тоқыған өтіріктері үшін сұраққа тартылады» 1 ;
«Сөйтіп, олар Қиямет күні өз күнәларын түгелімен және надандықпен жолдан адастырғандарының күнәларынан да бір бөлігін көтереді. Байқаңдар! Үстіне алған нәрселері нендей жаман» 2 , – деген.
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткізген
хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Зұлымдықпен өлтірілген әрбір адам қанының бір бөлігі Адамның тұңғыш ұлына (Қабылға
барады). Өйткені ол – алғаш кісі өлтірудің негізін салған (адам)», – деген
3
.
Яғни Қиямет күніне дейін әрбір кісі өлтіруші күнәсінің бір
бөлігін Қабыл арқалайды. Бұл – оның Әбілді өлтіргенінің емес,
керісінше, кісі өлтіруді алғаш бастап бергенінің жазасы. Кімде-
кім бір жаман істі бастап, адамдар оны араларында әдет-ғұрыпқа
айналдырса, ол өз күнәсінен бөлек Қиямет күніне дейін оны
істеген кісілердің де күнәларының бір бөлігін арқалайды.
Үшінші қағида: Адам өзінің істеген амалдарын көреді
Яғни әрбір адам өз өмірінде не істегенін жазбаша түрде
көреді. Ол жайлы Аллаһ тағала: «Сол күні әркім істеген игілігін әзір табады да, істеген жамандығының арасы мен өз арасының ұзақ қашықтықта болуын қалайды» 4 ;
«Әр адамның қылығын мойнына қоямыз. Сондай-ақ Қиямет күні оның кітабын шығарамыз.(Кітабы) оған ашылған түрде кездеседі» 5 ;
1
«Анкабут» сүресі, 13-аят.
2
«Нахл» сүресі, 25-аят.
3
Ахмад.
4
«Әлі Имран» сүресі, 30-аят.
5
«Исра» сүресі, 13-аят.
206
«Амал дәптері алдарына қойылады. Сонда күнәкарлардың