Қазақстан Республикасы ұлттық тұтастығымызды қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет24/24
Дата05.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#71691
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
annotation20277

 
Елісхан Әліпұлы (1909, Шыңжаң, Алтай аймағы — 1943, Үндістан, 
Пешавар штаты, Шатрал деген жерде) — Шыңжаң қазақтарының ұлт-
азаттық күресі басшыларының бірі. 1930 — 53 ж. Шыңжаңнан шет елдерге 
ауа көшкен қазақ босқындарының басшысы. Әкесі Әліп Жәмісбайұлы 1931 
ж. Шыңжаң өлкесінің Құмыл аймағында жергілікті әкімшіліктің империялық 
өктемдігіне қарсы Қожанияз, Әйімбет бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа ат-
көлік, азық-түлікпен көмек көрсетеді. Жергілікті әкімшіліктің бұйрығына 


98 
бағынбай, салық төлеуден бас тартып, елін алып қашып жүрген Әліптің 
соңына түскен империя армиясы қару-жарақсыз 400-ден астам адамды 
қырып, Әліпті өлтіреді. Бұл кезде Моңғолияға ауған ауылдарды құтқару 
қамымен жүрген Е енді Қытай империясы өктемдігіне қарсы табанды күрес 
жүргізуге бекініп, қарулы топ құрады. Діні мұсылман дүнгендер аяушылық 
етер деген үмітпен елді Гансу, Синхай өлкелерінің иен даласына көшіреді. 
1938 ж. бұл өлкедегі босқындар саны 20 мыңнан асты. Бірақ өлке әміршісі 
ген. Мабуфаң 1932 ж. Алтай халқынан жеген соққысының кегін 
босқындардан қайтарып, 1000-ға жуық адамды қырып, бесіктегі қырық 
баланы найзаға шанышты. Осы айуандық әрекеттен соң Е., Зәйіп, Хамза 
бастаған көш Тибет асып, Үндістанға өтуді көздейді. ҙкшелеген жаумен 
арпалыса жүріп, таңғұттардың тосқауылын бұзып, Гималай асып, оба мен ыс 
ауруларын бастан өткізіп, 1941 ж. үш мың қазақты Үндістанға жеткізеді. Е. 
1943 ж. Үндістандағы босқындар лагерінде дүние салады. Осы босқын елдің 
жұрнағындай 1800 адам 1953 ж. Түркияға барып тиянақтайды. Бүгінде 
олардың саны 20 мыңға жеткен. Cол заманда көш бастаған батыр – «Ел 
бастаған Елсіхан» деген бала күнімізде жадымызда жатталып қалған еді. Сол 
Елсіхан Әліпұлы 24 жасында көшті бастап шығып, 35 жасында Пәкістан 
топырағында қаза болады. Сол 11 жыл ішіндегі қанды қырғында 8 мыңға 
жуық адам қаза болады. Сол кісінің бет бейнесі сомдауға көбірек күш салдым 
деп жазады Жәди Шәкенұлы. Елісханның әкесі - Әліп Жанысбайұлы – 1886 
жылы Алтай өңірінде туған адам екен. Рубасы атанған, ел-жұртқа беделі мол, 
мал-басы өскен, қытай әкімгерлерінің өзі үкірдай (болыс) дәрежесін беріп, 
сыйлап құрмет тұтқан. 
Зұқа Сәбитұлы (1866-1929) – Қытайдың жергілікті қазақтарға жасаған 
озбыр саясатына қарсы шыққан батыр. Зуха Сәбитұлы шығыстағы Қалба 
тауының етегінде дүниеге келген. Абақ керейдің Ителі руынан шыққан ол - 
аталарының жолын қуып, діни дәріс алған. Ел аузында «Зәбір көрсең, Зұқаны 
ізде» деген сөз қалған. Батырды қапыда қолға түсірген қытайлар оның басын 
екі құлағынан көпірге іліп қойған. 
Зуха 1903 жылы Меккеге қажылыққа барып, сонда біраз жүріп, 1906 
жылы 40 жасында қажылықтан оралады. Қажылықтан кейін 23 жыл өмір 
сүріп, 1929 жылы басы алынып шейіт болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет