Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет121/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

мек ~ бек ~ пек ұйқастарына құрады:
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек.
Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылығы өле көрмек... (I, 26).
«Қартайдық қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Адасқанның 
алды жөн, арты соқпақ», «Тоты құс түсті көбелек», «Жүректе 
көп қазына бар, бәрі жақсы» деген өлендерінің жеке шумақтары 
да -мақ ~-мек ұйқасымен жазылған. Әрине, Абай мұндай диф-
ференциацияны әрдайым қатаң, заңды түрде жүргізіп отырған 
деп үзілді-кесілді түюге болмайды. Сірә, қазақ тілінде әрдайым 
болатын немесе болуға тиіс іс-әрекетті білдірудегі -ар және 
а+ды тұлғалы етістіктердің қабілеті Абай тіліне күшті ықпал 
еткен.
Абай текстерінде -мақ жұрнақты тұлғаның керек, тиіс де-
ген сөздермен келген тіркесі көңіл аударады. -мақ жұрнақты 


249
тұлғаның осы күнгі  жұрнақты тұлғаға мағынасы мен қызметі 
жағынан синоним болып түсетін жері осы тіркесте айқын 
сөзіледі. Бұл тұлғалар керек (қажет), тиіс модаль сөздерімен 
тіркескенде, қимылдың мақсатын білдіріп, орыс тіліндегі ин-
финитив формасына жақындайды: «Әрнешік білмек керек, 
жоғарғы екі түрліден басқаиман жоқ (II, 170)»; «Егерде мал ке-
рек болса, қолөнер үйренбек керек» (II, 188). Бұлсөйлемдердегі 
білмек керек, үйренбек керек дегендерді білу керек, үйрену 
керек деген конструкциямен әбден алмастыруға болады. Бұл 
тепе-теңдік автордың өзін бір сөйлем ішінде екі тұлғаны да 
қатар қолдануға итермелеген: «Әуелі – иманның иғтиқатын 
махкамлемек керек, екінші – үйреніп жеткенше осы да болады 
ғой деп тоқтамай, үйрене беру керек» (II, 169).
Керек, қажет, тиіс сөздері табиғатында барыс септіктегі 
қимыл атауын меңгеруге тиі
191 
-мақ немесе жұрнақты 
тұйық етістіктердін индостропа тілдеріндегі инфинитив ка-
тегориясына жақындайтын
192
сәттері де – осы ситуацияда, 
яғни барыс септікте тұрып, керек, тиіс сөздерімен тіркесіп, 
супиндік (мақсаттық) мағына беретін жерлерінде. Қазақ тілі 
нормасында өткен ғасырдың өзінде-ақ бұл тұлғалар керек 
сөзімен тіркескенде, барыс септігі көрсеткішін жалғамайтын 
формаға көше бастаған: бармақ керек, бару керек. Абайда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет