Р. Сыздык 1-том indd


-сыз жұрнағы актив атқарған, сондықтан Абайда бейқайрат,  бейқадірлер емес, қайратсыз, қадірсіз сөздері табылады.  -и



Pdf көрінісі
бет118/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

-сыз жұрнағы актив атқарған, сондықтан Абайда бейқайрат, 
бейқадірлер емес, қайратсыз, қадірсіз сөздері табылады. 
жұрнақты сөз Абай тілінде аса көп емес. Көбінесе «Қара 
сөздерінде», онда да кейде тіркес ішіндегі сөздерде кездеседі: 
шаһари, кәсіби, жибли, арзуи, әдәби (<әдеп + и), әзәли т.б.
Сөз жасаудың синтаксистік тәсілдері – сөздердің қосар- 
лануы, бірігуі және тіркесуі біз әңгіме етіп отырған кезеңде, 
оның ішінде Абай тілінде – қазіргідей жүйелі амалдар, бірақ 
өнімділігі жағынан бірдей емес.
Абай қолданған қос сөздер тілдік тегі жағынан:
а) екі компоненті де – түркі (немесе түркі-монғол) сөзі;
б) бір компоненті – қазақ, екіншісі – араб-парсы сөзі;
в) екі компоненті де шығыс сөздері болып келеді. 
Екі сыңары да түркі элементтерінен жасалған қос сөздердің 
басым көпшілігі – жалпы халықтың тіл қазынасынан алынып 
қолданылғандар, олар – сол кездегі сөйлеу тілінде де, қазақ 
әдеби тілінде де, ауыз әдебиеті тілінде де кездесетіндер. Бұлар 
морфологиялық құрылымы жағынан қайталама түбірлерден 
(айтып-айтпау, айтшы-айтшылау, ақырын-ақырын), қарсы 
мәнді түбірлерден (алыс-жақын, жатпай-тұрмай, күні-түні, 
оңды-солды, өлер-тірілер, ыстық-суық), мәндес түбірлерден 
(шаң-тозаң, күш-қуат, ар-ұят, ұры-қар, ұры-бәрі, уайым-


243
қайғы, телі-тентек, құлын-тай, қат-қабат, күй-жай, кем-
кетік, жоқ-жітік, сұм-сұрқия, сәлем-сауқат, дау-жанжал, 
бақсы-балгер) жасалған қос сөздер болып келеді. Сондай-ақ 
қазақ тілінде өнімді қолданылатын еліктеуіш қос сөздерді 
(пыш-пыш, сап-сап, алаң-жұлаң, әні-шаны, бұрқ-сарқ, бүлк-
бүлк т.б.) Абай да еркін пайдаланған.
Бір сыңары шығыс сөздері болып келетін қос сөздер де 
Абайда кездеседі, бірақ олар да халықтың тіл қорынан (дос-
жар, жер-жиһан, сән-салтанат) және сан жағынан өте 
шағын. Ал екі сыңары да араб-парсы элементтері болып 
келетін қос сөздер мұнан да аз қарып-қасер, әділет-шапқат, 
ғиззат-құрмет).
Абай сөзді қосарлау арқылы жаңа лексикалық единица-
ларды жасауды басты, өнімді тәсілдердің бірі етіп алмаса да, 
кейбір зерттеушілер танығандай
186
, мағыналары жуық кейбір 
сөздерді қатар қолданып, кейде қос сөз дәрежесіне келтіру тен-
денциясы бар. Мысалы, ағайын-жұрт, ағайын-туған, ақыл-
ой, арқа-басы, асап-ішу, әл-қуат, думан-сауық, дос-асық, жы-
лай-жырлай, зар-нала, керенау-кердең, керім-кербез, қоңыр-
күңгір, әділет-шапқат, ғиззат-құрмет тәрізді парларды Абай 
өзі тіркестірсе керек. Бұлар қос сөз категориясына өте жуық 
келеді, әрине, кейбіреулерінің араларына үтір қоюға да бо-
лады (солай жазылып та жүр: керенау, кербез, бір керім т.т.). 
Е.Жанпейісов дұрыс көрсеткендей, Абайдың сөзді қосарлап 
қолдану әрекеті Мұхтар Әуезовтен әлдеқайда аз, бірақ жалпы 
тенденциясы Абайдан басталатыны рас.
Қос сөздерді пайдалануда бір ерекшелік – өлең шартына 
байланысты қос сөз компоненттерінің арасына жалғаулық не-
месе басқа сөздер салып, ажыратып жіберу фактісі бар: «Қай 
мезгілде тойғыздың қатыны мен қалашын» (I, 21); «Әуремін 
мен тыя Дауың мен шарыңды» (I, 220); «Ұрыңнан асырдың сұм 
тілді қарыңды» (I, 220). Бұл тәсіл жалғыз Абайға емес, бүкіл 
қазақ поэзиясының тіліне тән. Мысалы: Қаріп пенен қасірге 
болдың қорған» (Шөже, 123); «Телі менен тентекті тыяр 
десе» (Сүйінбай). Әрине, бұл – Абай дәуіріне немесе Абайға 
тән норма емес, өлең тілінің шарттарына байланысты құбылыс.
186
Жанпейісов Е. Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің тіліндегі стильдік 
кейбір ортақ өрнектер // Қазақ ССР ҒА Хабаршысы. - 1962. - № 11. - 42-43-б.


244
Жаңа сөз жасаудың синтаксистік тәсілінің бірі – түбірлерді 
біріктіруді Абай актив қолданбаса да, бұрыннан әдеби тіл 
мен ауызекі тілде бар біріккен тұлғаларды еркін пайдаланған. 
Абай қолданған ақсақал, ақшомшы, жаманат (осы күні 
бұл сөз бірде біріктіріліп, бірде бөлек жазылып жүр, бірақ 
табиғаты – біріккен сөз), баспана, бозбала, бойкүйез, желбу-
аз, жаздыгүн, жарымес, желқабыз, көкжиек, көкөрай, күн- 
шығыс, қалжыңбас, қылжақбас сияқты сөздер – ертеден 
бірігіп, лексикалық бір мағына иесіне айналғандар. Абай 
мүмкін қолөнер тәрізді бірер сөз болмаса (ол да жорамал), 
өздігінен жаңа біріккен сөздер жасамаған. Тегі, жалғыз, Абай 
емес, жалпы сол тұстағы қазақ әдеби тілінде бұл тәсіл ак-
тив қолданылмаған. Атқамінер, елубасы, онбасы, атшабар 
сияқты бес-он образды атау о баста жалпы халықтың сөйлеу 
тілінде пайда болған, әдеби тілге сөйлеу тәжірибесінен енген. 
Екі түбірді біріктіріп, жаңа мағыналы сөз жасау тенденциясы 
үстіміздегі ғасырдын 20-40-жылдарында активтенгені мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет