-шы+лық деген аффикстер тіркесі Абай текстерінде екі
күйде кездеседі: бір ретте ол тұтас, екіге ажыратылмайтын
жұрнақ болып келеді. Мысалы, жаманшылық, таршылық,
жалшылық, қоршылық, адамшылық, қапашылық, құлшылық,
құдайшылық, наданшылық, хүсідшілік, күншілік, кемшілік,
әурешілік, тіршілік, кеңшілік, бұзақышылық, әдемішілік сөз-
деріндегі
180
-шы компонентін кәсіп не мамандық иелерін
білдіретін жұрнақ деп табуға болмайды
181
. Ал Абай қолданған
суретшілік, қайыршылық, тіленшілік, бәйітшілік, койшылық
сөздеріндегі жұрнақтар құрамын кәсіп, мамандықты білдіретін
-шы жұрнағы мен дерексіз ұғым атауын жасайтын -лық
жұрнақтарының қосындысы деп ажыратуға болады.
Сөйтіп, -шылық жұрнағының екі түрінің екеуін де Абай-
дың аса актив пайдаланып, онымен жасалған мынадай мағы-
наларды білдіретін сөздерді қолданған:
1. Адамға тән қасиет, белгі, күй, қылықтардың атауы:
жаманшылық, өтірікшілік, адамшылық, құлшылық, надан-
шылық, күншілік, кемшілік, бұзықшылық, әдемішілік т.б.
Бұлжерде, -шы лық аффиксі -лық аффиксінің дублеті тәрізді
болып келеді. Абайда жамандық –жаманшылық, қорлық
– қоршылық, адалдық – адалшылық, құдайлық – құдай-
шылық параллельдерін табамыз. Екі қатардың екеуі де абс-
трак тұғымдарды білдіреді. Айырмасы – бірінші қатары түбір-
дегі мағынаға қатысты жалпы абстракт ұғымды білдірсе
(жамандық), екінші қатардағылар адамға тән қасиет, белгі-
лердің абстракт атауын білдіреді: жаманшылық – адамның
мінез-құлқындағы, жүріс-тұрысындағы, ойындағы жаман-
дықтың атауы.
Белгілі бір күй, құбылыс атауы.
2. Бұлар Абайда сан жағынан көп емес. Олар: кеңшілік,
тіршілік, таршылық, жоқшылық, ашаршылық, «алыс, қашық
күй» мағынасындағы жылшылық («Екі көңіл арасы – жыл-
180
Бұл тәрізді жұрнақтардың Абайда актив қолданылғандығын көрсету үшін
мысалдарды мол келтірдік. Әрине, бұлар – әлі де түгел емес.
181
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. - Алматы, 1964. - 213-б.
234
шылық жер» – I, 200). Соңғысынан басқалары – жалпыхалықтық
тілде бар сөздер. Тіршілік пен тірлік Абайда да, өзгелерде де –
мағыналық айырмашылықтары жоқ тең дублеттер.
1)
-шы+ -лық болып ажыратылатын түрімен жасалған
сөздер адамның кәсібінің, мамандығының түрін білдіреді:
суретшілік, бәйітшілік, қойшылық Абайда да, оның алдын-
дағыларда да бұл жұрнақтар қосындысымен осы күнгі тілі-
міздегідей шаруашылық салаларын атау (егіншілік, бақша-
шылық, шаруашылық) фактісі жоқ.
Келесі күрделі (құранды) жұрнақтың бірі -лы + лық
адамның ішкі қасиеттерін білдіретін дерексіз есімдерді жа-
сайды: тоқтаулылық, шыдамдылық, арлылық, намысты-
лық, табандылық, талаптылық, рахымдылық, мейірбан-
дылық, байлаулылық, естілік. -лы+лық жұрнағының
морфологиялық құрамы айқын: біріншісі адамға белгілі бір
қасиеттің тәндігін көрсетеді (шыдам-ды), екінші бөлігі сол
қасиеттің абстракт атауын жасайды. Бұл Абайға дейін де ак-
тив тәсіл болғанмен, оны өнімді пайдалану жағынан Абай
тілі ерекше көзге түседі. -лы +лық аффикстері арқылы Абай
көптеген жаңа сөздер жасаған: тоқтаулылық, байлаулылық,
арлылық, намыстылық тәрізді сөздер халық тілінде потенци-
алды болғанмен, Абайдан өзге нұсқалардан көп кездеспейді.
Достарыңызбен бөлісу: |