Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет183/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
Есеп-қисап 
Аллаһ тағала барлық мақлұқатты азаптаса да, зұлымдық 
саналмайды. Себебі барлығы – Оның меншігіндегі құлдары. Ал 
Патша меншігіндегіге қалағанын істейді. Бірақ Аллаһ тағала 
құлдарына әділ үкім жүргізеді. Сондықтан жоғары мәртебелі 
Жаратушы осы ұлы күндегі есеп-қисап үшін арнайы бір айнымас 
қағидалар бекітті. Ол қағидалар: 
Бірінші қағида: Еш зұлымдық араласпаған толық әділдік 
Қиямет күні Аллаһ тағала сауаптарды кемітпей толық береді. 
Тарының салмағындай болса да әділетсіздік істемейді. Бұл жайлы 
Аллаһ тағала: «Сосын әркімнің еңбегі өздеріне толық беріледі 
және олар зұлымдыққа ұшырамайды»
1

«(Лұқман): «Ей, ұлым! Егер қыша дәнінің салмағындай 
(жақсы немесе жаман амалдарың) болып, ол жартастың ішінде 
немесе көктерде не жерде болса, Аллаһ оны (Қиямет күні 
бәрібір) келтіреді. Расында, Аллаһ – аса Қырағы, бәрін 
Білуші»
2

«Негізінен, Аллаһ тозаң түйірінің салмағындай да 
әділетсіздік етпейді»
3

«(Мұхаммед! Оларға): «Дүниенің пайдасы тым аз. Тақуалар 
үшін Ақырет жақсы. Сендер қылдай әділетсіздікке 
ұшырамайсыңдар», – де»
4

«Еркектен немесе әйелден кім иман келтіруші болып, ізгі 
істер жасаса, міне, солар жаннатқа кіреді. Ешбір 
әділетсіздікке ұшырамайды»
5

1
«Бақара» сүресі, 281-аят. 
2
«Лұқман» сүресі, 16-аят. 
3
«Ниса» сүресі, 40-аят. 
4
«Ниса» сүресі, 77-аят. 
5
«Ниса» сүресі, 124-аят. 


204
 
 
«Сонда кім тозаң түйірінің салмағындай жақсылық 
істеген болса, оның (Ақыретте сауабын) көреді. Ал кім тозаң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет