245
өзбек әдебиетінің, яғни кітаби әдеби тілдің (шағатай тілінің)
әсері деп түйеді
188
.
Бұл тұжырым авторларының қай-қайсысы да, екі нәрсені
елемеген: бірі
-мақ жұрнақты тұлғаның Абайдың прозасы ғана
емес,
өлеңдерінде де өте мол, актив келтірілгендігі, екіншісі
– бұл тұлға ауыз әдебиетінің мақал-мәтел,
фразеологиялық
тіркестер тәрізді көнелерінде, әр алуан жырларда, әрідегі
ғасырлардан бастап тарихта аты белгілі ақын-жыраулар шығар-
маларында қазіргі кезбен салыстырғанда әлдекқайда жиі және
өнімді қолданылғандығы.
Осы күнгі қазақ әдеби тілінде
-мақ аффиксі қазіргі әзірбай-
жан, түрік, өзбек, түркмен, қарақалпақ әдеби тілдеріндегідей
тұйық етістік тұлғасын жасамайды.
Қыпшақ тобындағы
бірсыпыра түркі тілдеріндегідей қазақтың қазіргі әдеби тілінде
тұйық рай
189
қызметінде
-у жұрнақты тұлғаның қолданылуы
норма болып кетті.
Етістік түбірінен
-у жұрнағы арқылы жасалған тұлға шақты,
жекеше-көпшелікті көрсетпей, іс-әрекеттің жалпы атауын
(ұғымын) білдіреді. Бұл қызметте
-у тұлғалы сөздің қалыптасуы
ертеден келе жатқаны байқалады. Бірақ бұл әрқашан қазіргідей
жеке-дара болмаған. Күні кешеге дейін қазақ тілінде, әсіресе
әдеби нормасында
-у жұрнақты
тұлғамен қатар қимыл есімі
қызметінде -
мақ жұрнақты форма жұмсалған. Бұл құбылыс
әсіресе Абай тілінде өте-мөте актив көрінеді.
Абайда
-мақ жұрнақты сөз бірнеше қызмет атқарады: ең
алдымен, ол атау септіктегі таза қимыл есімі ретінде, яғни
осы күнгі
-у жұрнақты тұлғаның орнына келеді: «Ағайынға іс
түспек – Ол бір қиын қарғыс қой» (II, 123); «Жай
жатпағым,
Тыныш
таппағым Күш болып» (I, 115); «
Ашылмағы бар ма
басынан Бағы қайтқан қауымның» (II, 89); «Көзің неге жетеді,
Қосылмақ онда бар ма екен?» (I, 126).
-мақ тұлғалы етістік-
тің атау тұлғада (тәуелдік жалғауымен не онсыз)
сөйлемнің
бастауышы болып келетін сәттері әсіресе Абайдың проза-
сында өте жиі кездеседі: «
Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл
188
Неталиева X. Имена действия в современном казахском языке. Автореф. канд.
дисс. - Алма-Ата, 1963. - С. ЗЗ.
189
Мектеп грамматикалары мен «Қазіргі қазақ тілі» курсы (Алматы,1954) «тұйық
рай» деп атаған категорияны соңғы кездерде қазақ тілі білімі әдебиеттерінде «тұйык
етістік», «етістік есім» және «қимыл есімі» деп атап жүр.