Қазақстан Республикасы ұлттық тұтастығымызды қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет23/24
Дата05.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#71691
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
annotation20277

ҚОСЫМША - А. 
Түркияда тұратын қазақтардың ұзақ-салдар көш тарихына назар 
аударғанда мына төмендегі батыр тұлғалар туралы көп деректер 
келтіріледі: 
Бөке батыр Жырғалаңұлы (1846-1904). Шыңжандық қазақ 
жазушысы Шәкен Құмарұлы «Бөке батыр» атты тарихи романына сүйенсек, 
1846 жылы туған. Артына халқын ертіп, Тибет асып, Үндістанның 
шекарасына ат тұмсығын тіреп тоқтайды. Бұл 1900 жылдардың шамасы. Бөке 
батырды 1904 жылдың жазында Тибет төрелері ел астанасы Лхаса қаласына 
шақырады. 1898 жылы Бөке батыр 1500 үйлік руластарын тік көтеріп, 
Алтайда әрекет бастады. 1903 жылы Тибеттің Нақша ауданына 
келгендеТибеттің биік таулы табиғатына көндіге алмай және ауа аздығынан 
пайда болған “ыс” ауруына шалдығып қайтыс болды. Сүйегі Тибет 
автономиялы 
районы, 
Алтынтоқ 
ауданына 
жерленді. 
Чиң әскерлері Бөке батырдың денесін көрден суырып алып, басын кесіп 
әкетіп, Үрімжі көшесіне іліп қояды. Кейін баласы Рабай әкесінің басын сұрап 
алып, байырғы мекені Алтай өлкесіндегі Шіңгілінің бойы, Аралтөбе ауылына 
қарасты Обаты қыстағына әкеліп жерлеген. Тибет пен Алтайда жерленген 
Бөке батыр Жырғалаңұлының басы мен денесі бір-бірінен 3 мың шақырым 
қашықта жатыр. 
Зайып Тәйжі Алтай, Баркөл өңіріндегі барлық қазақтар сияқты Бөке 
батыр бүлігін Зайып Тәйжі де жақсы білетін. Гоминдаң басқарған 
Шынжаңдағы шырғалаң таусылады, зорлық-қорлық басылады дейтін үміт 
жоқ. Сондықтан ол да өз қауым- халқын бастап, тауқыметті көш жолына 
түсті. Тибетке келгенде Зайып Тәйжі де дауа қонбас дертке шалдығып
қайтыс болды. Демек, бұл көсемнің тағдыры да Бөке батыр тағдыры сияқты 
тиянақталды. Бір шүкірлігі — көш кідірмей, әрі қарай жалғаса берді. Көштің 
ендігі тізгінін Елісхан Тәйжі мен Оспан Зайыпұлы қолға алып, оны Түркияға 
дейін жеткізді.
Зайып Тәйжі Керейдің Базарқұл руына жататын. Одан Макеран, Оспан, 
Қаратай, Дақар дейтін төрт ұрпақ өмірге келді. Қаратай шайқаста шәйіт 
болды, Макеран көш жолында ауырып өлді. Дақар тірі Түркияға дейін жетті. 
Сол ұлдардың ішінде әкенің зор сенім артатыны Оспан еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет