41
Шөмелені
шөбім бар деме, несиені малым
бар деме.
5-тапсырма.
Экономика саласында жарнама үлкен орын
алатынын білеміз. Жақсы жарнама – табыс көзі.
1) Жарнама деген не?
2) Қазіргі жарнамалар көбінесе қай тілде беріледі?
3) Қазақ тілінде жарнамалар бар ма? Олардың
жағдайы қандай?
4) Өз Банкіңді жарнамасы бар ма? / Әр Банк өз
жарнамасын көрсетеді/
6-тапсырма.
Сұрақтарға жауап жазыңыз.
1) Ақша деген не?
2) Ақша қандай қызмет атқарады?
3) Басқа елдердің ақшалары қалай аталады?
4) Ақша айналымы дегеніміз не?
5) Жаңа ақша туралы не айтасыз?
7-тапсырма.
Жазып алып, есте сақтаңыз.
Өзін мәдениеттімін,
білімді әрі іскермін деп
ойлайтын әрбір азамат экономика мәселесін бес
саусағындай білуі керек. Жеке адамның,
семьяның, бүкіл
қоғамның барлық тірлігі экономикадан тұрады. Экономика
– бұл адам еңбегінің нәтижесін көрсететін ұғым. Ел
басылары мәдени және экономикалық интеграция
шартына қол қойды. Экономикалық саясатты дұрыс
жүргізу керек.
Экономикалық білім, экономикалық
сауаттылық өте қажет.