-шыл (-шіл) жұрнағы адам мінезінің қасиетін, оның бір
нәрсеге бейімділігін білдіреді. Бұл – Абайдың таңдап алып,
өте жиі пайдаланған жұрнағы. -шыл жұрнағы жалғанған сөз-
дерді, көбінесе, шындыққа сай жағымсыз мазмұндағы ұғым-
дарды (қасиет, белгі) білдіруге жұмсайды: қиянатшыл,
жікшіл, қошеметшіл, байбайшыл, өзімшіл, оразашыл, на-
мазшыл. Әрине, -шыл жұрнағын Абай әрдайым жағымсыз
қасиетті атау үшін пайдаланбайды. Абайдағы шыншыл, ойшыл
деген екі сөз жаңа ұғымдарды білдіретін неологизмдер екенін
айттық; шыншыл –дана, шындықты айтушы, реалист; ойшыл –
«мыслитель» және «мечтатель» дегендердің баламасы.
-ма (-ме, -ба, -бе, -па, -пе) суффиксі. -ма жұрнағы Абай
кезінде қазіргідей актив болмаған. Мысалы, Абайдың тұ-
сындағы жалпыхалықтық тілде де, Абайдың өзінде де осы
күнгі шығарма, тапсырма, міндеттеме, мінездеме, сипат-
тама, қоспа зат есімдері жоқ. Дегенмен Абайда бұл жұрнақты
сөздер жоқ емес: елірме, таңдама (таңдалған зат, нәрсе,
қазіргідей жазушының жинағы – кітабы емес), қылт етпе.
Бұл тұлға Абайда сын есім мағынасында да жұмсалады: бояма
күлкі, елірме күлкі.
-ым (-ім) жұрнағы арқылы жасалған туынды сөздерден
Абай тілінде бітім, білім, күтім, тыным, өсім, кесім, бағым
сөздері кездеседі. Бұлар процесс атауын немесе қимылдың
нәтижесін білдіреді. Бұлардың ішінде Абай заманында
туған бірен-саран неологизмдер де (өсім) бар. Қалғандары
– халықтық тіл қорлары. Сірә, өткен ғасырда -ым жұрнағы
әлдеқайда активтеу болғанға ұқсайды, етістіктен есім туды-
ратын -ыс тәрізді жұрнақтармен қызметі ажыратылмай, қатар
240
қолданылған сәттерін табамыз. Мысалы, «Келімі келген кер
миық. Туымына әркім ден қойған» (Базар, 237, 242); «Болымы
жоқ бозбала» (Майлы, 212); «Еспенбетке ұнады Ақбөртенің
келімі» (Дулат, 76); «Кәрілік пен мінезге Білсеңіз бағым болар
ма?» (Шортанбай, 147). Бұл сөздердің бірқатары қазіргі әдеби
тілімізде көп қолданылмайды.
-қыш (-кіш, -ғыш -гіш) жұрнақты сөздер Абайда белгілі
бір әрекет-қимылды істеуге бейімді адамды білдіреді: қызметке
таласқыш, ары кеткен алдағыш, уайым-қайғы ойлағыш, қулық
көргіш, сұмдық білгіш. Және көбінесе бұлар жағымсыз іс-
әрекетке бейімділерді атайды. Сондықтан -ғыш жұрнақты
сөздердің көпшілігі Абайда өзге де мысқыл, әжуа сөздермен
қатар қолданылған: «Кісімсіп белгілі білгіш, Біреуге сондай-
ақ күлгіш» (I, 83); «Қулықты көргіш, Сұмдықты білгіш»
(І, 90); «Сөзуар, білгіш, Законшік, көргіш» (I, 91); «Қозғау са-
лып қоздырғыш» (I, 149); «Ары кеткен алдағыш» (I, 134).
Қимыл атауын білдіретін -ыс жұрнағы арқылы жасалған
жаңа сөздер Абайда жоққа тән. Абай қолданған соқтығыс,
ұрыс, соғыс сөздері – жалпыхалықтық қолданыстағылар.
Өнімді -дай (-дей, -тай, -тей; -дайын, -дейін) жұрнағы өз
қызметінде Абайда өте жиі кездеседі: гүлдей, шоқпардай,
инедейін. -қор, -кер, -паз, -кез, -қой, -дар, -ман жұрнақтары-
мен жасалған сөздер де Абай тілінен орын алған: құмарпаз,
сезімпаз, өнерпаз, әсемпаз, жауапкер, намыскер, сәнқой,
даңғой, хабардар, аларман, берермен. Бұлар да – Абай ту-
ындылары емес. Көрсетілген жұрнақтармен келген сөздер
өткен ғасырлардағы әдеби тілде сирек болса да, батыл қол-
данылғаны көрінеді. Бұлар ауыз әдебиетінде де ұшырасады.
Мысалы, Бұқар жырау текстерінде қызметкер, азаткер
сөздері, жырларда хабардар, қызметкер, үміткер, намыскер
сөздері, мақалдарда аларман, берермен т. б. бар: «Үміткер бо-
лып барша тұр. Хабардар болып қарайын» («Қамбар», 1957.
40, 70); «Ақыр бір күн болармын Сол жігітке қызметкер»
(«Қыз Жібек», 1963. 76).
Өнімсіз көне -сақ/-сек жұрнағымен келген сөз Абайда 2-3
жерде қолданылған: сұрамсақ, тілемсек. Бұлар да – бұрыннан
келе жатқан туындылар. Салыстыр: «Саудагер ажарын сатады,
сұрамсақ назарын сатады» (мақал).
241
Өте сирек кездесетін -дақ /-дек (жүрдек, жалпылдақ,
тастақ), -шақ /-шек (ұялшақ), -шық / -шік (төменшік, тау-
сыншық), -ғы (тұрғы) жұрнақты сөздерді де Абай халық
тілінен алып пайдаланған. Абай жаңа сөздер жасауда бұл
жұрнақтарға көп жүгінбегені көрінеді.
Сөз жасайтын жұрнақтардың ішінде Абайда тағы да жиі
кездесетіндерінің бірі – есімнен етістік тудыратын -сы аф-
фиксі. Бұл жұрнақпен бұрыннан жасалған сөздерді Абай өте
актив қолданады. Олар: кісімсу, көрмегенсу, құдайсу, адамсу,
қамқорсу, білмегенсу т.б. Сонымен қатар Абай осы жұрнақпен
өзі де біраз неологизмдер жасаған: қалжыңбассу, қайраттысу
(бұл жөнінде толық түрде 127-129-беттерде айтылды).
Абайда қарт сөзі қартаң түрінде қолданылады. Сірә, бұл
-аң жұрнағының Абай өлкесінде едәуір өнімді тәсіл екендігіне
байланысты болу керек. Қазақстанның, Семей, Шығыс
Қазақстан аймағында мол сөзі молаң
184
, жазық сөзі жазаң,
қашық сөзі қашаң (М. Әуезов тілінде) түрінде қолданылған
фактілері бар.
Есімнен етістік туғызатын -ла (-ле, -та, -те, -да, -де)
жұрнағының жалпы қазақ тілінде қай заманда да өте өнімді
болғаны аян. Бұл жағынан Абай тілі де оқшауланбайды. Бұл
жұрнақтың өткен ғасыр текстерінде қолданылуына тән бірер
ерекшелігін атауға болады. Бірі – -ла жұрнағының жалғана-
тын түбірлерді таңдауда еркіндеу, кеңдеу болуы. Осы күнгі
әдеби тілімізде бұл жұрнақпен тікелей етістік жасалмайтын
кейбір есім түбірлері өткендегі қазақ тілінде кездесе береді.
Мысалы, тезге салу деудің орнына тездеу, сондай-ақ арлау,
жарлау, орлау т.б.: «Алдын қазып орласа; намысқа тиіп арла-
са»; «Алдын әкеп жарласа» (Майлы, 206). Бұл құбылыс Абай-
да да бар: мін, жат («бөгде адам») сөздеріне -ла жұрнағын
тікелей тіркейді: «Жақының жалған міндейді» (I, 58). Қазірде
бұл – мінейді, мін тағады түрінде нормаланған. «Қайырсыз ит
деп жаттайды» (І, 59) –жатқа санайды, жат көреді. Әрине,
бұл – аса өнімді емес, дегенмен халық тіліне тән еркіндіктің
салдары
185
XIX ғасыр әдеби тілінде із қалдырған.
184
Қазақ тілі тарихы мен диалектология мәселелері. - Алматы, 1960. - 3-шығ. - 82-б.
185
Диалектологтарымыз жиған жергілікті ерекшеліктердің ішінде -ла жұрнағымен
жасалған едәуір сөзді кездестіреміз. Демек, бұл құбылыс ауызекі тілде әлі күнге дейін
бар екені байқалады.
242
Түркі тілдік емес бей- (би-), на-, -и тәрізді аффиксті сөздер
де өткендегі қазақ тіліне, оның ішінде Абай тіліне жат емес,
бірақ өнімді, мол да емес. Қазіргі нормадағыдай, өткенде де
бұл қосымшалар жалғанған сөзімен қоса лексикалық тұтастық
ішінде келген, сондықтан араб-парсы сөздерімен ғана айтыла-
ды да қазақтың төл сөздерінен туынды элементтер жасамайды.
Осы күнгі лексикалық нормамызда құрамында осы аффик-
стер бар сөздердің өзі сан жағынан шектеліп, тұрақталғаны
байқалады. Ал өткенде бұлардың аз-көп кездесуі авторға бай-
ланысты болған. Кейбір қаламгерлер, әсіресе оңтүстік өлкесін
мекендеген Майлы, Базар тәрізді ақындар бей- префикстері
бар шығыс сөздерін молырақ пайдаланған: «Бетеге мен жу-
саннан бейқадір қып» (Майлы, 211); « Бейқайраттың белгісі»
(Сонда. 193). Ал Абай бейхабар, бейшара, бейжай, бейғам
тәрізді халық тіліне сіңіскен сөздерді ғана пайдаланған да өзі
жаңадан сөз жасамаған. бей- префиксінің қызметін қазақтың
Достарыңызбен бөлісу: |