4.3 Марқұмды әрулеуге байланысты ерекшеліктер.
Түркиядағы қазақтары да адам қайтыс болса молда шақырып,
шымылдық іліп оң жаққа салады. Ол жөнінде И. Сванберг өз еңбегінде, адам
қайтыс болған соң жасыл шымылдық пен орамал ілінетіндігін айтады.
Сонымен қатар оны салатын табытты мешітке апарып қоятындығын, онда
кімнің қайтыс болғандығы жөнінде хабарлап тұратындығын айтады (7,
С.182-183). Сондай ақ марқұмның жаназасын шығармас бұрын оның сүйегін
жуады. Оған ертеректе ағайын туысқандар қатысса, соңғы кезеңдерде
мешітте шығарылатындықтан арнайы кісілер жуады. Қабірді қазу арнайы
кісілерге тапсырылады. Марқұмды жерлеп болған соң оны киімдері
кемтарларға, жағдайы нашарларға үлестірілсе, бағалы, құнды заттары туған-
туысқандарына беріледі. Сүйек жуушыларға да марқұмның киімін береді.
Марқұмды жерлеген соң қаралы үйде бірнеше күн аза тұтады. Ол жөнінде И.
Сванберг: «Жерлеп болған соң 7 күн аза тұтып, ол үйде ас әзірленбейді.
Адамдар күлмей, көп сөйлемей тыныштық сақтайды. Осы күндері тек
әйелдер келіп, оларға тамақ, ас-су әкеліп тұрады. Жетінші күні «жетісі»,
қырық күннен кейін «қырқы» өткізіліп, құран оқылып, бір жылдан кейін
жылы беріледі», - деп көрсетеді (7, С.184.). Бірақ Ауғанстан, Ираннан келген
қазақтарда «үшін» беру де қазақ дәстүрінде кездесетіндігі айтылады. Егер
адам қайтса Германияда болса да Түркия еліне әкеліп қоятындығын айтты
Әбдрахман Четин. Ал, мазары түріктермен бірге аралас. Марқұмнан қалған
дүниенің барлығы қара шаңырақта отырған кіші ұлдың меншігіне өтеді.
Бұрындары одан бөліс сұралмайтын. Себебі, басқа ұлдары сол үйленгенде өз
үлестерін алып қойған деп есептелетін. Бірақ қазір заң бойынша атадан
қалған мүлік барлық баланың үлесі болып саналады.
Марқұмды қадірлеу мақсатында олардың басына құлпытас орнатылып,
ескерткіштер қойылады. Хасен Оралтай: «Әкем Қалибек Райымбекұлы
Хакімнің Түркияның Салихлы қаласының орталық мазарлығындағы қабыры
басындағы құлпытасында ата-тегін былай түсіндірілген Түрік - Қазақ- Орта
жүз – Байлау – Керей – Жәнтекей – Сүйінбай – Сәмембет – Есентай – Барқы
– Бөгенбай – Қаташ – Шөті – Қожалақ – Райымбек - Қалибек Райымбекұлы
Хакім – деп жазған [2, 11б].
Қазіргі кезеңде ауылдың шетінде мыңдай қазақтың зираты бар, әрине
түріктермен бірге қойылған.
Осы жердегі яғни Ыстамбұл қаласының
Гюнешлі ауданындағы сол замандағы көш бастаушылардың аты қашалып
жазылған ескерткішті көрсетіп Мансұр Тәйжі: «Бұл - Алтайдан Анадолыға
89
алғаш көш бастап барған ел азаматтарының есімдері... Түркияға табан
тіреген қазақ көшінің 50 жылдығына арналып осы ескерткіш орнаттық.
Тасқа қашалып жазылған ата- бабаларының есімдері мен тарихи шежіресі
ұрпақтар жүрегінде мәңгі сақталатыны хақ». Бұл ескерткіш те қазақтардың
жинаған өз қаржыларымен салынған. Осының барлығы сырттағы
қазақтардың ұрпағы ата-бабасын, тарихын ұмытпау үшін, рухына бас иіп
жүрсін деген тілекпен орнатылған.
|