Сабақ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл 1-тапсырма. Мәтіндерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата14.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#74106
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Қазақстанның 
өнеркәсібі 
мен 
ауылшаруашылығы 
1-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз 
Қазақстан 
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Халқының саны 15 
миллионнан асады. Археологтардың айтуы бойынша 
Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300мың жыл 
бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанда 130 ұлттың 
өкілдері тұрады.
Қазақстанның жер көлемі 2,7 миллион шаршы 
шақырымнан асады. Республика жерінің үлкендігі 
соншалық – оның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен 
шығысындағы 
табиғаты 
бір-біріне 
ұқсамайды.
Оңтүстігінде жемістер гүлдеп, жер бетін астық жапқанда
солтүстігінде әлі қар жатады.
Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер 
шарында кезедесетін кен байлықтарының бәрі бар. Олар: 
темір рудасы, түсті және асыл металдар (мыс, қорғасын, 
қалайы, күміс, алтын және басқалары), көмір, мұнай, 
фосфориттер. Осыларды игеру барысында жаңа қалалар 
пайда болды. Олар: Арқалық, Балқаш, Жезқазған, 
Қарағанды, Қаратау, Теміртау, Ақтау, Кентау т.б.
Қазақстан – егеменді тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 
1 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының 
тұңғыш президенті болып сайланды.
сөздік 
егеменді – суверенный
жер шары – земной шар 
өкіл – представитель
асыл – драгоценный 
созылып жатыр-простирается 
пайдалы кен – полезные 
ископаемые
2-тапсырма
Сұрақтар 
бойынша 
«Қазақстанның 
өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы» тақырыбына әңгіме 
құраңыз 


19 
1) Қазақстанның экономикасы жайында 
не айтасыз? 
2) Өнеркәсіппен ауылшаруашылықтың 
дамуы неге байланысты?
3) Жалпы 
шаруашылықтың дамуына 
қандай көңіл бөлінуде? 
4) Шаруашылықты 
дамытуға білімді 
мамандар қажет пе? 
5) Аыулшаруашылығына 
қандай 
мамандар қажет? 
6) Қазіргі заманда оларға жақсы жұмыс 
жасауға жағдай туғызуға бола ма? 
7) Оған кім жауапты? 
8) Өз үлесіңде қосар ма едің?
9) Ауылшаруашылығын дамыту үшін 
міндетті түрде ауылда тұру керек пе? 
3-тапсырма. Аңызды оқып, мазмұнын айтыңыз. Сұраққа 
жауап беріңіз.
...Өмірден өз орнын таба алмай ренжіп жүрген жас 
жігіт кездейсоқ қарт кісіге жолығып, сәлем береді. Қарт 
кісі Қызыр баба еді. 
- Қызыр баба, сізден сұрайтын тілегім бар, - деді жас 
жігіт. 
- Айта ғой, - деді қарт. 
- Таусылмас қазынаға қолым жетіп қуансам деген 
арманым бар, - деді ол. 
- Тілегің қабыл болады. Бірақ біліп қой, қазына сені 
іздеп келмейді. Оны өзің іздеп табуың керек. 
Асықпай тыңдап ал. Қазына жетеу. 
Бірінші қазына білімде, екінші қазына - өнерде, үшінші 
қазына – тілде, төртінші қазына – диірменде, бесінші 
қазына саудада, алтыншы қазына – шаруашылық
диқаншылықта, жетінші қазына – ит болады. 


20 
Табиғи дарының мен қабілетіңе қарай, өзіңе 
лайығын таңдап ал. Жігіт өз қабілетіне қарай шараушылық, 
диқаншылықты таңдапты. Жігіт еңбектің арқасында бай 
болыпты, қазыналы болыпты.
Сіз қандай қазынаны таңдар едіңіз? Айтыңыз, 
жазыңыз.
(«Жас алаш», 2002, ақпан) 
4-тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз 
Ілияс Жансүгіров (1894-1938) - аса көрнекті қазақ 
ақыны. Көптеген өлең, поэма жазған. Оның «Дала», 
«Күй», 
«Күйші», 
«Құлагер» 
поэмаларының 
қазақ 
әдебиетінің тарихында орны өзгеше. 
Дала 
Жүрегім, сырым сенікі, 
Келісті далам, кең далам. 
Тудым, өстім, есейдім, 
Ен далам – анам, мен – балаң. 
(Ілияс Жансүгіров) 
ен далам – бескрайняя степь 
өзгеше – особенный 
есейдім – возмужал 
жырым – моя песня 
өстім – вырос
5-тапсырма. «Менің қалауым – ауылшаруашылығы» 
тақырыбына сұхбат құрыңыз.
7-сабақ. Қазақстанның табиғи байлықтары. Ұлттық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет