2.2 Кәсібі, саяси, әлеуметтік –мәдени тұрмысы
Кәсібі. Қазақтар Түркияға қоныс аударған соң баяғы дәстүрлі тәртіп
бойынша рулық жақындығына қарай топтаса орналасып, өмір сүрді.
Олардың ауыз бірлігі өздерінің әл-ауқатын көтеруде яғни экономикалық
саласын жақсартуға септігін көрсетті. Өз кезегінде түрік үкіметі қоныс
аударған қазақтарға түрік тілін оқытып, мамандықтарына сәйкес
жұмыстарға орналастырды. Мамандықтары болмағандары кілем тоқу, ағаш
ою үйірмелеріне жіберіледі. Ерлер теміржол салуға, кеме өндірісі
кәсіпорындарында жұмыс істейді. Әсiресе рубасылар, көшбасшылар
ақылдаса отырып, халыққа шаруашылықтың қандай саласымен айналысу
керектігі жөнінде жол көрсете бiлдi. Алынған мәліметтерге қарағанда
қазақтар Түркияға келгенде капиталсыз, босқын ретінде келгенін, сондықтан
олар жұмыстың қай түрі болмасын айналысқандығы, оның ішінде он жылдай
жол салу, құрылыс секiлдi қара жұмыстарда iстегендіктерін айтады (VIII).
Сондай ақ, түрік үкіметі қазақтардың тұрақты өмір сүретін аудандарын
анықтап, Түркияның Маниса, Кония, Алтай сияқты аймақтарына
орналастырғаннан соң,оларға егін шаруашылығымен айналысу үшін
шамамен 35,955 гектар тегін жер бөліп бергендігі жөнінде Мансұр Тәйжі өз
әңгімесінде айттып өтті (II). Дегенмен де қазақтар аталған аймақтарда егін
шаруашылығымен ғана емес тері және пластика өндірісімен де айналыса
бастайды. Ақпарат берушілердің айтуынша алғашында қазақтар ауылдық
37
жерлерде
бидай
егіншілігімен
айналысқандығы
жөнінде
айтады.
Егіншілікпен айналысу Конияға қоныстанған қазақтарда дамыды.
Себебі,оның жері кең жазықты болып, егіншілікке қолайлы болып келеді.
Олар 10-20 кісіден бірігіп, трактормен жер жыртып, егін еккен. Үкімет
жермен, ат арбамен қамтамасыз еткендігі, - жөнінде мәліметтер береді (IХ).
Осы жөнінде Дервиш Қылыш: «1952 жылы Түркия жеріне алғаш келген
қазақтарды Стамбулдың, Зейтінбұрунына көшіріп әкеледі. Одан кейін үш
қалаға: Кония, Нида, Манисаға бөледі. Үймен бірге адам басына 16 гектардан
жер береді. Әрине, өмірінде қайла-күрек ұстап, егін егіп көрмеген қазақ
берген жерді іске асыра алмаған соң, алғаш келген жерлері Стамбулдағы
Зейтінбұрнаға қайта көшіп барады. Бұл жерде қолөнермен әсіресе тері
жұмыстарымен айналысады – деп жазды [34]. Иә, ақиқатында қазақтардың
бұрынғы ата кәсібі мал шаруашылығымен айналысуына Түркияда мүмкін
емес еді. Осы жөнінде Әбділуақап Қара: "ХХ-ғасырдың екінші жартысында
Түркияда Алтайдағыдай мал өсіріп ары бері көшіп қонып жүруге
мүмкіншілік жоқ еді. Түркияның аталған өңірлерінде, аттың жалында
түйенін комында көшіп қонып жүру мүмкін еместі. Сонымен қазақ күн
көруде қиыншылыққа түсті. Қарапайым халық түгіл, бұрын ел бастаған
жетекшілердін өзі бала шағаның несібесін табудың қамын ойлауға мәжбүр
болды. Олар біреуге кіріптар болып алақан жаймай күн көрудің жолын
іздестірді. Ақырында қол өнерімен, ата кәсіп терімен айналысып нан табудан
басқа шара таба алмады. Сөйтіп жаңа өмір басталды. Бұрын ел бастаған
тәйжілер, үкірдайлар мен залыңдардың өзі тері иледі. Қолға ине, тебен алып
теріден қолғап, қалпақ, тон сияқты бұйымдар тікті. Тіпті сол тіккен
бұйымдарын базарға апарып сату үшін дорба мен дағар арқалады» - деп
жазды [38]. Қазақтың әрбір отбасында ең болмағанда бір тігін мәшинесі
болған. Олар егін шаруашылығынан босаған уақыттарда теріден қолғап, бас
киім, шапан жасап, базарда сатып, кәсіпкершікпен де айналысқандығы
жөнінде, Омар Жігітте берген сұхбатында айтып өтеді. Осындай
кәсіпкершіліктің нәтижесінде табыстары көбейіп, жағдайлары жақсарады.
Осы өндірісті дамыту үшін алдымен ауылдарына жақын қалаларға, кейіннен
Стамбул, Измир, Анкара сияқты ірі сауда орталықтарына көшкен отбасылар
көбейді. Олар кейiн келе өздері кiшiгiрiм кәсiп иесi болып тақия, дорба тiгу,
сату секiлдi жеке iстерге көшеді. Сөйтiп қолдарында аздап ақша түскеннен
кейiн ақсақалдардың жетекшiлiгiндегi ұйымшылдық, берекемен 5-10 кiсiден,
тiптi кейде 20 – 30 кiсiден ақшаларын бiрiктiрiп, 1960 жылдардың аяғында
терi мен пластика саласында үлкен зауыт орындары, терi киiм тiгу цехтары
мен магазиндерiн аша бастайды. Мәселен, олар 10 тері, 30 пластик жасайтын
зауыттар ашты. Олар өнiмдерiн Еуропалық елдерге де шығарады. Бұл үрдiс
өткен ғасырдың 70-шi жылдарында белең алып, 1980-1995 жылдар
аралығында жақсы жалғасын тапты. Осы кезде қазақтар Стамбұлда 40-тай
жеке кәсiпорынға ие болды (Х).
Сол сияқты Әбділуақап Қара да: «Қазақтар
1960-шы жылдардан бастап біртіңдеп үлкен қалаларға, әсіресе Түркияның
сауда орталығы болған Стамбұл қаласына ойыса бастады. Алдымен жастар
38
келіп қолға күрек, кетпен алып құрылық және темір жол және басқа
құрылыстарда жұмыс істеді. Олар жер қазып, құм мен цемент тасып
Ыстамбұлда тұрақтап қалудын амалын іздеді. Осылайша кіріс келтіріп ақша
таба бастағаннан кейін ауылдағы бала-шағалары мен ата-аналарын
Ыстамбұлға қастарына алды. Осыдан кейін біртіндеп қол өнеріне ауысты.
Теріден қолғап, бас киім тікті. Кейін бұлдан және найлондан да түрлі
бұйымдарды өндіретін болды. Осы орайда кіші кәсіпорындар ашты. Сөйтіп
аздап қалтада капитал пайда бола бастады. Осы кезде бұрынғы ел бастаған
жетекшілер біртіндеп шаруашылық жетекшілерге айналды. Олар 30-40
кісінін басын біріктіріп үлкен капитал жасады да өздерінін алғашқы пластика
өндіретін зауоттарын құрды. Бұл үрдіс әсіресе 1970-ті жылдарда белең алды.
Бұл кезде оннан аса пластика, резенке бұйымдары өндіретін зауоттар
ашылды. Оларға Алтайдықтар, Түркістандықтар және Баркөл секілді туған
жерді елестетін есімдер берілді. Кейбір қазақтар осы ұйымшылдықты тері
саласында көрсетті. Ірі тері киім өндіретін фирмалар құрылды. Олардын бір
екеуі Европа елдеріне сататындай дәрежеде сапалы бұйымдар өндіретін
дәрежеге жетті», - деп жазды өз мақаласында [39].
Түркия қазақтарының тұрмыс-тіршілігі көбіне тері өңдеп, киім тігіп,
дүкен ұстап сауда-саттыққа негізделген. Олар бұйымдарының сапасын
арттыра отырып, сол тұрғылықты жерлеріне, Еуропа елдеріне саудаға
шығарған. Мысалға байырғы ата қонысынан жырақтағы Дервиш Қылыштың
әкесі 1963-ші жылдан бері осы кәсіпті нәсіп еткен. Енді ол тері өнеркәсібі
ісін жалғастырып,бизнестің қыры мен сырын өз баласына үйретіп келеді.
Тері өңдейтін фабрикалар,тігін фабрикалары және теріден жасалған киімдер
сатылатын
дүкендер
оның
иелігінде.
Ақпарат
берушілермен
сұқбаттасқанымызда барлығы дерлік терімен айналысып, тон, күртеше, бас
киім т.б. яғни тері өңдеп, саудамен айналысқан. Біздер тері кәсіпкершілігімен
айналысқанымызда түріктер кәсіптің бұл түрін әлі игере қойған жоқ еді.
Бүгінде қазақтардың арқасында тері өңдеу, тігу кәсібін меңгеріп, бүгінде
үкімет 1,5 млрд. доллар пайда тауып отыр, - деп әңгімелейді [25].
Қазақтардың тері кәсібімен айналысуы Үндістанда дамығандығы жөнінде
тарихшы Амандық Қорғанұлыны «Түркістан» газетіне берген мәліметінде:
«Қазақтар әртүрлi кәсiпшiлiктермен айналысты, негiзiнен, терiден бас киiм
мен киiм тiктi, кейбiреулерi тiгiн машиналарын сатып алып, өз iстерiн жолға
қоя бастады, өз дүкендерiн ашты» -деп жазды [26].
Сондай ақ келесі бір ақпарат беруші: «Бұрын осындағы қазақтар
ауылдық жерлерде тұрып егін шаруашылығымен айналысатын, сосын
экономикалық жағдайларға байланысты барлығы қалалық жерлерге келе
бастады. Терімен айналысты: басында бас киім, қолғап, сумка, содан кейін
тон тікті. Теріні түріктерден алатынбыз. Қазіргі қазақ орталығының
директоры былай дейді: «Бұрын 1955-1970 жылға дейін Кония деген қаланың
Исмир ауылында тұрғанбыз. 300-400 үй түріктер тұратын. Үйді кірпіштен
салдық. Материалдарын мемлекет берді. Мал жоқ болды. Басында мал
ұстаған жоқ. Қол өнермен материал жоқ болғандықтан айналыспады. 20-30
39
адам жиналып бидай ектік, қазір жалға беріп қойдық. 1970 жылдары
жастардың көбі теріден күртеше кие бастаған соң қазақтар соны тіге бастады.
Экспортқа шығардық. 60 жылдары Еуропаға кеткен қазақтардан тері киім
көп сатылды», - деп әңгімеледі (VIII).
Сонымен қатар ақпарат берушілерден Түркия жерінде киіз үй тігіп,
жылқы ұстайтын қазақтардың барлығында естідік. Соның бірі Стамбулдан
алты жүздей шақырым қашықтықта бүгінгі Түркияның үлкен өнеркәсіпті
Ізмір қаласында тұратын Шеризат Дауыр. Оның киіз үй тігіп, жылқы ұстап,
қымыз өндіретіндігі қазақ жөнінде ақын апамыз Фариза Оңғарсынова да
өзінің Түркияға барған іссапарындағы хабарламаларында айтып өтеді [39].
Бір кездері Шығыс Түркістанның Көктоғайының тумасы болған
Әбдімансұр Ақжолдың атасы да 1953 жылы үй-ішімен Түркияға көшіп
келген. Бір кездері атамның өте әдемі жері болған еді, бірақ қазірде ол жерді
Қытай иемденіп алған. Атам бір хатында өзінің жеріне жасырған асық
туралы жазған, мен оның бұрынғы меншік жерінде болып, әлгі жасырын
көмбені таптым. Еңбек жолымды пластмасса өндірісінен бастадым, әкемнің
тері илейтін цехы болған еді. Сонан соң досым екеуміз қағаздан құрылыс
материалдарын әзірлейтін зауыт аштық. Сол зауытта 500-дей адам жұмыс
істеді. Осылайша ісіміз оңға басты. Он жыл бұрын Стамбұлдан 30
шақырымдай жерден өзіме жер, жылқылар, өзгедей мал сатып алып, киіз
үйлер тіктім - бұның бәрі қазақтың тұрмыс-тіршілігінің кішігірім көрінісі
іспетті [40]. Иә, жылқы малының көшпенділер өмірінде алатын орны ерекше.
Ол сайын даланың сәні, киелі жануар. Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен ер
– азаматтың жан серігі деп санаған. Осы орайда, Түркияда тұратын
қандастарымыз Ақжолдар әулеті- бабадан балаға мұра болған, халқымыздың
қазақ тұлпарын өсіретін арнайы орын жасатып, ат баптау өнерін
жалғастырып отырса, бір жағынан отандастарымыздың елге, жерге деген
сағынышын басып отыр деуге болады.
Стамбұл мемлекеттің ең ірі сауда-қаржы, өнеркәсіп, мәдени және
ғылыми
орталығы.
Байырғы
ата
қонысынан
жырақтап
қалған
бауырларымыздың көбі Түркияға келгенде, тері өңдеумен айналысқан екен.
Стамбулдағы көп балалы қазақ отбасы үшін мемлекеттік жұмыстан табар
қаражат аздық етеді. Бұл жердегі қазақтардың көпшілігінің жеке іс-
жұмыстары бар. Қандастарымыздың қолынан шыққан тауарлар ТМД
елдерінде және шет елдерге де шығарылып жатыр.
Қазіргі кезеңде Түркиядағы қандастарымыз мемлекеттің жұмысын
істегеннен гөрі жеке өз кәсіпкершілігімен айналысқанды жақсы көреді. Осы
жөнінде ақпарат беруші: «Жалпы еркін жүріп қалған қазақ баласы үшін
партияға кіріп, біреуге бағынышты болу өте қиын. Мәселен, партияға кірсең,
сол партияның сойылын соғып, маңайыңа жақтас жинауың керек. Саясаты
аумалы-төкпелі Түркияның қыбын табу да оңай емес, сондықтан өз
кәсібімізбен шұғылданғанымыз абзал, - дейді (ХІ). Жалпы, өткен ғасырдың
60 - 70 жылдарындағы қазақтар бизнеске, жеке кәсіпкершіліктер ашуға бейім
болса, 1980 жылдан бергі жастар шет елдерде, Түркияда жоғары білім алып,
40
оқыған мамандықтары бойынша қызмет етуде. Әрине, әл-ауқаты көтерілген
халықтың саны да артады. Соңғы жиырма жылда қазақ диаспора өкілдері
балаларының да білім деңгейі көтеріліп, жастар оқуға мән бере бастады.
Қазіргі кезде олардың арасында адвокат, актер, инженер, дәрігер, журналист
және т.б. жан-жақты білікті жас мамандар саны көбеюде.
Достарыңызбен бөлісу: |