91
байланысты материалдарда олардың негізгі бөлігі сол жергілікті ортаның
әсерімен «арқа жастығын» жиі пайдаланса, ал баспана құрылыстары да
түріктердікіне жақын болып келеді. 3 не 4 қабатты үлкен үйде
бір атадан
тараған отбасын құрған балалары әр қабатты иемденгенін көрдік. Бірақ
мұнда бұрынғы патриархалдық жүйемен ата-анасы балаларының үстінен
қарайды. Сондай ақ Түркия қазақтары қазақ қауымдастығы орталығына
ертеректе киген киімдерінің бірнеше түрлерін тапсырған. Ондағы мақсат
болашақ ұрпағының мәдени мұраларын насихаттау, ұрпағының оны жадынан
тастамауын қалайды. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне келетін болсақ, олардың
қазіргі кезеңдегі дәстүрі біршама өзгеріске түскен. Ол әрине жергілікті
халықтың ықпалы екендігі анық. Мәселен, Түркиядағы қазақтардың қыз
ұзату, келін түсіру дәстүрлерінде түрік
халықтарының ықпалы анық
байқалса, Иран, Ауғанстандағы қазақтарда дәстүрлі мәдениетті көбірек
сақтағандығы анық. Түркия қазақтарының жергілікті түрік халықтарымен
некеараласу жиілеп кеткендігі байқалады.
Зерттеу барысында тағы бір көз жеткізгеніміз Түркиядағы қазақтардың
тарихи отанға оралуға аса ынтасы жоқ екендігі байқалады. Себебі, еліміз
тәуелсіздік алған жылдары елге келіп, бизнес көздерін ашпақ болғанда тауы
шағылған олар, қазіргі кезеңде елге оралуға бір жағынан қорқыныш болса,
ендігі бір тобы Қазақстанның саясатын сыртқа таныстыруда қазақ
диаспорасының ролі зор деп санайды. Сондықтан
Қазақстан сырттағы
отандастарымыздан қол үзбей, мүмкіндігінше тығыз қарым – қатынаста
болып, еліміздің жетістіктерінен хабардар болу қажет.
Еліміздің сойылын соғатын сырттағы қазақ диаспорасы күштi болу
үшiн Қазақстандағы мемлекет құраушы ұлт — қазақ мықты болуы керек. Ол
үшін қазақтың тiлi, дiнi, тұғыры, мықты болып, ұлтжанды сананы
қалыптастыруымыз керек. Елiмiзде қазақ тiлiне толыққанды көңiл бөлiнбесе,
Қытай мен Ресейдегi, Түркия мен Еуропадағы миллиондаған қазақтар да iшкi
ассимиляцияның оңай құрбанына айналады. Сондықтан Қазақстан мемлекеті
қазақ халқының тұтастығын қамтамасыз ету барысында сырттағы
қазақтардың саяси, әлеуметтік-мәдени
сұраныстарын қанағаттандыру
мақсатында тығыз қарым-қатынаста болуымыз керек.