Сабақ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл 1-тапсырма. Мәтіндерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз


орны. 1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, мағынасын түсінуге  тырысыңыз. Асық ойындары. Игры с асиками



Pdf көрінісі
бет11/21
Дата14.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#74106
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
орны.
1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, мағынасын түсінуге 
тырысыңыз.
Асық ойындары. Игры с асиками. 
Бестабан 
Кей аймақта үш табан, үш қарыс деп те атайды. 
Бұл – кезінде үлкен бозбалалардың өзі ауыл-ауыл боп 
топаймен ойнайтын ұлттық ойыны. Қазір асықпен ойнауға 
болады. Асықтардың араларына сүйем не қарыс жер 
қалдырып, бір сызықтың бойына тізіп қою керек. Екі 
жағынан бес табан жер өлшеп, кеней тұрған орыннан қосар 
сызық сызылады. Екі жаққа бөлінген балалар бес метр 
жерден тұрған асықтарды кезекпен атқылайды. Шарты – 
тигізіп құлату қана емес, бес табан сызықтан кенейді 
шығара білу. Сол үшін қорғасынды ауыр сақалар 
қолданылады. Олардың судың бетіне тас жалатқандай 
лақтырады. 
Бұл 
ойын 
үшін 
дәлдік, 
мергендік 
керек.Ұтқандар ұпай санын жиып, мәреге жетеді. 
Айгөлек ойыны 
Бұл ойынды екі топқа бөлініп ойнайды. Топтар 20-
30 қадам қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы қол ұстасып 
тігіліп түрады. 
Ойынды бастайтын топ: 
Айгөлек, Айгөлек 
Айдың жүзі дөңгелек 
Айгөлек деп ән шырқап, 
Би билейміз дөңгелеп. 
Біздің топтан сіздерге 


43 
Айтыңдаршы кім керек? 
Оған екінші топ: 
Айгөлек, Айгөлек 
Айдың жүзі дөңгелек 
Айгөлек деп ән шырқап, 
Би билейміз дөңгелеп. 
Сіздің топтан біздерге 
(Бір ойыншының атын атайды) 
деген керек, деп жауап береді. 
Аты аталған ойыншы жүгіріп келіп, екпінмен, қол ұстасып 
тұрғандардың тізбегін бұзып өтуі тиіс. Егер бұзып өте алса, 
жұбы үзілген балалардың бірін жаңағы ойыншы өз тобына 
ертіп кетеді. Ал бұза алмаса, сол топтың құрамына кіреді. 
Ойын соңында қай топта көп адам болса, сол топ жеңген 
болып табылады. 
Көкпар
Көкпар-атқа мінген жігіттердің қатысуымен өтетін 
ойын. Ойынды бастау үшін, көкпаршылар белгіленген 
сызықтың бойын қатар түзеп тұрады. Сызықтан 40-50 
адымдай жерге көкпар тасталынады. Әдетте көкпар тартуға 
бауыздалған лақ немесе серке беріледі. Берілген белгіден 
кейін көкпаршылар шаба жөнеледі. Жерде жатқан көкпарға 
бірінші жеткен шабандоз көкпарды іліп алып қашады, 
қалған 
көкпаршылар 
қуып 
жетіп, 
тартып 
алуға 
әрекеттенеді. Ойын белгіленген көмбеге жеткенше осылай 
жалғаса береді. Кім бұрын көкпарды көмбеге әкелсе, сол 
жеңімпаз атанып, көкпарды өзінде қалдырады. 
Егер ойыншылар екі ауыл немесе топ болып 
бөлініп ойнаса, көмбеге алғаш жеткен көкпаршының тобы 
жеңіске жеткен болып есептеледі. Мұндай ойынды «Мәре 
көкпар» деп атайды. Көкпар шамалы өзгертілген түрінде әр 


44 
жерде өзінше жүргізілуі мүмкін. Қай жерлерде күн батып, 
қараңғы түскенше көкпар тарту – ойынның шарты болып 
саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет