Сабақ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл 1-тапсырма. Мәтіндерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз



Pdf көрінісі
бет6/21
Дата14.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#74106
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
үшін не қажет? 
1-тапсырма. Ойтүрткі. Мына сұрақтарды талқылаңыз. 
1) Уақытты басқару дегеніміз не? 
2) Уақытты меңгеру үшін не қажет? 
3) Уақыттың жаулары не деп ойлайсыз? 
2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. 
Уақытты басқару - өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде 
келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ ешнәрсе үлгере алмайды. 
Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді, әйтсе де, жұмысын өз 
уақытында тамаша орындап тастайды. 


25 
Кеңес Одағы кезінді адамдарда уақытты меңгеруге 
деген еш қажеттілік болмады. Барлығының жұмысы бар
жұмыс уақыты белгілі, тиісті демалысын алады. Міндетін 
орындаса болды. Қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс 
істейді. Сондықтан кейбіреулер тәуліктің тең жартысын 
жұмысқа арнап жүр. Бірақ нәтижелі ме? Әркім өз уақытын 
меңгере ала ма? Қымбат минуттарыңызды үнемдеу бар ма? 
Өзгелердің уақытына құрметпен қарайсыз ба? 
(Қазақ тілі. З.С.Күзекова.)
үлгере алмайды – не успевает 
Кеңес Одағы – Советский Союз 
әркім өзі үшін жұмыс істейді – каждый работает для себя 
қымбат минуттарыңыз – дорогие минуты 
3-тапсырма. Мына сөйлемдерге назар аударып, есте 
сақтаңыз. 

Уақытты саналы сезініп, өмір сүріңіз. Маңызды 
жұмыстар үшін уақыт табыңыз. 

Еңбек ету үшін уақыт табыңыз, бұл табыс кепілі. 

Ойлану үшін уақыт табыңыз, бұл күш-жігер 
бастауы. 

Оқу үшін уақыт табыңыз, бұл – білім негізі. 

Армандау үшін уақыт табыңыз, бұл – жұлдыздарға 
барар жол. 

Махаббат үшін уақыт табыңыз, бұл – өмірдің 
шынайы қуанышы. 

Көңіл көтеру үшін уақыт табыңыз, бұл - жанның
әуені. 
4-тапсырма. Толтырыңыз. Шын (ш) немесе жалған (ж). 
Ш 
Ж 
1. Даналық жасқа байланысты 


26 
2. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе 
бар 
3. Тек оны әркім әр түрлі 
пайдаланады 
4. Уақыт – аксүйектікті 
мойындамайды 
5. Ханға да, қараға да берілетін мерзім 
– тәулігіне 25 сағат 
6. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-
өзі қадағалап отырады. 
7. Дүниедегі ең жаман дерт – 
еріншектікті жеңеді. 
даналық – мудрость 
күнтізбе – календарь 
тәулік – сутки 
3-тапсырма. Мына өлеңді жаттап алыңыз
Уақытты тоқтатар шама бар ма? 
Бәрі өтеді дәуірлер замандарда. 
Менің жаман ашиды мына өмірді
Өтпейтіндей көретін адамдарға. 
Өтеді ғой... 
Өтеді барлығы да. 
Күн арқалап кетеді таңды мына. 
Менің жаным ашиды барлығына, 
Таң нұрына, адамның тағдырына. 
( М.Мақатаев.)
10-сабақ. Үнемшілдік – экономика жаны 
1.Тапсырма. Мәтіндерді оқып, сұрақтарға жауап 
жазыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет