87
үлкендеріміз түріктерден қыз алмаған еді. Соңғы 10-20 жылда
көбейіп бара
жатыр. Қазақтар өзге ұлтқа үйленгенмен қыздарын басқа ұлтқа көп бермейді.
Дегенмен де қыздардың да түріктерге шығуы соңғы жылдары көбейді»,- деп
әңгімелейді (XVII). Тек әйелі қайтыс болған үлкен кісілер ауылдағы өзге
ұлттың жесір, баласыз әйелдерін алған. Қазақтар әйелге сыйластықпен
қарайтындықтан өзге ұлт қазақтарға қыз беруге қарсы емес. Оған себеп
жүргізілген
жұмыстардың нәтижесінде ноғай, түрік, татар ұлттарынан
қазақтарға тұрмысқа шыққан өзге ұлт өкілдерін кездестірдік. Мәселен, жасы
56 дағы Люксел ноғай елінің қызы, қазақтың Керей руының келіні болса,
түрік ұлтының қызы Елис те 1975 жылы қазаққа шыққан. Ал, оның күйеу
баласы түрік ұлтынан. 4 баласы бар: Абулхадыр, Неслихан, Нұргүл, Тұрхан.
Үйде көбіне түрік салтын ұстанамын.
Қазақтармен той-домалақта
араласамын деген еді (ХХХVIІІ). Татардан, түріктен, ноғайлармен қыз
алысып, қыз бергеннен кейін сыйласып өмір сүреміз дейді қазақтар. Көрші
қолаң болдық, әзір туыс болып кеттік, араласып жатамыз. Өзге ұлт өкілдері
қазақтардың той-домалағын ұнатады. Себебі
қонақжай қазақ халқының
дастарханы мол сондықтан қазақтарға қонаққа келгенді қалайды, дейді.
Дастархандары мол, шәйләрі дәмді дейді. Біздер шәйді сүтпен ішсек, олар
қара шәй ішеді.
Той жасарда көбіне 5-10 қойға дейін түріктерден қойды сатып аламыз.
Ал қаражаты аз, тұрмысы төмен отбасыларына да осындай іс шараларда
көмек беріп, көтеріп аламыз. Қазақтарда басқа ұлттан қыз алу көбірек те,
керісінше өзге ұлтқа қыз беру өте аз. Дегенменде екеуі бір-бірін ұнатып
жатса қазіргі кезде рұқсатын беріп жатыр. Түрік ұлтына қыз бергенде
түріктің салтымен береді. Қыздың қолын сұрап келгенде Алланың әмірі
Пайғамбардың сұрауымен
деп келгеннен кейін қыздан, жігіттен келісімін
сұрайды. Қыздың үйі туған туыстарын жинайды. Қыздың әкесі жаңа келген
құдаларына екі бала бір-бірін таңдапты, бізден рұқсат, қызды өздеріңіз көріп,
келісіп келіп отырсыздар. Егерде қандай бір түсінбеушілік болып жатса, онда
біздің есігіміз сіздерге жабық дейді. Себебі біздің қызымызды өздеріңіздің
салттарыңызға үйрету сіздердің міндеттеріңіз дейді.
Содан кейін батасын беріп рұқсатын береді. Алғаш келгенде «сөз
байласу» дейді қызға жүзік салады. Онымен қоса,
біздің қоржын сияқты
тәттіден бір дорбаға салып әкеледі. Сол күні той күнін белгілеп кетеді.
Аталған күні қызды алып кету үшін келеді. Жасауын береді. Қазақ қыздары
қай ұлтқа шықсада қыз ұзату тойын жасап береді.
Ажырасып жатқандарда бар. Әсіресе түрікке шыққан қыздар ажырасып
жатады, бірақ түрік қыздары біздерге сіңіп кетіп жатыр. Көбіне қазақ
қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шыққандарына үлкендері қарсы, басқа
ұлттан алғанша қазақтардан алыңдар не қазаққа ғана тұрмысқа шығыңдар
деп жатады. Дегенменде өзге ұлт болсада мұсылман
ғой деп жатқандарда
бар.
Негізінен Түркия қазақтарының отбасыларында әйел адамға сырттағы
жұмысты істетпейді. Әйелдер тек үй шаруашылығымен ғана айналысады.
88
Әйел адамның міндеті бала тәрбиелеп, үй шаруашығымен айналысу. Қазіргі
кезде жас қыз-келіншектер мемлекеттік жұмыстарға кіріп жатыр.
Қорыта келсек Түркия қазақтарының осындай тойларда жиналған
жиындарда ауыз бірлігінің нығыз екені байқалып тұрады. Дегенменде
Алыстағы а,айын даналыққа толы беташар, дәстүрін, қуаныш, шаттық айғағы
ретінде жасалатын шашу ғұрпын орындап келеді.
Сонымен қатар,
қандастарымыз қыз көру, сырға салу, құда түсу сынды атадан қалған салт-
дәстүрлеріміздің қаймағын бұзбай сақтап, жастарға өнеге болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: