-мақжұрнақты туынды түбірден -лық арқылы екінші түбір
жасау тәсілі жалпыхалықтық сөйлеу тілінде өнімді емес,
бірақ оған қарап Абайдағы немесе өткен ғасырдағы қазақша
өзге жазу нүсқаларындағы (мысалы, бұл тәсілді, «Дала уа-
лаяты» едәуір актив пайдаланған) -мақ+тықжұрнақты ту-
ынды сөздерді біз кітаби тіл элементіне тағы жатқызбаймыз.
Өйткені Абайда -лық жұрнағы жалғыз -мақжұрнағымен
емес, өзге де жұрнақтармен қабаттасып, жаңа сөз жасау
қабілетіне ие -лықжұрнағының активтене түсуі, біздіңше,
жалғыз Абай емес, XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақтың
жаңа қалыптаса бастаған жазба проза тіліне, оның ішінде
публицистикалық стиліне тән деп табамыз.
Үшінші – -мақжұрнақты сөздердің Абайдың прозалық
шығармаларының тілінде көзге түсуі. Шынында да саны
және жиілігі жағынан -мақжұрнақты тұлғалар Абай шығар-
маларының ішінде «Қара сөздерінде» басымдау. Әсіресе бұл
тұлғаның керек, тиіс сөздерімен тіркесі, -лықжұрнағымен
келген түрі көбінесе проза текстерінде кездеседі. Бұл – қазақ
әдеби тіл дүниесіне жаңа келген проза стиліне, оның ішінде
қоғамдық-публицистикалық және ғылыми стильдеріне қажет
кейбір грамматикалық категорияларды беру немесе кейбір жаңа
лексикалық ұғымдарды білдіру процесіндегі ізденістердің бір
көрінісі. Бірақ бұған қарап, -мақаффиксті тұлға Абайдың тек
прозалық шығармаларының грамматикалық ерекшелігі деген
тұжырым айтуға мүлде болмайды. Бұл тұлға Абайдың бүкіл
творчествосының тіліне тән.
-мақ аффиксті тұлғаның Абай тілінде көзге түсерліктей
актив қолданылуында екі түрлі фактор себеп болған деп та-
бамыз. Бірі –жалпыхалықтық тілде бар тәсілді Абайдың мей-
лінше жандандырып, құбылтып пайдалану тенденциясы (бұл
принципті жалғыз жаққа қатысты емес, өзге тәсілдер тұсында
да ұстанғанын өз кезінде баяндаймыз), екіншісі – бұл тұлға
Абайдың көркемдеу талғамына сай, өзі ұнатып жұмсаған
256
тәсілдердің бірі екендігі. Әсіресе -мақжұрнақты форманы
өлеңдерінде -аржұрнақты етістікпен үндес мағынада қолдануы
тек өзінің ақындық шеберлігіне, жазушылық мәнеріне тән
индивидуалдық ерекшелігі деп батыл көрсетеміз.