238
повтора, вроде
ұзынды-қысқалы «имеющий и длинное и корот-
кое», т.е. «все меры длины»
183
. Сондықтан Абайда кездесетін
қызықты (нәрсе, уақыт),
қымбатты (шақ),
тынышты (ат) ту-
ындылары факультативтік құбылыстар болып табылады.
Абайдағы өзге де сын есімдер сияқты
-лы жұрнақты туын-
ды сын есімдер де сөйлем ішінде субстантивтеніп келеді.
Абайда
-лы арқылы өзі
жасаған жаңа сөздер аса көп
емес. Біздіңше,
өнерлі және
қолөнерлі, сәулелі (кісі),
жетімді
(жеткілікті сөзінің дублеті),
мінді (мінсіз-дің антонимі),
кеселді (түйін, қылық) сөздерін ғана Абай өзі жасаған болар
немесе кейбіреулерін активтендірген болар.
- сыз жұрнағы –
-лы жұрнағының антонимі. Ол да көбінесе
Абайда туынды түбірлерден
-ым, -у жұрнақты
сөздерге
жалғанады:
жарамсыз (қылық), болымсыз, толымсыз (жұрт),
тынымсыз, ұғымсыз, тиымсыз, өлшеусіз, теңеусіз. Бұлардың
барлығы да – халықтық тілдікі.
-сыз жұрнағы фразеологиялық
тіркестерге де жалғанған: «
Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін»
(I, 222); «
Ала қолсыз мырза еді» (I, 194).
-шы (-ші) жұрнағы – қазіргідей Абай тұсында да өнімді
аффикстердің бірі. Беретін мағыналары:
адамның кәсібін,
мамандығын білдіру. Абайда бұл мағынадағы сөздер көп
емес:
суретші, бояушы, тігінші, кестеші, бітімші, күтуші.
Ал қалған жағдайда белгілі бір қасиет, жағдай, қылық, мінез
иесін білдіреді:
тыңдаушы, үйренуші, ыза болушы, сыншы, сы-
наушы, айтушы, өсекші, өтірікші, алдамшы, билеуші, өмірші,
басшы, ойнасшы, арызшы, амалшы. Осы мысалдардан көрініп
тұрғандай,
-шы жұрнағы түбір сөздерге де, туынды сөздерге
де жалғанған.
-шы жұрнағы
арқылы жасалған жаңа сөздер
Абайда көп емес.
Суретші (сурет салатын өнерлі адам),
сын-
шы (сын айтушы),
амалшы (интриган),
айтушы («ақын»
мағынасында),
тыңдаушы («оқушы» мағынасында),
арызшы
(«арыз бергіш адам»),
бастаушы сөздері Абай активтендірген
сөздер болуы мүмкін, өйткені осы көрсетілген мағыналарда
Абайға дейінгі не тұстас қаламгерлер тілі мен ауыз әдебиетінен
кездестірмедік (
сыншы сияқты
сөздер бар, бірақ ол көбінесе
«атты сынаушы» дегенді білдірген: «Хан
Қореннің қолында
183
Жубанов X. Из истории порядка елов в предложении. - Алма-Ата, 1936. - С. 10.
239
Бір
сыншысы бар еді» – «Қыз Жібек», 1963. 42). «Читатель»
мағынасындағы
оқушы сөзі де
Абай тұсында туа бастағанға
ұқсайды. Бұл сөзді Абайдан басқалардан да кездестіре бастай-
мыз. Мысалы, Ақанда: «
Оқушым айтушыдан болсын зият».
Бұл қатардан Абайда өте жиі қолданылған сөз –
алдамшы:
алдамшы өмір,
алдамшы саудагер,
алдамшы шайтан,
алдам-
шы болу. Сірә,
заманынан, замандастарынан үміті, арманы
алданған ақын осы сөз арқылы өзінің айналасына (болмысқа)
деген көзқарасын білдірген болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: