2.3
Қазіргі
кездегі
Түркиядағы
қазақ
диаспорасының
проблемалары
Түркиядағы қазақ қандастарымыздың арманы Қазақстанның барлық
сыртқы және ішкі саясатымен, жаңалықтарымен таныс болу, мәліметтеріне
қанық болу. Соңғы кезеңдерде оларға Қазақстаннан түрлі кітаптар,
журналдар көптеп барғанмен, түрiк елiндегi қандастарымыз кирилл әрпiн
танымайды. Сондықтан олардың бар ниетi - елiмiздiң тездеп латын әлiпбиiне
көшуді қалайды. Қай қазақпен сөйлессек те Қазақстанның латын тіліне
көшіп, емін еркін ақпарат көзімен алмассақ, деген пікірлерін айтады. Осыған
46
байланысты қауымдастықтың бұрынғы төрағасы Дәруiш Қылыш былай
дейдi: " Түркиядағы қазақтар болсын, Еуропадағы қазақтар болсын, қазақша
кiтап-журналдарды, баспасөздi оқи алмайды. Мұнда бiздiң жеке
кiтапханамыз бар. Онда Қазақстаннан жiберiлген 5000-нан аса кiтап шаң
басып тұр. Оның iшiнде Абай атамыздың, Мұхтар Шахановтың, т.б. қазақ
ақын-жазушылардың кiтаптары бар. Бiрақ оны оқуға мүмкiндiк жоқ",- деп
қынжылады [24].
Зейтiнбұрны ауданында Абай атындағы орта мектепке ғұламамыздың
аты берілгенмен қазақ балалары түрiк тілінде білім алады. Дәруiш
Қылыштың айтуынша, «Қазақ қауымдастығы» жанында қызмет ететiн
қордың қазақша мектеп ашуға қаражаты жетпейдi. Екiншi жағынан бiз бөлек
қазақ мектебiн ашып, қазақша бала оқытамыз, деуге ыңғайсызданамыз. Әу
бастан әкелерiмiз мұнда келгенде, түрiктер бiздi жылы шыраймен, құшағын
жайып қарсы алған. Қазақ су iшкен құдығына түкiрмейдi. Жалпы, екi ел
арасындағы ынтымақтастық өсу үстiнде ғой, сондықтан бұл мемлекет те
қазақша мектеп ашуға қарсы болады деп ойламаймыз. Бұл орайда Қазақстан
Түркияда қазақ мектебiн ашуға өзi түрткi болмаса, бiздiң мұнда мектеп ашуға
жағдайымыз жетер емес. Қазақ тiлiн өзiмiз де көп бiле бермеймiз. Қазақ
мектебiн ашсақ, оған мұғалiм, кiтап-оқулықтар керек. Сондықтан бұған
мемлекет тарапынан үлкен көмек қажет" — дейдi Дәруiш Қылыш (ІХ)
Сондай ақ Стамбұлда кешкi 5 пен 6 арасында далада жүрген бiрде-бiр
қазақты көрмейсiң. Өйткенi дәл осы уақыт аралығында "Caspionet"
телеарнасынан бiр сағат «Айтыс» көрсетіледі екен. Алты қабатты Қазақ
қауымдастығының бiрiншi қабатын қандастарымыз арнайы телеарна көруге
арнапты. Төрде үлкен үй кинотеатры тұр. Онда күнi бойы бiр ғана телеарна
көрсетіледi, ол - "Caspionet". Көне көз қариялардан мәліметтер алғанымызда
олардың көпшілігі айтысты сүйiп көретіндігін айтты [24]. Бiрақ қария
айтыстың бiр-ақ сағат көрсетiлiп жүргенiне қынжылады. «Қазақ түркілері
қоғамы» мүшесі Дәруiш Қылыш болса, жастарға арналған қызықты ток-шоу
бағдарламаларының, жаңа заманғы қазақша әндер мен бейнеклиптердiң
көптеп көрсетiлуiн тiлейдi. Себебi Стамбұлдағы қазақ жастары айтысқа
қатты құмартпайды екен. Есесiне Түркияда 100-ден аса түрiкше телеарна
болған соң, жастар көбiне жергiлiктi телеарналарды қызықтап көредi.
Сондықтан Түркия қазақтарының бар тiлегi — "Caspionet"-тен қазақша
хабарлардың да көптеп көрсетiлсе деген тілек айтады. Егер осындай қазақ
тілінде көрсететін телеарналар көп болып, әр түрлі бағдарламалар болса
жастарымыз тілін үйреніп те қалар ма еді деген пікірлерді айтады (ІХ).
Жалпы, жергiлiктi қазақтардан байқағанымыз, олардың тiлдерi түрiктенiп
барады. Оның үстiне аты-жөнi, есiмдерiнiң денi — түрiкше.
Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері ата-жұртқа қайтып жатқан қазақ
отбасылары да кездеседі. Кәмiл Гезердiң мәлiметiне арқа сүйесек, жыл
сайын 50 отбасы Қазақстанға қарай жол тартады екен (Х). Бiрақ Дәруiш
Қылыш көшi-қонның қиындығын да тiлге тиек етедi. Бұл орайда ол:
"Қазақстанға кетiп жатқан қазақтардың әуежайдан шыққан соң, барар жерi
47
жоқ. Сондықтан бiздiң өтiнерiмiз, Қазақстанға көшiп жатқан оралмандарды
бес-алты айдай бiр орталыққа қоныстандырып, сол уақыт аралығында тым
болмаса, тiлдi, жазуды үйренсе деймiз. Бұл жердегi жастар елге оралуы
керек. Түркиядағы қазақ жастарының арасында дәрiгерлер, полицейлер,
мұғалiмдер, әскерилер, т.б. маман иелерi бар. Олардың да елге қайтқысы бар.
Бiрақ жастар: "Бiз Қазақстанға қайтсақ, олардың жазуын бiлмеймiз. Қайтадан
бiрiншi класс баласының күйiн кешпеймiз бе?" деп қорқады», -дейдi.
Дегенмен, Түркиядағы қазақтардың көбi елге оралуға асықпайтын
сияқты. Себебi мұндағы қазақтардың денi шағын бизнеспен айналысады.
Яғни, тұрмыстық деңгейi өте жақсы. ХХ ғ. 70-80 жж. күрт дамып кеткен терi
өңдеу бизнесi жергiлiктi қазақтардың әл-ауқатының өсуiне зор септiгiн
тигiздi. Дәруiш Қылыш өз бизнесiн Қазақстанға көшiруге ынталы. Бiрақ
Қазақстанда шағын бизнестi ашудың қиындығын айтады. "Стамбұлдан елге
қайтайын десек, Алматыда үйдi жалға алу өте қымбат. Сосын екi елдегi үй
бағасының ара-қатынасы жер мен көктей. Алматыда үй бағасы шарықтап
тұр. Оның үстiне бюрократия бар. Бiр кәсiпорын ашайын десек, бiр емес,
бiрнеше есiктiң табалдырығын тоздыру керек екен. Қазақстанға барып,
бюрократияның кесiрiнен орныға алмай, қайтып келгендер де бар" — дейдi,
Дәруiш Қылыш (ІХ). Сондықтан сырттағы қазақтарды елге үлкен
жеңiлдiктермен көшiру мәселесi де қамтылса жөн едi. Әсiресе шетелдегi
қазақтардың шағын бизнесiн елiмiзге көшiруге мемлекет тарапынан қолдау
көрсетiлсе еліміздің экономикасының дамуына бірден-бір септігі тиер еді.
Бұл да шетелдiк қазақтардың бiр тiлегi.
Қандастарымыз елiмiздiң небiр тарихи, мәдени жерлерiн түрiк елiндей
насихаттап туризм орталығына айналдыруға да болады деген ұсыныстарын
да айтып қалды. Елiмiздiң туристiк орталықтарын, қорықтары мен шұрайлы
жерлерiн көркейтіп, Қазақстан туризм кластерiн дамытса, елiмiзге мұнайдан
да көп ақша түсер едi, - деп, ата-баба жұртына жанашырлық танытады.
Зейтінбұрында 400 000 халық тұрады. Аталмыш ауданды бірлігі жарасқан
мекен деп те атайды. Өйткені, бұл жерде қазақпен бірге, түбі бір түрік
халықтары - әзірбайжан, қырғыз, өзбек тату өмір сүріп жатыр [28].
Зерттеу барысында біздің ақпарат берушілерге қойылған Қазақстанға
неге бармайсыңдар? деген сауалға кейбіреуінің тарихи Отанда біраз болып,
саудамен де айналысқандығын айтып берді. Бірақ Қазақстанға барғанымызда
біраз кемшіліктер болды. Келіңдер дейді, бірақ жағдай жасалмайды нақты
берілген жер, үй жоқ. Жұмыс жоқ. Көші-қонмен де біраз айналыстым. Сауда
да кішкене зиян шектік. Қазақстанға барғымыз да келеді. Екінші жағынан
біздің ұрпақтарымыз қазақтықтан кетіп барады. Қазір түрік жерінде Керейдің
Қарақас руынан 150 үйдей бар, 500 дей жан саны бар. Қарақас, Назым,
Байым деп 3 атаға тарайды. Соның шежіресін жазып жатырмын. Күнкөрістің
қамымен тұрып жатырмыз. Бірақ жүрегімізде Қазақстанның тілеуін тілейміз.
Қазақстаннан гөрі Түркиядан жақсылықты көп көрдік. Жер іздеңдер, жұмыс
істеңдер дейді. Біз Түркияда бірімізге біріміз сүйеу болып жан сақтап келген
елміз. Ал 3-4 үй ғана көшіп кетсе ол бізге ыңғайсыз. Үйін сатып Қазақстанға
48
барғандар Түркияға қайтып келіп үй ала алмай қалғандар да бар. Біздің бір
кемшілігіміз оқыған азаматтарымыз аз, кезінде көбісі оқи оқымады. Қазір
жақсы жастарымыз жаңадан оқып жатыр, деді қазақ вакифын 3 жыл
басқарған Омар Жігіт (ІV).
Қазақстан алыс шетелдердегі қазақтарға қатысты саясатында
Қазақстанға, атамекенге деген патриоттық сезiмдi күшейтуге бағытталуы
тиiс. Өйткенi, Түркия және Еуропа елдерiндегі қазақтар арасында Қазақстан
туралы салқын көзқарастардың болып жатқаны байқалады. Оларда
тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарындағы Қазақстан дегенде құлағы елең ете
түсiп, елiм деп жүрегi толқып кететiн отандық сезiмнiң басылғаны, тiптi
Қазақстанға немқұрайды қарай бастағаны назардан тыс қалмауы керек.
Мұның басты себебi, алғашқы жылдардағы Қазақстаннан келген
азаматтармен болған кейбiр түсiнiспестiктер мен келеңсiз тәжiрибелер.
Сонымен қатар, тәуелсiздiктен бергi 20 жылда Қазақстан мемлекетiнен
рухани және материалдық тұрғыдан қолдау таппағандары. Сондықтан
Қазақстан туралы патриоттық сезiмдердi күшейтетiн үгiт-насихат шараларын
көбейтіп, оған баса мән беру қажет. Ол үшiн, шетел қазақтарымен Қазақстан
арасындағы байланысты күшейту қажет. Дүниежүзi қазақтары құрылтайлары
жүйелi түрде өткізілуі тиiс. Оған халықтың жас, кәрi әртүрлi өкiлдерiнің
түрлi мамандарынан адамдар қатыстырылуы орынды (V).
Қазіргі кезеңде жас өспiрiмдер ана тiлін ұмытып, сол тұрған ортасына
көбiрек бейiмімделуде. Сондықтан елім, жерім дейтін әрбір қазақ қай жерде
жүрмесе де жас буындарға Қазақстан мемлекетiн, туған елiнің жетістіктерін
насихаттау қажет. Сондықтан құрылтайларды жиірек өткізіп, үлкен, кiшi
демей әр буыннан адамдар қатыстырылуы керек. Қазақстандағы ұлттық және
мерекелiк күндерге шетел қазақтарын әсіресе жастарды қатыстыруға күш
салу. Құрылтай, пiкiр алмасу, талқылау жүргiзу деген сөз. Оған әрине шетел
қазақтарының ой айта бiлетiн, Қазақстанның жетiстiстiктерiн елiне
қайтқаннан кейiн ауыл-аймағына, туыстарына әңгiмелеп бере алатын
адамдар шақырылуы тиiс. Сондықтан бұған шетелдегi қарапайым адамдар
қатыса алмауда. Бұл себептен шетел қазақтарын Қазақстанмен қарым
қатынасын жалғастыру үшiн басқа жиын шараларды да ойластырған жөн.
Мәселен, Астана күнi, тәуелсiздiк мейрамы, наурыз сияқты ұлттық және
мерекелiк шараларға шетел қазақтарының өкiлдерiн шақырған дұрыс. Ол
құрылтай болмағандықтан халықтың әр буынынан адам шақыруға болады.
Мұнда тек қана, бiр шақырылған адам, екiншi шақырылмайды деген принцип
болуы орынды. Кезiнде Тайвань өкiметi осындай шара қолданатын. Қытай
Халық Республикасына қарсы бұрынғы Қытай азаматтарын үгiттеу үшiн
Қытай диаспора өкiлдерiн, оның iшiнде Қытайдан ауып келген Түркия
қазақтарының өкiлдерiнен жыл сайын 15 адамды бүкiл шығындарын көтерiп
Тайвань Республикасы күнiне 30 күнге шақыратын. Мұндай шараларды 30
күн үшiн болмаса да бiр апта, екi аптаға Қазақстанның да ұйымдастырғаны
жөн. Сөйтiп, алыс шетел қазақтарын Қазақстан туралы көбiрек құлағдар ету
керек. Өйткенi өз отаны туралы мәлiметi жоқ адам, қалайша отанына қызмет
49
ете алады? Оның имиджiн шетелдерде қалай көтере алады? Сондықтан
мысалға 8 наурыз халықаралық әйелдер күнiне шетел қазақтарының
аналарын, оқымысты қыздарын шақыру керек. Жазда каникулға баратын,
университетте оқып жүрген жастар үшiн бiр айлық тiл-мәдениет
бағдарламаларын ұйымдастырған да жөн. Шетел қазақтарын бауырға тарту
туралы Қазақстанда үгiт-насихат шараларына маңыз берген дұрыс. Өйткенi,
Қазақстанның жергiлiктi халқының, мемлекеттiк орындардағы, әкiмшiлiктегi
қызметкерлердiң шетел қазақтарына менсiнбей қарағаны және басқа да
келеңсiз жағдайлардың аз да болса болып жатқаны айтылуда. Мұнда шетел
қазақтарының өздерiнiң қателiктерi де бар шығар. Дегенмен бұрынғы
кеңестiк жүйенiң қазақты қазаққа салу саясатының үгiт-насихаттарының да
керi әсерi әлi толық жойылмағаны байқалады. Қазақстан азаматтарының
шетелден келген қазақтарға "байдың тұқымдары", "кезiнде алтындармен
(қайдағы алтын екен!?) қашып кетiп едiңдер, ендi не беттерiңмен келiп
жүрсiңдер?", немесе "кезiнде қиыншылықты бiз көрдiк, сендер қаштыңдар,
ендi жағдайымыз жақсарғанда келiп жүрсiздер" деген сөздер естiлiп жүредi.
Мұндай орынсыз сөздердiң шетел қазақтарына оқтай тиетiнi белгiлi. Мұның
шетел қазақтарының отандары туралы ұлттық сезiмдерiне керi әсер етпей
қоймасы анық. Сондықтан мұндай бұрынғы бодандық жүйенiң орынсыз
пiкiрлерiнiң әсерiн жою үшiн Қазақстанда шетел қазақтарының тарихын,
мәдениетiн, олардың отанға деген ыстық-ықыласын танытатын шаралар
ұйымдастыру қажет. Әсiресе, олар туралы деректi фильмдерге, кiтаптарға,
театрлық ойындарға көбiрек орын беру керек. Осы орайда шетел
қазақтарының ұлы батыры Оспан батырдың күресi және тарихы туралы
Қазақстанға соңғы уақыттардағы ұйымдастырылған шаралар өте әсерлi
болып жатқанын атап өту орынды. Шетел қазақтары мен атамекендегi
қазақтар арасында өзара түсiнiстiк, сүйiспеншiлiк, ынтымақтастық
қалыптаспайынша,
Қазақстанның
диаспора
саясатының
ұтымды
болмайтыны, қағаз бетiнде қала беретiнi айтпаса да түсiнiктi, -деп әңгімеледі
Абдулуақап Қара (V).
Сонымен бірге шет елдерде ата-бабасының этномәдени мұраларын
сақтап, насихаттап жүрген тірі шежірешілер, ақын-жыршылар, т.б. кездеседі.
Сондықтан Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы, ҚР Мәдениет министрлiгi
шетелдегi қазақ зиялыларына, ғалымдарына, өнерпаздарына ерекше көңiл
бөліп, олардың творчествосын дамытып, туындыларын шығару үшiн ерекше
бағдарламалар жасалып, мемлекеттiк қолдау көрсетілсе құба-құп болар еді.
Сондай-ақ мұндай азаматтарға атамекеннiң зиялы қауымы және ғалымдары
мен танысу, елдi зерттеп жетiстiктерiн тұрған елдерiне үгiттеп насихаттауы
үшiн нақты шаралар ұйымдастырылса шеттегі қазақтардың туған елге деген
құрметі арта түсер еді. Сөйтiп шетел қазақтарының атамекенмен
байланысын мейлiнше күшейту қажет.
Зерттеу барысында көз жеткізгеніміз көптеген ақпарат берушілер
Түркиялық қазақтарды көшiру тиiмдi емес, деп санайды. Өйткенi көшiп
барғаннан кейiн баспана керек, жұмыс керек. Оларға қол жеткізсе де тіл
50
білмеудің қиыншылығы да біраз азапқа түсіретіні анық. Сондықтан
Түркиядан Қазақстанға қоныс аударған қазақтардың кейбір тобы алғашқы
кезде бiрнеше айдан кейiн Түркияға қайтып оралғандығын да білеміз. Жалпы
алғанда жақын шетел қазақтарына қарағанда, алыс шетел қазақтарының
жергілікті ортаға тез бейімделуі қиынырақ. Сондықтан алыс шетел
қазақтарын көшiруге қарағанда жақын шетел қазақтарын көшiру ұтымды.
Дегенмен де өз мүмкiншiлiктерiмен көшiп келіп жатқан Түркиялық қазақтар
да кездеседі. Сондай ақ еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қаншама Түркиялық
қазақ жастары Қазақстан жоғары оқу орындарынан бiлiм алды. Олардың
көпшiлiгi Қазақстанда қалып, жұмыс істеп, отбасын құрды. Тiптi
кейбiреулерi ата-аналарын Түркиядан көшіріп алғандары да бар. Ендігі бір
тобы Түркияға қайтып жұмыс iстеп жатыр. Олар қазақшаны, орысшаны
жақсы меңгерген, Қазақстан туралы мәлiметтерi де пікірлері де оң.
Сондықтан шет елдегі қазақ жастарын Қазақстан жоғары оқу орындарына
көбiрек тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау керек.
Жоғарыда айтып өткендей, қазiргi таңда Түркия қазақтарының
көпшiлiгi, әсiресе орта жастан төменгi буындардың барлығы қазақ тiлiн
бiлмейді. Еліміз тәуелсіздігін алып, Түркия мен Қазақстан арасындағы
достық қарым-қатынас орнағаннан соң Түркиядағы қазақтар орталығында
«тіл курстары» ашылып, оқытылған. Бірақ ол аса ұзаққа созылмаған.
Сондықтан қазақ тiлiн үйретуді жүйеге енгізу қажет. 2007 жылы
Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығы осында тiл орталығын
ашқандығы белгілі. Онда қазақтарға қоса түрiктер де тiл үйренуде. Бiрақ бұл
орталық шектеулi мүмкiншiлiктермен жұмыс iстеп жатыр деуге болады.
Сондықтан мұндай тіл үйрету курстары тек елшілікте ғана емес, басқа да
орталықтарда ашылу қажет.
Түркиядағы қазақтарды Қазақстанның ішкі және сыртқы жағдайларымен
таныстырып, бауырластарымен тығыз қарым-қатынас орнату үшін де қазақ-
түрiк тiлiнде мерзімдік басылымдар шығарылудың да маңызы зор. Ол үшін
осы екі тілді білетін мамандарды, Түркияда оқып жатқан қазақстандық
студенттердi пайдалану арқылы еліміздің және сондағы қазақ азаматтарының
рухани мұраларын жарыққа шығару керек. Сонда олар қазақ тiлiн ғана емес,
сонымен қатар түркиялық қазақтардың Қазақстан жөніндегі түсініктері
көбейеді.
Көшті басшыларының бірі Хұсайын Тәйжінің баласы Мансұр Тәйжі
қазіргі кезеңде Қазақстан азаматы. Стамбул қаласында бір баласы тұрады,
сондықтан ол жақтан да қол үзбейді. Көш кезінде 4 жаста болған, ол өз ата
бабасы туралы естеліктерін болашақ ұрпаққа қалдыру үшін қазір қағаз бетіне
түсіруде. «Батаменен ер көгерер» дейді қазақ. Ол ақ тілеудің белгісі.
Халқымызда жұрт пен елдің амандығы тілеп, ақсақалдар бата беріп отырған.
Түркиядағы ағайынымыз Рамазан қария көркем сөзбен, қара өлеңмен,
шешендік тілмен, қол жайып айтылатын осы ежелгі салт- дәстүрді жастарға
өнеге етіп жүр.
51
Қазақстанның тәуелсіздігінен кейінгі жылдары атап айтқанда 1993 шет
елдерден 10 мың отбасы квотамен көшіп келеді. Соның ішінде Г.Н.
Мырзағалиеваның берген мәліметі бойынша Түркиядан 336 отбасы яғни 1618
қазақ ата-мекеніне көшіп келеді [43, 165 б.]. Алғашқы кезде Түркиядан
келген Қарасай ауданындағы қазақтардың берген мәліметі бойынша
өздерінің алғашқы ата-мекені Қызылорда облысына қоныстанғанын айтады.
Бірақ кейін ол жерді жерсінбей Алматы облысына келіп қоныстанады (І).
Олардың кейбір тобы үйренісе алмай қайта көшіп кетеді. Әрине бұл
кезеңдерде еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қиыншылықтың
болғаны белгілі. Түркиядан бірнеше жүзге жуық қандастарымыз Алматы
облысына көшіп келді. Олардың басым бөлігі облыстың Нұралы ауылы мен
Қарасай батыр ауданында тұрады.
Түркиядағы оралмандар үшін бөлінген квотаға сәйкес 1999 жылға дейін
90-ға жуық отбасы (барлығы 116 адам), ал 1999-2007 жылдар аралығында
ҚР үкіметінің «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша -400, сондай-ақ 2008-
2012 жылдар ішінде өз мүмкіндігімен -25, барлығы 515 –ке жуық отбасы
(барлығы - 2000-нан астам адам) Қазақстанға көшірілген [44]. Түркиядан
оралған қандастарымыздың негізгі бөлігі Алматы облысына шоғырланған.
Достарыңызбен бөлісу: |