Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного



Pdf көрінісі
бет48/53
Дата03.03.2017
өлшемі7,62 Mb.
#7253
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

 
Әдебиет 
 
1.Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының очеркі. Алматы: «Жазушы» 1975ж.268 б. 
2.Ғабдуллин Н.  Драма өнері. Алматы: Жалын, 1982 ж., - 1978 ж., - 258 б. 
Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы: Жазушы,1959 ж., - 384 б. 
 
ИЗ ИСТОРИИ ВОССТАНОВЛЕНИЯ И РАЗВИТИЯ КАЗАХСКОГО ТЕАТРА 
М.К. Альбеков 
 
В  данной  статье  раскрывается  история  восстановления    казахского  театра  и  роль 
Семейского театра в казахском театральном искусстве. 
 
FROM THE HISTORY OF RECONSTRUCTION AND DEVELOPMENT KAZAKH THEATER 
M.K. Albekov 
 
This article deals with the history of the restoration of the Kazakh theater and the role of theater 
in Semey Kazakh theater arts 
 
 
 
 

343 
 
ӘОЖ: 94(574.42) 
 
Т.А. Кариева  
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
 
НӘУБЕТКЕ САЯСИ БАҒА БЕРІЛУІ ТИІС 
 
Мақалада  қазақ  тарихындағы  зұлматты  кезең  ашаршылық  трагедиясының  бүгінгі  күнгі 
жаңғыртылу  мәселелері  қарастырылады.  Саяси  мәні  бар  тарихи  нәубетке  баға  берудің  өзекті 
екендігі  мәлімделеді.  Автор  мақалада  тарихшылар  пікірін  келтіре  отырып,  ашаршылық 
құрбандарын еске алу керектігі  баса айтылады.  
 
Түйін сөздер: тарих, ашаршылық құрбандары, нәубетті жылдар, саяси бағыт. 
 
Қазақ  халқының  ұзақ  тарихында  небір  қиын  кезеңдердің  болғаны  белгілі.  Соның  бірі  - 
ашаршылық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандары. Алайда бiз жиырма жылдан астам уақыт тәуелсiз ел 
болып танылсақ та, осы «қызыл террордың»  салып кеткен қызыл нәубеттеріне әлi күнге толық саяси 
бағасын  бере  алмай  келемiз.  Бұл  мәселеге  келгенде  Өзбекстан,  Украина,  Грузия  және  Балтық 
жағалауы елдерi осы күнге әлдеқашан саяси бағасын берiп, аруақтарын ұлықтап қойған. Ал бүгінде 
тәуелсіз мемлекет атанған Қазақстан Республикасының аталған оқиғаға саяси баға беруге дәрменсіз 
болғаны ма? - деген сұрақ туады. Бүгінде сол жылдары Ресей, Қазақстан, Беларусь және Украинада 
ашаршылықтан 7 млн адам бақилық болғаны айтылып жүр. 
Кеңестiк  жүйе  кезiнде  жасалған  кез  келген  саяси  әрекетке  тәуелсiз  Қазақстан  жауап  беруге 
мiндеттi  емес  десек,  онда  өткенімізге  «сын»  болары  сөзсіз.    Демек,  бұл  жерде  саяси  баға  беруден 
бұрын  бiз  саяси  мәнi  бар  тарихи  нәубетке  баға  беруіміз  керек  қой  деп  ойлаймын.  Ашаршылық  - 
алдымен саяси мәселе емес. Дегенмен бiздiң үкiметтiң ашаршылық құрбандарын елемей отыруында 
бiз бiлмейтiн құпия себеп бар болуы мүмкiн деген күмән...  
Сол  кездегі  мемлекеттегі  билік  өкілдерінің  қазақ  ұлтының  ерекшелігін  білмеуі,  елін 
білмегеннен  соң  жерін  білмеуі  осы  қасіреттің  туындауына  себепкер  болмақ.  Сондай-ақ,  билік 
өкілдерінің    (Сталин,  Голощекин)  біліктілігі  де  тұщымды  болмаған.  Олар  қазақтың  даласын  малға 
бай, ет пен сүтi сарқылмайтын қазына деп ұғынды.  
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi деп белгіледік, қалтарыста қалып 
қойған  ашаршылықтың  да  80  жылдығын  осы  күні  атап  (2012  жылы  31  мамыр)  өттік.  Бұл  жерде 
елімізге  танымал  тарихшы-ғалым,  Қайдар  Алдажұманов:  «маман  ретінде  айтатын  болсам, 
ашаршылық пен репрессия – халықтың басына түскен бір қасірет, біртұтас процесс. Бірге атау керек, 
я болмаса елеусіз қалған ашаршылық дегенді қоса атап өткен дұрыс деп ойлаймын» [1]-деп өз пікірін 
білдіреді. Өз басым бірге атау керек деген пікірді қолдағаныммен, халық басына түскен бір қасірет 
пікірімен  санаса  алмаймын.  Себебі,  бұл  жерде  басты  мәселе  ашаршылық  пен  саяси  қуғын-сүргін 
мәселесін жеке тарихи мәселе деп қарауымыз маңызды.  Екі мәселе екі түрлі тарихи зерттеуге арқау 
болғанын  және  бола  беретінін  мойындағанымыз  жөн.  Бірақ  екеуі  де  қазақ  ұлтының  басындағы 
ҚАСІРЕТ екендігін жоққа шығара алмаймыз. Қуғын-сүргiнге орыс ұлтын кiнәлаудың жөнi жоқ деген 
ғалым Т.Омарбековтың пікіріне қосыламын. Ал, Кеңес Одағындағы концлагерьлерде орыс ұлтының 
өкілдерінің  жатқанын  ескерсек,  онда  олардың  бар  кiнәсi  Қазақстанға  жаппай  қоныс  аударулары 
болды.  Ашаршылықтың  зардабы  одақтас  республикалар  iшiнде  Қазақстанға  ауыр  соққанын  айта 
келіп,  белгілі  тарихшы,  ғалым  Т.Омарбеков:    «жасыратыны  жоқ,  1991  жылға  дейiн  қазақтың  қойы 
Мәскеудiң  темiржол  станцияларынан  маңырап  түсiп  жатты.  Адам  шығыны  мен  мал  шығынының 
тағы  бiр  себебi  -  бiздiң  Ресейге  отар  ел  болғандығымыздан»  деп  құптарлық  ой  айтады  [2].  Отар 
болған  елдің  ертеңі  бұлыңғыр  екендігі  тағы  бар.  Шетелдік  зерттеушілер  мұның  басты  себептерінің 
бірі  ретінде  Қазақстанда болған  табиғи  құрғақшылықты және  оның  нәтижесінде  орын  алған  жұтты 
алға тартады[3].  
Енді  бірде,  Қазақстандағы  қасіретті  жағдайды  талдай  келе,  американдық  тарихшы  М.Б. 
Олкотт:  «Қазақстанда  жаппай  саяси  қуғын-сүргін  немесе  ашаршылық  кезінде  аға  ұрпақ  өкілдері 
құрбан болмаған отбасы жоқ шығар. Көптеген отбасы толығымен қырылған, олардың артында ешкім 
қалмаған, бүгінде олардың атын кім шығарады». 
Ауа райының аса қолайсыз құбылыстары, атап айтқанда, қуаңшылық, егіннің шықпай қалуы, 
егістікті  алқапқа  шегірткенің  қаптап  кетуі,  жерді  көк  мұз  басуы  т.б.  салдарынан  болатын 
экономикалық күйзелісті ежелгі қазақтар жұт деп үрейленген. Қазақ «жұт – жеті ағайынды содырмен 

344 
 
сегіз, салақпен тоғыз, олақпен он» деген сөздер де ертеден келе жатыр. Міне, осындай дүркін-дүркін 
Жұттан аман қалған қазақ, большевиктер билікке келгеннен кейінгі жағдайда оған төтеп бере алмады. 
Оның  басты  себебі,  жұмысшы  мен  шаруаның  одағына  негізделген  пролетариат  диктатурасының 
орнауы  еді.  Бұл  төңкеріс  бастапқыда  «әлемдік  социализм»  теориясына  сәйкес  Ресей  империясына 
«эксперимент»  ретінде  енгізілген-ді.  1917 жылғы  үздіксіз  төңкерістер, соның  ішіндегі  «социалистік 
төңкеріс»,  «кеңестер»  туралы  В.И.  Ленин:  «Уақытша  үкіметпен,  буржуазия  үкіметімен  қатар  әлі 
әлсіз,  жаңа  ұрық  салып  келе  жатқан…  екінші  үкімет  –  жұмысшы  және  солдат  депутаттарының 
Кеңестері  құрылды.    Бұл  үкіметтің  саяси  сипаты  қандай?  Бұл  –  революциялық  диктатура,  яғни  ор-
талықтандырылған  мемлекеттік  өкіметтің  шығарған  заңына  емес,  …  бұқара  халықтың  төменнен 
болатын тікелей бастамасына сүйенетін өкімет» деп жазған еді. Алайда, бұл өкімет орталықтан шет 
жатқан Түркістан сияқты  аймақтарда Мұстафа Шоқайдың  сөзімен  айтқанда,  «…  өліктердің  үстінде 
…  әйелдер  мен  балалардың  өліктерін  құрбандыққа  шалып  орнады».  Билік  үшін  күресте 
большевиктердің  толық  жеңісі  немесе  «социалистік  революцияның  салтанат  құруы»  –  азамат 
соғысынан  кейін  ғана  мүмкін  болды.  Кеңес  өкіметінің  1920  жылдан  басталатын  дербес  билігі  1930 
жылдары  тоталитаризм  (лат.  totalis  –  тұтастай,  түгелдей)  жүйесін  туғызды.  «Тоталитаризм  орнаған 
мемлекетте  қоғам  өмірінің  барлық  саласы  биліктің  бақылауында  болып,  адам  бостандығы  мен 
конституциялық  құқықтары  жойылады,  оппозиция  мен  өзге  саяси  ой  өкілдері  саяси  қуғын-сүргінге 
ұшырайды. Оның тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэдун, Солтүстік Кореяда Ким Ир 
Сен режимі кезінде, сондай-ақ фашистік Италияда Б.Муссолини және Германияда А. Гитлер тұсында 
орнады» [4, 458]. 
Қалай айтсақ та, кеңестiк тоталитарлық жүйе қазаққа ауыр соқты. Халықты рухани жағынан 
азғындатып, материалдық жағынан көп шығынға ұшыратты. Тарихшы ретiнде сол нәубет жылдары 
болған  адам  мен  мал  шығыны  мөлшермен  айтар  болсақ,  1921-22  жылдардағы  бірінші  ашаршылық 
кезіндегі шығын 1 млн 700 мың болса, 1930-1933 жылдар аралығындағы ашаршылық құрбандарының 
жалпы саны 3 миллион 379 500 адамнан асып жығылады. Профессор, тарих ғылымдарының докторы 
Б.Аяғанның  сөзімен  айтқанда,  «сол  жылдары  құрбан  болған  адамдардың  нақты  санын  анықтау 
мүмкін емес екенін ескеру қажет».  
Ашаршылықтың  себебі,  тікелей  адам  қолымен  істелген  саясаттың  кесапаты.  Кеңес  өкіметі 
орнағаннан  кейін  «соғыс  коммунизм»  саясаты  жүргізіліп,  шаруалардың  қолындағы  азғантай  азық-
түлікті тартып алып отырды. Биліктің жүргізген саясатына  шаруалардың наразылығы күннен-күнге 
өршіп,  қазынаның  ақшасын  тонап,  тұрғындарға  азық-түлік  таратқан.  Семей  өңіріндегі 
көтерілісшілердің  саны  он  күн  ішінде  400-ге  жеткен.  Қарсылық  көрсетушілердің  осынша  көбеюінің 
себебі, азамат соғысынан кейін партизан топтарында болған көптеген шаруалар, өз ауылдарына келе 
күйреген  шаруашылықты,  нансыз  ашығып  отырған  жанұяларын  көргеннен  кейін,  бұлар  да 
көтерілісшілерге  қосылып,  үкімет  саясатына  деген  қарсылық  қимылдарын  жүргізді.  Өңірдегі 
көтерілісті басқарған казак есаулы Шишкин халық арасынан атты әскер жасақтап, Ямышев, Лебяжье, 
Павлодар  елді  мекендерінде  шаруалар  қозғалысын  ұйымдастырып,  партиялық  жүйені  жойып, 
бұрынғы  тәртіпті  орнатуға  талпыныс  жасаған  [5].  Бұл  күштеу  саясатына  халықтың  наразылығы, 
шаруалардың  бас  көтеруі  кеңес  тарихнамасында  «бандитизм»,  «саяси  бандитизм»  деп келгені тағы 
белгілі.  Ал  шын  мәнінде  бұл  толқулар  кеңес  өкіметінің  шаруаларға  ұстанған  озбырлық  саясатына 
қарсы  қозғалыс  еді.  Өйткені  билік  басындағы  Кеңестер  өздерін  жұмысшы-шаруалар  өкіметіміз  деп 
атаса  да,  осы  уақыттарда  олар  шаруалардың  қамын  ойлаған  оң  саясат  жүргізе  алмағаны  осындай 
наразылықтар  арқылы  анықталып  отырды.  Осындай  жағдайларға  қарамастан  өкімет  халықтың 
қолындағысын алып отырған. 
1920 жылы Қазақстан шаруаларынан 44 млн. пұт астық, 5 млн. пұт ет, 33 мың пұт май және 
өзге  де  ауыл  шаруашылық  өнімдері  жиналып,  Ресейдің  орталық  аудандарына  жіберілген  [6,14]. 
Осыған  сәйкес,  1921  жылы  18  шілде  де  Бүкіл  Ресейлік  Орталық  Атқару  Комитетінің  жанынан 
«Ашыққандарға  көмек»  (помгол)  Орталық  комиссиясы  құрылды.  Көптеген  аймақтардың  аштыққа 
ұшырауына  байланысты  БОАК-нің  декретіне  сәйкес  Қазақстанның  астық  шықпай  қалған 
губернияларының    (Орал,  Бөкей,  Орынбор,  Қостанай,  Ақтөбе  және  Адай  уезі)    халқы  азық-түлік 
салығынан  босатылды.  Сол  кездегі  «ауқатты»  аймақ  аталған  Семей  губерниясында  В.И.  Лениннің 
тікелей нұсқауымен азық – түлік саудасы уақытша тоқтатылды [7,27].  
Ашаршылық кезiнде қазақ жерiнде қазақтан басқа бiрде-бір ұлт аштықтан өлген жоқ. Бұның 
өзі  қазақ  ұлтын  жойып  жіберуді  мақсұт  орыс  өкіметінің  саяси  астары  екендігін  көреміз.  Мәселен, 
1921 жылы елде ашаршылық зұлматы басталған кезде ҚазОАК төрағасы Сейтқали Меңдешев Смағұл 
Садуақасовқа  үлкен  сенім  артып,  оны  Қаз  ОАК-нің  ресми  өкілі  ретінде  ашаршылық  жайлаған  ел 
өңіріне  жіберген  еді.  1921  жылғы  ашаршылық  туралы:  «Жәрдем  жоқ  емес,  бар.  Бірақ  бұл  жердегі 

345 
 
мәселе мынада. Қостанайдағы аштықпен күресушілер қайда асхана болса, сонда аштарға тегін тамақ 
беруді  ұйымдастырады  екен.  Асхана  бір  қазағы  жоқ  Қостанайда,  демек,  тегін  тамақ  үлестіру 
(қазақтарға  тиесілі  болмаған)  сонда  ұйымдастырылып  отыр.  Ал,  сол  тамақты  ұйымдастыратын  мал 
қайдан  алынды  деп  Смағұл  ашына  сұраса,  Гроза  деген  жауапты  біреу  оның  қазақ  ауылдарынан 
алынатындығын жасырмайды. Сонда ашығып жатқан кім, аштықпен «күресіп» жатқандар кімдер? 
ОАК-нің  төрағасы  елді  аштықтан  аман  алып  шығу  үшін  вагон  –  вагон  астық  пен  аш-
жалаңаштарға  арналған  киімдер,  дәрі  –  дәрмектер  қаншалықты  қиындық  пен  жеткізілгендігі 
жариялаған [8]. 1921-1922 ашаршылық жылдарында ел ісіне белсене араласып, елдің ауыр халін  өз 
көзімен көрген М.Әуезов «...аштықтан құтқару үшін дәл қазір шұғыл шара қолданылмаса, онда Қазақ 
республикасы қазақсыз қалады» дегенді бекер айтпаған болуы керек. Бұл биліктің дәрменсіздігі мен 
аштан  қырылып  жатқан  қазақты  көрген  адамның  жан  айқайы  еді.  Қазақстанда  2  млн  жуық  адам 
ашаршылыққа ұшырап жатқанда азық-түлік қорын қалыптастыру және көмек қолын созудың орнына 
Ресейден Қазақстанға қоныс аудару ешбір ақылға сыймайды.  
Сол кездегі «ауқатты» деп танылған Ақмола мен Семей аймақтарыда аштық құрсағында еді. 
Бірақ, соған қарамастан, Ақмоладан Ресейге жоспардан тыс 300 мың тонна астық жіберу міндеттелді. 
1922 жылдың басында Ресейдің Челябинск, Самара губернияларынан шамамен 470 мың ашыққандар 
Ақмола губерниясына қоныстандырылды.  
Аштық  қазақ  ұлтының  келешегіне,  ұлт  болып  қалуына  қауіп  төндірген  кесапат  екендігін 
ескерсек,  қазақ  даласындағы  ауыр  жағдайдан  хабардар  болған  Орынбордағы  қазақ  билігі  орнынан 
(ҚазОАК  төрағасы  Сейтқали  Меңдешев)  қозғалып  батыл  шараға  бара  қоймағаны  тағы  бар.  Оған 
себеп,  Қазақ  Өлкелік  революциялық  комитетінің  мүшелері  қазақ  емес  ұлт  өкілдерінен  болды,  олар 
қазақ халқының ауыр жағдайына бас ауырта қоймады. Керісінше, Қазақстаннан көмек қолын созуда 
белсенділік  танытты.  Ал,  ұлттық  мүддені  ту  еткен  қазақ  зиялыларының  шырылдаған  жан  дауысы 
«алашордашылардың  кеңес  өкіметіне  қарсы  әрекеті»  деп  қабылданды.  Белгілі  зерттеуші,  ғалым 
Т.Жұртбай «сол кезде С.Меңдешевтің туған ауылында түтіні тік шығатын бірде бір үй қалмаған еді» - 
деп  жазады  [9].  1921  жылдың  наурызындағы  мәліметке  сүйенсек,  Орал  губерниясында  тұратын 
470 028 адамның 446 536-сы, яғни, халықтың 99 пайызы аштыққа ұшыраған.  
1921 жылдың 10 желтоқсанында қазақ қызметкерлері қатысқан кеңес өтеді. Кеңестегі басты 
мәселе  ашыққандарға  көмек  көрсету  шарасын  ұйымдастыру.  Аталған  мәселе  бойынша  ел  ішіндегі 
ауыр  жағдай  туралы  М.Әуезовтың  баяндамасы  тыңдалады.  Онда  ол  «Көптеген  аудандардағы 
қазақтар  көптен  бері  тышқанмен,  көртышқанмен,  суырмен,  ұсақ  жәндіктермен  күн  көруде,  соның 
салдарынан елде жұқпалы аурулар дендеп келеді» - деп мәлімдейді [10].   
Орталық Өкіметке ресми хаттар 1918-1922 жж. ашаршылық кезінде де жазылған. «Обращение 
киргиз к Ленину» /Қазақтардың В.И.Ленинге хаты/ деп аталатын хатты, қазақ делегациясы орталыққа 
қабылдата  алмай,  Кавказда  жүрген  Мұстафа  Шоқайға  жеткізген,  көп  кешікпей,  бұл  хаттың  мәтіні 
«Борьба» газетінде /Тбилиси, 1921/ түсіндірмелермен жарық көрген. Құжатта адамдардың «иттің етін 
жеуге»  дейін  жеткендігі,  оларға  ешбір  медициналық  көмектің  көрсетілмеуі  жалпы  қазақ  қоғамына 
теріс көзқарастың туындап отырғаны, Орталықтың өкілдері мен жергілікті халықтың арасында өзара 
түсіністіктің  жоқтығы,  партия,  кеңес  қызметкерлерінің  көпшілігінің  отарлық  рухпен  уланғандығы 
жөнінде сөз қозғалады [11]. Ал, 1932-1933 ж.ж. ашаршылықтың зардаптары бұдан да зор болған еді. 
Бұл кезде ит емес, адамның етін жеу фактілері жиі орын алған. 
Қазақ даласындағы алғашқы ашаршылық атанған 1921-1922 жылдардағы ауыр кезеңде қазақ 
зиялылары  қол қусырып қарап  отырмай,  халық арасында  сауын  айтып,  мал  жинап, жиналған  жылу 
малын сол кездегі губерния орталығы Қостанайдан және темір жолдан алыс орналасқан Торғай уезіне 
көмек  қолын созуды  мақсат  етті. Бұл істі қолға  алмастан бұрын  олар арнайы  жиылыс  өткізіп,  1922 
жылдың 15 наурызында БОАК аштарға жәрдем беретін комитетке алдын  – ала телеграмма жолдап, 
Орталық үкіметтен Семей азаматтарына губерниялық аштар комитеті арқылы  елден жылу жинауға 
рұқсат  берілді  [7,30]  Семей  губерниясынан  жылу  жинауға  белсене  араласып,  Қарқаралы  уезінде 
жиналған  малды  Торғайға  жеткізуге  басшылық  жасауды  қазақ  азаматтары    Ж.Аймауытовқа  аманат 
етеді.  Жиналған  малды  діт  деген  жерге  жеткізуде  оңай  болмады.  Бір  жағынан  мал  ішінен  шыққан 
індет қыспаққа алса, екінші жағынан Жүсіпбекті қаралаған мақала баспасөзде жарық көрді [12]. Осы 
мақала жарияланғаннан кейін қазақ зиялыларының соңынан кеңестік билік шам алып түседі. Ол қазақ 
тарихындағы  1923  жылы  басталып,  соңғы  нүктесі  1926  жылы  қойылған  «Торғай  ісі»  ақыры  немен 
аяқталғаны, баршамызға мәлім. Алайда, қазақ оқығандарының әртүрлі жанрдағы жанайқайын еститін 
құлақ болмады, тыңдаусыз қалды.  
1929  жылдың  қараша  айында  кеңес  өкіметінің  күштеу,  зорлық  –  зомбылық,  тәркілеу 
саясатына  қарсы  Батпаққара  көтерілісі  кезінде  де  Жүсіпбек  Аймауытовтың  Торғай  еліне  қатысты 

346 
 
қолтаңбасын  іздеп  бақты.  Билік  өкілдері  1930  жылы  21  сәуірде  Мәскеу  қаласының  Бутырка 
түрмесінде ату жазасына бұйырады. Бүгінде қазақ тарихын зерттеушілер арасында бұл істің қандай 
нәтиже бергендігі белгілі. 
Тарихтың  өткені  мен  бүгіні  халқымыздың  жүріп  өткен  жолы,  басынан  кешкен  оқиғалары 
болашақ  ұрпаққа  үлкен  сабақ  болады.  Шынайы  демократиялық  құндылықтарды  қалыптастырып, 
тарихи санасы сергек, тарихи танымы жоғары ұрпақ болып өсуіне себепкер болуымыз керек.  Қазақ 
тарихында  «ашаршылық»  жеке  тарих  екендігін  айғақтайтын  осы  мәселелер  болмақ.  Сондықтан  да 
нәубетке  саяси  баға  берілуі  тиіс  деп  түйіндейік.  Қазақстандағы  қасірет  қазақ  халқының  тарихында 
мәңгілік орын алды, сонымен қатар ұжымдастыру тарихы болашақта жан-жақты, тиянақты зерттеуді 
қажет етеді және отандық тарих ғылымының алдына жаңа міндеттер қояды. 
Зерттеушiлер мен ғалымдар тарапынан қазақ халқы тарихының қойнауына қаралы әрiптермен 
жазылған  жұттың  ащы  шындығын  жариялай  бастады.  Талай  еңбектер  жарыққа  шыққанымен, 
мұрағаттар қойнауында әлi де қаншама құжаттар мен деректер өз кезегiн күтiп тұр. Оның барлығын 
зерттеп,  зерделеп  бiр  iзге  түсiріп  халыққа  жеткізу  қажет.  Көршiлес  Украина  Голощекиннiң  «қызыл 
қырғынын» геноцид деп таныса, бiздiң елде бұл мәселе әлі күнге дейiн көтерiлмей келедi. Қасақана 
қолдан  аштық  жасалып,  қазақ  ұлтын  түп-тамырымен  жоюды  мақсат  тұтқан  нәубетке  саяси  баға 
берiлуi  -  солтүстiктегi  көршiмiзге  айып  тағу  емес,  тарих  алдындағы  адалдық  болмақ  деген  Бүркіт 
Аяғанның сөзімен тәмамдасақ. 
 
Әдебиет 
 
1.Егемен Қазақстан  30 Мамыр 2009 
2.Омарбеков Т. Егемен Қазақстан 2005, 15 шілде 
3.Олкотт М.-Б. Советское наследие Казахстана.              
4.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, 2006. – 704 б.-Т.8.       
5.Григорьев.В.К.   Разгром  мелкобуржуазной  контрреволюции  в  Казахстане (1920-1922г.г) Алма-
Ата. Казахстан, 1984.- с.48-52. 
6.Қазақстан тарихы: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2006. – 768 б. 
7.Замзаева  Т.А.  Мерзімді  баспасөз  беттерінен:  1921-1922  жж.  ашаршылық  және  оның  салдары  // 
ҚазҰУ №3 (50) 2008 27-32 бб. 
8.Қызыл Қазақстан 1922 7-8. 
9.Жұртбай Т. Ұраным – Алаш!.. - Астана: Ел–шежіре, 2008. – 472 б. 
10.Ауезов  және  архив  /Құрастырғандар:  Зияда  Ижанов,  Ғазиза  Исахан,  Мәрия  Сандыбаева,  Жанар 
Сатаева/ - Алматы,  «Атамұра», 1997. – 130 бет.(ҚР ОММ материалдары негізінде) 
11.К.Есмағамбетов.  М.Шоқай қазақтардың  ашаршылыққа  ұшырауы  туралы  ҚазҰПУ,  №2  (29), 2011. 
107-114 бб./. 
12.Еңбекші қазақ 1923 №69 
 
НЕОБХОДИМО ДАТЬ ПОЛИТИЧЕСКУЮ  ОЦЕНКУ  БЕДСТВИЮ 
Т.А. Кариева 
 
В  статье  рассмотрена  одна  из  трагических  периодов  в  судьбе  казахского  народа,  дан 
свежий  взгляд  на  проблему    голодомора.    Дана  объективная  историческая  оценка  событию, 
отмечена  актуальность    вопроса  благополучия  народа.  Автор  приводит  в  статье  мнения 
различных авторов,  предлагает воздать дань памяти жертвам голодомора.  
 
THE POLITICAL PRICE WILL HAVE TO GIVEN FOR FATE 
T.A. Karieva 
 
The article deals with the problems of today in a terrible period of starvation in Kazakh history. 
The most important thing is to assess the meaning of this political history. Author considering the opinion 
of historians, says that it is necessary to remember the victims of the famine. 
 
 
 
 

347 
 
ӘОЖ: 958.45 
 
Л.С. Динашева, М.М. Тастанбеков  
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
 
ПАТША ҮКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ ЖҮРГІЗГЕН ҚОНЫС АУДАРУ 
САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗАҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТИГІЗГЕН ЗАРДАПТАРЫ 
 
Мақалада  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  патшалық  Ресейдің  Оңтүстік 
Қазақстанда  жүргізлген  қоныс  аудару  саясатының  қазақ  қоғамынның  дамуына  тигізген 
зардаптары деректердің негізінде  қаралады. 
 
Түйін  сөздер:  орыстандыру,  переселен,  патша  үкіметі,  Оңтүстік  Қазақстан,  Түркістан 
өлкесі, қоныс аудару.  
 
Патшалық  Ресейдің  орыстарды  қоныс  аудартуда  “шет  аймақтарды  орыстандыру”  деген 
ұлтшылдық принцип даңқын арттыру мақсатында жүргізген саясаты нәтижесінде 1867 жылдан 1917 
жылға дейін Қоныстандыру Басқармасы қазақ халқы иелігінен 45 387 479 десятина жерді еркінен тыс 
алды.  1895  және  1915  жылдар  аралығында  Қазақстанның  төрт  Дала  облыстары  мен  екі  Оңтүстік 
облыстарында 1 97 803 қоныс аударушы шаруалар орналастырылды [1,5]. Переселендердің Ресейден 
келуі  жылдан  жылға  ұлғая  түскен  еді.  Қоныс  аударушы  орыс  шаруалары  арқылы  өздеріне  “мықты 
тірек”  жасамақ  болған  патша  әкімшілігі,  оларға  өмір  сүруге  қолайлы,  су  жүйелері  жүргізілген 
жерлерден  учаскелер  дайындап  беруге  тырысты.  Мұндай  жерлерді  жергілікті  халықтың 
пайдалануынан  алудың  Оңтүстік  Қазақстанда  қалыптасқан  жүйесі  қазақтардың  шаруашылығының 
күйзелуіне, кедейлер санының көбеюіне және олардың құқықсыздығының арта түсуіне алып келді.  
Жетісу  облысын  қарастырып  отырған  кезеңді  зерттеген  В.А.Васильев:  “Қоныс  аудару 
саясатының  мынадай  салдары  болды:  1.  Өмір  сүруге  қолайлы  жерлер  су  бастауларымен  және 
қазақтар пайдаланып отырған жерлерімен қоса алынды; 2. Қазақ халқының мүдделерін толық елемеу 
жер  мәселесі  төңірегінде  шиеленістер  туғызды  және  көшіп-қону  процесінің  ежелден  қалыптасқан 
дәстүрін бұзды; 3.Ертеден өмір сүріп келе жетқан территорияларынан бүтіндей бір ауылдар көшірілді, 
дайын  су    жүйелерін,  қыстаулардағы  құрылыстары  бұзылды;  4.  Өз  еркімен  келген  қоныс 
аударушылар  өлкеге  көптеп  келіп,  өздері  жер  алуда  еркін  қимылдауына  қоныс  аудару  мекеме 
қызметкерлері көздерін жұма қарады. Біраз уақыттан соң олар ресми түрде тіркелінді; 5. Жер бөліп 
беру  жұмыстарында  жерге    орналастырудағы  техникалық  тәртіптер  сақталмады.  Нәтижесінде 
қазақтарға берілген жерлер орыс поселкелерімен араласып кетті де, бұл орыс деревнялары мен қазақ 
ауылдары  арасында  ұлттық  шиеленісті  туғызды.  Қазақтарға  жер  бөліп  беруде  жерге 
орналастырушылар, халықтың пайдалануындағы жер түрлеріне көңіл бөлінбеді” [2,85] - дейді. 
Патша  үкіметінің  жоғарыда  көрсетілген  іс-шаралары  нәтижесінде  барлық  қолайлы  жерлер 
өлкеге  кедей,  азып  тозған  күйінде  келіп,  бай  кулақа  айналған  орыс  шаруалары  мен    қазақ  байлары 
қоластына  шоғырланды.  Бұл  жағдайлардың  барлығы  жер  пайдалану  ретінде  теңсіздік  туғызды. 
Жетісу  облысындағы  қазақтар  мен  орыстардың  жер  пайдалану  ретінің  орташа  көлемі  төмендегідей 
болды: [2,96]  
 
Ұлттар 
Бір шаруашылыққа тиесілі жер (десятина) 
 
бөліп берілген жерлері 
жалға алған жерлері 
барлығы 
қазақтар 
7,0 
0,7 
7,7 
Орыстар 
20,0 
3,3 
23,5 
Орташа есеппен бір шаруашылықта: [2,101] 
Ұлттар 
Адам-
дар 
саны 
Жылқыға айнал- 
дырғандағы мал саны   
Егістік көлемі (десятина) 
Шабындық 
жерлері  
(десятина) 
 
 
 
астық 
жоңышқа 
 
қазақтарда 
5,44 
15,34 
1,88 
0,31 
2,20 
орыстарда 
7,34 
9,98 
7,44 
0,33, 
2,14 
 

348 
 
Зерттеушінің  егін  шыққан  егістік  алқабының  көлеміне  қарай  шаруашылықтарды  топтарға 
бөліп көрсеткен төмендегі кестесі де көп жағдайды аңғартады [2,91] .  
Бұл  мәліметтен  орыс  тұрғындарының  ішінде  ірі  жер  көлемін  иелініп  отырған 
шаруашылықтардың  қазақтарға  қарағанда  көп  екендігі,  қазақтар  өз  шаруашылығында  қоныс 
аударушы келімсектерге қарағанда аз ғана жер пайдаланғандығын анықтау қиын емес. 
Түркістан  өлкесінде  халқының  дені  отырықшы  тұрғындардан  тұратын  Самарқан,  Ферғана, 
Закаспий    облыстарында  патша  үкіметі  отарлау  саясатын    сауда  капиталы  арқылы  ауыл 
шаруашылығы  шикізат  өндіруші  елге  айналдыруын,  әр  түрлі  салықтар  салып,  әкімшілік  қанау 
арқылы жүргізсе, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқы  орналасқан Жетісу және Сырдария 
облысын отарлау  тұрғындардың жерін тартып алу түрінде жүрді. 
Т.Рысқұлов  мәліметіне қарағанда Түркістанның  барлық  территориясы,  Хиуа  және  Бұқараны 
санамағанда,152,3 млн десятина жерге  созылып жатты. Бұл территорияның 50%-і немесе 76,15 млн. 
десятинасы құмды жерлер, саз балшықты жерлері 35% немесе 52,31 млн. десятина болды [3,76]. 
 
Топтар- 
дың  
Қазақтар 
Орыстар 
№№ 
1қожалыққа 
тиселі 
егістік 
көлемі 
(десятина) 
қожалықтар-дың 
%-көрсеткіші 
1қожалық-қа 
тиесілі 
егістік 
көлемі 
барлық 
қожалық- 
тар%-пен 
тіркел- 
гендері  %-
пен 
І 
ІІ 
ІІІ 
ІV 

VІ 
VІІ 
VІІІ 
ІX 


1-ге дейін 
1-3 
3-5 
5-7 
7-10 
10-15 
15-20 
20-30 
30-жоғары 
16,4 
18,2 
38,3 
15,0 
6,4 
3,3 
1,7 
0,4 
0,2 
0,1 

3-ке дейін 
3-5 
5-10 
10-15 
15-25 
25-50 
50-100 
100-жоғары 
27,7 
12,3 
9,8 
20,0 
12,6 
11,8 
4,8 
0,6 
0,1 
 
4,8 
11,9 
11,6 
27,4 
19,0 
27,5 
7,1 
0,6 
0,1 
 
Шаруашылық құндылығы жағынан 152 300 000 десятина жер былай бөлінді. 
1. 
 
Өңделген жерлері                          3 286 331 дес.-2,35% 
2. 
 
Жайылымдық жерлер (таулы және далалы) 64000000 дес.-2,45% 
3. 
 
Орманды жерлер                           6 000 000 дес. - 3,85% 
4. 
 
Жарамсыз кеңістік                         79 000 000 дес.-51,4%    
Бұл сандық көрсеткіштерден шаруашылыққа жарамды жерлер барлық жердің 48,6 процентін 
ғана құрағандығын көреміз. 
1915  ж.  ауыл  шаруашылығы  мақсатына  өңделген  3,3  млн.  десятина  жердің  2  335  389 
десятинасы  немесе  78%  қолмен  суарылатын  жерлер  деп  есептелінді  [3,77].  Бұдан  Түркістан 
экономикасының 3 / 4 суға байланысты екендігін көз жеткізуге болады. 
1916 жылы Түркістанда құрылған 941 орыс поселкелері мен станицалары қарамағында 1 900 
000  десятина  жер  немесе  барлық  өңделген  жерлердің  57,6  проценті  болды.  Басқа  сөзбен  айтқанда 
Түркістанда өмір сүрген әрбір орыс нәсіліндегі адамға 3,17 десятина, ол жергілікті  тұрғындар (өзбек, 
қазақ, тәжік, түркімен, ұйғыр, дүнген және т.б.) иелігіне 0,21 десятина өңделген жерден  келді; яғни 
өз  жерінде  өмір  сүрген  халықтардың  пайдалануындағы  жері  келімсектерге  берілген  жерден  15  есе 
кем  болды.  Осылайша  өлкедегі  халықтардың  94%-ін  құрайтын  жергілікті  халық  шаруашылыққа 
жарамды жерлердің 42,4%-ғана иеленді. 
Мұндай қорытындыны Түркістанда жер мәселесін зерттеген Мырзағазы Есболұлы да жасаған. 
Оның  есебі  бойынша  1916  жылға  дейін  жергілікті  тұрғындар  қарамағынан  алынған  жер  мөлшері 
мынадай болды:  
“1. Жетісу облысында 
а) казак-орыстарға                        
667 мың десятина 
б) Қалаларға                                
3700 мың десятина 
п) Ескілік келімсектерге                
232 мың десятина 
т) Жаңа келімсектерге                  
1277 мың десятина 
ж) Қазынаға (мұның ішінде орманда бар) 1750 мың десятина. 

349 
 
Қазақ  қырғыздан  алынған  жердің  барлығы  3963  мың  десятина.  Бұл  жердің  ішінде  казак-
орыспен  қара  шекпенділердің  егіндігі  1200  мың  десятина.  Мұнда  казак-орыс  пен  қара 
шекпенділердің-600 дей қаласы бар.  
2.Сырдария облысында  
Ескілік, жаңа келімсектерге                 607 мың дес. 
Қалалар саны                                      260 қаласы бар 
3.Ферғана облысында           
Келімсектерге                                      75 мың десятина  
Қалаларының  саны                              50 қаласы бар 
4.Самарқан облысынан       
Келімсектердің  үш қаласы бар, жері     3500 десятина 
5.Түркімен облысынан  
Келімсектердің 28 қаласы бар. Жері 7000 десятина” [4,13]. 
“Сонымен,-  дейді  М.Есболұлы,-Түркістанда  казак-орыс  келімсектер  пайдасына  1900  мың 
десятина егістік жер алынып, мұнда олардың 950 қаласы орналасқан. Түркістанда ең көп егін шыққан 
жылда  жалпы  егістік  шамасы  35000  десятинадан  асқан  емес.  Ол  жерден  келімсектерге  1900  мың 
десятинасы  алынған,  жалпы  келімсектердің  саны  жергілікті  халықтар  санына  қарағанда  жүзден  8-і 
ғана  болды.  Келімсектермен  жергілікті  халықтың  пайдаланып  отырған  жерін  салыстырып  қарасақ, 
мынадай:  келімсектердің  жері      жергілікті  халықтардың  жерінен  15  есе  артық”  [4,11].  Сондай-ақ, 
жоғарыда  берілген  көрсеткіштерден  Ферғана,  Самарқан,  Түркімен  облыстарынан  алынған  жерлер 
көлемі  Оңтүстік  Қазақстанға  қарасты  Жетісу  және  Сырдария  облыстарынан  алынған  жерлерге 
қарағанда әлде қайда аз екендігі анық. Яғни, патша үкіметі бірінші кезекте көшпенді және жартылай 
көшпелі  қазақ  және  қырғыз  жерлерін  тонады.  Бұл  туралы  М.Есболұлы  былай  дейді:  “Түркістанда 
патша  үкіметі  отар  қылып,  жергілікті  халықтардың  жер  -  суын  алды,  келімсектерді  әкеліп  орнатты 
дегенде,  бұл  жалпы  Түркістанда  емес  абзалы  Түркістанда  қазақ  қырғыздардың  басындағы  мәселе: 
Түркістанда жер мәселесі дегенде де сол қазақ-қырғыз жері турасындағы мәселе деп қарау керек”. 
Оңтүстік Қазақстанда жерлердің ең құнарлысы, егін шаруашылығына қолайлысы отырықшы 
халықтар пайдасында еді. Алғашқыда, 1910 жылғы 19 желтоқсандағы заңға дейін, патша үкіметі бұл 
жерлердің  қазақтарды  қуып  шығып,  ашық  түрде  алудың  ретін  таба  алмай  жүрді.  “Данышпан 
отаршылдардың іштері күйіп, көздері қызарып, ауыздарынан сулары ағып, қайткенде сол ана мақта, 
күріш, жеміс шығатын жерді қолға түсіреміз деген ауруға ұшырады. Отырықшылар қолынан қадірлі 
жерді  алып,  келімсектерге  беру  жолын  қарастырды.  Мына  жер  “үлкен  ауылдың  баласына  лайық, 
сенің  қолыңда  қор  болып  отыр”  дегендей  бадырайтып  ашық  айта  алмаса  да,  түрлі  сылтаулар, 
себептер іздейтін күйге түсті”. 
Переселен мекемелерінің түрлі желеу, сылтау, себептер, айла-шарғылар ойлап тауып іс жүзіне 
асыруы қазақ халқының шаруашылығына үлкен соққы болып тиді. 
Қазақ  жеріне  қоныс  аударып  келген  славян  шаруаларының  “бұл  жерді  игеріп,  егін  егетін 
егіншілер”,  “үлкен  ауылдың  мәдениетін  алып  келушілер”  деп  таныстырылды.    Алайда,  патша 
үкіметінің қоныс аудару саясаты тың жерлерді игеріп, мәдениетін арттыру бағытында емес, керісінше, 
әу  бастан,  байырғы  тұрғындар  игеріп  егін  егіп,  мал  бағып,  су  жүйелерін  жүргізіп,  өңдеп  отырған 
жерлерін келімсектерге тартып алып беру арқылы жүргізілді. Бұл жағдай халқымыздың егін және мал 
шаруашылығының дамуына кедергі болды.  
Ендігі жерде Оңтүстік Қазақстан территориясында егін шаруашылығының дамуы келімсектер 
келгенге дейін қалай жүрді және патша үкіметінің қоныс аудару саясаты негізінде қалай өзгерді соған 
көңіл аударып көрейік. 
Қазақ  халқының  тарихында  егіншілік  мәдениеті  салыстырмалы  түрде  кеш  көрініс  тапты. 
Қазақстанда егін шаруашылығының едәуір дамуы XІX ғасырдың орта тұсына сай келеді. Еліміздің әр 
түрлі  аймақтарында  бұл  даму  өзіндік  ерекшеліктерге  ие  болды.  Қазақстанның  басқа  бөліктеріне 
қарағанда  біз  зерттеп  отырған  Оңтүстік  Қазақстанда  егіншілік  мәдениетімен  өте  ертеден-ақ 
айналысып  келді.  Деректерге  қарағанда  бұған  себепші  болған  біріншіден,  жерінің  құнарлылығы, 
суының  молдығы  болса,  екіншіден,  ежелгі  заманнан  егін  шаруашылығымен  айналысатын  өзбек 
халқының көрші орналасуы еді [5,87]. 
XІX  ғасыр  басында  Оңтүстік  Қазақстанда    егіншілік  Сырдария,  Қуаңдария,    Жаңадария, 
Арыс  ,  Шаян,  Келес,  Сарысу,  Талас,  Шу,  өзендері  бойында,  Алатау,  Қаратау,  бөктерінде  дамыды. 
М.Поспеловтың  мәліметіне  қарағанда  мұнда  “астық  өсіру  кең  өрістеген,  ал  Түркістан  маңындағы 
қазақтар  егін  және  мал  шаруашылықтарымен  қатар  айналысқан”  [6,151].  1820  жылы  Қазақстан 

350 
 
даласында  болған  Е.Миддендорф  Қуаңдария,  Жаңадария,  Арал  теңізі  бойында  егін  мәдениетінің 
жақсы дамығандығын дәлелдейді [7,38-39].         
Оңтүстік  Қазақстанда  оның  ішінде,  әсіресе  Сырдария  облысының  көптеген  жерлері  қолмен 
суарылды.  Бұл  территорияда  қазақ,  өзбек,  қарақалпақ  және  т.б.  ұлт  өкілдері  қолмен  суару, 
ирригациялық    жүйелерді  ұлғайту  және  осы  процестердің  неғұрлым  жетілдірілген  түрлерін  жақсы 
меңгерді  [8,90].  1891-1892  жылдары  Қазалы  уезінде  ұзындығы  1300  шақырымға  жететін  екі  жүзге 
жуық үлкен каналдар болды, олардан басқа мүлдем есепке алынбаған көпеген ұсақ арықтар тарады. 
Шымкент уезінде жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асатын 239 арық, ал Перовск уезінде 208 бас 
арықтардан басқа - 124 ұсақ арықтар бар еді. Олардың жалпы ұзындығы 1625 шақырымға дейін жетіп, 
аумағы 12692 десятина жерді суландырды [9,397]. 
Қорыта  айтатын  болсақ,  Столыпин  реформасын    дәріптеушілерінің  қоныс  аудару  саясатын 
қолдай отырып, переселен шаруалар Қазақстан үшін егіншілік мәдениетінің “мектебі” және “ордасы” 
болды  деп  мәлімдеуі  іс  жүзінде  қазақ  халқының  табиғи  экономикалық    дамуына  үлкен  нұқсан 
келтірген  болатын.  Жетісу  облысына  алғашқылар  болып  келген  казак-орыстар  да,  әкімшілік  егін 
мәдениетін дамытады деп сенген орыс шаруалары да өлкеге айтарлықтай жаңалық алып келе алмады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет