«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет3/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134

 

Физминутка « Царь – Горох» 

   Давным- давно жил царь –Горох 

   И делал каждый день зарядку. 

   Он головой крутил – вертел 

   И танцевал вприсядку. 

   Плечами уши доставал  

-Дети, вы любите сказки? 

-Я вот хочу проверить. 

      Есть одна игра для вас – 

      Загадки говорю сейчас. 

     Я начну, а вы кончайте, 

3. Лечит маленьких детей,  

   Лечит птичек и зверей. 

   Сквозь очки свои глядит 

   Добрый доктор… 

4.Что за странный человечек деревянный 

  На земле и над водой ищет ключик золотой? 

  Всюду нос суёт свой длинный. Кто же это… 

5. Толстяк живет на крыше,  

  Летает он всех выше… 

6. Вместе с Карлсоном прыгал с крыш 

   Шалунишка наш…. 

7. Она красива и мила, 


26 

 

26 



 

   И сильно прогибался. 

   Он руки к небу поднимал

   За солнышко хватался. 

   Сказка – ложь, да в ней намёк: 

   Пора садиться на урок. 

 

Показ способа действия



Из пластилина яркого цвета накатать колбаски одинаковой толщины и длины. 

Положить первую колбаску на картон, равномерно прижать к основе для закрепления. 

Положить  вторую  колбаску,  выровнять  по  краю  «брёвнышка»,  но  сразу  не  прижимать  к 

основе.  

Если  вторая  колбаска  длиннее  или  короче,  снять  и  отрезать  стекой  или  раскатать  и 

только потом прижать к основе. 

Сложить из всех брёвнышек высоту самой большой части теремка. 

Затем из толстой колбаски сделать крышу, срезать углы стекой. 

 

Детям, которые быстро справились с заданием, можно предложить выложить забор по 



то же технологии. 

-Вот  какие  молодцы,  выручили  зверушек.  В  ваших  теремках  могут  теперь  жить  не 

толко герои сказки, но и другие жители сказочной страны, всем хватит места. 

 

Литература: 

1.Комарова Т.С. Занятия по изобразительной деятельности в детском саду / Т.С. 2.Комарова.-

М.:  Просвещение,  Иванова  Г.П.  Театр  настроений.  Коррекция  и  развитие  эмоционально-

нравственной сферы у дошкольников.- М:, 2006. 

3.Новиковская О.А. Ум на кончиках пальцев. / О.А. Новиковская.- М.: АСТ; СПб: Сова, 2006 

4.Ткаченко  Т.Б.  Лепим  из  пластилина  /  Т.Б.  Ткаченко,  К.И.  Стародуб.-  Ростов-на-Дону.: 

Издательство «Феникс», 2003 



 

 

 

 

 

 

 

Верхние  части  теремка  сложить  из  коротких  колбасок.  Складывать  их  в  положение 

стоя. 

Дополнить теремок деталями – окна (шар, расплющенный до «блинчика), 



Раскатать шарики яркого цвета, размять их до блинчиков, отсечь боковые части под 

наклоном на угол, в нижней части – 

 по прямой. Разместить поверх башенок купола теремка. 

Самостоятельная работа детей. По ходу работы оказывать детям помощь. 

Подведение итогов: 

-Что мы делали на занятии? 

-Из чего складывали теремок? 


27 

 

27 



 

«ҰРAН» ГАЗЕТІНІҢ ДАМУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛІМІ 

 

Хамидолла Ж.С. 



М.Ақмулла атындағы БМПУ 

 

Ұшқан  құстың  қанаты  талатын  кең  байтақ  қазақ  даласының  батыс  өлкесінде 



«Қазақстан»  (1911-1913),  «Ұран»  (1917-1918),  «Известия»-«Хабар»  (1918),  «Дұрыстық 

жолы»  (1919)  газеттерін  шығару  барысында  көптеген  асыл  азаматтар  бас  біріктірді.  Осы 

басылымдардың бәріне бірдей белсенді атсалысқан екі тұлға бар. Олар – Ғұмар Қараш және 

Ғабдолғазиз Мұсағалиев.  

Ғұмар  Қараш  «Қазақстан»  газетіне  редакторлық  етсе,  Ғабдолғазиз  Мұсағалиев 

жазылу жұмыстарын ұйымдастырып, қаржы жинауға және таратуға көмектеседі. Ал «Ұран» 

газетіне  Ғабдолғазиз  Мұсағалиев  редакторлық  етіп,  басылым  беттерінде  Ғұмар  Қараштың 

көптеген мақалалары жарық көріп, тіпті газеттің мақсатын айқындайтын «Ұран» атты өлеңі 

жарияланған.  Аталған  қос  газет  қоғамдағы  саяси  жүйе  қанша  өзгерсе  де,  мүмкіндігінше 

халық үшін аянбай қызмет етті. Ақын шығармашылығын зерттеуші Сағымбай Жұмағұлов: 

«ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларына халық алдында өтелмеген парызын ерекше сезіну, 

жұрт жұмысын жұмыла атқару және елдік үшін жан-тәнімен қызмет ету қасиеттері тән» [1, 

84], - деп, ұлт зиялыларының қажырлы еңбектерін жоғары бағалайды. 

Ғұмар Қараш және Ғабдолғазиз Мұсағалиев – екеуі де қазақ тарихында ойып тұрып 

алатын  өзіндік  орны  бар,  ел  үшін  жанкешті  еңбек  еткен,  баспасөз  саласы  арқылы  халық 

санасын оятуға орасан зор еңбек сіңірген алаштың арда азаматтары.  

Белгілі  тарихшы  Исатай  Кенжәлиевтің  «Ғұмар  Қараш»  кітабында  «Ұран»  газетінің 

маңында болған тұлғалар туралы мәліметте былай деп жазылған: «Ғ.Қараш баспа жұмысына 

да  араласады.  Әуелі  Ғ.Мұсағалиевпен  Ордада  шығып  тұрған  «Ұран»  газетінің  ісіне 

қатысады. 1918 жылы күзде РСФСР Ұлт істері халық комиссариаты (ҰІХК) Қазақ бөлімінің 

басшылығымен қазақша-орысша газет-журнал шығару ісі қолға алынады. Мұғалімдер үшін 

«Мұғалім» журналын дайындауға кіріседі. Әр жерден араб әріптерін, баспахана станогін т.б. 

жабдығын тауып әкелу, полиграфия маманын табуда Ғ.Қараш тәжірибесі  пайдаланылады. 

ҰІХК-нің  қазақ  бөлімі  үгіт-насихат  жұмысын  жүргізу  үшін  көрнекті  қайраткерлердің 

еңбектерін қазақ тілінде шығаруға аудармашылар комиссиясын құрады. Оған С.Меңдешев, 

Ғ.Қараш, Т.Сафиев, Ғ.Мұсағалиев т.б. кіреді. Қазақта болмаған аударма жұмысы басталады. 

Бұл кезде Ғұмар жұмысбасты халде болады. «Алашқа» деген өлеңі Семейдегі  «Сарыарқа» 

газетінде  1918  жылдың  22  қаңтарында  жарияланады.  «Алаш  азаматтарына»  деген  өлеңі 

Ордадағы  «Ұран»  газетіне  шығады.  Бұны  зерттеген  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының 

ғылыми  қызметкері  Мұстафа  Исмағұловтың  ең  болмаса  бір  тарихи  мақала  жазбағаны 

өкінішті. Әрине, кезең тарихы ауыр, зерттеушілерге қатерлі де еді...» [2, 54]. 

И.Нәсекенұлы ағамыздың «зерттеушілерге қатерлі» деген диагнозы сол заманның көп 

шындығы дер кезінде не себепті айтылмағандығын дәл түсіндіреді. Әрине, ол үшін ешкімді 

сынап, кінәлаудың қажеті де жоқ. 

Қазақстан  мен  ресейлік  мұрағаттар  мен  кітапханалардан  табылмаған,  өткен  ғасыр 

басында  Орда  өңірінде  жарыққа  шығып  тұрғаны,  көптеген  азаматтардың  көзімен  көргені, 

оған өздерінің бағасын бергені анық газеттің бірнеше санының тұпнұсқасын (барлығы 42 бет 

– Х.Ж.) зерттеуші Мақсат Тәж-Мұрат ағамыз Алматы қаласындағы  «Республикалық  кітап 

мұражайынан» тауып, құнды дүниенің электронды көшірмесін «Ұранды» жанұшырып іздеп 

жатқан  «Жайық Пресс» ұжымына алып кетуге дайындап береді. Сол қолға түскен деректі 

тігіндінің бетіне: «Халық ақыны Надралиев Андаштың (1889-1954) жеке қорынан. Бұрынғы 

Астрахан  облысы,  Бөкей  ордасы,  қазіргі  Жаңақала  ауданы,  Жаңақазан  ауылында  дүниеге 

келген» [3, 8-9], - деп жазылыпты. Мұражай қызметкерінің айтуы бойынша, газет тігіндісі 

1978 жылы тапсырылған. 

«Ұран»  газетінің  көшірмесінің  Батыс  Қазақстан  облыстық  тарихи-өлкетану 

мұражайында сақтаулы тұрғанын Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық мұражайдың 



28 

 

28 



 

директоры Нұржан Төлепов көріпті. Зерттеуші, ғалым ағамыз Мұстафа Ысмағұлов жинаған 

қордың ішінде шамалыға таптырмайтын «Ұран» газетінің 9 санының фотокөшірмелері (бұл 

жердегі көшірме толығырақ, барлығы 49 бет – Х.Ж.) бір папкаға салынып, тіпті осы газеттің 

бас  редакторы  әрі  ұйымдастырушысы  Ғабдолғазиз  Мұсағалиевтің  көптеген  еңбегі 

жинақталып, зерделеніпті. Фотокөшірмелерде бұл газеттердің «Қостанай уезі, Виконтиевск 

поселкісіндегі  Павлов  пошта  бөліміне,  Ташбаев  Асылбекке»  [3,  16]  жолданғаны  туралы 

бұрыштама соғылған. Қолға түскен газет көшірмелерінен «Ұранның» шамамен 40-50 нөмірі 

жарық көргенін байқауға болады. Ал оның бізге әзір белгілісі – 10 нөмірі. 

Бұдан бөлек, М.Ысмағұлов ағамыз 1967 жылы Ғабдолғазиз Мұсағалиевтің өмірбаяны 

жөнінде  мақала  жазған  екен.  Онда  мынадай  жолдар  бар:  «Ғабдұлғазиз  Мұсағалиев  1917 

жылы февраль революциясынан кейін июль айында осы күнгі Орда қаласында «Ұран» атты 

газет  шығарады.  Бұл  газетке  өзінің  бүркеншік  есімі  ретінде  «Ғ.Муси»  деп  ат  қояды.  Бұл 

«Ұран»  газетінің  шыға  бастаған  күнінен  бастап  барлық  номерлерін  үзбей  өзінің  сүйікті 

шәкірті,  ақын  Ілияс  Жансүгіровке  жіберіп  тұрады.  Ілияс  Жансүгіров  сақтаған  «Ұран» 

газетінің  сандары  Қазақ    мемлекеттік  архивындағы  Ілияс  Жансүгіровтің  фондысында 

сақталған» [4, 11].  

Осы деректің ізімен «Ұран» газетін іздеп Алматы қаласына, Қазақстан Республикасы 

Орталық Мемлекеттік мұрағатына арнайы барған «Жайық Пресс» ұжымының зерттеушілері 

мұрағаттағы  І.Жансүгіровтің  «жабық  қорға»  жататын  жеке  қорындағы  құжаттарды  қарау 

үшін ақынның қызы Ильфа Жансүгірова апайға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, рұқсатын 

алғанымен,  жеке  қордағы  деректерді  барынша  сүзіп  шықса  да,  өкінішке  қарай,  іздеген 

жоқтарын таба алмаған. 

Алматы қаласындағы Ғылыми кітапханада қазіргі күні Батыс Қазақстан облысында  

шығатын  «Орал  өңірі»  газетіне  қатысты  формуляр  былай  толтырылыпты:  «Қызыл  ту. 

Оралдың губерниялық партия комитеті мен атқару комитетінің газеті. Орал, 1922-1929. 

1917 ж. июлінен – 1918 ж. – «Ұран»; 1919 ж. – «Дұрыстық жолы»; 1919-1920 жж. – 

«Сахара таңы»; 1920-1930 жж. – «Қызыл ту»; 1931-1957 жж. «Екпінді құрылыс»; 1958-1964 

жж. – «Октябрь туы»; 1965 ж. 1 янв – «Орал өңірі» [3, 7]. Міне, мұнда қазіргі басылымның 

«Ұраннан» басталатынын жүйелеп, тап-тұйнақтай етіп көрсеткен. 

Газеттің атаулары өзгергенімен, баспахана ортақ, шығарушылары бір болғандықтан, 

бір-бірін жалғастырған басылымдар. Жоғарыдағы айтылған негіздерге байланысты бүгінгі 

«Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің бастауы 1917 жылы шілде айынан Ғабдолғазиз 

Мұсағалиевтің редакторлығымен жарық көрген «Ұран» газетінен бастау алатыны анық. 

Бұл – қазіргі облыстық газеттің шыққан жылын әріге шегеріп, жасын ұлғайту емес, 

шындықты,  ақиқатты  айқындау.  Әрине,  осы  кезге  дейін  де  Батыс  Қазақстан  облыстық 

газеттерің  тарихын  зерттеушілер  болды.  1950  жылдарға  дейін  облыстық  газеттің  бастауы 

ретінде  Орал  қаласында  шыққан  «Қызыл  ту»  газетінің  туған  күні  –  1920  жылдың  7 

желтоқсаны аталатын. Бұл датаның әріге жылжуы басылым атауы «Екпінді құрылыс» болған 

кезімен сәйкес келеді. 

«Біздің  облыстық  газеттер  1920  жылдан  шығып  келеді  деп  жазылып  жүрген.  Бірде 

қарт журналист Ғұбаш Жөндібаев Мәскеудегі бос уақытын пайдаланып, революция музейіне 

барып,  Бөкей  губерниясында  екі  тілде  1918  жылдың  17  қарашасынан  шыға  бастаған 

газеттерді («Известия» - «Хабар» – Х.Ж.) тауып алады да, екеуінің фотокөшірмесін әкелмесі 

бар  ма?!  Бұл  оқиға  бізді  бір  сілкіндіріп  тастады»  [3,  12],  -  деп,  ардагер  журналист,  қоғам 

қайраткері Бисен Жұмағалиев есіне алады. 

Осы деректер негізінде газеттің жаңа «туған күні» бекітіліп, облыстық  «Орал өңірі» 

және  «Приуралье»  газеттері  1968  жылы  елу  жылдық  мерейтойына  байланысты  «Құрмет 

белгісі»  орденімен  марапатталған.  Бір  қызығы,  «Известия»  -  «Хабар»  газетінің  алғашқы 

сандарын  тауып,  әкелген  азаматтар  оның  бірінші  бетіндегі  «хаттаманы»,  «Ұран»  газеті 

туралы деректі де көргені анық. Көкейімізде ендеше неге ол ағалар басылым тарихын бұдан 

да  әрі  жылжытып,  1917  жылдан  шыққан  «Ұран»  газетінен  бастамаған  деген  заңды  сұрақ 

туады. 


29 

 

29 



 

Бұл  сұрақтың  жауабы  –  «Ұран»  газетінің  мән-мазмұны  мен  оны  шығарушылардың 

саяси көзқарасында. КСРО-ның күркіреп тұрған 1950 жылдары «Ұран» газетінің неге «ұмыт 

қалғанын»  түсіндік.  Бар  мәселе  –  «Ұранды»  ұйымдастырған  азаматтардың  1917-1918 

жылдары большевиктік идеяға емес, қазақтың қанына жақын «Алаш» қозғалысына бүйрек 

бұрғандығында. 

Бұған дәлел ретінде Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты ғұмырбаяндық 

кітабындағы  сол  кезеңдегі  қазақ  баспасөзі  туралы  мынадай  құнды  деректерін  келтіруге 

болады: 

«...  Әр  жерде-ақ  газет  шығара  бастады.  Семейде  –  «Сарыарқа»  газеті,  Ташкентте  – 

«Алаш»  газеті,  соңынан  «Бірлік  туы».  Бөкейлікте,  Астрахан  қаласында  –  «Ұран»  газеті. 

Ақмолада – «Тіршілік» газеті, Орынборда – бұрынғы белгілі «Қазақ» газеті. 

«Сарыарқаны» басқарған – Қалел Қаппасұлы, жазушылары: Ермекұлы, Бөкейханұлы, 

Тұрғанбайұлы және басқалар. 

«Алашты» басқарған – Көлбай Тоғысұлы. 

«Бірлік  туын»  басқарған  Мұстапа  Шоқайұлы,  жазушылары:  Болғанбайұлы, 

Төреқұлұлы, Қожанұлы және басқалар. 

«Ұранды» басқарған – А.Мұсаұлы.  

«Тіршілікті» басқарған – Рақымжан Дүйсенбайұлы, жазушылар: Сәдуақас Сейфуллин 

(мен), Асылбекұлы, Өмірбай Дөнентайұлы және басқалар.  

«Қазақты»  басқарған  –  А.Байтұрсынұлы  мен  М.Дулатұлы.  Жазушылары: 

Бөкейханұлы, тағы солар [5, 83]. 

Кеңес өкіметі тұсындағы деректерді бүгінгі күн тұрғысынан, кеңестік идеологияның 

тар қалыбынан тыс тәуелсіз көзқараспен қайта қарау – өзекті мәселе. Өйткені бұл кезең – ақ 

пен қара деп екіге бөліп тастауға келмейтін, өте күрделі, шым-шытырық уақыт. Бұл кезеңдегі 

қазақ зиялыларының көздегені – дүниені шарпыған алапат өрттен қазақ баласын қалай аман 

сақтап қалу болғаны осы «Ұран» газетінде жарияланған мақалалардан да көрінеді. 

Газет  бастапқыда  қазақтың  өз  автономиясын  жариялауды  мақсат  тұтқан  «Алаш» 

қайраткерлерімен  бір  көзқараста,  бір  ниетте  болғандығы  анық  байқалады.  Сонымен  бірге 

Бөкей  ордасының  тағы  бір  үлкен  мәселесі  –  Астрахан  губерниясынан,  орыс  қолтығынан 

құтылып,  қазақ  облыстарының  қатарына  қосылу  болатын.  Осы  кезеңдегі  жер  дауы,  ақ 

болсын,  қызыл  болсын  орыс  тарапынан  қазақ  ауылдарына  жасалған  түрлі  зорлық, 

шапқындар «Ұран» газетінің бетінде ашық жазылған. Сондай-ақ, қазақ оқығандарының өз 

ішіндегі ауызбіршіліктің болмағанын газеттегі  «Қазақ большевиктері қалай пайда болды», 

«Қазақ  өз  жерінен  қалай  айырылды»  деген  тақырыптағы  сараптамалық  мақалалар  сол 

заманның шындығынан хабар береді. 

Алайда,  газеттің  бұл  алашшыл  бағыт-бағдары  күн  өткен  сайын  өзгеруге  мәжбүр 

болғандай.  Мысалы,  «Ұранның»  1918  жылдың  28  наурызындағы  №  30  санында  «Тағы  да 

өзгеріс» атты мақала жарияланып, «земство жақтаушы, автономия сүюші» [3, 147 ] тарапқа 

қарсы  топтың  Астраханға  арқа  сүйеп,  Ішкі  ордалықта  өз  билегін  орнатып  жатқаны 

баяндалған. Ал сол жылдың 16 мамырындағы № 38 санында:  «Жаңа тәртіп бойынша Хан 

ордасында  Ішкі  ордалық  кіндік  совет  ашылғаны,  ...оның  төрағалығына  Астрахан 

губерниялық  советінің  мүшесі  Милютин  сайланғаны»  [3,  165]  хабарланған.  Айта  кететін 

тағы  бір  жайт,  «Ұранның»  орнына  1918  жылы  17  қарашада  жары  көрген  «Хабар»  - 

«Известия»,  одан  кейінгі  «Қазақ  дұрыстығы»  -  «Киргизская  правда»  газеттеріне  редактор 

ретінде қол қойған да дәл осы большевик Степан Милютин болатын. 

Осы  Ішкі  ордалық  кіндік  комитет  бір  қаулысында:  «Жаңа  тәртіп,  жаңа  бағытты 

халыққа айтып, түсіндіріп тұру үшін «Ұран» газетасының көлемін зорайтыңқырап шығару 

керек. Бұның (үшін) Астраханнан мұсылмаша-орысша қарпі бар баспахана жіберілсін» [3, 

167],  -  деген  шешім  қабылданған.  Бірақ  бұл  жаңа  баспахана  келген  кезінде  газет  атауы 

«Хабар» - «Известия» болып өзгерген. 

Ордалық мұғалім, өлкетанушы Ғұмар Зарипов ағамыз 1929-1939 жылдар аралығында 

жинастырған  Бисен  Жәнкешовтің  өлеңдерін  1969  жылы  қолжазба  түрінде  Орда  музейіне 


30 

 

30 



 

тапсырған екен. Осы қолжазбадан «Бисеннің Ғадболғазиз Мұсағалиевке айтқаны» атты өлең 

шумақтарында: 

«Ұраның» біз қосылар ұран емес, 

Біздерге ондай «Ұран» құрал емес. 

Алысқа бұл «Ұранмен» бара алмассың, 

Күн туып, екі талас басталса егес!» [3, 19] - деген жолдар кездеседі.  

Көріп  отырғанымыздай,  бұл  шығарма  Орда  большевиктері  мен  «Ұран»  газетін 

шығарушылардың арасындағы пікірталастан хабар береді. Бір жылдан артық уақыт «Алаш» 

ұранын қолдаған  «Ұран» газетінің шығарылымын жалғастыруды Астрахан большевиктері 

дем берген Орданың қызыл белсенділері қаламаса керек. 

Өткен  ғасыр,  жалпы  қазақ  тарихын  өз  зерттеушілеріміздің  ұлттық  ғылыми 

көзқарасымен енді-енді сынық айнадай жамап-жасқап жатырмыз. Ал Ақпан, Қазан төңкерісі 

жылдары, кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе – зерттелу жағынан қасаңдық шылауына неғұрлым 

мол түскен, оқабы көп кезең. Осы кезеңге қатысты құжаттар архивтерде өте нашар сақталған. 

Жоғалып, құрып кеткен немесе әдейі өртелген.  

Бұл  тұста  бізге  сол  кезеңдегі  мерзімді  баспасөз  ғана  қолға  аз-мұз  дерек  ұстатады. 

Мысалы, «Қазақ» газетінің 1918 жылғы ақпанның 27-сіндегі нөмірінде: «1917-1918 жылдары 

Ордада Ғабдол-Ғазиз Мұсағалиұлы шығарып тұраған басылым – «Ұран» газетінен» мынадай 

хабар басылған:  

«Тағы да өзгеріс. 

Өткен  нөмірінде  бұрынғы  комиссарлыққа  Құлманұлы  қалып,  оның  орнына 

Әзірбайұлы болып еді. Оның бер жағында комиссарлық қалып, Бөкейліктің істері осы кісілер 

арасынан бөлінді:  

 

Ішкі істі 



 

Қараушы:  

 

 

Б.Ниязұлы  



 

Жол ісін қараушы:              І.Көшекұлы  

 

Жәрдем беруші:  



 

Қ.Меңдешұлы  

 

Ақша жағынан: 



 

Д.Темірәлиұлы  

 

Оқу оқыту:   



 

С.Меңдешұлы  

 

Денсаулық:   



 

М.Көкебайұлы 

 

Дау:   


 

 

С.Нұралиханұлы  



Бұлардың  халықтың  бас-аяғын  жинап  мәслихат  етуге  шыдамай  Бөкейліктің  ісін 

қолдарына алуларын әр түрлі жоруға болады. 

Біреуі  –  уақыт  оздырмай  осындай  қысаңшылық  заманында  халықты  қиындықтардан 

сақтап тура жолға бастау. Екініші түрлі ойлағанда ел адамдарына мынау қалай демей, төрт 

жүз мың Бөкейліктің делегаттарының сайлаған адамдарының билігін кешегідей он шақты 

қара таяққа беріп, өзара кеңесіп, өз тілектерін жасай беруі өздерінің бас қамы үшін деп айтуға 

да  мүмкін.  «Адасқанның  алды  жөн,  арты  соқпақ»  деген  қазақтың  мақалы  бар.  Мен 

басшыларымыздың бұл істерін жөн яки жөн емес деп айта алмаймын. Дұрыс, дұрыс емесін 

халықтың өзі шамалап тұрған болар...» [6, 202-203]. 

Өкіметтегі  бұл  өзгеріс  те  жалпы  халықтың  қатысуынсыз  өткенін  байқататын  – 

хабардағы  ерекше  екпін  түскен  «ел  адамдарына  мынау  қалай  демей...  өз  тілектерін  жасай 

беруі» деген сөйлемнің өзінен-ақ газеттің саяси бағытын аңғаруға болады. 

«Ой  ойлаған  қазақ  баласының  дертті  мәселесі»  [7,  25]  –  ұлтының  бостaндығы  мен 

тәуелсіздігі, оның жaрқын болaшaғы еді. ХХ ғасырдың басында қаулап өсіп, «қараңғы қазақ 

көгіне  күн  болуға»  [8,  59]  ұмтылған,  сыңар  езу  біржақты  емес,  энциклопедиялық 

масштабтағы,  философиялық  танымдағы  алаш  алыптары  ұлттық  идея  мен  рухани  мұрат 

жолында aянбaй тер төккен aсқaн білімпaз, елді aузынa қaрaтқaн, Қaзaн төңкерісіне дейінгі 

мерзімде Орта Азиядағы, қaзaқ дaлaсындaғы отaршылдыққa қaрсы бaтыл үн көтерген, қaзaқ 

хaлқының aянышты хaлінің қaмын ойлaғaн, «Құдай сәтін салсын «Әумин!» деп қол жайып, 

«әуп!»  деп  күш  қосып,  «Алла!»  деп  іске  кіріскен»  [9,  11]    ірі  қоғaм  қaйрaткерлері  –  ұлы 



31 

 

31 



 

дaлaның  дaрынды  перзенттері,  бостандық  пен  бақытты  өмір  жаршыларының  тұңғыш 

қарлығаштары. 

ХХ ғасырдың  басындағы қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі  әлеуметтік және 

қоғамдық-саяси  қайшылықтарымен  ерекшеленеді.  Қоғамдық-саяси  және  құқықтық  ой-

пікірлердің озық философиялы рухани ғақлиясы мен жоғары идеялы тұжырымдары ұлттың 

көкейтесті мәселелерін заман сахнасына алып шықты. Атап айтсақ, олар: ұлттық тәуелсіздік, 

өзін  өзі  басқару,  құықтық  мемлекет  принциптерін  қазақ  қоғамына  енгізу,  ағарту  ісін 

жақсарту, тіл дамыту, әділетті құқық жүйесін жаңарту, олармен қатар шариғат заңдары мен 

ислам  талаптарын  бұлжытпай  орындау  сияқты  биік  мұрат,  мақсаттардан  тұрған-ды. 

Қарастырылып  отырған  күрделі  кезеңде  қоғамның  осындай  ізгілікті  даму  бағытын 

армандаған зиялы азаматтар – өз халқын жалпы адамзаттық биік рухани қағидаларға баулып, 

өз  елін  өркениет  биігінен  көргісі  келген  нағыз  ұлтын  сүйген,  рухани  азаттық  пен 

демократиялық-ағартушылық идеяларға толы алып ой иелері мен қоғамдық-саяси, құқықтық 

ой-пікірдің өкілдері. Олар – жаңару мен бостандық идеяларының нағыз жанашырлары.  

Біз үшін ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында ғұмыр кешкен, бірақ кезіндегі саяси 

қуғын-сүргіннің  зардабынан  есімдері  саналы  түрде  «ескерілмей»  келген  қоғам 

қайраткерлерінің  ұлт  болашағы  үшін  атқарған,  осы  күнге  дейін  халыққа  толық  танылмай 

келген  жан-жақты  қызметтерін,  олардың  қоғамдық-саяси,  құқықтық  көзқарастарын  сол 

заманның  ғана  көкейтесті  мәселелерімен  ғана  емес,  сонымен  қатар  бүгінгі  күннің 

талаптарымен, тыныс-тіршілігімен байланыстыра зерттеу – негізгі мақсат болуы керек.  

«Біздің  тарих  –  бұл  да  бір  қалың  тарих,  оқулығы  жұп-жұқа  бірақ-тағы»  деп  ақын 

Қадыр Мырза Әлінің айтқанындай, егемен елдің ендігі міндеті – шежіресін бүтіндеп, «жол 

ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенін ғұмыр жеткенше істеп кетелік» [9, 11] деп, ел үшін еңбек 

еткен арыстардың өмірі мен шығармашылығын зерттеп, жарыққа шығару болса керек. 

 

Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімі: 

1 Жұмағұлов С. Ғ.Қараш шығармашылығы: Оқу-әдістемелік құралы. – Қарағанды: 

ҚарМУ, 2005. – 120 б. 

2 Кенжәлиев И. Ғұмар Қараш. – Орал, 2004. 

3 «Ұрaн» газеті. 1917-1918. – Орал: Жайық Пресс, 2014. – 400 б. 

4 Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің архивіндегі М.Ысмағұлов 

фонды. 9083/1, № 46-іс. – 212 б. 

5 Сейфуллин С. Көп томдық шығaрмaлaр жинaғының І томы. Тaр жол, тaйғaқ кешу. 

1927 жыл. Ромaн-эссе. – Aлмaты: Қaзығұрт, 2004. – 456 б. 

6 Тәж-Мұрaт М. Кәбисa жыл (зерттеулер, эсселер, әдеби толғaмдaр). – Aстaнa: 

Хұсниaт, 2009. – 400 б. 

7 Жaқып Б. Мұхтaр Әуезов – публицист. – Aлмaты: Aнa тілі, 1997. – 176 б. 

8 Торайғыров С. Дүние дөңгелегі айналады. Таңдамалы. – Алматы: Халықаралық 

Абай клубы, 2009. – 356 б. 

9 «Қaзaқ» гaзеті. – Aлмaты: «Қaзaқ энциклопедиясы» Бaс редaкциясы, 1998. – 560 б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет