64
Егде жастағы әйелдердің айтуы бойынша бастапқы көшіп келген
қазақтар өздерінің киімдерін сақтап қалуға тырысқан. Дегенмен де олардың
үлгілерінде түрік халқы көйлегі үлгілерінің элементтері басымдау болып
келеді. Оның бір ерекшелігі көйлектерінің тым кең және өкшеге дейін
жететін ұзын болуында.
Әйелдері үйде шыт матадан тігілген көйлек кисе, той-думандарда
көйлектерінің омырауы түрлі әшекейлермен безендірілген бағалы жібек,
парша, барқыт т.б. маталардан тігілген көйлектер киеді. Себебі, жібек мата
бағалы саналған.
Оны әулие мата деп санап, онан тігілген киімді жалаңаш
денеге киюге болмайтын. Қазақ қыздары мен келіншектерінде әсіресе орта
жүзде ертеден келе жатқан бел бүрме, қосетек көйлектер 1950 жылдарға
дейін сақталды. Ал жасы үлкен әйелдер 20-30 жылдарға дейін тікжағалы,
жеңі ұзын, тік пішілген, етегі кеңдеу көйлек киеді. Көйлектің бұлүлгісі өзбек
әйелдерінде де кездеседі. Олардың да көйлегінің ұзындығы тобыққа дейін
жететін де, алды көкірекке дейін қиылған болып келеді. Ал қыздар
көйлектерінің жағасы көлденеңінен ойылып, шеті басқа маталармен не
баумен өрнектеліп, алды жабық болып иығынан байланатын не бір түймемен
түймеленетін
[50, С.4-5].
Жалпы, Түркиядағы қазақтардың да Орта Азия халықтарының да
дәстүрлі әйел көйлектерінің омырауы түрлі әшекейлермен безеніп,
омыраудың екі жағына басқа түсті таза не
жылтырақ маталардан өрнек
салынады. Бұл түркі халықтарының киім үлгілеріндегі ортақ үлгіні көрсетсе
керек.
Көйлектің сыртынан қамзол, қысқа, ұзын жеңді, түстері әртүрлі шапан
киеді. Үлкендерінің сырт киімдері барқыт, қыжым маталармен тысталады.
Қыс мезгілінде Түркия қазақтарының басты кәсібі тері, былғары өңдеу
болғандықтан ерлері де, әйелдері де былғары теріден жасалған күртеше,
жилет, тондар киеді. Қай кезеңде болмасын қазақтар көйлектің сыртынан
қамзол, нымша не шапандар міндетті түрде киілетін. Қамзолдың артқы етегі
кеңейтіліп, белі қатты қыналып, денеге жабыстырыла тігіледі. Жас қыздар
мен келіншектер киетін қамзолдарға түрлі әшекейлер қадалып, сәнді күміс
қапсырмалар қадалады. Сондай ақ осы тәріздес жеңсіз және жеңі бар
бешпенттер де болған. Оның жең ұшын неше түрлі жіптермен кестелейді де
белдің қыналған тұсының астынан жарма қалта салынады. Мұнан басқа кең
тараған қамзолдың бір түрі көкірекше не нымшалар. Қой терісінен жасалған
нымша тәріздес киім үлгісі бертінге дейін кездесетін.
Белі қыналмай
қысқалау болып келген олардың екі түрі кездеседі. Бірі қыста киілетін
жұқалап мақта салған түрі, екіншісі тек астарланып тігілген үлгісі. Бұлардың
сырты мауыты, барқыт, қыжым маталармен тысталады. Қазақтардың кең
тараған сырт киімдерінің бірі шапан болды. Бұл жөнінде Л.Ф Костенко:
«…қазақтар жібек не мақтадан тігілген күнделікті киетін шапандар, ал
ауқаттылары бархыттан тігілген ұзын шапандар киген. Оны байлар көйлек
сыртынан кисе, кедейлер жалаңаш денеге де кие салатын. Сонымен қатар
65
мақта-матадан сырылған кең балақ шалбарлар да болған», - деп көрсетеді [51,
С.7.].
Сонымен қатар, ақпарат берушілер көш кезінде 1940 жылдары ата-
бабаларының киізден жасалатын киімдерін: байпақ, кебенек. Теріден
жасалған сырт киімдер: ішік, жарғақ, тақыр шалбар, тон, жадағай шапан,
шекпен, түйе жүн кеудеше, бас киімдері: бөрік, құлақшын, малақай, тақия,
тымақ, аяқ киімдері: кебіс; мәсі; саптама етік болғанын айтты.
Сондай ақ 88 жастағы Сәнияхан әже: біздер бұрындары «Қыз Жібек»
фильміндегі қыздардай киінуші едік деп еске алды. Ақ көйлек, қара бешпет,
қызыл
торғын көйлек, басымызға үкілі бөрік киетінбіз, маңдайында теңгесі
болатын. Осы күні олардан ештеңе қалмады. Түркияға келгеннен кейін
мынау кимешегімізді киюге тиым салды. Себебі түрік ұлтынан
ерекшеленбеңдер деген соң түріктің шыт орамалдарын тарттық, кимешекке
үйреніп қалған біздер жылап еңіредік. Түріктің ішінде тұрған соң түрікше
киініңдер, түріктің әдетін ұстаныңдар деді. Ертеде аяғымызда кебіс мәсі
болатын деп еске алады (ІІІ). Бұл сөздің де жаны бар, себебі
Зейтінбұрындағы «Қазақ вакифындағы» ғимаратта
сонау көшпен келген
қазақтың ұлттық киімдерін көрдік.
Сонымен қатар Түркия қазақтарында жас қыздың басына ақ, қара
орамал тартпайды. Түркияға Ауғанстан, Ираннан келген қазақ әйелдерінде
үлкен шаршы жаулықтар кеңінен қолданысқа ие. Ол алқымнан бір оралып,
қиғашталып бастан жоғары қарай екінші рет байланады. Ол ұзын ақ матадан
басты айналдыра шалма сияқты оралып, жаулықтың бір шеті белге дейін
жіберілетін. Жаулықтың мұндай түрі қазірге дейін қария аналарда жақсы
сақталса, орта жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер көлемі кішірек болып келген
шаршы орамалдарды желкесінен байлайды. Жаулықты әйелдер көбіне
сыртқа шығарда тағады, үйде мойын артынан
бір тартатын орамалмен ғана
жүреді. Қыздар бастарын гүлді, қызыл түсті орамалмен байлайды Қыздар
басын қызыл орамал не шәлімен орайды, әйелдер ақ орамалмен ұзын тюрбан
түрінде орайды, самай тұсынан құлақ арқылы мойнын жабады. Мұнан басқа
маңдай тұсты тығыз байлап, желкеден бір орап, алдына бос тастаған
жаулықтар да жиі кездеседі (ХХІҮ).
Жаулықтың мұндай түрлері
Түркіменстандағы қазақтарда да жиі кездеседі [52, С.28-30].
Сондай ақ киімге байланысты да әртүрлі қазақтың ырым-жырымдары
бар. Мәселен, нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге
сырқат жұғады. Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады. Ілулі тұрған
киімнің түймесін салмайды. Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан
шешеді. Қонаққа келген сәбиге көгендік сыйлайды немесе киім алып береді.
Ал аяқкиімді төңкеріп қоюға, не теріс киюге болмайды. Олай жасаса,
адамның жолы болмайды деп есептеген.
Баскиімді кез келген жерге
тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай
жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады деген ырымдар бар
(ХХІІІ).