Асанов камашке даулетқАНҰлы айтыс өнерінің публицистикалық сипаты Электронды оқулық



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата27.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#70231
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
d12a00640c0832fa23edce30a75d6d85 (1)

Мақсаты мен міндеттері:
Қазақ халқының айтыс өнеріндегі от ауызды, орақ тілді ақындардың асқақ 
рухты жалынды жырларын өскелең ұрпақ санасына сіңіру, халқымыздың 
кемеңгер шешені Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың асыл қасиетін, 
ұлтымыздың бай мұрасын дәріптеу, мемлекеттік тілді дәріптеу.
Айтысты өткізу тәртібі:
1. 
Айтысқа Қарағанды облысының ақындары қатыса алады. Олардың 
жасы шектелмейді. Қатысушы айтыскер ақындар бұрын облыстық деңгейде 
өткен сөз сайыстарына қатысып, ақындық қабілеті шыңдалған болуы шарт;
2. 
Айтыс ақындарына демеуші болам деушілерге шек қойылмайды. 
Кез келген ұжым ұйымдастыру комитетінің келісімімен арнайы сыйлық 
тағайындауға құқылы;
3. 
Қазылар 
алқасы 
ұйымдастыру 
комитетінің 
ұсынуымен 
тағайындалады. Олардың шешімі түпкілікті және ол талқыланбайды.
Айтыскерлерге қойылатын талаптар:


173 
1. 
Айтыс тақырыбынан көп ауытқымау
2. 
Қазыбек би бабамыздың қайраткерлік тұлғасын, жыл басы 
Наурызды жырға арқау ету; 
3. 
Айтыс ережесін сақтай отырып, қарсыласпен қағысу;
4. 
Суырыпсалып айтысу, өткір ой айта білу;
5. 
Сахна мәдениетін сақтай білу, ақынның сыртқы болмысы, ұлттық 
киім кию үлгісі.
Кесте 1 - «Армысың, әз Наурыз!» атты облыстық ақындар айтысының бағалау 
парағы. Алқа мүшесі  
 
 
 
 
 
 
Аты-жөні Мекен-жайы, 
оқу орны 
Сах
на 
-
дағы 
мәде

ниет
і 
Суы- 
рып- 
салма 
-лық 
дең- 
гейі 
Тақы- 
рыпты 
игеруі 
Орында
у 
шеберлі
гі
(мақам
әуені) 
Көрер

менді 
баура
уы
Айтыс 
-тың 
көрке
м 
-дік 
деңге
йі 
Қоры 
-тын 
-ды 
баға 
Ерқанат 
Кеңес- 
беков
Қарқаралы 
қаласы 
10 
10 
10 
10 
10 
10 
60 
Мысал ретінде келтірілген айтысқа қойылар осындай талап-ережелер 
айтысушы ақындарға үлкен міндеттер жүктейді. 
Әрине, бұл талап-ереже қазіргі айтыстың барлығына бірдей тән емес. Әр 
облыс өз өлкесінде өткізілетін айтыстарға өздерінше ереже бекітіп, сөз 
сайысына қатысты талап-міндеттерді ұйымдастыру алқалары арқылы талқылап, 
бекітіп отырады. Сондай-ақ аймақтық, республикалық, халықаралық дәрежеде 
өткізілетін айтыстарында да ереже-талаптары әрқилы деңгейде қарастырылады. 
Сайып келгенде, барлығының жобасы жоғарыда келтірілген құрылым 
сипатында жасалынады.
Ең бастысы қазіргі айтысқа қойылар осындай талап-ережелер айтысушы 
ақындардың кәсіби шыңдалуына жақсы әсерін тигізді. Мұның сыртында, біз сөз 
етіп отырған айтыстың әлеуметтік мәні мен қоғамдық маңызының артуына 
бірнеше алғышарттар себеп болатыны белгілі. Айтысқа қойылатын талап-
ережелердің де жыр мазмұнының, көркемдігінің артуына белгілі дәрежеде 
ықпал ететіні анық. Біріншіден, қазіргі айтыс ақындарына сөз сайысына түсу 
үшін барлық жағдайлар жасалынған. Теле-, радио, газет-журналдар арқылы 
қоғам ахуалын бағамдап отырса, қарсылас ақынның шыққан жері, облысы 
немесе қаласы жайлы мағлұмат алуға мол мүмкіндіктері болды. ХХ ғасырдың 
80 жылдары өткізілген облысаралық телеайтыста сөз сайысына түсетін ақындар 
қарсылас ақынның облысына шығармашылық іссапарға барып, елдің 
әлеуметтік жағдайын, облыстың экономикалық ахуалын өз көзімен көріп, 
аралап қайтатын. Айтыскер ақынның бұл әрекеті сол кезде көбіне кәсіби 
журналистердің міндетіне ұқсайтын.


174 
Осындай дайындық айтыс өлеңдерінің мазмұндық сипатын қоюлатып, 
дидактикалық, романтизмдік сарындардың орын алуына жол бермейтін.
1993 жылдың 25-26 маусымында Талдықорған облысының Көксу 
ауданында өткен Қабан жыраудың 800 жылдығына арналған республикалық 
айтыста Баянғали Әлімжанов пен Айтақын Бұлғақов арасындағы жыр 
сайысында жоғарыда келтірген сипаттарды анық байқаймыз. 
Айтақын: «...Баянның бізге жапқан жаласы бар,
Білемін күйеу бала аласы бар.
Еліңді басқаратын ерлерің жоқ, 
Сыпырып сырттан маман аласыңдар...» [128, 196 б.]. 
Баянғали: « ...Бұл дағы Көкшетауды басынғаны, 
Ақындар шындық сөзін жасырмады.
Өз тумаң Серік келіп әкім болса
Бағыңның Жетісуым ашылғаны...» [128, 197 б.]. 
Бұл жердегі сөз қағысудың негізгі объектісі облыстарды басқарып отырған 
әкімдер жайлы өрбігенімен, елдің қамын ойлайтын білікті мамандардың кісілік 
келбеттері жайлы сөз болады. Ең бастысы, екі ақын да Көкшетау, Талдықорған 
облыстарының ішкі-сыртқы жағдайларын жақсы білетіндіктерін байқатады. Ал 
мұндай мағлұмат, дерек көздері айтыстың тартысты әрі мазмұнды болуына 
алғышарттар жасайды.
«Айтыс – еріккеннің ермегі емес, биік өнер. Ол – сөз бен ойдың, 
тапқырлықтың шыңы. Сондықтан да айтыскерлерге терең білім, үлкен даярлық 
керек. Айтысқа әр ақын өзінше дайындалады. Бұл баяғыдан солай болатын. 
Тарихты зерделейді. Қоғамдық ой қалыптастырады. Ата сөзін жинайды. 
Шежіре ақтарады. Азаттық таңы астындағы ақындар осы үрдісті онан әрі 
дамытып, халықтық мәселелерді көтеруді айтыстың ажырамас бөлігіне 
айналдырды» [123, 9 б.]. 
Белгілі ғалым, өнердің үлкен қамқоршысы М. Жолдасбековтың осы пікірі 
Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы ақындар айтысына берілген өте орынды баға деп 
қабылдаймыз. Қазіргі айтыс ақындарына терең білім, үлкен даярлық керек 
екендігін уақыт талап етеді.
«Шөп те өлең, шөңге де өлең» тәсілін қазіргі көзі ашық, көкірегі ояу адам 
ешқашан қабылдамайды. Өнерді електен өткізіп, таразылайтын халық. Ендеше 
халықтың мақсат-мұратымен мүдделес өнер ғана өміршең болмақ. Айтыстың 
әлеуметтік мәні мен қоғамдық қажеттілігін қарапайым адамдардан гөрі 
айтыскерлердің өздері терең түсінеді. Әрі соны әр айтыс сайын халық зердесіне 
ұсынып, насихаттап отырады. Мысалы:
Мұхамеджан Тазабеков:
«...Айтыс деген айтулы ой жарасы, 
Екі ауыз сөзден қозған ел намысы» [123, 113 б.]. 
Оразалы Досбосынов: «...Бос сөзге бой алдырып бұрмаланбай,
 
Құнды ойды жіпке тізгін қылқаламдай. 
Құлақтардың құрышын қандырайын, 


175 
Ақанның Құлагері тулағандай...» [123, 171 б.]. 
Мұхамеджан Тазабеков: «...Жалын сөз жас жүректен пайда болар, 
Маздаған отты ұштасаң май да жанар. 
«Айтыс» деген ауызша кітапхана, 
Әркім естіп, қажетін пайдаланар.
Ақын айтқан сөз жетсін жүректерге, 
Құранның сүресіндей ойға қонар...» [123, 215 б.]. 
Шорабек Айдаров: 
«...Айтыскер ақын деген көзсіз мерген, 
Таласта талайлыны сөзсіз жеңген. 
Көпшіліктің көңілінен шыға алмайды, 
Кейбір ақын көргенін көп тізгенмен...» [123, 284 
б.]. 
«Айтыс – еріккеннің ермегі емес, биік өнер», – деген ғалым М. 
Жолдасбековтың сөзіне ақындардың осы жыр жолдары дәлел болса керек. 
Өздеріне осындай талап қоя білген ақындар, айтыстың қоғамдық маңызын 
көтеруге ерекше ден қояды. 1991 жылдың желтоқсанынан күні бүгінге дейін 
халықтың рухани қажеттілігін өтеп келе жатқан айтыс өнері бұрын-соңды 
болмаған биік дәрежеге көтерілді. 2004-2006 жылдары «Күлтегін» баспасынан 
жарық көрген «Қазіргі Айтыс» деп аталатын кітаптар Тәуелсіз Қазақстанның 
тарихи шежіресі іспеттес. Бұл үш кітапқа енген айтыс өлеңдерінде қазақ 
қоғамының барлық болмысы, тарихы, экономикасы, экологиясы, саясаты, 
мәдениеті, салт-дәстүр, тіл, діл, ел мен ердің тағдыры, оқу-ағарту саласы 
сияқты келелі тақырыптардың барлығы қамтылған. Қазақ қоғамының қан-
тамырында бүлкілдеп тұрған кез келген мәселесі айтыс ақындарының 
назарынан тыс қалмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет