Неке қию рәсімі мешітте немесе қыздың үйінде өтеді. Имаммен бірге
куәгер ретінде екі адам қатысады, Имам молда екі жастың аттарын атап
Құраннан неке аятын оқығаннан кейін күміс салынған ыдыстағы неке суын
ішкізеді. Неке қиылғаннан кейін қыздан күйеу жігіттің не сыйға тартуын
сұрайды. Қыздың сұраған сыйын күйеу жігіт міндетті түрде алып беруі
керек. Ол көбіне алтыннан жасалған әшекей бұйымдар болады. Қазіргі кезде
83
жас жұбайлар үкімет үйлерінде заңды түрде некелерін қидырып, неке туралы
куәліктерін алады. Осы неке қию кезінде де түріктерден енген «аяқ басу»
деген дәстүрі қазақтарға да сіңген. Жас жұбайлар бір-бірінің аяқтарын
қайсысы бұрын басса сол үйде қожайын болады дегенді білдіреді. Бірақ
қазақ отбасында да түрік отбасыларында да көбіне ері бірінші болып аяқ
басуға тырысады.
«Сыңсу» Ертедегі қызды ұзатқанда айтылатын «сыңсу» қазір қалып
бара жатқан салттардың қатарында. Дегенменде орта жастағы қыз-
келіншектер сыңсу айтқан. Оны біз Түркиядағы қазақтар арасынан жазып
алдық.
Отқа қойған жез шәйнек
Өгей емес өз шешең жыламайды
Жылаған шешемді жұбатайын
Не дегеннен көңілі қалсада ауыртайын
Қош аман бол ауылым-ай
Суға салса жас шыбық салмақ қайда
Тал шыбықтай ойнаған оң жақ қайда
Кісі әкесі кісіні әке деймін
Қайран әкем өзіңдей әке қайда
Бармақ қайда тал шыбық
Қош аман бол жұртым-ай
Шымылдығын ашқан соң
Көрсін анам аман-ау
Көз жасын көл қылып
Төксін апам аман-ау
Көздің жасын сылтау қылып
Бір міндеттен құтылдым десін анам-ау
Қош аман бол ауылым.
Сондай ақ «қоштасу» әнін де осы сарындас болып келетіндігі
айтылады.
Бәйгеге жүйрік қосайын,
Бәйгенің алдын тосайын
Аты-жөнімді айтып қояйын
Үрпім найман, қаракерей
Қабанбай ұрпағы боламын
Бәйжігіттің біреуі, атым Күләй
Бауырым Мансұр Тәйжі
Әкемнің аты Құсайын Тәйжі
Жаз кигенім құлыс еді,
Қыс кигенім түлкі еді
Шешемнің аты Бәтима
Шоқабай Ысқақ бай Тобаяқтың қызы еді
Ат шықпаған кезеңге арба шықты
Жау көрмеген жігіттің бәрі мықты
84
60 жас, 70 жасым оңай болды,
80 жас тұрғызбай ақ жерге тықты
50 жас, 45 пен 30 жасым
Шыжыңдап, жылт етіп өте шықты, - дейді (XVII)
Бұрынғы қызға «ұрын келу» салты қазір жоқ.
Келін түсіру тойы. Бір аптадан соң не оншақты күннен кейін, той көп
кешіктірілмей жігіт жақта болады. Бұл жақтада дәл қыз жақта болғандай
ұлдың ағайын-туыстарының көмегімен жасалады. Келінді түсіргеннен кейін
салт-дәстүр бойынша «Беташар» жасалады. Жігіттің туған-туыстарының
арасында келінің бетіне қызыл ормал жауып, сөзге шешендеу кісі бетін
ашады. Куә болған Стамбулдағы бір-екі тойда келіннің бетін Қазастанның
Түркияда оқып жүрген жас студенттері домбыра тартып, келіннің бетін ашып
жүрді. Негізі түрік жеріндегі қандастарымыздың арасында домбыра тартып,
ән салып, күй шертетін адамның жоқтың қасы. Сондықтан ол жердегі
бауырларымыз домбыра тартылып ән-күй шертілсе, ата-мекендеріне
толғаныстарын жасыра алмайды. Келіннің бетін оқтаудың шетіне орамал
байлап, беташардың сөзін Қазақстаннан не сонау қытай жеріндегі қазақ
бауырларымыздан жазып алғандарын айттып келіннің бетін ашып жүр.
Келіннің бетін ашқан кісінің мойнына бір жайнамаз іліп, оған аты аталған
кісілер ақша тігеді. Ақша қанша жиналса соның бәрін бетін ашқан кісіге
беріледі. Ол ақша 400-500 долларға дейін жиналады. Келінің екі жағынан екі
абысыны қолтықтап, әдет бойынша аттары аталған қайын жұртына иіліп
сәлем береді. Бұл күндізгі той. Әдетте Түркия қазақтары тойды жаз
айларында жасайды, оның себебі кезінде Түркиядан Еуропаға кеткен
қазақтар арнайы демалыс уақыттарында осында ағайын туыстарына келіп,
бәрінің бастары бір қосылып қалады. Оның үстіне бұндай жиылыстар жастар
үшін де керек дейді. Себебі балаларымыз өзге ұлтқа үйленгенше осындай
жиылыстарда бір-бірін көріп танысады дейді Мансұр Тәйжі (ІІ).
Тойға ағайын туыс, жекжат жұрағаттың барлығы, сонымен қатар, сол
Стамбул, Измир тағы басқа қалалар мен ауылдық жерлерден келгендер бар,
еуропадан келгендер бар барлығы 600-700 -дей адам жиналады.
Тойға құдалар жақтан китке көбіне кілемдер әкеледі. Кілемнің саны
әртүрлі болады 30-40 дейін барады.
Осы күндізгі тойларда «той бастар» деп абысын, келіндері ән айтып
жатады:
Игигай тіршілікте күліп ойнап
Ескі арықтан су ағар ылайланып
Қыран бүркіт ұшады шыр айналып
Осындайда балалар ойнада күл
Кім бар, кім жоқ келгенше жыл айналып,- деп жырлайды (ХХІІ)
Той өткізу салтына келетін болсақ, қандай той болмасын көбіне жаз
мезгілдерінде өткізіледі. Оның себебі, бір жағынан осы кезеңдерде
Европадағы барлық туған-туысқандардың басы қосылады. Айта кету керек,
Европадағы отандастырмыздың барлығының Стамбулда ағайын-тумасы,
85
тіпті көпшілігінің бір үйі Стамбулда сақталған. Сондықтан олар да жиын-
тойларын
Стамбулда,
өздерінің
қаражатымен
салынған
«Вакиф»
орталығында (Қазақ түркілері қоғамында) өткізіп жатады. Орталықтың 3
қабатына бірыңғай әйелдер жиналса, одан жоғары қабатында ерлер бірыңғай
жиналады. Мәселен тойға сағат 2-ге шақырылса, осы кезеңде барлық қонақ
жиналып, әрбір 4-5 адамға бір дастархан жайылып ас тартылады.
Орталықтың әйелдер отыратын қабатының бір бұрышына тойға
әкелінген сыйларды іліп қояды. Оны сол бұрышта арнайы сыйлықты
қабылдауға отырғызған әйелдер алып отырады. Біздің байқауымызша тойға
нағашы жұрттың әкелетін сыйы молырақ. Оның көлемі алды 2-3 мың, арты
300-500 долларға дейін жетеді. Европадан келген қазақтарда өз елдерінің
ақшаларын әкеп іліп жатады. Ас ішіліп, бата берілген соң, тойға жиналған
қаражатты сол үйдің қожайыны өзінің аталас 10-шақты ағайындарымен (тек
ер адамдар) жерге дөңгелене отырып санайды. Санап болған соң оның
қаншасы лира, қаншасы неміс маркасы, қаншасы француздың франкісі
екендігін айтып, жиналған жұртқа қанша қаражат түскендігі жария етіледі.
5-6 адамнан топтасқан қонақтарға бір мезеттік дастархан жайылып,
үстіне қой еті салынған 1 табақ палау мен 1 шыны ыдыс салқын су беріледі.
Тойға 10 шақты қойға дейін сойылады. Ас желініп болған соң, шәй ішкісі
келгендер екі бөлек жайылған шәй дастарханына жайғасып, шәйін ішіп кете
береді. Тойда негізінен жанашырлары болмаса, көпшілігі уақытын кетіріп
отырмайды. Тірлігі барлығын айтып кете береді. Сонда күндізгі тойлары 2-3
сағаттан аспайды. Мұнда тек жиналған жұрт басын қосып, бір-бірін көру
үшінде келеді. Сол күні кешке Түркия қазақтарының атауы бойынша
«салон» дейтін мейрамханаларда «түрік той» өткізіп, үлкен-кішілері
жиналып той жасайды. Тойханаларда су, тәтті қойылған дастарханнан дәм
татып, ән айтылып көбіне би-биленіп өткізіледі.
Бір өкініштісі мұндай тойларда да жастар көбіне түріктің ән-күйін
тыңдап, би-билейді. Жас жұбайларға жоғары жақтан арнайы орынға
дастархан жайылады. Жас жұбайларды құттықтау үшін жігіттің, қыздың
туыстары кезекке тұрып құттықтап, сыйлықтарын тағып, суретке түседі. Жас
жұбайлар еуропаша киініп, қалыңдықтың мойнына қызыл лента, жігіттің
мойнына ақ лента тағылады. Тойға жиналған ағайын-туысқандар, келген
қонақтар сыйлықтарын ақша мен алтындарын сол ленталарға түйреуішпен
түйреп жатады. Қыздың қолына тағылған алтын білезіктер шынтаққа дейін
жетеді. Қыздың қолына салынған алтын білезіктен жігіттің туыстарының
әлеуметтік жағдайын білуге болады. Егер алтын білезік қолдың шынтағына
дейін жететін болса, жігіт жақтың бай-қуатты екенін көрсетеді. Қазіргі кезде
қалыптасып қалған әдеттің бірі күндізгі тойдан кейін жас жұбайлар той
киімдерімен фотосалондарға барып міндетті түрде естелікке суретке түседі.
Болашақта оны өздерінің жатын бөлмелеріне іліп қояды.
Қызды алып келгенде қайынжұртына киіт ретінде кілем береді.
Ертеректе қыздың әкесіне ат жетектеп келетін, аттың үстіне қоржын салып
ішіне 100-300 ақша салып баратын. Қыздың туған бауырларының бәріне киіт
86
кигізетін. Екі жақта да солай беретін. Қазір ондай жоқ, біріншіден жылқы
малы жоқ, екіншіден елдің әл-аухатына қарай оны бере алатындар бар, бере
алмайтын бар, оның орнына кілем, ата-анасына алтын білезік, тақым (жағалы
киім) беріледі. Әркімнің жағдайына байланысты. «Жиырма төрт кәде» деген
бар, екі жағына 12-12-ден кәдесі салынады. 4х4 метрден «бул» дейді бізше
қоржын оның басына теңге ақша тігіледі көрші қолаң, қыз-келіншектер
алатын деп 200-300 ақша тігіп қояды. Түрікше «Guк buza» дейді «жүк
көрімдігін» береді (ХХVІ).
Сол екі аралықта қыздың ағайындары жиналып қыздың дүниесін яғни
қыз жасауын жинайды.
Қытайдағы ел-қамын ойлап көтерілістің басы-қасында болған Зұха
батыр және оның үлкен баласы түркия жеріне көш бастаушы
Сұлтаншәріптің кенже қызы Қарақас руынан тараған Сары деген атасына
келін болып отырған жасы 65 тегі Хаджипа апамыз соңғы кезде қазақ салт-
дәстүрлерінің бәсеңдеп оның орнына түрік салт-дәстүрінің басым болып
бара жатқанын айтты.
«Қызыл белбеу» қазақ қалыңдықтарының түріктерден енген қалыңдық
көйлегінің беліне қызыл белбеу тағады. Оның мағынасы белің бекем
болсын дегенді білдіреді (І).
Жасау. Қазақта «жасаусыз қыз болмайды» демекші түркиядағы
қазақтар қыздарын ұзатқанда міндетті түрде жасау жасап береді. Қыздың
жасауына ең жақын туыстары да көмектеседі. Түріктерше «beyazı sey» дейді
мағынасы ақ түсті дүние дегені, яғни оған техникалық заттар: оның ішінде
тоңазытқыш, кір жуатын машина, ыдыс-аяқ жуатын машина, шаңсорғыш
т.б. кіреді. Жатын бөлме, қонақ бөлме жиһазы, жатын бөлмеге арналған
төсек орындары, көрпе-жастықтары, кілемдері, терезе пердесі, дастарханы
барлығы толығымен кіреді. Сонымен қатар, қазақтар кестелеп жасалған
құрақ көрпе, түскиіз, сырмақ, бөстек сияқты қолдан жасалған бұйымдарды
да қосады. Ол бұйымдарды қолөнермен айналысатын адамдардан сатып
алады, өздері де жасайды. Соңғы кезде дүкендерден сатып алады.
Бұрын жасауды бізбен шимен кестелеп беретін, кәзір азайып барады,
кәзір дайын бұйымдарды дүкеннен сатып алып береді. Қыздың жасауына
беретін кілемнің саны 12, ал китке 40 кілем беріледі. Қыз жасауына қазақ
сырмақтан 6-7 сырмақ, 12 көрпе беріледі. Оюлап тікке көпшік, бізбен тікке
көпшік сынды қолдан жасалған бұйымдар беріледі дейді Күлия апа.
Ақпарат берушілердің мәліметі бойынша ауқатты отбасылары
қызының жасаулары қыз жасауы үш бөлмеге әзірленеді, қонақ күтетін
бөлмеге, екіншісі жатын бөлме, үшіншісі халқымыздың түскиіз, сырмақ,
құрақ көрпе сынды қолөнер бұйымдары және ұлттыө ою-өрнектермен
безендірілген тұрмыстық заттарға толы қазақы жасауы бар бөлмеге
дайындалады (ІІІ).
Достарыңызбен бөлісу: |