Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет122/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

-мақ, -у тұлғалы сөздердің керек сөзімен барыс септікте тұрып 
меңгерілуі атауда тұрып тіркесуінен сирегірек кездеседі, бірақ, 
әйтеуір, бар құбылыс: «Әуел – білім-ғылым табылса, ондай-
мұндай іске жаратар едім деп... іздемекке керек» (II, 187); 
«Растың бір аты хақ... мұны ұғып, ғаделетпен тәптештеуге 
керек» (II, 206).
-мақ, -у аффиксті тұлғалардың қазақ тілінде керек сөзімен 
тіркесінде бірте-бірте барыс септігін қабылдамай, нөл көрсет- 
191
Башқұрт тіліндегі -ырға (-ерге, -орға, -өрге) жұрнақты түрінде қалыптасқан 
инфинитив деген тұлғаға көңіл аударыңыз. Башқұрт тілінде инфинитивтің бұл түрінің 
қолданылуы керек сөзіне тәуелді. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка.
- М., 1948. - С. 172.
192
Қазақ тілі грамматикасы жайында өткен ғасырда жазылған кейбір материалдар- 
да қазақ тілінің «инфинитиві» ретінде барыс септіктегі -у жұрнақты тұйық етістік 
көрсетілген: оқуға – читать, жаттауға –твердить, тұруға – стоять т.б. Алтынсарин И. 
Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку. 1879; Грамматика 
киргизского языка. Фонетика, этимология, синтаксис. - 1898.


250
кішімен қалыптасуына, біздіңше, екі нәрсе себеп болған 
сияқты. Біріншіден, -мақ жұрнақты тұлғаның жалғыз Абайда 
емес, жалпы өткен ғасырлардағы қазақ тілінде қимыл атауы 
ретінде актив қолданылуы оның оғыз тілдеріндегідей супиндік 
(мақсаттық) мағынасын әлсіретіп жіберген (оғыз тілдерінде 
-мақ жұрнақты тұлғада супин мағынасы жоғалып кеткені 
мәлім). Екіншіден, тілдегі экономия заңы әсер еткен болу ке-
рек, яғни мәнді сөз шылаулармен, модальдік элементтермен 
тіркескенде, септік, тәуелдік жалғаулары түсіріліп, ықшамдала 
беруі себепкер болған. Бұл тенденция тек талдап отырған ситу-
ацияда емес, өзге сәттерде де айқын көрінеді: менің үшін >мен 
үшін; барғаннан соң>барған соң >барғасын, оның туралы>ол 
туралы т.б.
* * *
Өткен ғасырдың II жартысында қазақ тілі грамматикасын 
баяндаған кітаптар мен екі тілдік (қазақша-орысша, орысша- 
қазақша) сөздіктерде олардың авторлары мен құрастырушы- 
лары қазақ тіліндегі тұйык етістіктің (осы күнгі -у жұрнақты 
тұлға) көрсеткіші -мақ жұрнағы деп есептеді. Ал  жұрнағын, 
көбінесе етістіктен есім жасайтын аффикске жатқызды
193

Мұның, біздіңше, екі себебі бар. Ең алдымен, өткен ғасырда 
түркі тілдері тегіс қатарынан зерттеле бастағанда, оғыз 
тобындағы және ортаазиялық жазба әдеби тілдегі -мақ 
жұрнақты тұлғаның қимыл есімі (тұйық етістік) қызметінде 
қолданылуы өзге түркі тілдеріндегі де бұл категорияны осы 
тұлға білдіретін болу керек деген түсінікке әкелген тәрізді. 
Бұл, әрине, әрбір түркі тілінің табиғатын жеке-жеке жете зерт-
теп үлгермегендіктің салдары және әрбір түркі тілінің әдеби 
нормасы ретінде кітаби дәстүр формаларын ұсынушылық. 
Әйтпесе өткен ғасырдың өзінде-ақ қазақтың жалпыхалықтық, 
сөйлеу нормасында тұйық етістік -мақ-тан гөрі жұрнағы 
арқылы актив берілгендігін сол кездегі зерттеушілер де мой-
ындап, көрсетіп кеткен. Мысалы, М.Терентьев: «Неграмотные 
193
Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия. - Казань, 1861. 
- С. 19-32; Терентьев М. Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская. 
- СПб., 1875. - С. 138; Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и 
синтаксис. - Оренбург, 1898. - С. 17-18, 67-66.


251
казахи не подозревают окончание глагола на -мақ, потому что 
в разговорном языке употребляетея сокращенная форма не-
определенного наклонения: отбрасываетея окончание -мақ 
и к оставшемуся корню прибавляетея буква у»,– деп жазады. 
Бұл жерде екі нәрсе сезіледі: зерттеушінің «разговорный»
деп отырғанынан қазақ тілінің халықтық нормасы мен кітаби
тіл нормасының алшақ, басқаша екендігін және халықтық 
тілде -у формасы басым (норма) екендігін аңғарамыз, екінші 
жағынан, автордың екі тұлғаның бірін екіншісінің ықшамдалған 
(сокращенная форма) түрі деп шатасқанын көреміз.
Өткен ғасыр зерттеушілерінің қазақ тілі грамматикасын-
да -мақ жұрнағын көрсетіп кетуінің тағы бір себебі бар. Ол 
– осы кезде, яғни халықтың ауыз әдебиетінде, өткен ғасырдағы 
және одан да бұрынғы ақындар тілінде, XIX ғасырдың 
II жартысындағы қазақша баспасөзде және басқаларда – 
қысқасы, қазақ әдеби тілінде -мақ жұрнақты тұлғаның қызметі 
мен семантикасы жағынан әр алуан құбылып келіп, қазіргі 
кезге қарағанда, әлдеқайда жиірек қолданылғандығы. Мы-
салы, -мақ жұрнағымен жасалған сөз, ең алдымен, қазақтың 
мақал-мәтелдерінің құрамында сақталған: «Бас болмақ оңай, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет