236
есімшенің екі түрі де өздерінің етістік белгісінен мүлде айы-
рылып қалмайды, сондықтан көпшілігі өзге есімдерді белгілі
бір септікте меңгеріп, солармен тіркесте қолданылады:
жатқа
мақтанарлық мақтан,
соғысқа жарарлық кісі,
ата-ананы
тұзақтан құтқарарлық бала,
сөзді ұғарлық жан,
еңбегіңді
білерлік еш адам жоқ,
қуанарлық қыз емес жылтырауық тақ-
қанға.
Абайдағы
-ар+лық жұрнақты сөздер семантикасы жағы-
нан
- а+тын жұрнақты ауыспалы шақтың есімше тұлғасына
бірқыдыру жақын келеді: соғысқа
жарарлық кісі – соғысқа
жарайтын кісі; тұзақтан
құтқарарлық бала – тұзақтан
құтқа-
ратын бала. Бұл сәйкестік әсіресе
-ар+лық тұлғасы етістік-
пен тіркесіп келген жерлерде айқын сезіледі: ол бала сені
асырарлық (~
асырайтын) болып туа ма; баланың мал
табарлық
(~ табатын) болары т.б. Дегенмен
-ар+лық тұлғасында адъ-
ективтену мағынасы күшті, сонымен қатар мұнда көрсетілген
қимыл-сынды жүзеге асыру потенциясы (ұғымы) бар. Сон-
дықтан автор сол кезде де, қазірде де өнімсіз бұл тәсілді осы
оттеноктерді беру үшін әдейі қалап қолданғанға ұқсайды.
Некен-саяқ жағдайда Абай
-ар+лық тұлғасын таза субстан-
тив ретінде қолданып, зат есімдерше септік, көптік, тәуелдік
жалғауларын жалғайды: [айтарыңды] ана сөзді
ұғарлықтарға
айт (II, 166), Маған да біреу
жалынарлыққа жеткен екенмін
(II, 189). Енді елді
түзерлігі-ақ қалған (II, 165). Бұл қолда-
ныстардың мотиві Абайдың сын есімдерді жиі субстантивтен-
діру әдетіне байланысты, бұл жерде
-ар+лық тұлғасын Абай
сын есім ретінде алып отыр. Келер шақ есімшенің болымсыз
түрі де
-лық жұрнағын жалғап келе береді (рас, бұл әлдеқайда
сиректеу):
білместік, үміт үзбестік, ұмытпастық.
Қазіргі тілімізде
-ар (-мақ) жұрнақты келер шақтық есім-
шеден -
лық арқылы жаңа тұлға жасау – нормалық өнімді тәсіл
емес.
-лық жұрнағы Абайда сын есім жасайтын
-шақ, -кер,
Достарыңызбен бөлісу: