-аржұрнақты тұлға Бұл тұлғаны Абай тіліндегі көзге түсетін грамматикалық
ерекшелік ретінде бөліп алып талдап отырғанымыздың себебі
– оның қызметі мен мағынасына байланысты. Абайда бұл тұлға
негізінен бес-алты түрлі қызмет атқарады да, ол қызметтерінің
барлығы дерлік қазірде пассив тәсіл болып табылады. Олар:
1. әрқашан үздіксіз болып жататын іс-әрекетті білдіруі;
2. анықтауыш қызметін атқаруы;
3. барыс септігінде келіп қолданылуы:
4. еді көмекші етістігімен қолданылып, ауыспалы шақты
білдіруі;
5. -лық жұрнағы жалғанатын негіз ретінде келуі;
6. субстантивтеніп, септік жалғауларын жиі қабылдауы.
Бұлардан басқа, -аржұрнақты есімше Абай текстерінде
қазіргі нормамыздағыдай болжалды келер шақтық мағынада
қолданылады (мұны жол-жөнекей болмаса, талдамаймыз).
Өзге түркі тілдері тәрізді, қазақ тілінде де -ар суффиксімен
жасалған есімше түрі келер шақтың мағынасымен қатар,
белгілі бір шаққа қатысы жоқ, әрдайым, үздіксіз болып
тұратын іс-әрекеттің, яғни «бастауыштың тұрақты, өзіне тән,
әрқашан өзімен ғана өтіп жататын қимылының» 197 мағынасын
да береді. Бірақ, бұл, біздіңше, -аржұрнақты тұлғаның қазақ
тілінде пассивтене бастаған қызметіне ұқсайды. Оған бір-
неше дәлел келтіреміз. Ең алдымен, қазіргі нормативтік грам-
матикаларымыздың бірде-біреуі осы күнгі нормамызда бұл
тұлғаның жоғарғы көрсетілген қызметте жұмсалатындығын
атамайды. Әрдайым, үздіксіз болып тұратын қимылды, яғни
сол субъектіге тән іс-әрекетті білдіретін грамматикалық тұлға
деп көсемшенің -а жұрнақты түріне -ды қосымшасы жалғанған
197
Кононов А. Н. Грамматика современного турецкого литературного языка. - М.,
1956. - С.220.