Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы ресей федерациясының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет116/124
Дата03.03.2017
өлшемі23,53 Mb.
#6682
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124

Есеп 5. Жамбыл Жабаев - поэзияның іргетасын қалаушы ғұлама. Еркіндік, теңдік және шындық тақырыптары 

Жамбыл атамыздың шығармаларының өзегі. Сұрапыл соғыс жылдары кеңес жауынгерлерін қолдап, жырымен 

демеу  берген  атақты  ақын.  Соғыс  алаңында  өлген  біздің  жауынгерлердің  қалталарынан  оқпен  тесілген 

Жамбыл  атамыздың  өлеңдері,  жырлары  табылып  жатқан  дейді.  Осы  сұрапыл  жылдарда  қоршауда  қалған 

Ленинградтық бауырлар да Жамбыл атамыздың жырларын ту еткен. Ол оның әйгілі: «Ленинградтық өрен-

дерім!»  атты жыры. Төмендегі  теңдеуді  шығарып,  Жамбыл  атамыздың  қай жылы  туып,  қай жылы  қайтыс 

болғанын анықтап, неше жыл өмір сүргенін есіңе сақта. 

(А – туған жылы, В – қайтқан жылы) 

А) (24556 – а) : 15 = 1514 В) 5 · 5 + 75 + в = 3045 -1000 

Осындай есептер қарастыру арқылы оқушылардың тек қана математикалық сауаттылығын ғана дамытып 

қоймай, бір сабақ арқылы Қазақстан тарихы, Қазақстан жағрапиясы пәндері бойынша көптеген қосымша 

білім  алады.  Қазіргі  таңда  оқытылатын  пәндер  оқушылардың  болашағы,  таңдайтын  мамандығына  қарай 

бағытталуда, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше мән беріле бастады. Бұл мақсатқа жету үшін оқушының 

өзі арқылы ойлау қабілетін дамытып, ҰБТ-ға дайындықты ерте бастап, әр сабақта басқа пәндермен біртұта-

стық жасауға ықпал етуіміз керек. Оқушы белгілі білім жинақтайды, оны өз тұжырымына салып қорытады, 

қабылдайды. Ең бастысы ҰБТ таңдауында жоғары балл жинауға мүмкіндік алады. «Нені ұғындым, қалай ұғын-

дым?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы өзінің жинақтаған білімін ой елегінен өткізеді. Сонымен қатар, 

оқушының интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігі, жалпы 

ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екені туралы ғылыми көзқарастың тұрақты қалыптасуына мүмкіндік береді 

[4]. 


Қолданылған әдебиет 

1 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 

қараша. http://www.akorda.kz/ 

2 Мұсабеков О. Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың шарттары // Бастауыш мектеп. 2000. №1. –Б. 34. 

3 Бейсенбаева А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. -Алматы. 1995 ж. 

4 Мұхатова О.Х. Тарихнама ғылымының методологиялық ұстанымдары. -Алматы, 2008. 



Аңдатпа. Мақалада білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін, сонымен қатар, оқыту жүйесін 

заман  талабына  сай  үйлестіру  арқылы  4-5-  сыныптың  математика  сабақтарында  ұлттық  нышанымыз  бен 

тарихи құндылығымызды есептің мазмұны арқылы қарастырып, оқушылардың функционалды сауаттылығын 

қалыптастырудың жолдары көрсетілген. 



Аннотация.  В  статье  рассматриваются  пути  формирования  функциональной  граммотности  учащихся 

4-5  классов  через  решение  математических  задач  на  основе  достижений  общечеловеческой  культуры, 

национальных особенностей, этнокультурных явлений; уважение к истории, культуре и традициям народов 

проживающих на территории Казахстана. 



Abstract. The article discusses the ways of forming functional literacy of pupils of 4-5 classes through solving 

mathematical  tasks  based  on  the  achievements  of  universal  culture,  national  characteristics,  ethno-cultural 

phenomenon; respect for history, culture and traditions of the people living on the territory of Kazakhstan. 


312

ДӘСТҮР МЕН ИННОВАЦИЯ ИНТЕГРАЦИЯСЫ 

Ж.К. Умирбаева 

«А. Косарев атындағы № 9 орта мектебі» ММ Степногорск қ. Ақмола облысы, zhanar.umirbaeva@mail.ru 



Пікір беруші – Г.А. Куанышева, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, жаратылыстану-

математикалық білім зертханасы, а.ғ.қ., Астана қ. 

Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – білім мен жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Әрбір ұстаздың мақсаты 

– оқушыларға сапалы білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін жүзеге асыру бағытында жеке тұлғаға 

шығармашылық орта туғызу. Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, 

осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай, шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Іс-әрекет 

арқылы білім алуға үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, 

ізденуге, таңдауға т.б. үйренеді. 

Ұзақ уақыт бойы оқып келген дәстүрлі сабақ бұрыннан қалыптасқан, бір жүйемен жүргізілетін сабақ түрі. 

Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін 

сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал 

зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Мұндай оқыту тұрғысы тұлғаның дамуына әсер етуі мүмкін 

емес. 

«Сабақ-оқытушының  педагогикалық  мәдениетінің  айнасы»,  -  дейді  Сухомлинский.  Оқытудың 



шығармашылық әдісіне төмендегідей мақсаттар қоюға болады: 

- оқушының бұрын байқалмаған, іске асыра алмаған мүмкіндігін ашу; 

- оқушының өз бетінше жұмыс істеуге деген құлшынысын құрметтеу; 

- оқу жоспарын құруда оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескеру; 

- үлгерімі төмен оқушылардың әлеуметтік мүмкіндіктерін ескеру; 

- сабақта оқу үрдісінің озық тәжірибелерін, түрлі педагогикалық әдістерін пайдалану; 

- оқушының шығармашылығына жол ашу. 

Білімді  ізгілендіру  мақсатында  жоғарыда  аталған  міндеттерді  ескере  отырып,  бүгінгі  білім  беру 

технологияларын  кеңінен  қолданамын.  Сондай  технологияның  бір  түрі  –  «Сын  тұрғысынан  ойлау» 

технологиясы.  Сыни  ойлау  деген  –  әр  жеке  тұлғаның  кез-келген  жағдайдағы  мәселені  ойлап,  зерттеп 

қорытып, өз ойын ортаға еркін жеткізе алуы. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, 

шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, 

сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу 

дегенді білдіреді. 

Қазіргі  сабақ  –  оқушының  жан-жақты  дамуына,  ақыл-ойының  белсенді  өсуіне,  терең  білім  алуына, 

адамгершілік  негізінің  қалыптасуына  барлық  мүмкіндіктер  қолданылатын  сабақ.  Қазіргі  сабақ  идеясы 

отандық  оқыту  теориясы  мен  тәрбиесінің  ұзақ  уақыт  дамуына,  әлемнің  өзгеруіне  байланысты  қоғамның 

сұранысының өзгеруінің нәтижесінде пайда болды. 

Сыни  ойлау  –  ашық  қоғам  негізі.  Сыни  тұрғыдан  ойлау,  өзіндік,  жеке  ойлау  болып  табылады.  Нағыз 

сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен 

тәжірибенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады. 

Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. 

Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны 

еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыруы, тың 

идеялар ойлап табуы мүмкін. 

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан 

басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен 

қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады. 

Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім. 

Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай: 

І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру). 

ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең. 

ІІІ – ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, 

оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол салу. 

СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім: 

1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды. 



Сабақтың жоспары: 

1. Психологиялық дайындық. 



313

2. Ой ашар. 

3. Үй тапсырмасын тексеру. 

4. Жаңа сабақ. 



І. Қызығушылықты ояту. 

а) Ой қозғау. 

ә) Өзіндік жұмыс. 

б) Түртіп алу - + ? v (INSERT) 



ІІ. Мағынаны ашу сатысы. 

а) Топпен жұмыс. 

ә) Бес жолды өлең. 

ІІІ. Ой толғаныс сатысы. 

а) Венн диаграммасы. 

ә) Бағалау. 

б) Үйге тапсырма. 

2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында: 

- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмасуға; 

- бір-біріне құрметпен қарауға; 

- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізін қалауға; 

- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға; 

- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға; 

- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға; 

-  достарының  ойын  тыңдап,  мәселені  шешу  жолдарын  іздей  отырып,  қиындықты  шешуге  көмектесуге 

жағдай жасайды. 

Мен  жұмыс  жасап  отырған  технологиямен  дәстүрлі  сабақтан  шығатын  нәтижені  мына  кесте  арқылы 

салыстыруға болады: 

Дәстүрлі сабақтар 

RWCT сабақтары 

Мұғалімнің әдістері 

Мұғалімнің әдістері 

Тақырыпты түсіндіреді 

Топқа бөліп, ой қозғайды. Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды 

Кейіпкерлер туралы айтып береді 

Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады 

Мәтіннің идеясын анықтайды 

Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды 

Мәтіннің 

көркемдік 

ерекшелігін 

мысалдар арқылы түсіндіреді 

Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды 

Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады  Өз ойларын жазуды ұсынады 

Сабақты  қорыту  сұрақтары  жалпы 

қойылады 

Ойларын қорытуға бағыттайды 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қазақ тілі сабақтарында қолдана отырып тұлға қалыптастырудың 

тиімді жақтары өте көп екендігіне көзім жетті. Жалпы сын тұрғысынан ойлау технологиясының жетістіктері 

мынандай болып табылады: 

1. Оқушылар күні бұрын берілген тапсырмамен де, сабақ үстінде берілген тапсырмалармен де қосымша 

ізденеді, өзбетімен дайындалады. 

2. Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі. 

3. Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді. 

4. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді. 

5. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады. 

6. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады. 

7. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады. 

8. Топпен жұмыс істеуге үйренеді. 

9. Жан дүниесін тәрбиелейді. 

Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, 

мол  шығармашылық  мүмкіндікті,  өзін  қоршаған  түрлі  жағдайларға  тез  икемделіп  қана  қоймай,  оларды 

керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. 

Сондықтан  психологтардың  өзі  тұлға  қалыптастырудың  қажеттілігін  тұтас  бір  кешенді  қасиеттермен 

байланыстырады. Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясы тіл дамытумен қатар тұлға 

қалыптастыруда маңызы зор екендігі тәжірибе негізінде дәлелденуде. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы 

– ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы. 

«Рөлдегі оқушылар!» стратегиясы қазақ тілі сабағында қолданылатын тиімді тәсілдердің бірі. I, II, III, IV 


314

топтағы оқушылар жаттығулардың өз рөліне байланысты қызметін орындайды. 

1. Реттеуші – тобындағы әр оқушының атқаратын қызметін белгілейді. 

2. Баяндаушы – жаттығудың мазмұнын айтады. 

3. Сөз тапқыш – қойылған сұрақтарға нақты, дәлелді жауап беру үшін өз бетінше ізденеді. 

4.  Бейнелеуші  –  мәтін  кейіпкерлерінен,  белгілі  бір  кейіпкерлерінен,  белгілі  бір  эпизодтарынан  сурет 

салады. 

5. Ізденуші – жоспар кұрады. 

6. Дәнекерлеуші – өмірмен байланыстырады. 

Тәжірибемде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдануымның себебі, аталған мақсат-міндеттерден 

туындап жатыр деп ойлаймын. Оқушы әрекеті – жай іс-әрекет емес, тұжырым жасай білу, зерттеушілікке 

талпыныс.  Топпен  жұмыс  барысында  өз  ойымен  өзгелердің  ойына  сынай  қарап,  естіген,  білгендерін 

талдап, сұрыптап, салыстырып, реттеп, жүйелей білу. Білмегенін зерттеп, дәлелдеп өз бетімен және бірлесе 

шығармашылықпен  жұмыс  істеу.  Кез  келген  мазмұнға  сын  тұрғысынан  қарап,  саналы  шешім  қабылдай 

білуге дағдылану. Мұндай жолмен ұйымдастырылған сабақтарда өз даму деңгейіне сәйкес оқушының ойы 

шыңдалып, қазіргі кездегі мол ақпарат заманында өзіне қажеттісін таңдай білуге дағдыланады және белгілі 

жетістіктерге жетері сөзсіз. 

Сонымен,  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясымен  жұмыс  істеу  баланың  танымдық  белсенділігін 

арттырумен  қатар,  оның  шығармашылығын  да  дамытып,  өз  бетінше  білім  алу  дағдысын  қалыптастыруға 

мүмкіндік береді. Тәжірибемнен нақты мысал келтіретін болсам, аталған стратегияларды қолданып өткізген 

сабақтарымда  оқушылар  өз  пікірлерін  ашық  айтып,  ойларын  ұштап,  өздеріне  деген  сенімділік  тудырды. 

Ойларын  жалаң  ғана  білдірмей,  дәлелді  сөйлеуге  дағдыланды.  Ой  қорытып,  нәтижеге  жетіп  қалай  оқу 

керектігін үйренді. Мұндағы тиімді әдістер «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», 

«Әлемді шарлау», «Миға шабу» т.б. әдістер. Сабақ барысында оқушы – басты тұлға, басты кейіпкер. Ол білім 

алу үшін терең ойланып, ізденеді, зерттеу дағдыларын игереді. 

Бала  сын  тұрғысынан  ойлана  отырып,  өз  пікіріне  ұтқыр  түсініктеме  табады,  кез  келген  проблемада 

жауаптармен қатар, қосымша мәселелер табуға ұмтылады. Дәлелді сөйлеуге дағдыланады. Барлық жасалған 

қорытындыларды бағалай біледі, дәлелдердің маңыздылығы мен деңгейін түсініп қолдай алады. Басқа да 

болжам, мүмкіндіктердің болуын және оның орынды екенін, артықшылығын мойындайды. Барлық айтылған 

көзқарас пен дәлелдерді есепке алып, көңіл бөледі. Сонымен қатар, әр сабағымнан кейін рефлексивті есеп 

бере отырып, оқушының ерекшелігін және өзіме қажетті жаңа ақпараттарды біліп отырамын. Соған орай 

келесі  сабағымды  ұйымдастырамын.  Баланың  не  үйренгені  туралы  сын  тұрғысынан  ойлауда  рефлективті 

білім  беруге  жатады.  Оқушылардың  өзін-өзі  бағалауын  ұйымдастыру  арқылы  да  көп  нәрсеге  басқаша 

қарауға үйренеді. 

Өзін-өзі  бағалау  жұмысының  бастапқы  кезеңінде  оқушылардың  қиналғанын  байқадым.  Бірақ  бұл 

тәсіл  нәтижелі  болды.  Нәтиже  дегеніміз  –  жеке  тұлғаның  құзырлылығы.  Ал  нәтижеге  бағытталған  білім 

беру  дегеніміз  –  жеке  тұлғаның  құзырлылығын  қалыптастыру.  Құзырлылық  –  ол  терең  білім.  Оқушының 

құзырлылығын қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі құзырлыққа жету керек. Жаңа формация мұғалімінен тек 

өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық және ақпаратттық 

сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен 

жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші 

тұлға ретінде ұлағатты саналады. 

Шәкірт алдындағы міндетім – жан-жақты білімді, болашағына жол аша алатындай ізденгіш, шығармашыл 

тұлға  тәрбиелеу.  Ал  оларды  сана-сезіміне,  талабына  қарап  алаламай,  білім  мен  тәрбие  беру  –  адамдық 

борышым. 

Пайдаланылған әдебиет 

1 «Мұғалімге арналған нұсқаулық». // «Назарбаев зияткерлік мектебі» 2012 ж. –Б. 49-55. 

2 «Қазақ тілі мен әдебиеті». № 2. 2014. 

3 Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. -А.: «Өркен», 2007 ж. 



Аңдатпа.  Мақала  сыни  тұрғыда  ойлау  технологиясы  бойынша  оқыту  және  оның  оқушылардың  білім 

деңгейінің дамуына әсері мәселесіне арналған. 



Аннотация. Статья посвящена проблемам обучения по технологии критического мышления и его влеяния 

на развитие уровня знаний учащихся. 



Abstract. The article describes the problems of learning technology of the critical thinking and it s influence 

on the development ofstudents knowledge. 



315

РАЗВИТИЕ РЕФЛЕКСИВНОЙ КУЛЬТУРЫ НАЧИНАЮЩИХ УЧИТЕЛЕЙ: 

ОПЫТ И ПЕРСПЕКТИВЫ 

Б.М. Утегенова

1

, Б.К. Ардабаева

2

 

1

Костанайский государственный педагогический институт, г. Костанай, bibi1960@mail.ru 



2

филиал Центр педагогического мастерства» г. Костаная 



Рецензент – Т.А. Ахметов, к. п.н., доцент Костанайского государственного педагогического института, 

г. Костанай 

Одним  из  актуальных  проблем  современного  образования  остается  вопрос  о  том,  как  обеспечить 

аналитическую составляющую профессионально-педагогического знания. По мнению В.В. Краевского, «…

технология фактически вытеснила методику, которая предполагает самостоятельное личностное осмысление 

учителем  нормативных  материалов,  которые  ему  предлагаются…  Очеловечивание  образования  и  есть 

главный антропологический аспект всего, что должны делать педагоги, заслуживающие своего звания» [1]. 

Из послания Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 2014 г. «… в среднем образовании 

надо  подтягивать  общеобразовательные  школы  к  уровню  преподавания  в  Назарбаев  Интеллектуальных 

школах» [2]. 

В  русле  внедрения  опыта  обучения  и  преподавания  Назарбаев  Интеллектуальной  школы  в 

образовательную практику школ РК, их методологических инструментариев, содержания инновационной 

педагогической деятельности учителя предметом изучения становятся не столько сама деятельность учащихся, 

сколько анализ результатов учения, интерпретация, поиск доказательных суждений, развитие проблемно-

ориентированного и критического мышления субъектов процесса обучения, которые открываются и создают 

в обучении систему обратной связи и отношений в различных видах деятельности, взаимодействия в классе 

и в малых группах, ориентирующие и побуждающие учащихся к качественному усвоению знаний. 

Педагог  способствует  осмыслению  обучающимися  того  факта,  что  для  обучения  в  течение  жизни  в 

ситуации  социокультурной  образовательной  среды  им  необходимо  найти  и  развить  собственные  силы. 

Процесс сознательного участия в ситуациях анализа, обсуждения с применением интерактивных методов, 

рефлексией  обучающимися  собственного  опыта,  можно  представить  как  переход  от  осознания  ими 

необходимости  формулирования  предмет  обсуждения,  определения  правил  обсуждения  в  группе,  форм, 

приемов, к их созданию и внедрению в квази-профессиональную деятельность (по Ж. Делору). 

Применяемые  инновационные  стратегии  должны  включать  открытое  преподавание,  направляемое  на 

исследование, проектирование, творчество, познание, «открытие», групповую работу, помощь в самообучении 

и самостоятельное «открытие». По мнению Г.П. Щедровицкого «такое взаимодействие должно обязательно 

включать индивидуальную обратную связь» [3]. 

Способность учителя к рефлексии является мощнейшим инструментом саморазвития личности учителя. 

Высший уровень педагогической рефлексии – размышление о себе в профессии, осознанное понимание 

рефлексии  и  рефлексивных  процессов  как  компонента  педагогического  мышления,  необходимого  при 

постановке  и  решении  педагогических  задач,  коррекции  профессиональной  деятельности,  преодолении 

трудностей в работе учителя, совершенствовании педагогического мастерства, познании педагогом личности 

ученика. 

Определим  составляющие  педагогической  рефлексии,  принятые  в  методологии  педагогики

методологическая  культура  учителя,  ценностно-нравственный  и  инновационный  характер  деятельности 

учителя, включенность педагога в процесс непрерывного саморазвития и самосовершенствования личности, 

как  условие  его  существования,  формирование  и  совершенствование  педагогической  «Я-Концепции»  на 

основе самоанализа и самооценки собственной деятельности. 

В  рамках  такого  понимания  рефлексия  выступает  критерием  компетентности,  профессиональной 

квалификации  учителя,  способствует  преодолению  профессиональных  затруднений  через  самоанализ 

учителем собственной деятельности и совершенствование себя через учет, и анализ восприятия со стороны 

партнеров и коллег по общению, при взаимодействии с учащимися. 

Рефлексивная культура педагога характеризуется следующими признаками: 

-  готовность  и  способность  человека творчески  осмысливать  и  преодолевать  проблемно-конфликтные 

ситуации; 

- умением обретать новые смыслы и ценности; 

- умение адаптироваться в непривычных межличностных темах отношений; 

- умение ставить и решать неординарные практические задачи. 

Для  того,  чтобы  рефлексивная  культура  учителя  была  сформирована  на  высоком  уровне,  следует 

развивать у себя умение «приостановить» собственную деятельность и «встать» «надпредметно» собственной 



316

деятельности,  развивать  умение  выделять  главные  моменты  своей  и  чужой  деятельности  как  целого, 

развивать умение объективировать деятельности, т.е. переводить с языка непосредственных впечатлений 

и представлений на язык общих положений, принципов, схем, аналитического и критического взгляда на 

действия, отношения, позиции. 

В основе рефлексивной культуры лежит интеграционные составляющие, как индивидуальная (личностная) 

культура педагога, которая складывается в процессе приобретения им интеллектуального и практического 

опыта деятельности; и профессиональной культуры учителя, как результата труда и продукта общей культуры 

человека. 

Отметим,  что  личностная  культура  формируется  через  участие  в  различных  формах  социальной 

деятельности,  профессиональная  культура  строится  по  нормам  соответствия  способов  самореализации 

социальным  условиям,  в  системе  образования  –  адекватно  функциональному  статусу  педагога.  Весь 

комплекс  профессиональной  культуры  открывает  широкие  возможности  для  самосовершенствования  и 

самореализации, свободы выбора целей педагогического труда и способов их достижения

В структурном плане рефлексивная культура учителя включает рефлексивность, как личностное свойство, 

ценностно-смысловые  жизненные  и  профессиональные  ориентации,  профессионально-личностный 

потенциал, ответственность, как критерий социальной и профессиональной зрелости педагога [4]. 

Рефлексивная  культура  педагога  проявляется  в  концептуальной,  содержательной,  методологической, 

аксиологической, методической, управленческой, проектировочной сферах учебной деятельности. 

Процесс  развития  и  становления  рефлексивной  культуры  учителя  может  быть  обозначен  как 

педагогическая стратегия формирования личности учителя, в основе которой лежат следующие принципы: 

- культуросообразности; 

- ориентации на творческое развитие; 

- личностную и профессиональную индивидуальность педагога; 

- обеспечение дифференцированного и индивидуально-творческого подхода к его подготовке; 

- открытости, вариативности, динамичности изменений в содержании, формах и методах подготовки учи-

теля; 

-  полисубъективности  педагогического  образования,  предполагающей  развитие  активности, 



инициативности,  ответственности  и  рефлексивности  всех  участников  педагогического  процесса,  его 

диалогизацию; 

- единства, дополнительности, преемственности и интеграции социо-гуманитарной, культурологической, 

психолого-педагогической и специальной подготовки учителя. 

В общем плане рефлексивная культура проявляется в инновационной деятельности, содержательным 

стержнем  которой  является  личностно  –  ориентированное  образование  и  гуманистические  подходы  к 

обучению  и  воспитанию  подрастающего  поколения  (культурологического,  субъектно-ориентированного, 

аксиологического, личностно-деятельностного, дифференцированного и предметно-познавательного). 

В  рамках  «Школы  молодого  учителя»  в  Назарбаев  Интеллектуальной  школе  была  разработана  и 

реализована  авторская  подпрограмма  профессионального  развития  учителя,  включающий  модуль 

«Рефлексивная культура учителя: теория и практика». Целью модуля явилось: развитие рефлексивной культуры 

начинающих педагогов, обеспечивающей эффективное решение профессиональных задач, возникающих в 

педагогической деятельности в условиях школы инновационного типа. Реализация программы позволяет в 

ожидаемых результатах прогнозировать формирование следующих компетенций молодых педагогов: 

Знать: 

- методологические основания педагогической рефлексии; 



-  обретение  начинающими  учителями  практических  представлений  о  феномене  «рефлексия», 

рефлексивной практике учителя; 

- основные подходы к профессиональной рефлексивной деятельности. 

Уметь и владеть (профессиональные компетенции): 

-  интегрировать  опыт  рефлексивного  саморазвития  и  рефлексивной  педагогической  деятельности  в 

процессе освоения курса по рефлексивной культуре учителя; 

- использовать методологические знания о рефлексии учителя в педагогической практике; 

-  владеть  технологией  рефлексивной  деятельности  учителя,  рефлексивным  мышлением  и  оценочно-

рефлексивными навыками. 

Содержательный блок модуля подпрограммы включал следующее: 

1. 

Развитие педагогической рефлексии как инновационной деятельности учителя. 



Цель: формирование базовых понятий о рефлексии как инновационного вида деятельности современного 

учителя, отработка рефлексивных позиций учителя. 

2. 

От рефлексивной деятельности учителя к рефлексирующему ученику. 



Цель: содействие вовлечению учителей к рефлексии на уроке и реализация технологий рефлексивной 

317

деятельности учителя и учащихся. 

Так,  тематика  второго  блока  включала  «Рефлексивные  технологии  как  способ  улучшения  практики 

учителя»,  «Методика  организации  рефлексии  ученика  на  уроке»,  «Методики  рефлексии  деятельности 

учителя  на  уроке»,  «Рефлексия  содержания  учебного  материала»,  «Рефлексия  наблюдения  деятельности 

ученика на уроке», «Рефлексия затруднений и барьеров ученика в учебно-познавательном процессе» и др. 

Формы организации занятий с молодыми учителями НИШ были различными. В основе учебной работы 

на занятии были использованы активные методы и приемы обучения рефлексивной деятельности (мини-

лекции  с  презентацией,  групповая  работа  по  теме  занятия,  упражнения  и  тренинги  по  рефлексивной 

деятельности учителя и др.). 

Проведенный  мониторинг  по  развитию  рефлексивной  культуры  учителя  показал,  что  программа 

помогла  начинающим  учителям  осмыслить  значение  и  необходимость  рефлексии.  Они  научились 

системному использованию рефлексии, а благодаря практикуму овладели комплексом приемов и техник 

рефлексии. Особенно у учителей получилось качественно использовать технологии рефлексии настроения 

и  эмоционального  состояния.  Уровень  владения  рефлексивной  культурой  по  содержанию  учебного 

материала  из-за  недостатка  опыта  практической  деятельности  в  качестве  учителя  требует  дальнейшего 

совершенствования. 

Итоговым отчетом занятия в «Школе молодого учителя» является зачетное мероприятие, включающее 

теоретический тур по защите проектов по рефлексии культуре (тематика «Рефлексивное образование как 

концептуальная  основа  инструментальной  педагогики,  Рефлексия  учителя  как  средство  саморазвития, 

Рефлексивная  образовательная  среда,  ее  креативный  и  исследовательский  характер,  Рефлексивные 

технологии как способ улучшения практики учителя, Методика организации рефлексии ученика на уроке и 

другие). 

Задания для второго тура включало инсценировку педагогической сказки «Мораль сей сказки такова» 

- на основе одной рефлексивной техники продемонстрировать умения рефлексировать через групповую 

работу. Кроме этого на практическом туре молодые учителя продемонстрировали Педагогический скетч на 

тему «Рефлексия учителя» в малой группе

Приведем визуальные фрагменты из творческого зачета в школе молодого учителя в НИШ. 

В  качестве  критериев  оценивания  уровня  развития  рефлексивной  культуры  учителя  мы  выбрали 

следующие признаки: 

- методологичность и достаточность рефлексивных знаний; 

- естественность, целостность и технологичность рефлексивных действий; 

- глубина рефлексии, сложность, дифференцированость; 

- ценностный и личностный характер рефлексии; 

- рефлексивное поведение и профессионализм педагога. 

Овладение  рефлексией  как  способностью  к  критическому  самоанализу  обогащает  Я-концепцию 

начинающего  учителя.  Наблюдая  себя  в  разных  учебных  ситуациях  и  оценивая  свои  возможности  и 

способности,  сравнивая  себя  с  коллегами,  педагог  лучше  осознает  свои  сильные  и  слабые  стороны, 

индивидуальные особенности своей личности. Приобретаемый в рефлексии опыт самопознания обогащает 

и  расширяет  представление  учителя  о  самом  себе.  Это  позволяет  ему  строить  более  адекватные  его 

возможностям цели на будущее. 

Так как рефлексия учителя направлена на осознание улучшение процесса обучения и воспитания, на 

приобретение опыта взаимодействия и коммуникации, на анализ и критическое осмысление профессиональной 

деятельности, то ее цель для учителя не просто уйти с урока с зафиксированным результатом, а выстроить 

смысловую цепочку анализа собственной деятельности и деятельности обучающихся, сравнить способы и 

методы, применяемые им во время урока, выявить достижения и трудности, барьеры в реализации процесса 

обучения и преподавания. 


318

Мы  согласны  с  мнением  А.А.  Бизяевой  о  том,  что  рефлектирующий  учитель  –  это  думающий, 

анализирующий, творчески исследующий свою профессиональную педагогическую деятельность учитель, 

непреодолимой потребностью которого является потребность в рефлексии [4]. 

Итак, рефлексивная культура учителя- это осознание необходимости в анализе и адекватном оценивании 

своей профессиональной деятельности, поведения и общения. Поэтому практические занятия по развитию 

рефлексивной культуры было направлено на: 

-  стимулирование  потребности  в  рефлексии  через  игровой,  неформальный  и  конструктивный  стиль 

общения, актуализацию самосознания и способность анализировать и оценивать свои чувства и отношения, 

отслеживать личностное и профессиональное становление; 

- отработку навыков эффективной саморегуляции в конкретных рефлексивных ситуациях педагогического 

взаимодействия и общения; 

- формирование у начинающих учителей таких качеств, как самонаблюдение, самоанализ, самооценка. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет