Сабақ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл 1-тапсырма. Мәтіндерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз



Pdf көрінісі
бет8/21
Дата14.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#74106
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
үнемдеу, 
үнемдеушілік 
сөздерінің
мағынасын талдаңыздар, сөйлем құраңыздар. 
2. Жапон кереметі туралы өзіңіз не білесіз? 
11 - сабақ. Салық. Әділетті салық. 
1-тапсырма. Мәтіндерді оқыңыз. Өз көзқарасыңызды 
білдіріңіз.
Салық
Мемлекеттің бюджеттік салаларының басты көзі 
салық болып саналады. Бюджеттік салаларға армия, білім 
беру, денсаулық сақтау мекемелері, ғылым, мәдениет, өнер 
т.б. жататыны белгілі.
Салық дегеніміз – салық төлеуші жеке және заңды 
тұлғалардан мемлекет өндіріп алатын міндетті төлемдер. 
Олардың мөлшері мен төлеу мерзімі заңмен белгіленеді. 
Салық негізгі екі функцияны атқарады. Олар: біріншіден, 
салық салу мақсатына қарай мемлекеттік кәсіпорындармен 
және азаматтармен өзара қарым-қатынастарын реттейтін 
экономикалық тұтқа, екіншіден, бюджеттің кіріс бөлігін 
қалыптастыру мен толықтырудың негізгі көзі. 
Салықтар төте және жанама салықтар болып 
бөлінеді. 
Салық төлемінің табысынан немесе мүлкінен 
тікелей төленетін салықты төте салық дейміз. Төте салыққа 
табыс салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын 
салық жатады. 
Жанама салыққа сатылатын тауарлар, орындалған 
жұмыстарға, көрсетілген қызметтер үшін төленетін және 
бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленетін, салық 
төлеушінің 
табысымен 
немесе 
мүлкімен 
тікелей 
байланысты емес салық жатады.


31 
Американ экономисі Лафферге сүйінсек, өндірістің 
де дамуы мемлекеттік салыққа байланысты. Экономиканы 
мемлекеттік реттеудің ең белсенді құралының бірі – 
салыққа көпшілік көзқарасы қандай? А.Смит айтқандай 
салықтың «әділетті салық екенін түсінеміз бе? 
Бүгінгі нарықтық экономикада салықтың мақсатты 
болуы керектігін түсінеміз бе? 
Салықты қарапайым тілмен айтатын болсақ оны 
мемлекеттік бюджет деуге болады. Ал мемлекет кім – ол 
өзіміз, ол біздер. 
Мемлекеттік бюджетті толтыру үлкен мәселе.
Екінші үлкен мәселе - өндірісті қалай көтереміз. 
Қазақстанда өндірісті көтермесек, салық та түспейді, 
тәуелсіз мемлекет болмайды. Тәуелсіз мемлекетте әр 
уақытта өз өндірісі күшті болғаны жөн. Осы үшін үкімет 
бөлу функциясын пайдалануға қажет. Ол үшін жақсы өнім 
беретін, сұранысқа ие, өнім беретін өндірісте салықты 
төмендетуге болады. Екіншіден, кім сол салықты жинайды 
– тек қана таза адам болуы керек.
Мемлекеттік қызметкер басқа мемлекетте үлкен 
жалақы алады, үлкен жеңілдіктерге ие болады. Ал егер 
қателессе, оның ұрпағы да қызметке алынбайды. Кателесу, 
заңсыздыққа бару - өз мемлекетіне қарсы қылмыс жасау 
болып табылады. Басқа еуропалық мемлекеттерде салық 
бойынша қылмыскерлерге де қатаң жаза береді. Неге 
десеңіз жай адам мүмкін жеке адамға зиянын тигізсе, 
салық саласындағы қылмыскерлер мемлекет үшін, халық 
үшін үлкен қылмыс жасайды, яғни көп адамға – халыққа 
зиянын тигізеді.
Салық саясатының мақсаты болу керек дейміз. Ол 
мақсаттар қандай: біріншіден, өз мемлекетін көтеріп, 
тәуелсіз мемлекет болу үшін, екіншіден, бәріміз үшін. 
әрбіріміз үшін салық төлеу – төлемегеннен тиімді болу 


32 
керек. Салық төлеу – бір жағынан ұлттық, азаматтық 
міндет болып саналады, патриотизм болуы керек.
салық – налог 
әділетті салық – справедливый налог 
нарықтық экономика- рыночная экономика 
мемлекеттік бюджет – государственный бюджет 
заңсыздық – беззаконие 
салық саясаты – налоговая политика 
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 
Банк мемлекеттік салықтың мына түрлерін төлей ме? 
1) Табыс салығы 
2) Қосымша құнға салынатын салық 
3) Құнды 
қағаздармен 
жүргізілетін 
операцияларға салынатын салық
4) Жер салығы 
5) Мүлік салығы 
6) Көлік құралдарына салынатын салық 
7) Жол салығы 
3-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз, өз 
пікіріңізді айтыңыз. 
корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, 
қосылған құн салығы, әлеуметтік салық, көлік құралдары 
салығы, мүлік салығы, жер салығы, мемлекеттік салық, 
салық мөлшері, салық мәдениеті.
4-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркесінің қазақша 
баламасын жазып нөмірлеңіз: 
1) двойное налогообложение - табыс салығы 
2) налог на автотранспортные средства – құнды 
қағазға салынатын салық 
3) налог на ценные бумаги – көлік құралдары 
салығы 
4) подоходный налог – қосарланған салық


33 
5-тапсырма Мәтінді оқып, өз пікіріңізді қосыңыз. 
Өздеріңізге белгілі Рейган саяси аренаға шығар 
алдында да АҚШ белгілі бір дәрежедегі дағдарысты 
басынан кешті. Осы кезде американ экономисі Лаффер
өндірістің дамуы мемлекеттік салыққа тікелей қатысты 
заңын ойлап тапты. Рейган іле-шала салықтың саны мен 
мөлшерін кең көлемде қысқартты. Расында да экономика 
қайтадан жандана бастады. Рейган елдің сүйікті 
Президенттерінің біріне айналды.
12-сабақ. Салықты не үшін төлейміз?
1-тапсырма. Мына сөздер мен сөзтіркестерді орыс тіліне 
аударыңыз. 
салық, төлем, әділетті салық, нарықтық экономика, 
мақсатты, бақылау, төте салық, жер салығы, жанама салық, 
салық міндеттері, қазыналық міндет, ынталандыру міндеті, 
салық саясаты, әдісі, салық түрлері, мүлік салығы, жол 
салығы, акциздер, табыс салығы, жеке тұлға, заңды тұлға, 
мемлекеттік салықтар.
2-тапсырма.Мәтінді оқыңыз, мәтінге сөздік құрыңыз
Салық дегеніміз – үкіметтің кәсіпорындардан, 
адамдардан алған төлемі. Үкіметті, әскерді, милицияны 
ұстау үшін халықтан салық жиналады. Қалай мемлекет 
пайда болды, салық та солай дүниеге келді. Салық бірінші 
рет Қытайда пайда болды. А.Смит салықты «әділетті 
салық» деп атаған.
Қазір нарықтық экономикада – салық мақсатты болу 
керек: қай жерге өте қажет, салықтан жиналған қаржыны 
сол жерге жұмсау керек. А.Смитше айтатын болсақ, салық 


34 
халықтың өзі үшін десек те болады. Халық салықтың 
жұмсалуын үкіметтен үнемі сұрап, бақылап отырады.
Салық салу тәсіліне қарай төте жнама салық 
түрлеріне бөлінеді.
Салықтың міндеттері: 
- қазыналық міндет;
- бөлу міндеті 
3-тапсырма. Мына терминдердің қазақша баламасын 
беріңіз. 
подоходный налог, налог на ценные бумаги, 
отечественное налоговедение, прямые налоги, налог с 
дарений, налогна страхования, налог на передачу акции, 
налог на иностранную валюту, налог на автотранспортные 
средства: двойное налогообложение.
4-тапсырма. Мына сөздер мен сөзтіркестерімен сөйлемдер 
құраңыз.
жеке тұлға, табыс салығы, бюджет көзі, салық саясаты,
мақсатты салық, жер салығы, ынталандыру міндеті, жол 
салығы.  
5-тапсырма. Сөйлемді талдаңыз Мен салықты үнемі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет