Тіл қызметінің ерекше бір саласы – ономастика. Жалқы есімдердің жинақтық
атауын лингвистикада ономастика дейді де, оны зерттейтін ғылым ономасиология деп
аталады. Ономатска – кез келген жаны жəне жансыз заттарды не құбылыстардың есімін
зерттейді. Ономастика грек сөзі «ономия» (грек тілінде “onoma” есім, ат) – ат қою өнері,
яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала. Ономастиканы (кісі аттарын, жер, су, ру, тайпа
аттары, т.б.) зерттеудің теориялықəдістанымдық негіздері мен тілмен сабақтастықта
қарастырылатын ұлттық этномəдени, əліеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін
В.В.Радлов, В.В.Бартольд, Н.Катанов, С.Е.Малов, Қ.Жұбанов, І.К.Кеңесаев, Ә.Қайдар,
Т.Жанұзақов, Қ.Рысбергенова жəне т.б. ғалымар өздерінің еңбектерінде жанжақты
көрсетті. Ономастика өз ішінде бірнеше салаға бөлінеді: топонимика (жер, су, қала
613
атауларын зерттейтін ғылым), антропонимика (адам аттарын зерттейтін ғылым),
этнонимика (ру, ел, халық аттарын зерттейтін), зоонимика (жануарлар аттары),
гидронимия (теңіз, өзен, су, көл атауларын зерттейді), т.б.
Ономастиканың күрделі бір саласы – антропонимика, ол адам аттарын, əке аты
(патроним), фамилиялар, лақап аттар, бүркеншік аттарды зерттейді.
Ономастикалық кеңістіктің негізін қүрайтын орталығы – антропоним (грек.
Аntropos адам + onym – ат, атау, есім) – онимнің бір түрі, кезкелген адам немесе бір
топтағы адамдардың аты. Олар кісінің төл есімі, тегі, əкесінің есімі, лақап есім,
бүркеншік есім, қосалқы есім сияқты түрлерге ажыратылады.
Кісі есімінен дүниеге келген нəрестеге деген əкешеше, туғантуыстарының үміт
армандары мен мақсатмұраттарын, талап – тілектерін көруге болады. Енді ғана дүние
есігін ашқан сəбидің бойындағы қадірқасиеттің барлығы есім қоюшыларға беймəлім
екендігі шындық. Сондықтан да көпшілік жағдайда есімге негіз болған уəжтілек
сипатты
болып
келеді.
Есімдердің
мағынасына
қарай:
сипаттама
есімдер
(дескриптивтер), тілек есімде (дезидеративтер), арнау есімдер (меморативтер) сияқты
үлкен топтарға бөлінетіні белгілі. Қазақ ономастикасының негізін қалаушы Т.Жанұзақ
бұған қосымша есімдердің халықтың діни сенімнанымына, тотем, табу жəне салт
дəстүрге байланысты тарихимəдени немесе əлеуметтік деп аталатын төртінші түрін
көрсетеді.
Жалқы есімдердің мазмұнын құрау мəселесі оңай емес. Бір жағынан, ол – белгілі
бір этимология, ал екінші жағынан уақыт өте келе ол жоғалып, мағынасы өзгертіліп,
құрылымдық жəне дыбыстық өзгеріп, ассоциативті түрде жаңа мазмұнға ие болады.
Мəселен, келесі тіркестердің Jack Frost (Аяз Ата), Jack Horner (өзөзіне тым сенімді бала),
Jack Tar (матрос), Jack the Ripper (Джек Потрошитель), Union Jack (Ұлыбританияның
Бірлескен Корольдігі жəне Солтүстік Ирландияның мемлекеттік туы) мағыналары əр
түрлі, алайда ағылшын мəдениетінде атақты есімдердің бірі – Jack қана қолданылып тұр.
Осы тұрғыдан атап кететіні, Джекке (Jack) ұқсас есімдер оларды ұлттық тұрғыда
мойындатылған, яғни ұлттық резонанс алатын есімдер қатарына жатқызылады.
Ал, қазақ халқында Қазан төңкерісінен соң Қазақстанда көпшілік Қабылдаған үш
мүшелік (аты+əкесінің ич, овна, ға аяқталған, аты+ ев, ов, ин қосымшаларына
аяқталған фамилиясы) толық антропонимиялық формула өзіндік мəні жағынан тұлғаны
атаудың орыстандырылған ыормасы болып табылды. Тарихи өткен кезеңдердегі қазақ
лингвомəдени қауымдастығында кісіні атаудың тіптен басқаша формасы болған: Үйсін
Төле би (Дулат Төле би), Қарақыпшақ Қобыланды, Адай Атақозы, Қаракерей Қабанбай,
т.б.
Лексикалық тұрғыдан қарағанда, олардың көне қабаттары негізгі де ұйытқы тірек
боп табылып, төменгідей лексикасемантикалық топқа жіктеледі:
1) мал шаруашылығынамен байланысты есімдер: Бота, Бұқа, Аққозы, Құлыншақ,
Жылқыбай т.б.;
2) табиғат құбылыстарымен байланысты есімдер: Таубай, Боран, Күнай, Айдай,
Шолпан т.б.;
3) тағы аңдар мен үй хайуандары жəне құстарға байланысты есімдер: Арыстан,
Түлкібай, Бүркіт, Қарлығаш, Лашын т.б.;
4) асыл металдар мен қымбат заттар атауларымен байланысты: Алтын, Болат,
Гаухар, Маржан, Жібек, Торған т.б.;
5) өсімдік аттарымен б/ты: Қызғалдақ, Райхан, Роза, Гүлжан, Гүлнұр т.б.;
6) жемісжидек аттарымен б/ты: Алма, Анар, Мейіз, Жаңғақ, Сарымсақ т.б.;
614
7) туыстық атаулармен байланысты: Атабек, Баба, Дадабай, Жиенбай, Туғанбай
т.б.;
8) жерсу атауларымен қойылған есімдер: Алтай, Алатау, Кентал, Орал, Еділ, Ертіс
т.б.;
9) үй жиһаздарымен мүліктерге байланысты есімдер: Шара, Табақбай, Айнагул,
Шөмішбай т.б.;
10) түрлі тағам аттарына байланысты есімдер: Айранбай, Сүттібай, Шырынбай,
Шекер т.б.
Ал, ағылшын мəдениетінде жалқы есімдерді талдай келе, төмендегідей топқа
жіктеуге болады:
1) бағалы тастар мен минерал атауларымен байланысты: Amber, Berylm Coral,
Crystal, Jewel, Pearl, Topaz;
2) өсімдік атауларына байланысты: Clover, Daisy, Flower, Lilac, Lily, Primrose, Rose,
Violet;
3) құс атауларына байланысты: Lark, Kestrel, Teal;
4) ай аттарына байланысты: April, June, August.
Экстралингвистикалық факторлардың əсерінен мəдениеттің негізін қалаушы
қандай да бір есім түрлерінің лингвомəдениеттанымдық семнатикасында аталған
есімдердің кейбір жағдайларда орын алмасуы да кездеседі. Мəселен, белгілі бір тарихи
дəуірдегі қазақ антропонимдерінің лингвомəдени семнатикасы басқа бір дəуірдегі
антропонимдердің лингвомəдение семантикасынан ерекшеленіп тұруы мүмкін, өйткені
халықтың рухани жəне идеологиялық өміріндегі өзгерістер жалқы есімдердің
семантикасы мен типтерінде өзіндік бейнеге ие болады. Өткен ғасырдағы төңкерсіке
дейінгі қазақ антропонимдерінің белгілі бір категориясына (санатына немесе типіне)
адам есімінің сиқырлы күшіне деген сенім тəн болып келеді, мұның өзі қазақ есімдерінің
белгілі бір «қорғаушы» типінің пайда болуына əсер етті. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан»
повесіндегі лингвомəдени бірліктерді зерттеген Г.Ж.Снасапова мұндай есімдерге келесі
тұрғыда сипаттама береді: «Қазақтардың балаға ат қоюында белгілі бір ырымдардың
негіз болуы сөздің құдыретті күшіне сенуді көрсетеді: Жаманбала, Күшікбай, Салбыр,
Сүйір, Сағал т.б. есімдер көз тимесін, балам аман болсын деген мəнді аңғартса,
Тілеуімбет, Тілеміс, Тұрлыбек, Сағындық, Ұлпан т.б. лингвокультуремалардың прототипі
ұл күту, бала тілеу тəрізді тілек мəнді семантиканы білдіретін антропонимдер.
Артықбай, Бақберді, Байдалы, Несібелі т.б. жалқы есімдердің негізі дүниеге келген
балаға ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарыту дегенге меңзейді».
Қазақ есімдерінің осындай лингвомəдени типтері семантикалық маңызға ие
белгілі бір əдетғұрып жəне ритуалдармен байланысты болып келеді. Антропонимдердің
мұндай типтерінің лингвомəдени семантикасына белгілі қазақ ономасты, профессор
Т.Жанұзақов жанжақты сипаттама береді. «Мұндай түрдегі есімдер барлық түркі
тілдерінде келесі нұсқаларда кең тараған: «...қазақша Тоқтасын, Тұрсын, Тоқтар,
Ұлтуар; түркіменше Турсун, Иетер (жетер); өзекше Турсун, Тохта. Егер отбасында
бірнеше қыз дүниеге келіп, бір де ұл тумаса, ең соңғы қызына ендігіде қыз туылмасын
деп Қызтумас деген есім беретін.
Ұлт тарихындағы маңызды оқиғалар тілдің құжаттық, мəдени танымдық
қызметінің негізінде фразеологиялық, паремиологиялық жүйеде, көне мəтіндерде тарихи
есімдер арқылы таңбаланып, халық жадында сақталады. Ерекше ұлттық мазмұндық
сипаттағы, мəдени ақпараттық мəні басым бұл атаулар тіл білімінде прейеденттік деп
анықталып, тіл мен мəдениет сабақтастығында қарастырылады. Ердің соңы –Есет,
Асанқайғыға салыну, Peeping Tom Camera, жəне т.б.
615
Прецеденттік антропонимдер халықтың ұшқыр ойы мен даналығынан туға бай
ауыз əдебиеті мен шежіре тарихынан алынған фольклорлық мəтіндерде тұрмыссалт,
əдетғұрып, нанымсенімге қарай бірнеше топқа бөлініп қарастырылады. Мысалы,
мифтік бейнелер: Әзірет əли, пайғамбарлар (Дəуіт, Мұса, Сүлеймен), Қаңбаұ шал, Қыдыр
ата;
Ел аузындағы есімдер: Асан қайғы, Аяз би, Қорқыт, Қобыланды, Толағай;
Ал, ағылшын тілінде Mark Twain жəне Henry James есімдері прецеденттіктің
спецификасына жатқызылады, себебі осы секілді атақты жазушыларды атай отырып,
кісілердің ерекше қасиеттерін, дарынын ерекшелеп отырады.
«Maron is like Lenny Bruce. He makes you laugh….» мысалынан көретініміз, Ленни
Брюс 4050ж.ж. Америка көрермендерін күлкіге қарық қылған адам аты, яғни халықты
күлдіріп отырған кісі Ленни Брюстан асып түсетіндей əрекет жасап ерекше назар
аудартып отырғандығын аңғарамыз.
«Peeping Tom Camera» (сығалап қараушы) лексикалық бірлігін қолдану осы аталым
арқылы тауарларының сипатын сақтап қалу мақсатында видеофото жабдықтарымен
айналысатын адамдар пайдаланады.
Көбінесе, ұлттық ассоциативтік перцеденттік феноменді оңай келтіріп тауып
аламыз, мəселен, бойы ұзын адам ағылшынның прецеденттік есімі Гулливермен, Мэри
Поппинс, Фрэкен Бок секілді есмідер бала күтуші, тəрбиеші үғымдарымен тығыз
байланысады.
Барлық дерлі ұлтта кездесетіндей, əдебиеттегі авторлардың берген персонаждары
прецедентті болып табылады. Ағылшын əдебиетінде, ол сөзсіз У.Шекспир ( Отелла,
Гамлет, Король Лир, Ромео и Джульетта – прецеденттік есімдер, “To be or not to be…?” –
прецеденттік ой).
Күнделікті қолданыста жүрген ағылшын есімдері көптеген фразеологиялық
бірліктердің құрамына еніп, оларға экспрессивтіэмациональдық реңк берілген түрде
кездеседі. Betty, Tom, Jack, John, Mary (Maria) жəне т.б. есімдер белгілі бір сипатқа ие
адамдарға берілген. Jack есімі 22 фразеологиялық бірлікте кездесіп, көбінесе көңілді, қу
жігітке ассоциация жасалынады. Сондай ақ, ертеде Tom Tailor прецеденттік есімінің
кісінің мамандығын анықтап берген.
To sham Abraham ‘ауру секілді көріну, жасанды ауыру;’
Cousin Betty ‘жарым ес ақымақ’;
All shall be well, Jack shall have Jill – Барлығы жақсы болады! (Джек өз сүйіктісі
Джилге қосылады, айырылмас ғашықтар);
Johny Newcome ‘жаңа келген адам’;
Aunt Sally ‘балалар ойыны’;
Сонымен қатар, Bloody Mary Мария Тюдор королеваның прецеденттік есімі. Бұл
лақап атты оның жазаланушылары берген. Ауызекі тілде бұл фразеологизм басқа
мағынада қолданылады, Кровавая Мэри – бұл шарап коктейлі жəне қызанақ шырыны.
Зерттеу барысында қол жеткен нəтижелер мен тұжырымдар қазақ жəне ағылшын
мəдениетіндегі антропонимиялық кеңістіктің жалпы сипаты мен ұлттықмазмұндық
құрылымын, номинациялық қағидалары мен атау жасаудағы уəж табиғатының дəстүрлі
модельдерін мəдени таңба ретінде тануға мүмкіндік береді.
Осы бағытта жүргізілген жұмыстың негізгі нəтижелерін былай көрсетуге болады:
антропонимдер этнотаңбалы, этномазмұнды лингвомəдние жүйе негізінде
қарастырылды;
қазақ антропонимдерінің этнотаңбалық тілінің түркілік негізі көнетүркілік,
ортатүркілік ескерткіштермен қатар орыс жылнамаларындағы деректермен салыстыру
616
арқылы анықталды; ал ағылшын антропонимдерінің таңбалық негізі олардың роман
герман тілдерінің негізінде енген деректер негізінде қарастырылды;
зерттеу нысанына сəйкес паремиологиялық, прецеденттік, фразеологиялық
жəне көркем мəтін деректері талданып, жинақталып, олардың құрамындағы
антропонимдердің қоланысы мен қызметіне лингвомəдени салыстырусалғастыру
жасалды.
Қорыта айтқанда, лингвомəдени жүйеде анықталатын қазақ жəне ағылшын
тілдеріндегі антропонимдер көне дəуірлерден этникалық ақпарат жеткізетін арихи,
мəдени жəне рухани əлеуметтік құбылыс. Осы жүйеге кіретін антропонимдердің
этномəдени жəне тарихи болмысында түрлі этнос жəне этникалық топтардың тарихи тегі
мен географиялық қозғалысы көрініс табады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1 Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. –Алматы, Ана тілі, 1999. 141б.
2 Жанузаков Т. Личнособственные имена в казахском языке. Автореферат
дисс.канд.фил.наук.Алматы, 1960. –с.56,45.
3 Мəдиева Г.Б., Иманбердиева С.Қ. Ономастика: зерттеу мəселелері. – Алматы, 2005.
240 б.
4 Сейдімбек А. Қазақтың ауызша тарихы. Алматы, 2008. 728 б.
5 Телқожа Жанұзақ, Қыздархан Рысберген. Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен
болашағы. – Алматы: “Азия”, 2004. 192 б.
6 Халид Қ. Тауарих хамса. (Бес тарих) Алматы, 1992. 304 б.
7 Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. М.:Высш. шк. 1990. 320 б.
8 Жапова. Д.Н. Антропонимы как этноисторическое явление // Бытие и язык.
Новосибирск, 2004. С. 216219
9 Маслова В. Введение в лингвокультурологию. –Москва: Наследие, 1997.
ӘОЖ 800.83:82.03
Жұмағұлова М. Ш.
1
, Нұрекешова Г. Р.
2
, Ибрагимова Э. А.
3
1
«Шетел тілдері және аударма» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы, Қазақстан
e-mail:mariyash_shj@mail.ru
2
«Шетел тілдері және аударма» кафедрасының қауымдастырылған профессор,
гуманитарлық ғылымдар магистрі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік
университеті, Қызылорда қаласы, Қазақстан
e-mail: ibragimova_elmira@mail.ru
АУДАРМАНЫҢ ЛИНГВО-ПРАГМАТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Abstract: The problems of “skopos theory”and pragmatics are characterized in the
article. “Skopos theory” and “pragmatics” are analyzed according to the opinions of the foreign
linguists.
Keywords: ‘scopos theory’, pragmatics, metalevel, pragmatical presuppositions, index
components
617
Аудармашының тіларалық жəне мəдениетаралық коммуникациядағы сарапшылық
рөлі, сондайақ аударма барысында түпнұсқаның мəдени бейімделуінің маңыздылығы
1970жылдардың соңында Германияда жұмыс істеуші аудармашығалымдар негізін
қалаған skopos теориясының ағымында танылды.
Бұл теория бойынша аудармашылық ісəрекеттегі теориялық зерттеулер
лингвоцентристік бағыт аясынан шығып, аударматану парадигмаларының жаңа бір үлгісі
қалыптасты. Коммуникация, тіл білімі, қазіргі əдебиеттану салаларындағы ғылыми
жетістіктер нəтижесінде кең көлемдегі мəдени бағыт пайда болды. Skopos теориясының
қағидаларын дамытуға үлес қосқан Г.Фермеер, М.Амман, П.Куссмауль, К.Норд, К.Райс,
Г.Хениг тəрізді аударматанушыларды атап өткен жөн [1, 115116].
Skopos теориясын жақтаушылардың ойпікірлері көркем аударма мəтіндерінен
бөлек салалардағы аудармашылық технологияны өңдеуге деген қажеттілік өскен кезде
ерекше маңызға ие болды. Туризм саласындағы түрлі материалдардың аудармасы,
түпкілікті жəне қабылдаушы мəдениеттер арасындағы айырмашылықтар айрықша
байқалатын халықаралық деңгейдегі байланыстар, келісімшарттар жəне т.б., əрине,
қабылдаушы жақтың мəденитанымдық, дүниетанымдық деңгейлерін есепке алуды қажет
етеді.
Skopos сөзі көне грек тілінде «мақсат» дегенді білдіреді, яғни аударма процесінің
қабылдаушы аудиторияға бағытталуын қажет етеді. Skopos теориясына байланысты
аудармаға деген перспективті бағыт туралы айтылады. Әрбір нақты аудармашылық
процестің skoposы, яғни мақсаты сол процесс басталғанға дейін айқындалады:
аудармашы нені жəне кім үшін аударатынын өзі үшін анықтап алады [2].
Жалпы, аудармашылық ісəрекеттің моделі төмендегідей жобада берілуі мүмкін.
Хабарламаны жіберуші (немесе беруші) тұлға мəтінді, жіберетін/беретін обьектіні қажет
етеді жəне оны мəтінді құрастырушыдан алады. Бұл мəтін белгілі бір жағдайда, белгілі бір
аудиториямен қарымқатынас кезінде пайдаланылады. Мəтін екі түрлі рөл атқарады.
Нақты деңгейде, яғни обьектілер деңгейінде мəтін хабарламаны беруші тəсіл ретінде
қолданылады. Бұл жағдайда хабарламаның вертикальды бөлігі берілетін ақпарат
көлемінің барлығын қамтиды.
Ал, метадеңгейде мəтін белгілі бір мақсатқа қол жеткізудің тəсілі болып табылады
(skopos).
Айталық, поезд купесіндегі екі бейтаныс көршілердің ауа райы туралы бірекі ауыз
пікірлері олардың ауа райы туралы сөйлескісі келетіндіктерін білдірмейді. Шын мəнінде
олардың бірбірімен əңгімелесуге дайын екендіктеріне белгі бергендері. Бірақ, бұл мысал
бір тілді жəне бір мəдениеттегі коммуникацияға ғана қатысты. Тіларалық қарым
қатынаста түп нұсқа тілін аударма тілі арқылы ғана емес, хабарламаның мəдени
шарттастық элементтерін де түсіндіре алатын арадағы кісі қажет етіледі. Жоғарыдағыдай
жағдайда арадағы кісі хабарлама адресатына, яғни қабылдаушыға, көршісінің байланыс
орнатып, əңгімелесуге қарсы еместігін түсіндіруі қажет. Жəне де арадағы кісі, дəлірек
айтқанда аудармашы, адресатқа мұны қалай түсіндіру керектігін білуі қажет.
Көп жағдайда skopos аудармаға тапсырыс берушінің талаптары бойынша
анықталады, ал аудармашының өзі мəдениетаралық қарымқатынастағы сарапшы рөлін
атқарады. Түпнұсқаның қалай өңделетіндігін жəне аударма реципиентіне қандай күйде
берілетіндігін аудармашы ғана айқындайды [3, 13].
Бұл жағдайда аудармашының əлеуметтік функциясы жоғарыламайды. Ол тапсырыс
берушінің серіктесі болып, коммуникативтік актінің табысты болуына қызығушылық
танытады. Сондықтан да, аудармашы статусы адвокатқа, дəрігерге тең келетіндей маман
ретінде қарау керек. Сөйтіп, skopos теориясы аясында аудармашылық ісəрекеттің бірден
618
бір коммуникативтік моделі ретінде басты орынға ойды жеткізудің мəдени аспектісі
қойылады. Осыған орай, тіларалық коммуникативтік актіде аудармашының рөлі де, оның
еңбегін бағалаудың критерийлері де қайта қаралады.
Аударма барысында мəдени бейімделуге байланысты, ең алдымен, ойды жеткізудің
прагматикалық жағы туралы мəселе бой көтереді.
«Прагматика» терминін тіл білімінің семиотика саласына 1930жылдардың
соңында Ч.Моррис енгізді. Прагматика түрлі таңбаларды қолданушы адамдардың сол
таңбаларға деген қатынасын зерттейді [4, 207].
Таңбалар жүйесінің мынандай түрлері бар: жол бойының белгілері, əскери
сигналдар, цифрлар (араб жəне рим), əріптер т.б. Бұларды шартты таңбалар деп атайды.
Тіл осы таңбалардың ішіндегі өтемөте маңыздысы. Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі
ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Тілдік таңбаның түрлері фонемалар, морфемалар,
сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер болып табылады. Бұл айтылған мəселелердің барлығы
тіл біліміне қатысты. Ал аударматануда да прагматикалық зерттеулер көптеген
сұрақтарды қамтиды. Ол мəселелер сөйлеуші субъектінің сөзімен, адресатпен,
коммуникация процесіндегі өз ара əсер етулермен, сондайақ қарымқатынас
жағдайларымен байланысты. Осы мəселелерді жекежеке қарастырып көрелік. Сөз
сөйлеуші субъектіге қатысты ойды, пікірді жеткізудің айқын жəне жасырын мақсаттары,
сөйлеу
тактикасы,
сөйлеу
мəнерінің
түрлері,
əңгімелесу
ережелері
(сөйлесу
хабарламасының
ақпараттық
жағынан
толықтығы,
хабарланатын
мəліметтердің
шынайылығы, олардың əңгіме тақырыбына қатысты дұрыстығы, ойдың анық, жүйелі,
дəйекті баяндалуы жəне т.б.), прагматикалық пресуппозициялар (сөйлеуші субъектінің
адресаттың білім деңгейін, оның психологиялық жағдайын, мінезқұлық ерекшеліктерін
бағалауы) жəне сөйлеушінің хабарланатын мəліметке қатысы туралы мəселелер
зерттеледі.
Адресатқа, яғни хабарды қабылдаушыға, қатысты оған əсер етуші сөйлеу
ақпаратын түсіну принциптері алынған мəліметке байланысты.
Коммуникацияға қатысушылар арасындағы қарымқатынас пікір алысу формалары
(ақпараттық диалог, достық əңгімелесу, пікірталас, келіспеушілік), сөйлеудің əлеуметтік
этикалық жақтары (қаратпа сөз формалары мен қарымқатынас стилі) жəне
коммуникацияға қатысушыларды байланыстырып сөйлесу актілері (өтініш, бұйрық жəне
т.б.) тəрізді мəселелерді қарастырады.
Қарымқатынас жағдайы (ситуация общения) мəселесіне қатысты түрлі таңбаларды
(осы жерде, мынау, сонан соң), сөз мағынасындағы индексальды компоненттерді
(мысалы, келу, жақындау етістіктеріндегі кеңістікке бағыттауды көрсету) түсіне білу,
сондайақ əңгіме тақырыбы мен формасының қарымқатынас жағдайымен шарттастығы
(түрлі ресми жағдайлардағы күнделікті тақырыптар мен қарымқатынас формалары)
тəрізді мəселелер қарастырылады.
Тіларалық коммуникация жағдайында жоғарыда аталған барлық коммуникация
аспектілерінің түрлі тілдердегі ара қатынасын зерттеудің заңды мəселесі туындайды.
Прагматикалық зерттеулер тіл біліміндегі лингвистикалық модельдермен қатар,
аударманың коммуникативті теорияларында жиі кездеседі. Атап айтқанда, skopos
теориясында жəне оның логикалық жалғасы Ю.ХольцМянттяридің теориясында
аудармашының мəдениетаралық коммуникациядағы сарапшы ретіндегі рөлі толыққанды
айқындалады [4, 209]. Шын мəнінде, аударылатын түпнұсқалар белгілі бір мəдени
контекстке шарттастырылған мəтіндер болып табылады. Өйткені, түпнұсқа мен аударма
арасындағы байланыс түпнұсқа тілі мен аударылатын тіл арасындағы ғана емес, сонымен
қатар төл мəдениет арасындағы да қарымқатынас. Аударма коммуникация мақсатына
619
жетуі үшін аудармашы қабылдаушы мəдениеттің салтдəстүр ерекшеліктерін ескере
отырып, аударманы белгілі бір қалыпқа келтіреді. Бұл жағдайда аудармашы өзін мəтінді
қарастырушы ретінде танытады.
Достарыңызбен бөлісу: |