Сабақ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл 1-тапсырма. Мәтіндерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата14.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#74106
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
тақырыбына жұмбақ 
құрастырыңыз. 
Үлгі:
Жұмбақ шешейік 
Өлшеусіз піштім, 
Жіпсіз тіктім. 
Зер – зер кілім, зер кілем. 
Көтерейін десем зор кілем. 
Сатайын десем, ауыр кілем
Сатпайын десем, тәуір кілем. 
(Жер) 
5-сабақ. Орталық Қазақстан экономикасы
1-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аудырыңыз. 
 
Қазақстан экономикасы – 2050 
Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. 
Экономика да табиғатта объективті. Экономика заңдары 
табиғат заңдары сияқты объективтік сипат алады. Егер 
табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмайсыз. 
Экономикада солай. Егер экономиканы жақсы білсек, ол 
бізге байлық, пайда әкеледі. 
Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару өнері 
дегенді білдіретін көне грек сөзі. Өте қарапайым тілде 
айтатын болсақ, экономика дегеніміз - өзіміздің 
тұрмысымыз. 
Экономика сіз өмірге келген күннен бастап-ақ сіздің 
өміріңізге араласа бастайды. Жігіт үйленеді, қыз тұрмысқа 
шығады, кішкентай мемлекет пайда болады. Ал кішкентай 


15 
мемлекетіміздің шаруашылығын басқару үлкен өнер. 
Сонымен 
сіздің 
күнделікті 
тұрмысыңыздың 
бәрі 
экономикадан тұрады. Егер болашағымыз бала десек, сол 
балаға нені қалдырамын, ұрпағым нені жалғастырады деп 
ойлау да – экономика.
Қазақстан - өте бай мемлекет. Еліміздің байлығын 
толығымен игеру – бұл үлкен мақсат.
Егемен Қазақстанның экономикасы қуаттанып
әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен терезесі тең ел болуы 
үшін мемлекет тарапынан қабылданған реформалардың 
іске асуы керек. Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қазақстан – 2050 бағдарламасы» Қазақстанды жарқын 
болашаққа апаратын жолды айқындаған бағдарлама. Өзінің 
ұрпағының 
мақсат-мүддесін 
Қазақстанмен 
байланыстыратын әрбір азамат ел экономикасының 
қуаттауына үлесін қосуға тиіс. Экономиканың дамуына 
Қазақстаннның мол шикізат базасы, табиғи ресурстары, 
еңбек қорының көптігі мүмкіндік бере алады. 
Оңтүстік 
Қазақстанды 
(Қызылорда, 
Оңтүстік 
Қазақстан, Жамбыл, Алматы) тамақ өнеркәсібі мен жеңіл 
өнеркәсіп салаларын дамытуға, жеміс, көкөніс, күріш 
өсіру, мал шаруашылығы өркендетуге және машина жасау 
өндірісін дамытуға негіз болса, Солтүстік Қазақстанда 
(Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола 
облыстары) қалыптасқан астық өндіру, май шайқау, ұн 
тарту өнеркәсіп дамытуға болады.
Солтүстік Қазақстан экономикасының дами түсуі 
үшін мұнай құбыры тартылып, Павлодардан мұнай 
өндейтін зауыт салынуы керек. Бұл мұнай өнімдерін өте 
көп тұтынатын Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық 
техникасының тоқтап қалмауын қамтамасыз етеді.
қуаттану – подкрепиться 
терезесі тең – равный 
айқындау – выяснить 
шикізат – сырье 


16 
өркендету – процветать 
мұнай – нефть 
тоқтап қалмауңын – не остановиться 
қамтамасыз етеді – обеспечивает 
табиғат заңдары – законы природы 
экономика заңдары – законы экономики 
үй шаруашылығы – домашнее хозяйство 
шарашылығын басқару – управлять хозяйством 
болашақ – будущее 
өнер – искусство 
Қазақстан экономикасы 
1. Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен және адам 
ресурстарымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып 
есептеледі. 
2. 
Тәуелсіздік 
алуына 
байланысты, 
Қазақстан 
экономикасында демократиялық қоғам жағдайында, нарық 
еркіндігін жасау межеленіп отыр. 
3. 1992 жылдан бастап елімізде мемлекеттік мекемелерге 
жекешелендіру жүргізілді. 
4. Нарық жағдайындағы Қазақстанның жекеменшік 
секторы еліміздің болашақ экономикалық тұрақтылық 
базасын қалыптастыруда орасан зор биіктерге көтерілу 
үстінде.
5. Қазақстан экономикасы үшін шет ел инвестициясына 
жол ашық. 
6. Өтпелі кезеңнің қиындығына қарамастан, Елбасының 
«Қазақстан – 2050» бағдарламасы елімізді өркендеген 
елдердің бірі ететін, экономикасы дамыған демократиялық 
қоғамға айналдыруға кепілдік береді.
2-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз 
экономикалық 
ақпарат, 
экономикалық 
заңдар, 
экономикалық 
дағдарыстар, 
экономикалық 
саясат, 
экономикалық реформалар, экономикалық болжам. 


17 
Сөздік 
дағдарыс – бонкрот 
болжам – прогноз 
3-тапсырма. Даналық сөздерді жаттап алып, есте 
сақтаңыз. 
«Егер әрбір адамы экономиканы жақсы білсе, сол 
мемлекет күшті» 
Аристотель
Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, 
ғылым,ар, мінез деген нәрселермен озады, одан 
басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі 
ақымақшылық. 
Абай 
4-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз 
Сәкен Сейфуллин (1894-1938) – елімізге еңбегі 
сіңген мемлекет және қоғам қайраткері. Сәкен – ақын, 
жазушы, сыншы, ғалым. Ол «Көкшетау», «Альбатрос» 
поэмаларының, « Тар жол, тайғақ кешу» романының 
авторы. 
Туған жер
Кеңсің дала,
Туған ана, 
Көйлегің кең, көк ала. 
Жан беретін, 
Тән беретін 
Мейіріміді ана, сен ғана.
(Сәкен Сейфуллин)
5-тапсырма. «Бүгінгі Қазақстан» тақырыбына шағын 
әңгіме құраңыз.
 
 


18 
6-сабақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет