82
басқа заттар сыйлайды. Үйге
кіре берісте қыздың анасы, жеңгелері, бірге
туғандары қарсы алады. Оларға да шашу шашылады.
Түркия қазақтарының тағы бір ерекшелігі қандайда болсын мерекелер
мен іс-шараларда ошақ басында ер адамдар жүреді. Олар күріштен палау
басады (ол күрішті «ауған күріш» деп атайды). Шамасына қарай 5-6 қой
сойылады. Осындай мерекелерде Түркия, Ауған, Иран қазақтарының
ауызбірлігі бекем, олар осындай жиылыстардан қалмауға тырысады. Бұндай
іс-шараларды барлығы яғни қыз жақтан рулас,
аталас ағайындарының бәрі
бірігіп жасайды. Қыздың үйіне ағайын-абысындары бауырсақ пісіріп
дастархан жайып көмектеседі, шәйға түрік халқының тәттілері қойылады.
Күйеу жігіт келісімен қыз жақтың жеңгелері күйеу жігітті, күйеу жолдас
екеуін өздерімен бірге дастархан жайылған басқа бөлмеге алып барады.
Бұрындары отқа май құйғызатын, қазір ол өте сирек десе болады. Бірақ күйеу
бала келгенде адыраспан тұтандырып, отпен аластайды. Қазіргі кезде
түріктің салты бойынша түрік
саздарын қойып, жастар, қыздың апа-
сіңілілері, құрбылары, жеңгелері күйеу жігітті билеп қарсы алады. Жеңгелері
күйеу жігіттің қалтасын қарайды, «жеңгетай», «төс тартар» сынды кәде
ретінде үлестіру үшін күйеу ақша-пұлын дайындап келуі қажет. Бөлек
бөлмеде жастармен отырған күйеу жігітке қыздың анасы кәмпит салынған
табақ тартады. Оның үстіне түріктің ақшасы лира немесе доллар салып шашу
шашады. Күйеу жігітке төс тартқанда күйеу мен
қатар қыздың жезделеріде
күйеу табаққа ақша салып күйеу жігітке көмектеседі. Салған ақшаны
жеңгелері сонда отырғандар бөліп алып жатады. Күйеу жігіттің бөлмесінде
ән айтылып, би биленеді, қазіргі кезде жастар түрік музыкасына билейтін
болған. Тағы бір ерекшелігі осындай жиылыс,
мерекелерде ер адамдарға
бөлек, әйел адамдарға бөлек бөлмелерде дастархан жайылады. Егер үй тар
болған жағдайда онда ер адамдар бірінші отырып, екінші дастарханды
әйелдерге арнап жаяды. Кешке жігіт жақтан келген құдалар ауылдарына
кетеді. Күйеу жігіт пен күйеу жолдас қалады.
«Қыз көрсетер» салты болған. Қыздың жеңгелері күйеу жігітке қызды
көрсетіп көрімдігін алған. Ол кезде қыз ұялып, оны жеңгелері көтеріп апарып
көрсететін болған. Яғни, бір бөлмеге төсек салып жігітті отырғызып, сол
бөлмеге жеңгелері қызды көтеріп апарып күштеп кіргізеді. Ол да ойын
түрінде өтеді. Бірақ екеуі жақындаспайды.
Өзінің де бірталай қайын
сіңілілері көтеріп бөлмеге кіргізгенін айтады ақпарат беруші (XXХ). Яғни
бұл салттар әзіл-қалжыңға аралас өтетін болған. Қызды көрсеткен жеңгесіне
күйеу «жеңгетай» сый деп ақша не білезік, жүзік сияқты бұйымдардан
қыздың жеңгелеріне берген.
Достарыңызбен бөлісу: