52
ІІІ ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ
МҰРАЛАРЫ
3.1 Қолөнері
Қазақ тұрмысындағы дәстүрлі шаруашылық жартылай көшпелілік, мал
шаруашылығы халықтың өмір сүру қалпын, тұрмыс салтын қалыптастырды.
Қазақ қай жерде болмасын ертеден-ақ тері өңдеуді, киіз басуды,
тоқымашылықты, сүйек оюды, ағаш түйіндеуді жақсы меңгерген. Л.Н
Гумилев: «Қазақ халқының ерекше мәдениеті ертеден-ақ тамырын тереңге
жайған. Бірақ біз олардың мәдениетін аз білеміз. Оның себебі олардың
отырықшы мәдениетіне қарағанда төмендігінде емес, олардың заттай
мәдениеті киіз, тері, ағаш т.б заттардың нашар сақталуында, - деп жазды 45,
5 б. . Міне, сол қазақ қандай қиыншылық көрмесін, қай жерде жүрмесін
қолөнер өмір салтының бір арқауы болды. Олар ауыр азаппен Түркияға
келгенде де басты кәсіп етіп мал не егін шаруашылығы емес, қолөнер яғни
тері өңдеуді қойды. Сондықтан қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп
болғандықтан, Түркия қазақтарыда қолөнер бұйымдарын жасауда өз
ұлтының ұлттық нақыштарын жоғалтпай әрі қарай жалғастырып ұрпағына
жеткізіп отыр. Негізінен қолөнер әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына,
тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік
ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазақ халқы әлемнің қай
түкпірінде жүрсе де өзінің ата кәсіптерінің бірі қолөнермен айналыса
отырып, оны күнделікті күн көріс қамының құралы етіп алса, екінші
жағынан
халқымыздың
өнерін
танытып,
эстетикалық
талғамын
насихаттайды. Мәселен, қазіргі кезеңде қыз жасауына қосатын жастық
тыстар не төсек жапқыштар түрік халқының да сұранысына ие болып
отырғандығын Түркияға барған сапарда ел арасынан жиналған мәліметтер
дәлелдейді (ХVI).
Бүгінде Түркиядағы қазақтар сол елдің жағдайына көбірек бейімделген
диаспора болып табылады. Соған қарамастан біз зерттеу барысында
отандастарымыздың үйінен ертеден қалған және бүгінде шеберлердің
қолынан шыққан қолөнер бұйымдарының бірнеше үлгілерімен таныс
болдық. Сондай ақ ұлттық мәдени мұрасын сақтап, насихаттап халыққа
таныстыру үшін осы үлгілерге қарап, жастарының жадынан шығармау
мақсатында қолөнерге баулып отырған шеберлерді көрдік. Мұның бәрі әрине
туған еліне халқына деген сағыныш пен құрмет деуге болады. Сонымен бірге
халқымыздың қолөнері жетістіктерімен таныстыра отырып, ата-баба
мұрасына ерекше құрметпен қарауды, болашақ ұрпақтарға тәлім-тәрбие беру
қызметін жүзеге асыру болып табылады. Дегенмен де кейбір мәдени
үлгілерде жергілікті ортаның ықпалдастығы да байқалмай қалмайды. Қазақ
халқы өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй-жайды қалай салуды, киім-
53
кешек тігуді, азық-түлік өндіруді қалай кәсіп етсе, әсем бұйымдар жасап,
өмірде сән-салтанат құруды да білді.
Түркия қазақтары да қазіргі кезде ертеден ата кәсіптің бірі болып келе
жатқан қолөнер туындыларын үйдің ішкі интерьерінде, сәндік жиһаз
бұйымдарында, киім сәндеуде кеңінен қолдануда. Бірақ дегенмен ол да қазақ
арасында кеңінен таралған деп айта алмаймыз. Мұнда да қазақтар қолының
икемі бар жастарды өнерге баулуға, үйретуге көбірек мән береді. Солардың
бірі кезінде қазақ арасында көшбасшы болған Хұсайын Тәйжінің қызы 77
жастағы Күлия Софыған (тұрмысқа шыққаннан кейінгі фамилиясы). Бізге
берген сұхбатында Күлия апай: «Қыз кезімде әрі-бері көшумен жүріп, бұл
өнерге аса ыждаһатты бола қоймадым. Оның үстіне уақыт болмады. Әкем 14-
жасқа дейін діни оқуды оқытты, кейін тұрмысқа шықтым. Қолөнермен
айналысуыма ержеткен екі баламның мезгілсіз қайтыс болуы түрткі болды.
Сондықтан іштегі қайғыны басу үшін қолөнермен айналыстым», - деп
әңгімелейді (ХVII). Ол түрік жерінде қазақтың байырғы қолөнерімен 1987
жылдан бастап айналысып келеді. Өзінің қолынан келетін кәсіпті ұрпақтан-
ұрпаққа жалғастыруды мақсат еткен шебер апамыз, үйге сән беретін сәндік
бұйымдарды көбірек кестелейді. Бүгінде өзінің қолөнерге икемі бар жас қыз
келіншектерге үйретуде екендігін мәлімдеді. Оның қолынан шыққанкейбір
бұйымдардың, мәселен оюлап тіккен дастарханына 40 жыл болған (сурет 2).
Ол қызыл жібек матадан дөңгелене қиылған, үстелдің аяғы жабылатын
бөлігіне желбезек етіп жапсарлай тігілген үлгіден тұрады. Үстелдің бетін
жабатын дастархан бөлігінің шеті қазақы оюлармен әсемделіп, кестеленген.
Бұл бұйым біздің елде көп кездесе бермейді. Бұл бір жағынан бізге үйренуге
тұратын іс деуге болады. Дастархан тұрмыста көп қолданылатын заттардың
бірі. Сондықтан қазақы өрнектермен безендірілген дастархандарды тігу
арқылы неге өзіміздің қолөнерімізді насихаттамасқа деген ой келеді.
Күлия апайдың қолынан шыққан дүниелерді тұрғылықты қазақтар
сатып алып не қыздарының жасауына тапсырыс беріп жатады. Кейде оны өзі
шеттен келген меймандарға, туыстарына сыйлап жатады.
Түркиядағы қазақтар «қыз жасауына» тапсырыспен көрпелер,
көпшіктер, дастархан, сырмақ, төсек жапқыш, тұскиіз, жастықтың, көрпенің
тыстарын, майлықтар жасатады. Мәселен, төсеніш көрпешелердің астарына
мақта не жүн салынып, оның бетінің тысы оюлармен кестеленеді.
Көрпешенің шет-шеті сыңар мүйіздермен жиектеліп, ортасы қошқар
мүйіздермен
өрнектеліп,
ортасына
гүлдерсалынады
(сурет15-16).
Сондықтан Түркия халықтарының арасында қазақтың қолөнер бұйымдары
сұранысқа ие деуге болады. Оны жасайтын шеберлер де халық арасында
көп емес. Дегенмен қолынан іс келетін шеберлердің еңбегі жоғары
бағаланған. Күләй шебердің айтуынша, көбіне дастархан шетіне «бұрмаша»
оюлар салынса (ою бұрмаланып отырып тігілетіндіктен «бұрмаша» деп
аталады), орындықтың үстіне төселетін көрпешелерге «қошқар мүйіз» оюы,
ал сырмаққа оюды бастырма әдіспен тігетіндігін айтады. Күлия
Софығанның үйіндегі төсек жапқыш пен төсектің тұсына ілінген тұскиізге
54
«қосмүйіз» оюы бізбен кестеленіп салынған. Қазіргі кезеңде кестенің
көпшілігі қолмен емес, тігін машинасымен матаның үстіне оюды бастыра
отырып, кестелей салады (ХVII).
Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі
көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу.
Түркияда тұрып жатқан қазақтардың үйінен ұсақ моншақпен, кішкене түйме
тәріздес домалақ жылтыр тастармен кестелеп безендіре орындалған
дүниелерді көп кездестірдік. Ал қыздың жасауына берілетін дүниелерге де
тігілген кестелер көбіне моншақтармен әшекейленеді. Сондай ақ
моншақпен кестелеу орамал шеттеріне, көйлектің жаға не өңір жиектеріне
де салынғандығын ел арасында жиналған материалдардан байқадық.
Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине
арқылы өткізіліп, жіп моншақпен түстес болу қажет. Кестелер бізбен
кестеленіп те, матадан оюлап кесіп те салады. Олар көрпе мен сырмақтарға
көбіне «сыңармүйіз» оюын салатын болған. Дегенменде соңғы 3-4 жылда
қолөнермен айналысатын адамдар тіпті азайып кеткен. Себебі, соңғы
кезеңдерде қыз жасауларының түр-түрі дүкендерге шығарылғандықтан
көбіне сатылып алынады. Сонымен қатар, шеберлердің қолынан қазақ
оюларымен жапсарланған қолдорбалар көбірек тігіліп, сыйлыққа да беріліп
жатады. Ол кісінің төрт қабатты үйінің жеке өзі тұратын жоғары қабатында
кілең қолдан жасалған әсем бұйымдар мен жиһаздарды, оның ішінде
жүннен
жасалған
бұйымдарды
көптеп
кездестірдік
(қосымшада
көрсетілген).
Қай аумақта болмасын қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізат
түрі – жүн. Қазақ халқы оның табиғи қасиетіне зер салып, тиімділігі мен
күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына
да көңіл бөлді. Киіз басуды қазақтар көне заманнан меңгергендігі белгілі.
Бұрын киізді қара немесе ақ түсті етіп басса, кейінірек оюлап басу кеңінен
тарады. Жүннен жасалған бұйым, әрине, жылы, төзімді келеді. Сондықтан
қазақтың киіз басу өнері әлі күнге дейін қай аумақта болмасын ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып келе жатыр. Соңғы кезеңге дейін киізден жасалынған
текеметтер қазақ халқының төсеніш қызметінде маңызды болғандығы
белгілі. Түркиядағы қазақтар да соңғы кезеңге дейін дәстүрлі қолөнер түрі –
киіз басудың маманы болды деуге болады. Мәселен, біз көрген Күләй
апамыздың үйінде, бетіне «қошқар мүйіз» оюы салынған текеметтер мен
сырмақтар көптеп кездеседі.
Сырмақ қазақ халқының тұрмыста қолданатын төсеніштерінің бірі. Ол
төсенішке мықты келеді. Кейбір сырмақтардың жарты ғасырдан аса
төселінгені жөнінде мәліметтерде жеткілікті. Сырмақ сөзінің төркіні
(этимологиясы) киізді қабаттап сыру, тігу немесе төсеніш ретінде жерге сыра
салу сияқты мазмұннан туындаған сияқты. Сырмақ жасау Түркия
қазақтарында әлі күнге дейін таралып келе жатқан қолөнердің бірі. Бүгінде
кереует не басқа да жерлерге төсеніш ретінде әртүрлі көлемдегі сырмақтар көбірек
жасалынады. Солардың ішінде 1,82x1,16 см. не оданда кішірек 080х1,20 т.с.с.
55
сырмақтар. Біздің байқағанымыз көбіне сырмақтың осы көлемі кіші түрлері
қолданысқа ие. Себебі, олар жинап, қағуға ыңғайлы болып келеді. Әртүрлі
түстегі киіз қалдықтарынан кестелеп жасалған төсеніштік ақ және қара
киіздерге, аққа қара және басқа да түрлі түсті оюлар, қараға ақ пен қызыл-
жасылды түсті оюлар көптеп салынған тікбұрышты түріндегі сырмақтар жиі
кездеседі.
Ою-өрнек
сырмақтың
ортасында
және
жиек
шетіне
оюластырылған. Зерттеу барысында көз жеткізгеніміз бүгінде ақ не қара киізге
түсті жүнмен ойып, бастыра салудан гөрі түсті маталармен бастыра тігу әдісі
көбірек деуге болады (сурет 3).
Мәселен, мына бір сырмақтың ортасы қою
сары, қызыл, көк түсті жүн жіппен оюланса, әр айшықтың қолтырауыны
қошқар мүйізбен не жиектелген үш жапырақты және де тармақты мүйіз
элементтерімен байланыстырыла салынған.Сырмақтың орталығы екі не үш
бірдей төртбұрышпен айшықтала өрнектелген. Қоңыр және қызғылт сары
түстегі баулықпен бос орындары өрнектеліп толтырылған. Барлық жиектері
тоқ қызыл қызғылт, қоңыр, ақ, көкшіл түсті жіптермен кестеленген. Кейбір
сырмақтың шеті қызғылт сары түстегі жуан жүн жіппен екі түрде рамаланған.
Ендігі бір сырмақта шетіне қошқар мүйізді оюлармен өрнектеліп, ортасында
айшық жасалынып, тармақты қошқар мүйізбен гүл сабағы жалғаса
оюластырылады. Негізі сырмақты не тұскиізді оюлау әдістері ол шебердің
талғамымен қиялына байланысты болып келеді. Бүгінде Түркиядағы қазақтар
төсекке ыңғайластырылған көлемдегі сырмақтарды көбірек қолданады. Оның
себебін, оны жинау, тазалаудың ыңғайлылығымен байланыстырады. Біз
көрген сырмақтардың көпшілігінің ортасы айшықты ою-өрнектермен
безендіріліп, жиек соңына сыңар мүйізді ою-өрнек жүргізіледі. Енді бірінде
жасыл көк түстегі екі жол жиек жүн жіппен ортасына қызыл, сары түсті
жүнмен бастыра оюлаған. Сондай үлкен емес тікбұрышты сары түстегі
қызыл түрдегі киізге ірі элементтен "тармақты мүйіз" түсірілген. Жанындағы
жиектер гүл ою-өрнегімен, ал сырмақтың көлденең жағындағы жиегі
тармақты мүйіз элементімен толтырылған. Жиектері қызыл, жасыл түстегі киіз
қиындыларымен өрнек түрінде жасаған (ХVIII).
Сырмақ сыруда әр ұрпақ өкілдері өздерінің жаңалықтарымен, соны
элементтерімен толықтырылып, байытып отырған. Қазақтар сырмақты
қойдың табиғи ақ не қоңыр, қара, бөз, көгілдір жүндерінен жасайтын болған.
Бірақ Түркиядағы қазақтар сырмақ жасаудың небір технологиясын ойлап
қойған деуге болады. Сырмақтың жасалу жолына келетін болсақ: ақ киізді
сатып алып (ақ киізді заводтан сатып алады) көмбе қазанға бояу салынған
суды қайнатып, оған ақкиізді салып бір күн қоямыз, сөйтіп қажетті әр түске
бояп аламыз. Содан кейін ақ киізбен қызыл киізді беттестіріп жиекті
бастырып, тағы бір ақ киіз салып жиектеп тігеміз. Сырмақ көбіне төрге
төселінеді. Бүгінде олардың көлемі әр түрлі етіп жасалынып, төсек үстіне не
төсек алдына да төселіне береді. Оған салынған ою-өрнектер қошқар мүйізді,
өсімдік тектестегі өрнектер болса, ал орындықтар мен бөстектерге «сыңар
56
мүйіз» оюлары салынады, - деді Күләй апай. Бүгінде төсек сырмаққа
матадан ою жапсырып, жіппен кестелейді. Ал, кесте жіптері көбіне дүкеннен
сатылып алынады.
Сондай - ақ қазақ халқы сәндік үшін киізден тұскиіз жасаған. Оны жасау
үшін нығыз басылған, жұқа киіз таңдалынып алынған. Тұскиізді безендіріп,
әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға, т.б. маталардан бетіне ою-
өрнектер тігіледі. Қазіргі кезеңде Түркиядағы қазақтар тұскиіздің негізгі
қалыбын киізден емес, қалың бір түсті барқыттарды алып, оның бетіне түсті
маталармен бастыра оюлар тігеді (сурет 10). Мұндағы оюлар жоғарыда
айтып өткендей шебердің талғамына байланысты болып келеді. Негізі
сырмақ, тұскиіздерге өрнектелетін оюлардың түрі болған. Мәселен,
Қазақстанның әр аймағында жергілікті қалыптасқан, дәстүр бойынша оларға
оюды әртүрлі түсіріп, өз атауы болған. Батыс Қазақстанда өрнектелген киіз
кілемдер «қалауыш» деп аталады. Бірақ қалауыштың тұскиізден
айырмашылығы трапециялық формада болып келеді [46, 37-47].
Зерттеу барысында көз жеткізгеніміз Түркиядағы қазақтардың
қолөнерінен қазірге дейін жалғасын тауып жатқан және күнделікті
тұрмыстан қалмаған ол әртүрлі кестеленген төсек жапқыштар мен оның
жиегіне тігілетін төсек жиектері көптеп жасалынады (сурет 9-11). Сондай ақ,
оюланған арқа жастықтары мен кестеленген көрпешелер көздің жауын алады
(сурет 10, 12, 13,14).
Тұскиізді жасау әдісі сырмақ жасау әдісіне ұқсас. Тұскиізде мүйізді
оюлармен қатар гүл, жапырақ оюларды да пайдаланған. Оның ең көп тараған
түрі апликациялық әдіспен жасалған түрі. XX ғасырдың ортасындағы барқыт
маталарға түрлі түсті маталармен кестеленген тұскиіздер кең тарады. Олардың
шет жағы қара бархытпен үш жақты жол жасалып, ортасына ірі розеткалық
гүлдер орналасады. Тұскиізге жасыл көк, қою көк, қызғылт, ақ, қызыл түстегі
жіптер қолданылған.
Қазіргі кезеңде малдың көп өсірілмеуіне байланысты текемет, киіз басу
жоқтың қасы деуге болады. Сондай ақ мұнда кілем де көп тоқылмайды.
Кілемді көбіне Түркияға Иран, Ауғанстаннан келген қазақтардың
тоқитындығын байқадық (ХІІ). Осы жақтан келген қазақтардың қолөнерінің
де өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, солардың бірі Ауғанстаннан келген,
руы тама, Әжімұратқызы Ләйлә өзінің жиырма жылдан бері қол өнермен
айналысып келе жатқанын, жастық, төсек орындарына кестелеп гүл
салатынын, жастыққа тігілген өрнектердің жасалу жолдарын айтып берді.
Айта кететін нәрсе, аталған аумақтағы қазақтардың қай-қайсысы болмасын
қыздың жасауын ою-өрнекпен, кестеленген төсек орынмен әсемдеп береді.
Сондықтан бұлардың арасында қолөнерші шеберлерге деген сұраныс
57
жоғары деуге болады. Олар жасаудың төсек жапқыштарын, жастық
тыстарын, терезе-есік перделерін, бесік жапқыш, оның төсек-орындарын
барлығын кестелейді. Ақпарат беруші Ләйләның айтуы бойынша ең
алдымен ақ матаның үстіне қаламмен сызып ою-өрнектерін, гүл т.б. салып
алады да сосын сол сызықтың үстімен кестелеп отырады. Сол сияқты қызға
осындай оюланған, кестеленген жастықтың әр түсінен бес, оннан жұптап
жиырма, он-он екіден көрпе тігіліп беріледі. Түркия, Иран не
Ауғанстандағы қазақтардың қай-қайсысында болмасын үлкен «қаршын»
деген жастық кең тараған. Оны көбіне отырғанда ыңғайлы болу үшін арқаға
қояды, сондықтан оны кейде «арқа жастығы» деп те атап жатады. Олар
қатты болу үшін арасына сабан немесе қартон қағаздар салып жасайтын
болған. Ал, оған салынған ою-өрнектер қазақтыкінен гөрі Иран мен Ауған
халықтарының өрнектері тәріздес өсімдік тектес, оның ішінде көбіне гүлді
болып безендіріледі (ХІХ).
Түркияға Ауғаныстаннан келген қазақтардың айтуы бойынша алаша
көбірек тоқылған. Оның «қақпа алаша» деп аталатын түрін, аналарымыз
енелеріміз көбірек тоқитын, - деп көрсетеді (ХІІІ). Төсеніштің бұл түрлері
Орталық Азияда да кең тараған. Оның үстіне бұл аумақтарда да «Бұқар
алаша», «Терме алаша», «Қақпа алаша»деп аталған
(ХХ). Мұндағы Бұқар
алаша деп атау себебі, кежім теру не бұқар теру тәсілімен тоқылған
алашаларды атайды, оларға көп түсті және әртүрлі өрнектер теріліп
жасалады. Қақпа алашаға екі-үш жіп құрылады, бірақ оның арқауы
болмайды. Бұл алаша көбіне мақта, жіптерден тоқылады. Қақпа алаша қара
теру тәсілімен тоқылатын алашасына ұқсайды 47, С.109, 57. . Бұларда
негізінен зооморфтық және геометриялық өрнектер кең тараған. Түркиядағы
қазақтарда да «қақпа алаша» көп талғамды қажет ете бермейді. Сондықтан
тоқуға оңай және көп шығынды керек етпейтін қолөнердің оңай түрімен
айналысады.
Түркиядағы қазақтар кілем тоқумен көп айналыспайды. Себебі, олардың
айтуынша кілем тоқуға көп уақыт кетеді, сондықтан ол көп еңбекті қажет
еткендіктен оны аз тоқимыз дейді.
Қазақ халқының қолөнер бұйымдарының арасында үй жиһаздары
ерекше орын алады. Үй жиһаздары ата-бабаларымыздың күнделікті түтынған
нәрселері болғандықтан оларды жасауға айрықша мән берілді, үнемі өзгеріп,
даму үстінде болды. Әрбір үй жиһазынан сол кездегі көшпелі өмірдің сән
салтанаты көрінеді. Сондықтан сырттағы қазақтар өздерінің атадан балаға
мирас болып келе жатқан мәдени мұраларын бағалай білген. Олардың үйінен
ағаш шеберлерінің қолымен жасалынған ағаш шкафтарды кездестіруге
болады. Бірақ оған ойып салынған оюлардың көбі жергілікті халықтың ою-
өрнектерімен астасып кеткендігін байқау қиын емес.
Ал, Қадиша Рамазанқызы сол елде қолөнерді зерттеп жүргеніне 17
жыл болғандығын, оған ұлттық ою-өрнекпен кесіп салуды әпкесі
үйреткендігін мәлімдеді. Бұл ою-өрнектер - біздің ата-бабамыздың
атамекеніне деген сағынышты білдіреді (ХХІ). Рамазан қарияның қызы
58
Хадише Дөнмез ұлтының мәдениетін қастерлеп, бабалар салтын сақтауды
көздеген қазақ қызы. Халықтың бай мұрасын шетелде дәріптеп жүрген
қолөнер шебері. Ол өзі жасаған әрбір бұйымдары арқылы қазақтың рухани
болмысын, бет - бейнесін, ұлттық өнердің ерекшелігін көрсете алған.
Хадише қазіргі таңда қазақтың кесте тігу, киіз басу өнерін жалғастырып,
кейінгі жастарға үйретіп келеді (ХХІ). Ақпарат берушілердің айтуынша
кезінде 80 жасқа келіп қайтыс болған қарақас руының келіні Мәлике
Гүдәтбіз кесте тігетін қолөнер ісінің хас шебері болған екен. Қазір сол
кісінің 60-қа таяп қалған қызы анасының ісін жалғастырып аз да болса қазақ
қыздарының жасауын жасауда қолқабыс тигізіп отыр.
Қазақтың қолөнер бұйымдары көшпелі және жартылай көшпелі өмірмен
бірге қалыптасып, халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан
қазынасы, ғасырлар мұрасы. Атадан балаға мирас болған қолөнердің ішінде
текемет, сырмақ басатын және алаша, кілем тоқитын шеберлердің қатары
бүгінде бірте-бірте азая түсуде. Дегенмен де қазіргі кезде киіз және тоқыма
бұйымдары қазақтардың тұрмысында қайта қолданыла бастады. Яғни,
мәдениет жалғастығы, ұрпақ байланысы да осы жәдігерлер арқылы дамитыны
сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |