардың  шынайы  Отанына  айналдыру,  тілін,  дінін 

дамытып, өркениет жолына салатын идеология мен саясат елжандылыққа бағыталады.  

Елжандылық  тəрбиесі  тұлғаны  қалыптастыру  үдерісінің  маңызды  жəне  құрамдас  бөлігі 

ретінде  тəрбиенің  жалпы  заңдылықтары  мен  принциптерінің  негізінде  жүзеге 

асатындықтан,  ғылыми­педагогикалық  еңбектерді  сараптай  келе,  елжандылық  тəрбиенің 

қағидаларына: 

­ сабақтастық жəне үздіксіздік; 

­ жүйелілік; 

­ аймақтық; 

­ икемділік пен баламалық; 

­ оқу­тəрбие үдерісінің тұлғалық бағыттылығы; 

­ оқытудың мақсаттылығы; 

­ саналылық пен белсенділік

­ беріктік; 

­ дидактикалық жүйелілікті жатқызуға болады.   

Шетел тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тəрбиелеудің бағыттары 

мен мазмұны [3]: 

­ еліміздің өткен тарихы мен халықтың психологиясы; 

­ Қазақстан азаматтарының елдің болашағына сеніммен қарауы;  

­  Қазақстан  халықтарының  басым  көпшілігін  құрайтын  қазақ  халқының  өзіндік 

ерекшелігі;  

­ қазақ халқының өз ұрпағын елжандылыққа тəрбиелей алу қасиеті.  

Шетел  тілін  оқыту  үдерісінде  оқушыларды  елжандылыққа  тəрбиелеудің 

нəтижелері:  

­ елжандылық қасиеттерін үйренуге талпынысы; 

­  елжандылық  сипаттағы  ағылшын  тілі  пəнінің  мазмұнын  эмоционалдық  сезіммен 

қажетсінуі; 

­  елжандылық  сипаттағы  ағылшын  тілінің  елжандылық  қасиеттерді  қалыптастырудағы 

əлеуметтік мəнін түсінуі;  

­  ағылшын  тіліндегі  елжандылыққа  баулитын  бейнелерге  қызығушылығы  жəне  аялы 

көзқарасы;  

­ ағылшын тіліндегі мəдени мұра құндылықтарын елжандылық сезіммен қабылдауы;  

­ ағылшын тілін оқып үйренудің елжандылық мүмкіндіктерін білуі жəне түсінуі;  

­ елжандылық сипаттағы ағылшын тіліндегі объектілердің мазмұнымен таныс болуы;  

­  ағылшын  тіліндегі  елжандылық  мазмұндағы  бейнелердің  өзіндік  ерекшеліктерін  көре, 

түсіне білуі;  

­ бейнелердің ағылшын тіліндегі елжандылық мазмұнына талдау бере білуі

­ ағылшын тіліндегі елжандылық бейнелерге еліктеуі, үлгі тұтуы;  

­  елжандылық  мазмұндағы  ағылшын  тіліндегі  шығармаларды  талдағанда  өзінің 

елжандылық көзқарасын көрсете білуі;  

­ ағылшын тіліндегі елжандылық көріністерді дəлелді əңгімелей білуі, оған деген өз ойын 

жеткізе білуі.  

Шетел  тілін  оқыту  үдерісінде  білім  алушыларды  елжандылыққа  тəрбиелеудің 

əдіснамалық  негіздерін  талдау  бұл  мəселенің  оқыту  үдерісінде  білім  алушыларды 

елжандылыққа тəрбиелеу арқылы жүзеге асады. 



 

 

466 



 

Шетел  тілі  пəнін  оқыту  үдерісінде  елтану  білімдерін  беру,  елтанымдарын  дамыту 

білім  алушыларды  елжандылыққа  тəрбиелейді  жəне  сабақтан  тыс  жүргізілетін  тəрбие 

сағаттары  мен  тілдік  үйірмелерде  (мыс;  “English  Club”  (ағылшын  тілі)  үйірмесі)  елтану 

тақырыптарына  арналған  іс­шаралар  жүргізіліп,  саналы  білім  сапалы  тəрбиемен 

ұштастырылып  жатыр.  Сабақ  кезінде  білім  алушыларға  шетел  тілін  меңгертудің  оқу, 

тыңдау, 

сөйлеу, 


жазу 

дағдылары 

арқылы 

этикалық 



сөйлеу 

мəдениетіне 

машықтандырылады.  Шетел  тілін  оқыту  үдерісінде  білім  алушыларды  елжандылық, 

адамгершілік, рухани тəлім­тəрбиені əсіресе тақырыптық сөздікпен жұмыс кезінде жүзеге 

асыруға  болатынына  көзімізді  жеткіздік.  Атап  айтсақ,  ағылшын  тілі  сабағында  1  курс 

білім  алушыларымен  “Үй”,  “Жанұя”,  “Жұмыс  күні”,“Ағылшын  халқының  ұлттық 

тағамдары” тақырыптарына байланысты жаңа тілдік материалдар алғанда, сөздердің мəні 

терең  ашылып,  түсіндіріледі.  Тілдік  материалды  қазақ  жəне  шетел  тілдерінде  салыстыру 

негізінде  басқа  ұлттардың  сыртқы  ортаға,  адамдардың  материалдық,  рухани  игіліктерге, 

меншікке  қамқорлықпен  қарайтынына  көңіл  бөлініп,  сондай  қасиеттерді  білім 

алушылардың бойына сіңіру мақсаты ойға алынады.  

Мысалы, тақырып: «Eating in Great Britain». 

Бұл  жаттығуды  кез­келген  пəн  сабағында  қолдануға  болады.  Оқушылар  екі  топқа 

бөлінеді.  Өткен  тақырып  бойынша  бір  топқа  сөйлемнің  басы,  екінші  топқа  сөйлемнің 

аяқталуы  беріледі,  олар  еркін  жүріп  өз  сыңарларын  табуы  керек,  себебі  білім  алушы 

еркіндікті барынша сезінуі керек. 

Мысалы: 

A  good  example  is:  the  traditional  British  Sunday  lunch  which  consists  of  roast­beef, 

roast potatoes and Yorkshire pudding.  

British breakfast consists of cornflakes with milk, toasts with marmalade, honey and tea. 

Міне  осы  тəріздес  тақырыптарды  меңгерте  отырып,  екі  ел  арасындағы  ұқсастықтар  мен 

айырмашылықтар тізгініне ерік берілсе тақырыптың мазмұнды болары белгілі.  

Білім  алушылардың елжандылығын  қалыптастыру  ­  ағылшын  тілін  оқыту  арқылы 

жеткіншек  ұрпаққа  ел  тарихынан,  мəдениетінен,  халықтар  достығынан  білімдер  беріп, 

олардың  күнделікті  өмірде  ел  тану  білімдері,  іскерліктері  мен  дағдыларын  игертуге 

бағытталған  мұғалімнің  педагогикалық  іс­əрекеттерінің  өзара  байланыстарын  көрсететін 

нəтиже. 

Жоғары  оқу  орнында  ағылшын  тілі  пəнінен  сабақтан  тыс  елжандылық  бағыттағы 

ұйымдастырылған  іс­шаралар  білім  алушылардың  ерік­жігерін  шыңдап,  туған  еліне, 

жеріне,  Отанына  деген  сүйіспеншілік  қасиетті  дамытады,  Отанды  қорғауға  даяр  тұруға 

қажетті  қасиеттерді  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді.  Сондай­ақ  ағылшын  тілінен 

елжандылық  тəрбие  беру  мақсатымен  сабақтан  тыс  атқарылатын  жұмыс  түрлері  білім 

алушылардың 

өз 


бетінше 

ізденіп, 

келешекте 

де 


елжандылыққа 

бағытталған 

мағлұматтарды өздігінен оқып үйрену дағдыларын əдетке айналдыруына ықпал етеді. 

Грамматикалық  материалды,  жаңа  лексиканы  енгізу,  тілдік  материалды  оқыту 

барысында  ұлттық  ойындарды,  мақал­мəтелдерді  қолдану  баланың  ішкі  жан­дүниесін 

байытады жəне адамның, табиғи əдемілігін, сұлулығын кеңінен көруге үйретеді. 

Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару процесі өткен тарихымызды объективті 

тұрғыдан  дұрыс  бағалауға,  оны  мектептің  оқу­тəрбие үдерісінде  күн  талаптарына  сай 

тиімді  пайдалануға  қолайлы  жағдай  жасауда.  Ата­баба  мұралары  негізінде  тəлім­тəрбие 

барысында жеткіншектерді елжандылыққа, өз  халқына деген  сүйіспеншілікке, ұлтаралық 

қарым­қатынас  мəдениетіне,  еңбек  сүйгіштікке,  адалдыққа,  кішіпейілділікке,  елінің 

мүддесін  өзінің  мүддесінен  жоғары  қою  сияқты  қасиеттерге  тəрбиелеу  міндеті  басты 

назарда тұрғандығы белгілі. 


 

 

467 



 

Бұл 


міндеттер 

білім 


алушыларды 

елжандылыққа, 

өз 

халқына 


деген 

сүйіспеншілікке,  ұлтаралық  қарым­қатынас  мəдениетіне,  еңбексүйгіштікке,  адалдыққа, 

кішіпейілділікке,  елінің  мүддесін  өзінің  мүддесінен  жоғары  қою  сияқты  қасиеттерге 

тəрбиелеудің 

генезисін 

қарастыру 

қажеттігін 

көрсетті. 

Ұлттық 

елжандылыққа 



тəрбиелеудің  генезисін  тану  орта  ғасырлық  жəне  кейінгі  ұлы  ойшылдар  мен 

ғұламалардың,  қазақ  зиялыларының,  кейінгі  ақын­жазушылардың  еңбектерінен  бастау 

алған, себебі қазақ халқының ерлік дəстүрінің қалыптасуында олардың ықпалы зор болды. 

Қоғамдық,  саяси  əлеуметтік,  педагогикалық,  шығармашылық  еңбектер  мен  тəжірибелік 

жұмыстарды  зерделеу,  елжанды  адамды  төмендегідей  қасиеттермен  даралап  көрсетуге 

мүмкіндік  туғызды:  елжанды  адам  дүниетанымдық  сапалық  белгілермен  дараланады; 

елжандылық  даралық  қасиеттерге  қоғамдық­саяси  қарымдылық,  саяси  көрегенділік, 

отансүйгіштік,  өркениеттілік,  принципшілдік,  кемшілікке  төзбеушілік;   білімдарлық, 

зиялылық, хабардарлық, жаңашылдық, жоғары мəдени дүниетаным, ұқсай білуге іңкəрлік, 

өзіндік сыншылдық сияқты қасиеттер жатады. 

Шетел тілін оқыту барысында білім алушыларды елжандылыққа тəрбиелеудің бағыттары 

мен  мазмұны  ретінде  мыналар  танылады:  еліміздің  өткен  тарихы  мен  халықтың 

психологиясы,  Қазақстан  азаматтарының  елдің  болашағына  сеніммен  қарауы,  Қазақстан 

халықтарының  басым  көпшілігін  құрайтын  қазақ  халқының  өзіндік  ерекшелігі,  қазақ 

халқының  өз  ұрпағын  елжандылыққа  тəрбиелей  алу  қасиеті,  Қазақстанды  мекендейтін 

басқа  ұлттар  мен  ұлыстарда  қоғам  алдында  өз  жауапкершілігін  сезінуі,  елжанды  қоғам 

мүшесі 

басқаларға 



қарағанда 

өзіндік 


ерекшелігі 

бар 


тұлғалық   сипаттамалармен   даралануы,  елжанды  адамның  жеке  тұлғалық  сапасының 

өзіндік көріністері болу керектігімен сипатталуы болып отыр. 

Шетел  тілін  оқыту  үдерісінде  оқушыларды  елжандылыққа  тəрбиелеудің  нəтижелері 

ретінде: елжандылық қасиеттерін үйренуге талпынысы, елжандылық сипаттағы ағылшын 

тілі  пəнінің  мазмұнын  эмоционалдық  сезіммен  қажетсінуі;  елжандылық  сипаттағы 

ағылшын  тілінің  елжандылық  қасиеттерді  қалыптастырудағы  əлеуметтік  мəнін  түсінуі; 

ағылшын  тіліндегі  елжандылыққа  баулитын   бейнелерге  қызығушылығы  жəне  аялы 

көзқарасы;  ағылшын  тіліндегі  мəдени  мұра  құндылықтарын  елжандылық  сезіммен 

қабылдауы;  ағылшын  тілін  оқып  үйренудің  елжандылық  мүмкіндіктерін  білуі  жəне 

түсінуі;  елжандылық  сипаттағы  ағылшын  тіліндегі  объектілердің  мазмұнымен  таныс 

болуы;  ағылшын  тіліндегі  елжандылық  мазмұндағы  бейнелердің  өзіндік  ерекшеліктерін 

көре,  түсіне  білуі;  бейнелердің  ағылшын  тіліндегі  елжандылық  мазмұнына  талдау  бере 

білуі;  ағылшын  тіліндегі  елжандылық  бейнелерге  еліктеуі,  үлгі  тұтуы;  елжандылық 

мазмұндағы ағылшын тіліндегі шығармаларды талдағанда өзінің елжандылық көзқарасын 

көрсете  білуі;  ағылшын  тіліндегі  елжандылық  көріністерді  дəлелді  əңгімелей  білуі,  оған 

деген өз ойын жеткізе білуі есептелінеді [4]. 

Елжандылыққа  тəрбиелеу  тағылымдарын  ағылшын  тілі  сабақтарында  қолдану  –  оның 

білімдік жəне тəрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт­дəстүрін 

қастерлеп,  білім  алушыларды  ұлттық  мақтаныш  рухында  тəрбиелеуде  зор  мəні  бар. 

Мақал­мəтелдерді  қолдану  жəне  олардың  ағылшын­қазақ  тілдеріндегі  баламаларын 

салыстырмалы  түрде  пайдалану  пəнді  дұрыс  түсінуге  мүмкіндік  берумен  қатар,  саналы 

тəрбиелеудің  бір  жолы  болып  табылатыны  сөзсіз.  Жастар  ұлттың  болашағы,  қоғамның 

əлеуметтік  байлығы,  біз  олардың  адамзаттық  жоғары  парасаттылығын,  ақылдылық  пен 

білімділігін,  адамгершілік  негізін  қалыптастыра  білуіміз  керек.  Ұлттық  тəрбиені  бойға 

сіңдіру арқылы білім алушыларды əдептілікке, елжандылыққа тəрбиелеуге əбден болады. 

Шетел  тілін  оқытуды  елжандылық  тəрбие  берумен  ұштастыра  жүргізуі  үшін 

педагогтардың  басшылыққа  алатын  шарттарымен  анықталады.   Сонымен,  білім 


 

 

468 



 

алушылардың елжандылығын қалыптастыру деп ағылшын тілін оқыту арқылы жеткіншек 

ұрпаққа  ел  тарихынан,  мəдениетінен,   халықтар  достығынан  білімдер  беріп,  олардың 

күнделікті  өмірде  ел  тану  білімдері,   іскерліктері  мен  дағдыларын  игертуге  бағытталған 

оқытушының педагогикалық іс­əрекеттерінің өзара байланыстарын көрсететін нəтиже. 

Жаңа  əлемдегі  жаңа  Қазақстан  қоғамымыздың  барлық  саласының,  соның  ішінде  білім 

беру саласының əлемдік деңгейге сай дамуын талап етуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 

жылғы  Жолдауында  «Қазақстанда  адами  капиталдың  сапалы  өсу  міндеттерінің  бірі  – 

тəрбиелік құндылық, жаңа бағыт ­ елжандылық көзқарасы», деп атап айтқан болатын [5], 

осыған  орай  шетел  тілін  оқыту  үдерісінде  қалыптастыруда  сөйлеу  мəдениетімен  қатар, 

рухани  тəлім­тəрбие  де  қатар  берілуде.  Оқу  мен  тəрбие  беру  бір  жақты  ұштастырылып, 

білім  алушының  рухани  тəрбие  алуына  барлық  мүмкіндіктердің  толықтай  қарастырылуы 

оқу үдерісінде сөзсіз қолға алынып жатыр. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет