257
қалаған
нәрселерін
береді.
Пенденің)
арман-тілектері
таусылған кезде Аллаһ: «Саған осы және дәл осындай он есе
(артығымен)
!» – дейді. Сосын (пенде жаннаттағы)
үйіне кіреді.
Сонда оған хор қыздарынан болған екі әйелі кіріп: «Сені бізге
тірілтіп берген және бізді саған тірілтіп берген Аллаһқа
мақтау болсын!» – дейді. (Сол кезде пенде)
: «Маған
берілгендей (нәрсе)
ешкімге берілмеді!» – деп айтады», – деген.
Жаннаттың дәрежелері
Жаннат бір-бірінің үстін ала өрлеген дәрежелерден тұрады.
Аллаһ елшісі (с.а.с.):
«Расында, жаннатта Аллаһ жолында
жиһад жасаушыларға Аллаһ әзірлеген жүз дәреже бар.
(Олардан)
екі дәреженің арасы – аспан мен жердің арасындай.
Егер Аллаһтан сұрасаңдар, Одан Фирдаусты сұраңдар.
Өйткені ол – жаннаттың орта тұсындағы ең жоғарғысы», –
деген
1
.
Иеленген
орындарына
қарай жаннаттықтар
да
өзара
дәрежелерге бөлінеді.
Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын)
риуаят еткен
хадисте Пайғамбар (с.а.с.):
«Жаннаттықтар араларындағы
артықшылыққа байланысты төбелеріндегі бөлмедегілерге
2
,
көкжиекті бойлап шығысқа яки батысқа қарай алыстап бара
жатқан жарық жұлдызға қарағандай қарайды», – деген.
(Адамдар):
«Уа, Аллаһтың елшісі! Ол (бөлмелер)
басқалар жете
алмайтын пайғамбарлардың мекені ме?» – деп (сұрағанда,
Пайғамбар (с.а.с.)):
«Олай емес, жаным қолында болған
1
Әл-Бұхари.
2
Бұл жерде жаннаттың ең жоғарғы шегінде
орналасатын адамдардың
мекендері туралы айтылған.