45
Ол жақта да қазақтар алғашында саудамен айналысқан, одан кейін
сауда жүрмей қалғаннан кейін, түрлі жұмыстар істеп күнелтті. Негізінен
Түркияда тұрғанда балалар білім алған жоқ еді, балалар оқымады. Қазір
жастар оқып, үкімет жұмыстарын істеп жатыр. Сол Еуропаға барғанымызға
50 жылға жақындап қалды. Еуропа елдеріне жұмыс күші ретінде бардық.
Бүгінде жастардың Қазақстанға келгісі жоқ. Жалпы сырттағы қазақтар елге
барғанша шет елде тұрып, қазақ елін дәріптеген жақсы деп ойлаймын, бұл
ойымды Құрылтайда да айтқанмын. Еуропа елдерінде де қазақтар жиылып
жылына бір рет құрылтай өткізіп тұрады. Ал енді жастар өздерін қазақ екенін
ұмытпау үшін арнайы сол тұрып жатқан елдерінде қазақ қоғамдары
құрылған. Сол қоғамдарда Қазақстаннан көмек ретінде тіл үйірмелерін
ашып, тілін, домбыра үйірмелерін ашып, үйретсе домбыра тартатын адам
жоқ. Бұл жақта ешкім тарта алмайды. Қоғамнан көңіл бөлініп, іздеп жатқан
ешкім жоқ. Мен өзім Президентке қанша рет ниет білдіргенмін. Кейін
Қазақстан Парламентінде Берлинде қазақ орталығы ашылсын деген шешім
шыққан. Ал бала оқыту үлкен мәселе, көңіл бөліп жатқан ешкім жоқ.
Қазір халықтың жағдайы төмендеп кеткен. Нанын тауып күндерін көріп жүр.
Еуропадағы жастар жаңадан білім алып, жұмыс істеп жатыр. Қалғандары
сол қара жұмыста аэропорттарда, т.б. жерлерде жұмыс істейді. Терімен
айналысатындар Францияда бар, бірақ аз. Жастардың патриоттық, ұлттық
сезімдері бар, елге, жерге деген. Сондықтан оларды бір-бірімен жиі
араластыру керек. Ол үшін Қазақстанмен тығыз қарым-қатынаста болатын
бір көпір болса, оны Елшілік арқылы мемлекет шешеді. Қазақ тілін білу
міндетті болмай қалды, жастарға ағылшын тілін білу міндетті болып тұр,
деп әңгімелейді (ХIV). Сөйтіп Еуропа елдеріндегі екі мындай қазақ
дияспорасы Германия, Франция, Швеция, Голландия және Австрия секілді
елдерде өмір сүруде. 2001 жылы мамыр айында сол қазақтардың бір бөлегі
Германияның Кельн қаласында қазақтардың Еуропаға орналасуының 40
жылдығын атап өтті, -деп жазды Әбдіуақап Қара [38].
Түркиядан Еуропа елдеріне жұмыс іздеп барғандар дамыған Батыс
елдерінің қоғамдық тәртіп, заңды жұмыс режиміне бойы үйреніп
қалғандықтан атамекенге оралулары екіталай. Егер Қазақстан ерекше
қарқынмен дамып, құқықтық жағын реттесе елім деген азаматтардың
оралғысы да келетіндігін байқадық.
Достарыңызбен бөлісу: