237
Абай текстерінде бір компоненті
-лық жұрнақты тұрақты
тіркестер де жиі ұшырайды:
мал тапшылық, көрсе қызарлық,
қолы тарлық, ит қорлық, әсем салдық, тән саулық, қызба
бастық, күлкі тоқтық т.б. Бұлар септік жалғаулы сөздерді
меңгеріп тұрған етістікті (есімшелі)
грамматикалық тіркес-
терден өзгеше, өйткені алдыңғылардың негізі –
көрсе қызар,
қолы тар, әсем сал тәрізді фразеологиялық единицалар.
Сөйтіп,
-лық – Абай тілінде
ең өнімді сөз тудырғыш аф-
фикстердің бірі. Бұл құралмен жасалған сөздердің ішінде
жалпыхалықтық тілде қолданылып келгендері де, Абай жасаған
жаңалары да бар. Жаңалары – бірқатар
абстрактесімдер мен
сын есімдер.
-лы (-лі, -ды, -ді, -ты, -ті) жұрнағы. Бұл да – Абай тілінде
туынды сын есім жасайтын өнімді аффикстердің бірі. Ол түбір
сөзге де, туынды сөзге де жалғанған. Туынды сөздердің ішінде
Абай текстерінде көбінесе
-ым, -ма, -у жұрнақтыларына
жалғанады:
сөзімді, өтімді, жетімді, орамды, тартымды,
толымды, білімді, сүйкімді; соқтықпалы, елірмелі, буулы (бу-
ынсыз тілің,
буулы сөзің – I, 252).
-лы арқылы жасалған сөздердің бәрі түбірде (негізде)
аталған заттың бар екендігін білдіреді.
Кей реттерде
-лы жұрнағының
жалғануы факультативті
сипат алады (яғни жалғанбай да келе береді), өйткені бірін-
шіден,
-лы жұрнағының жалғанбағандығы
мағынаға нұқсан
келтірмейді, екіншіден, мағынасы
әрі қызметі бірдей сөздер
-лы жұрнағын жалғап та, жалғамай да қатар келе береді. Са-
лыстыр:
Қой
мойынды, қоян
жақ,бөкен
қабақ (I, 47).
Теке
мұрын, салпы
ерін,ұзын
тісті (I, 47).
Ойынды еті бөп-бөлек,
омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы
төсті (I, 47).
Мұндағы
қоян жақ, бөкен қабақ дегендер де, өзгелеріндей
қоян жақты, бөкен қабақты түрінде келе алар еді. Сондай-ақ
қырлы мұрын –
қыр мұрын (1,24).
Достарыңызбен бөлісу: