Использованная литература
1 Государственная программа Российской Федерации «Развитие образования» на 2013-2020 годы».
[Электронный ресурс. URL: http://минобрнауки.рф/документы]. (Дата обращения: 26.04.2016 г.)
2 Публичная декларация целей и задач Министерства образования и науки Российской Федерации на
2015 год. [Электронный ресурс. URL: http://минобрнауки.рф/документы/5366]. (Дата обращения: 26.04.2016
г.)
3 Распоряжение Правительства РС (Я) «О Плане мероприятий по реализации предвыборной программы
Главы Республики Саха (Якутия) «Программа развития» на 2015 – 2020 годы» от 28.04.2015 г. № 436-р // Нор-
мативные правовые акты. [Электронный ресурс. URL: http://mineconomic.sakha.gov.ru/normativnie-pravovie-
akti]. (Дата обращения: 26.04.2016 г.)
4 Схема комплексного развития производительных сил, транспорта и энергетики Республики Саха (Яку-
тия) до 2020 года. [Электронный ресурс. URL: http://old.sakha.gov.ru/node/3975]. (Дата обращения: 26.04.2016
г.)
Аңдатпа. Мақалада Ресейдің солтүстік-шығыс аймағы, Саха Республикасы (Якутия), М.К. Аммосова
атындағы СШФУ орнықты даму контекстінде үздіксіз кәсіби білім берудің даму перспективаларының өзекті
мәселелері қарастырылған. Институттың кластерлік бастамаларының бірі – үздіксіз кәсіптік білім беру
жобасы – стратегиялық академиялық бірліктер, федералдық университеттің дамуының бірден-бір драйвері
болуына бағытталған.
Аннотация. В статье рассматриваются актуальные вопросы перспектив развития непрерывного про-
фессионального образования в СВФУ им. М.К. Аммосова в контексте устойчивого развития Республики
303
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕ БАУЛУ
Т.А. Шаңғыт
№26 «Шапағат» балабақшасының МКҚК тәрбиешісі, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
shapagat_26dsad@mail.ru
Пікір беруші – А.К. Куанышкалиева, № 26 «Шапағат» балабақшасының директоры
Бейнелеу өнері – көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының
эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына
және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды.
Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы
болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың
сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қайтару, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық
пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Балалардың ойын әрекетінде қоршаған ортадан алған әсерін бейнелі түрде жеткізе білуіне тәрбиеші
үнемі көмектесіп отыруы керек.
Мектепке дейінгі балаларда шығармашылық байқала бастайды, ол ой құрау және оны жүзеге асыру
қабілетінің дамуынан, өз білімін, ұғымын құрастыра білуіне өзінің ойын, сезімін, тебіренісін шынайы жеткізуінен
көрінеді. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оларға үнемі ақыл-кеңес беріп, дұрыс тәрбие
үлгісін көрсеткен жөн. Тәрбие барысында олар өз ойларын сөз, ән, сурет, би, драматизация арқылы бейнелеп
жеткізу тәсілдерін меңгереді. Тәрбие баланы әсемдікке баулиды, жағымды эмоция туғызады, қабілеттерін
дамытады.
Бүгінгі таңда еңбек етіп жүрген әрбір мұғалімнің немесе тәрбиешінің міндеті дей отыра мектеп жасына
дейін баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет ол – ойын. Ойын – әлеументтік-
психологилық күрделі құбылыс. Мектепке дейінгі кезеңнің негізгі әрекеті болғандықтан ойын психологиясын,
мінез-құлқын қалыптастыруға, денесін шынықтыра жеке тұлғаның жетілуін қамтамасыз етеді.
Бейнелеу өнеріндегі барлық ойындар эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы еңбекпен байланысты.
Бірақ ойын оқу процесіне кедергі жасамайды, қайта ойын арқылы қарқынды әрекетке әсер етеді. Бұл
ойындар арқылы, күнделікті ойын кезінде, қол астындағы бейнелеу көрнекіліктері және құралдарын /
қарандаш, субояқ майлыбояқ, сазбалшық, ермексаз, тағы басқа құралдарды пайдалану/ арқылы өз еркімен
бейнені салуына ықпал етеді. Мектепке дейінгі кезеңде бейнелеу іс-әрекеті баланың жеке басының жан-
жақты дамуына, айналадағы дүниені белсенді түрде тануына, алған әсерлерін сурет салуда пайдалана білу
қабілетін жетілдіруге жәрдемдеседі.
Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен
қарым-қатынастармен танысады.
Халқымыз ойындар тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру, әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай
олардың көзқарастарын мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп бағалаған.
Маңызы өте ерекше ойын – балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Олар қай ойынды ойнаса да беріліп,
шын мәнінде ойнаулары керек. Көптеген ойындар педагогикалық қызметте ақыл-ой міндеттерін шешу
үшін сондай-ақ әртүрлі таным процестерін дамыту үшін кең қолданылуы керек. Балалар ойыны айналадағы
дүниенің айнасы іспеттес. Ойын қоғам өмірінің жағдайларымен тікелей байланыста болады. Оның бала
өміріндегі орны, формасы және мазмұнымен салыстырыла, жанама түрде айқындалады. Осыған орай балалар
ойынының жаңа бастаған жас ұрпақтың бойына дағдыны, тәрбие ережесін дарытуда берер белгілі мәні бар.
Дидактикалық ойындардың негізгі бағытты – балаларға білім-білік, іскерлік, әдет-дағдыларын игерту мен
оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Педагогикалық үрдісте дидактикалық ойындар екі
жақты; ол біріншіден оқыту әдісі болса, екіншіден – дербес ойын әрекеті.
Бірінші бағыт бойынша баланы айналамен, табиғатпен таныстыру, қарапайым бейнелік түсініктерді
қалыптастыру, ақыл-ой әрекетінің белгілі бір тәсілдеріне үйрету, білімді жүйелеу, нақтылап кеңінен
пайдаланылады.
Саха (Якутия), северо-восточного региона России. Освещается одна из кластерных инициатив Института
непрерывного профессионального образования – проект Стратегической академической единицы, при-
званной стать одним из драйверов развития федерального университета.
Abstract. The prospects and topical issues of Continuing Professional Education in NEFU deals in the context
of sustainable development of the Republic of Sakha (Yakutia), the north-eastern region of Russia. It illuminates
one of the cluster initiatives of the Institute of Continuing Professional Education - Strategic project of academic
units, designed to be one of the drivers of the Federal University.
304
Мұнда ойынның мазмұны мен ережесі нақты бағдарламалық талаптарға сәйкес оқу-тәрбие міндеттеріне
бағындырылады. Ойынды таңдау және оны өткізу тәрбиешінің немесе мұғалімнің үлесіне тиеді. Ал дербес
ойын-әрекеті сабақтан тыс уақытта жүргізіледі.
Кез-келген дидактикалық ойында міндетті түрде ойын ережесі сияқты ойын әрекеті де болуға тиісті. Олай
болмаған жағдайда ол дидактикалық жаттығуға айналады.
Дидактикалық ойынның маңызы:
- дидактикалық ойын балалардың ақыл-ойына күш түсіретін міндеттерді, қызықты тапсырмаларды
қиындықсыз орындауға мүмкіндік береді;
- дидактикалық ойын бүлдіршіндердің танымын қалыптастырады. Өйткені олар ойынды әртүрлі
ойыншықтармен, заттармен, қосарлы суреттермен, кесінді үлгілермен ойнайды. Осындай ойын үстінде олар
түстерді ажыратуға, пішінді, көлемді, заттардың ерекше белгісін, сипатын білуге және құрылым жасауға
дағдыланады;
- ойын балалардың зейінін тұрақтандырады, есте сақтауын, іс-әрекетке икемділігін, қабілетін өсіріп,
байқағыштығын артырады;
- ойын үстінде бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын жеңіл меңгеріп, әсемдік пен сұлулықты сергек
сезініп, көркемдік талғамы артады.
Дидактикалық ойындар арқылы жүргізілген жаттығулар мен қайталаулар баланы жалықтырмайды,
өйткені олар біркелкі болмайды. Мұндай ойындар әр түрлі сипатта және түрлі мақсаттарға қолдануы мүмкін.
Бейнелеу пәнінде дидактикалық ойындарды қолдануда қойылатын мақсаттар:
Балаларға жақын түстер туралы түсінік беру. Жақын түстерді ажырата білуге үйрету: қызыл және ашық
қызыл, қызыл түстен сарғылт, көктен көгілдір, көгілдірден сұрға және т.б. жұптасқан екі түстес карточкалар.
Графикалық қабілеттерін шыңдайтын, формалардың конструктивтік ерекшелігін түсінуге арналған
ойындар. Мысалы: «Жаңа фигуралар», «Сурет бойынша фигураны жина», «Формалар», «Мынау неге ұқсайды?».
Кескіндеме және колористік мақсатта қолданылатын ойындар: «Кемпірқосақ», «Жылы-салқын»,
«Балықтар», «Көгалда», «Әдемі гүлдер құлпырады».
Заттың қасиетін, түсін, формасын, құрылысын, көлемін бекіту мақсатындағы ойындар: «Жұптасқан
суреттер», әртүрлі лотолар мен доминолар.
Сезім мен елестету мақсатында қолданылатын ойындар: симметрия «Затты тап», «Көбелектер», «Түстер»,
«Әр зат өз орнында», «Қандай түстер жетіспейді», «Бірдей түсті шаршыны тап», ритма: «Кілеміндегі өрнекті
аяқта», «Оюды жалғастыр».
Дидактикалық ойын арқылы құралдарды игеріп, материалдарды сезінуге, қолды жеңіл ұстауға үйретемін,
есте сақтау қабілетін дамыуына, бейнелеу әдісін меңгеріп, көркемдік талғамымен әрекет ете нәтижеге жетуге
бағыттап отыру қажет.
Ойынды артық атрибуттармен, әрекеттер арқылы күрделендірмеймін, нақты дидактикалық мақсатта
мүмкіндігі мен әдістерін ойын әрекеті кезінде шешуге мүмкіндік беру керек.
Бейнелеу кезіндегі ойындар өзіне тән тәсілдерін орындауда ескеріледі. Сондықтан бейнелеу өнері кезінде
ойынды басқаруын үш кезеңге бөленеді:
- Ойында көркемдік мағынаның болуы.
- Ойынды іске асыру.
- Ойын мақсатының орындалуы /көркем-бейнелеу, бейнесін жасау/.
Бейнелеу өнерінде балалардың адамгершілік туралы түсінігін дамытуға эмоцияға арналған ойын бар. Бұл
ойындар кейіпкердің бейнесін әртүрлі түстер арқылы беруге үйретіп, мүмкіндігін жетілдіреді. «Музыканы
саламыз» атты ойында, балаларға көздерін жұмып сызықтар сызып, пайда болған сызықтардан бейнені тауып
бояу ұсынылады. Қарама-қарсы мінезді бейнені де бояу ұсынылады, мысалы: «Мейірімді сиқыршы, қатыгез
сиқыршы»; «Көңілді түс-қорқынышты түс». Бұл ойындар әр бейнеге сай түстерді табу арқылы баланың мінез-
құлқын қалыптастыруға әсер етеді.
Құрастыру арқылы орындалатын ойындарды «Пихтография»; «Суретші»; «Кляксография»; баланың
сенімділігін, белсенділігін бір-бірімен, үлкендермен қарым-қатынас құруын жетілдіреді. Осылардың барлығы
ойын блогына жинақталып баланың сенімсіздік көзқарасын жояды. Бұл ойындар балалардың өз бетінше
бейнені құру, заттарды белгі арқылы суреттеуі бала мінезіндегі күйзелістерді басады.
Дидактикалық ойындар:
- Саяхат-ойыны.
- Тапсырма-ойыны.
- Ұсыныс-ойындар.
- Жұмбақ-ойындар.
- Ертегі-ойындар.
Мысалы: «Алыс ғарышта», «Қылқаламды сурет салуға үйрету», «Бояулар биі». Әлеуметтік көңілдің дамуы
(сенім, қауышу, қуанышы, көңіл білдіру, қобалжу); басқа адамдардың жағдайы мен көңіл-күйін айыруды білуі;
балалар ұжымын топтап, топтық қолдау жасауы, сонымен қатар қиалдау, ой-өрісінің жетілуі ойнатылады.
Эстетикалық талғамды дамытуға шығармашылық ойындар: дамытушы, режисерлық типті ойындар, балалар
305
мен үлкеннің іс-әрекетін қолдануы. Бұл ойындарда сюжеттік-ойындық ситуация мен ойындар заттар мен
ойыншықтар арасында құрылады. («Қылқалам Ханшайымы», «Көңілді қарандаш») сонымен қатар балалар
мен үлкендер бейне кейіпкерінде болады: «Қоян», «Сиқыршы», «Халық шебері».
Бейнелеу өнерімен таныстыру сабағындағы ойындарда тапсырма беріледі: «Кім көп байқайды және
атайды?», «Суретшіні тану», «Өрнек құрастыр».
Ойындардан дамыған әсерлер баланың:
- Бейнелеу өнеріне қызығушылықты арттыруға.
- Балалардың орындаған тапсырмаларының ойластырылған мәнді, әсерлі болуына.
- Оқу мазмұнын жетілдіруге деген балалар ынтасын тудыруға көмектеседі.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың
ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қызқты болу керек.
Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да ұту емес, балаларды білімді игеру, ақыл-
ой қызметін дамыту да, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық
ойындарда да балалардың алдына қандайда бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды
жұмылдыру, ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау, ережені ой елегінен өткізе білу, іс-әрекеттердің жүйелігіндегі
қиыншылықтарды жою керек болады.
Егер тәрбиеші ойынды зеректілікпен ұйымдастыра білсе, ол балаларға игі ықпал жасауға толық мүмкіндік
бере алады. Сондықтан да бейнелеу өнеріне баулуда дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану балалардың
ой-өрісін кеңейтіп, өмірдегі әсемдік пен әдемілікке деген сүйіспеншілігін арттырады. Жақсыға сүйсіне білуге,
жағымсыз затқа жек көре қарауға, өнердің алуан түрін көріп, сезіп, тыңдау арқылы әсемдік атаулыны танып
білу қабілетін қалыптастырады, рухани жан-дүниесін байытып, қиялын өрістетеді.
«Текемет өрнегі қандай?» ойынның тәрбиелік мәні: Қазақтың ұлттық тұтынатын бұйымы текемет жайында
түсінік беру. Ою-өрнек түсіне қарай құрылым жасап текемет түрін әшекейлеу. Ұлттық қол өнерден эстетикалық
әсер алуға және талғам талабының дамуына ықпал ету.
Қажетті көрнекіліктер: Текемет суреттері, қиылған ою-өрнек элементтері, астарлық қағаз.
Ойын ережесі: а) Ою-өрнектің қиылған дайын үлгілерінен түс үйлесіміне қарай құрылым жасауға бағыт
беріледі. ә) Ою-өрнекті дайын қағазға (астар) текемет түрін әшекейлейді. б) Өрнек элементтерінің аталуын
сұрайды.
«Түс таңда» ойынның тәрбиелік мәні: Бұл ойынды ұйымдастыру арқылы балалардың сурет салудағы
заттың пішінін ұқсата білу үшін қолдың қимыл қозғалысын жаттықтыру. Жапсыру іс-әрекетімен айналысудағы
түстердің үйлесімділігін сезіну, кеңестікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру. Өздеріне таныс пішіндер
мен заттарды қабылдай отырып көз мөлшерімен бейнені салуды меңгерту. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын
жетілдіру.
Қажетті құралдар: Балалар санына сәйкес қос бүктелген түсті қағаз. Оның арасына салатын қағаз, көлеміне
лайықты мөлшерде түрлі-түсті қағаздан қиылған геометриялық пішіндер. Субояқ, қылқалам, су.
Ойын ережесі: Қиылған дайын пішіндерді түсіне пішініне қарай өз қалаулары бойынша таңдап алып,
жоғарғы жағына орналастыру. Өздері таңдап алған пішіндерді түс үйлесімділігін сақтай отырып, субояқпен
суретін салу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс
ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болуы керек, сонда ғана балаларға
түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталуы үшін эстетикалық, гигиеналық
талаптарға сай, әдемі қораптарда, қалталарда тұруы керек. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық
ойындарды қолданып отырсақ мақсатқа жетіп отыруға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Жұмабекова Ф. Бейнелеу өнері бойынша дидактикалық ойындар. –Алматы. «Рауан». 1994.
2 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту негізгі ережелері. –Астана. 2009.
3 Болатбаев Қ.Қ. Бейнелеу өнеріне арналған дәптер. -Алматы. Атамұра. 2000.
4 Төленбаев С., Өмірбекова М. Ою-өрнектер құрастырудың тәсілдері. -Алматы: Қағанат ЛТД; Қазақстан.
1993.
5 Швайко Г.С. Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтары. -М.: Валдос. 2000.
6 Артемова Л.Р. Мектепке дейінгі балаларға арналған қоршаған ортадан дидактикалық ойындар. -М.:
Просвещение. 1992.
7 Нүсіпбекова М.И. Бейнелеу өнері. –Алматы. «Аруна» баспасы. 2002.
Аңдатпа. Дидактикалық ойын оқыту процесінде жиі қолданылады және балалардың танымдық әрекеттерін
шыңдайды. Ойын болғандықтан, сабақта қолдану бала үшін өте қызықты, тартымды болады.
Аннотация. Дидактические игры развивают у детей восприятие, память, а так же объективное воображение.
Поэтому на занятиях нужно использовать дидактические игры как можно больше.
Abstract. Educational games for children develop perception, memory and imagination. So you need to use a
lot of educational games at the lessons.
306
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ
В.У. Шарафиденова
№4 Ю. Гагарин атындағы орта мектебі, Атырау қ. venera_0408@mail.ru
Пікір беруші – Ж.С. Бужанова, директордың ақпараттық жұмыс жөніндегі орынбасары, №4 Ю. Гагарин
атындағы орта мектебі, Атырау қ.
Мемлекетіміздің дамыған елдер стандарттарына ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам
өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай, қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының
қалыптасуына, немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге ықпал етуде және саяси бағыттардағы осындай
өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік
тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи
мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өз «менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен
әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуде белсенділік танытуға
ықпал етуі тиіс.
Ұстаз – биік атау. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!» – деп данышпан Абай айтқандай, ұстаз –
адам құндылықтарын бойына сіңірген, рухани таза адам болуы қажет. Осыған орай, қазіргі кезеңнің талабына
сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған
Отанын сүйетін, бүгінгі заман талабы – жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға» тәрбиелеу
және осыған жетелеу педагогикалық шеберлік.
Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын
дүние еместігін және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда
ғана толық нәтижеге қол жеткізуге болатынын жақсы түсінеміз. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін әрбір
мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары
әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекет дамуының құралы болып табылады.
Білім беру ісіндегі басты тұлға – педагог екені ақиқат. Сол педагогтың мәртебесін арттыру, абыройын көтеру
– көп қырлы үдеріс. Бұл білім беруді дамытудың жаңа бағдарламасынан орын алған. Бүгінгі заман талабына
сай педагог рухани дамыған, педагогикалық технологияның қыр-сырын жетік меңгерген шығармашыл тұлға
болуы тиіс. Ғылым мен техника дамыған қазіргі қоғам білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігі дамыған,
бәсекеге қабілетті мамандарды талап етіп отыр.
Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, көп
жағдайда, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Шәкірттерінің бойына парасаттылық
пен адалдықты жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне баға
жетпейді.
Білікті де білімді маман болу үшін әр ұстаз өз білімін үздіксіз жетілдіріп, заман талабына сәйкес кәсіби
біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Педагог оқытудың жаңа әдістерін неғұрлым жетік меңгерсе,
шығармашылығы жоғары болса, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі соғұрлым кең болмақ. Қазіргі заманауи
талапқа сәйкес өзіндік көзқарасы бар жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мұғалімдер үшін
маңызды мәселе болып отыр. Жас ұрпаққа білім беру, оларды болашақ еліміздің тірегі етіп тәрбиелеу – әр
ұстаздың, әр мектептің жауапкершілікпен атқаратын міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім
беру саласында өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға
және кәсіби шыңдауға байланысты бағытталған білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу», – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл
міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-
қатынасқа өту, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастырудың жаңа нысандарын жетілдіру қажеттігі туындайды.
Сондықтан, жас ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық
технологияларды меңгеріп қана қоймай, оны оқыту үдерісіне енгізуі шарт. Ол үшін мұғалімдерге үздіксіз
ізденіп, тынбай еңбектеніп, аянбай тер төгуге тура келеді, сонда ғана мұғалім өзінің алдына заман қойып
отырған талап пен міндеттерді орындай алады.
«Қазақстан тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізінде құрылуына тіреледі, мектебімізді
сау һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады.
Ал, сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт», – деп ақын, әрі педагог Мағжан Жұмабаев айтқандай,
өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесінің, дене және жан саулығының, интеллектуалды қамын ойлау – тәуелсіз
Қазақстанның алдында тұрған ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл – бүгінгі таңда мұғалімдердің кәсіби
307
біліктілігіне қойылып отырған басты міндет.
Қазіргі мектепті жаңғырту аясындағы педагогтердің кәсіби шеберлігін көтерудің бір амалы – республика
бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы үш деңгейлік оқу мен
оқытудың (базалық, негізгі, ілгері) кезеңдік жүйесінің жолға қойылып, мұғалімдердің біліктілік арттыру
курстарынан өтуі. Мұның өзі білім беру үдерісінде жаңаша көзқарас қажеттігін білдіреді.
Кәсіби шебер деген мұғалімнің өзі бірінші кезекте оқушыға берілетін базалық білімді, оқушының ынтасы
мен қызығушылығын арттыруды көздей отырып, мақсатқа жету жолында әдіс-тәсілдерді түрлендіруге,
оқушының шығармашылығына жол ашуға, шәкіртті өз бетімен ізденіп, әр сұрақтың шешімін, жауабын өзінше
табуға үйретуі тиіс.
Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді.
Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды
инновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін,
жалпы дүниетанымын, кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарылатады, психологиялық-педогогикалық,
сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді.
Ең бастысы, бұл білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес
өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын өнертапқыштығын,
рефлексиялық машығының дамуына жол ашады. Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне-өзі баға беру деңгейі артып,
өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік туады.
Білім – тоқтаусыз, толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін біз адамның қызығушылықтарының дамуы, оның
өзінің дамуы деп түсінеміз. Бұл – әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық
талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгерте алуға қатыса алуы. Ол арқылы адамның
интеллектуалдық, рухани күші дамып, тұлғалығы қалыптасады. Білім – мұғалім үшін оның шығармашылық
әлеуетін дамытудың үрдісі. Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол
жеткізгісі келсе, әрекет етуі, күш салуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда кез келген білім – ол өздігімен білім
алу. Шығармашылық әлеуеттің дамуы өз білімін көтеруге негіз болады. Мұғалім шығармашылық әлеуетін
дамыта отырып, өзінің құзіреттілік аясын кеңейтеді. Кәсіби құзіреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы
уақытта қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға
дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы, немесе жеке-кәсіби сипаттамасы. Кәсіби
құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педогогикалық
қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы
деп санаймыз.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Мен білім беру жүйесіндегі іс
жағдайын түбегейлі өзгертуді стратегиялық міндет деп санаймын»; «Білім беру реформасы – Қазақстанның
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге
экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»,
– деп атап көрсетті. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары кәсіби
мамандар дайындауымыз керектігін айтты.
Деңгейлік оқу барысында сабақ өткізу үрдісін, білім алушымен сенімді қарым-қатынас жасау, оқушылардың
пікірін үнемі ескеріп отыру, оқушының оқу нәтижесін шынайы бағалау бойынша өзгерудің қажет екендігін
білдік. Сонымен, біз өзгеріп қана қоймай, жеке тұлғаны дамыту жолында заман талабына сай жаңашыл болу
талап етіледі. Себебі, қазіргі уақытта ұстаздар қауымы әлемде болып жатқан қарқынды өзгеріске дайын
болуы керек.
Ұстаздар қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрғандығын естен шығармауымыз қажет. «Маған
жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай,
қазіргі мектептердің алдындағы үлкен міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі басты шарт
екендігі белгілі. Демек, бүгінгі таңда педагогикалық ұжымның негізгі мақсаты мен міндеттері – сабақ сапасын
көтеру. Сабақ сапасын қалай жетілдіруге болатын жолдарын іздеу, іздене отырып оқушы мотивациясы мен
танымдық ізденімпаздығын арттыру болып отыр. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі –
мұғалімдер өз іс-тәжірибесіне жаңаша оқыту түрлерін енгізу және дамыту болып табылады.
Сонымен қатар, жаһандану заманында білім саласының жаңа жүйеге көшуі әрбір мұғалімнен жаңаша
жұмыс істеуді, өзінің өткен жұмысына талдау жасай отырып, болашаққа болжам жасауды талап етіп отыр.
«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім», – дегендей мұғалімдерден
көп ізденісті, өз жұмысына рефлексиялық талдау жасай алатын, кәсіби шеберлігі шыңдалған құзырлы мұғалім
ғана оқытуда нәтижеге жете алады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа
дайындық барысында, іс-тәжірибе мен қайта даярлау кезінде қалыптасады және тәрбиеленеді.
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске
асыра білу дағдысы», – деп бекер айтпаған.
Білім сапасын арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты роль атқармақ. Егер
педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, үлкен жетістікке қол жеткізуге болары анық.
308
Достарыңызбен бөлісу: |