Сабақ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл 1-тапсырма. Мәтіндерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз



Pdf көрінісі
бет12/21
Дата14.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#74106
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Қыз қуу 
Қыз қуу – ашық алаңда жүргізілетін қызықты 
және әдемі ұлттық ойын. Ойынға атқа мінген қыз бен жігіт 
қатысады. Алдымен ара қашықтығы 1-2 шақырымдай екі 
көмбе белгіленеді. Бірінші көмбеде жігіт, ал қыз оның арт 
жағында он адымдай жерде тұрады. Берілген белгіден 
кейін қыз екніші көмбеге қарай шаба жөнеледі. Қыз 
жігіттің жанынан өте бере, жігіт қызды қуып жетуге 
қамданады. Егер жігіт қызды қуып жетсе, құшақтап 
сүйеді. Қыз бен жігіт екінші көмбеге жеткен соң кері қарай 
шабады. Ендігі кезекте жігіт қашады, қыз оны қуа 
жөнеледі. Жігітті қуып жеткен қыз оны қамшының астына 
алады. Осылайша ойын қайталана береді. 
2-тапсырма. Мәтіндер бойынша сұраққа жауап беріңіз.) 
1). Бұл ойындар қазіргі заманға лайық па? 
2). Ұлттық спорт ойындарының қазіргі замандағы деңгейі 
қандай?
3). Лайық болса, оның экономикалық, қаржылық жағын 
шешу жолдары қандай? 
4). Тағы қандай ұлттық ойындар білесіз? 
5). Ұлттық ойынды ойнауға немесе тамашалуаға уақыт 
бөлу керек пе? 
3-тапсырма. Уақыт туралы даналардың сөзін тыңдайық. 

«Әркім өз уақытын еңбегінің көлемімен өлшегені 
дұрыс»
В.Г.Белинский 

«Жастық өз уақытын білмейді» 
Р.Хорезми 


45 

«Бүкіл экономия, сайып келгенде, уақытты үнемдеуге 
әкеп соғады» 
К.Маркс. Ф.Энгельс 

«Минут ұрыс тағдырын шешеді. Сағат шайқас 
тағдырын шешеді. Күн бүкіл мемлекет тағдырын 
шешеді» 
А.В.Суворов 
4-тапсырма. «Ұлттық ойын» сөзтіркесін септеңіз. 
5-тапсырма. Ұлттық ойынның бір түрін орыс тілінде 
мазмұндаңыз.  
17-сабақ. 
Салт – дәстүр. Оның экономикалық, 
қаржылық жағы.
 
1-тапсырма. Салт-дәстүрге байланысты орыс тіліндегі 
мәтіндерді оқыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет