Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного



Pdf көрінісі
бет47/53
Дата03.03.2017
өлшемі7,62 Mb.
#7253
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53

 
Әдебиет  
 
1.Майлықожа.  Шығармалары.  Жинап,  зерттеп,  жариялай  жүріп  құрастырған  Ә.Оспанұлы.-Алматы, 
2005.-864 б. 
2.ГАОО. (Государственный архив Оренбургской области) «Об отправлении к Госудрью Императору 
депутации  от  жителей  городов  Туркестана,  Чимкента,  Ташкена  и  других,  для  принесения 
благодарности  на  принятие  их  в  русское  подданства».  Ф.-6  «Канцелярия  Оренбургского  генерал-
губернаторства», Опись 10, дело 8102. 
3.Сманов  Б.  Молда  Қошық  датқа.  (тарихи  танымдық  кітап):  -  Алматы:  Абай  атындағы  ҚазҰПУ, 
«Ұлағат» баспасы, 2013. – 280 б. 
4.WWW.baq.kz.13 наурыз 2013. Генерал Черняевті қудырған датқа. Дәулетқали Асауов 
5.Т.Боранғалиұлы. Петерборға барған қазақтар. // «Егемен Қазақстан» 22 наурыз 2001 жыл 
 
ДОКУМЕНТАЛЬНЫЕ И ЛИТЕРАТУРНЫЕ ИСТОЧНИКИ ИСТОРИИ 
ТУРКЕСТАНСКОЙ ДЕПУТАЦИ В САНКТ-ПЕТЕРБУРГ 1967 ГОДА. 
Т. Хазретали, З. Адилбекова 
 
В  данный  статье  рассматривается    история  депутации,  специально  организованной  в 
1867  году  в  г.Санкт-Петербурге  на  основе    документальных  и  литературных  источников. 
Документальные  источники  из  Оренбургского  областного  государственного  архива  и 
исторические  стихи  Майлыходжи  дают  возможность  определить  состав  депутации  и 
уточнить  ее  миссию.  Таким  образом,  были  сделаны  выводы  о  значимости  научного  анализа 
документальных и литературных источников. 
DOCUMENTARY AND LITERARY SOURCES FOR THE HISTORY OF ST. PETERSBURG 
TURKESTAN DEPUTATION IN 1867 
T. Hazretali, Z. Adіlbekova 
 
The article examines the history of deputation, specially organized in 1867 in St. Petersburg which 
based  on  historical  and  literary  sources.  Orenburg  Regional  State  Archive’s  documentary  sources  and 
Maylyhodja’s  historical  poems  enable  us  to  determine  the  composition  of  the  deputation  and  clarify  its 
mission. It was concluded the scientific analysis importance of documentary and literary sources.  
 
 

334 
 
ӘОЖ: 958.45 
 
Л.С. Динашева,  М.М. Тастанбеков  
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
 
ХІХ ҒАСЫР СОҢЫ-ХХ ҒАСЫР БАСЫНДА ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ МАҚТА 
ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ БАСҚАДА КӘСІП ТҮРЛЕРІНІҢ АХУАЛЫ ТАРИХЫНАН 
 
     Мақалада Түркістан өлкесінің Ресейдің тауар-ақша қатынастарына тартылуымен халық 
шаруашылық түрлерінің өзгеруі, егістік көлемінің өсуі мен өсімдік түрлерінің өзгері,  тұрғындардың 
рынокқа  тәуелді  бола  бастауы,  отарлық  әкімшілікке  және  банктерге  кіріптарлығының  артуы 
жайлы баяндалады.  
 
Түйін  сөздер:  Түркістан  өлкесі,  мақта  өндірісі,  Шымкент  уезі,      орыстандыру,  жәрмеңке, 
патша өкіметі, Сырдария облысы.  
 
ХІХ  ғ.  60-70  ж.ж.  Түркістан  өлкесінде  натуралды  және  жартылай  натуралды  шаруашылық 
үстемдік  етті.  Ұсақ  дихан  шаруашылықтарында  басқа да  дақылдармен  бірге  мақта  да  егілді.  Мақта 
өнімдері толығымен дерлік жергілікті жерлерде қолданылды, тек азғана бөлігі сыртқа шығарылды. 
 Өлкенің  Ресей  империясы  құрамына  кіруімен,  орыстың  мақта-мата  фабрикаларының 
шикізатқа  сұраныстарының  өсуімен    Түркістанда  мақта  өсіру  дамыды.  Түркістан  капиталистік 
қатынастардың  айналымына  түсті.  Ресейден  мұнда  дайын  зауот  –  фабрика  өнімдері  әкелінді.  Орта 
Азиялық  темір  жол  Түркістанды  Ресеймен  біріктіріп  отырды.  Бұл  жол  мақта  мен  басқада  ауыл 
шаруашылық  өнімдерін  өндіруге  үлкен  серпіліс  берді.  1906  жылы  Ташкент  Орынбор  темір  жолы 
құрлысының  аяқталуы  да  бұл  байланысты  кеңейте  түсті.  Жергілікті  ауыл  шаруашылық  өнімдерін 
сыртқа  шығару  және  өнеркәсіп  тауарларын  әкелу  ұлғайды.  Өлке    метрополияның  сұраныстарына 
бейімделе отырып өзінің бұрынғы өнім өндіру сипатын өзгертті.   
ХІХ  ғ.  80  жылдары  мақтаның  американдық  «Упленд»  сортын  өсіру  тәжіребиесі  сәтті 
аяқталғаннан  соң,  өлкеде  мақта  өсірудің  жаңа  дәуірі  басталды.  Ташкент  маңында  бірден  3000 
десятина  жерге  американдық  мақта  сорты  егіліп  одан  10  мың  пұт  өнім  алынды  [1,  248  б]. 
Өнеркәсіпшілер Түркістан мақтасын бірден өздеріне бағындыра бастады. 
Мақта өндірісінің дамуымен сауда - өсімқор капиталы да күшейе түскен. 1913 жылғы есепте 
ауылшаруашылық    бойынша    агроном-шенеунік  Александров  мұндағы  қалыптасқан  «  жабайы» 
жүйені былай деп жазды: 
 «шаруа    бір  жағынан  әлі  алмаған  мақтасын  ұзақ  мерзімге  алдын  ала  сатуға  мәжбүр  болса, 
екінші  жағынан,  бұрын  натуралды  шаруашылыққа  үйреніп  қалған  олар  ақша  шаруашылығының 
енуімен барлық азық түлікті ақшаға сатып қарызға батып отырды. Олар өнім нен түскен пайдасына 
емес  әлі  алмаған  өнімі  есебіне  алған  қарызға  өмір  сүрді.  Сондықтан  да,  олар  өз  бюджетін  реттей 
алмай, үлкен өнім алған жылдары да өсімқорларға қарыз болып қала берді [ 1, 248 б].  
Нәтижесінде мақта өндірісінің дамуында дихан шаруашылығының рынокпен байланысының 
күшейу  процессі  байқалды,  жер  учаскелерінің  бай  қожалықтардың    қолында  шоғырлануы  да 
айқындалды.  
ХІХ  ғ.  соңы  ХХ  ғ.  басында  Ресейдің  мақта-мата  фирмалары  Түркістанда,  оның  ішінде 
Сырдария  обылысында  өздерінің  агенттіктері  мен  кеңселерін  ашып  онда  жергілікті  тұрғындардан 
шикі затты арзан бағаға сатып алып, өздері өнеркәсіп шаруашылығын қымбат бағаға сатқан.  
Өлкенің  барлық  облыстарында  бірдей  мақта  егілмеді,  тек  Ташкент,  Шымкент  уездері  мен 
Амудария  бөлімінде  ғана  өсірілген.  Басқа  уездердің  климаттық  жағдайы  сәйкес  келмеді.  Патша 
өкіметінің солтүстік уездерде мақта өсіреміз деген әрекеті сәтсіздікпен аяқталды.  
ХІХ ғасырдың екінші жартысында аймақтың орыстардың ықпалына өтуімен, мақта өсірілетін 
жердің де көлемі өсті.  Сенатор Паленнің есептеріне сүйенсек, Сырдария облысындағы мақта егілетін 
жер  барлық  жердің  -  4,2%  алып  жатты.    Сыр  бойындағы  қазақтардың  арасында  мақта  өсіру 
тәжірибесі алғаш рет 1863 жылы басталды. 1906 жылы Шымкент уезінде 684 десятина жерге мақта 
егілсе,  оның  349  десятинасына  қазақтар,  334  десятинасына  сарттар,  1  десятинасына  орыстар  еккен. 
Мақта өсіру де қазаққа көп пайда әкелмегені туралы  Паленнің есептерінде келтіріледі.  
ХІХ  ғ.  соңы  ХХ  ғ.  басында  облыста  ірі  мақта  тазалау  шаруашылықтары  да  пайда  болады. 
Мақта  тазалайтын  ірі  шаруашылықтардың  Ташкент  уезінде  шоғырлануы  мұнда  егіншілік 

335 
 
саудасының  дамығандығын  дәлелдейді.  Ташкет  қаласында  9  мақта  тазалау  зауоты  орналасса, 
Ташкент уезінде 8 зауот жұмыс істеген [2]. 
 
 
1897 жыл. Тұрғындардың ауыл шаруашылық түріне байланысты бөлінуі (процентпен)  
Кесте №1 
 
Ұлттары 
Жетісу облысы 
Сырдария облысы 
 
Егін 
шаруашы-
лығында  
Мал 
шаруашы-
лығында 
Басқа 
кәсіптегі-
лер 
Егін 
шаруашы-
лығында  
Мал 
шаруашы-
лығында 
Басқа 
кәсіпте-
гілер 
Қазақтар 
мен  
қырғыз- дар 
 
 
 
41,14 
 
 
 
54,23 
 
 
 
4,63 
 
 
 
45,48 
 
 
 
46,97 
 
 
 
7,55 
 Ұйғыр-лар 
 
68,53 
 
0,81 
 
30,66 
 

 

 

Дүнген-дер 
 
46,90 
 
0,58 
 
52,52 
 

 

 

Қазақ уез 
деріндегі 
өзбектер 
 
 
19,3 
 
 
1,20 
 
 
79,47 
 
 
57,55 
 
 
1,62 
 
 
40,83 
Ташкент 
уезіндегі 
өзбектер  
 
 

 
 

 
 

 
 
69,04 
 
 
1,72 
 
 
29,24 
Орыстар 
44,26 
0,40 
55,34 
15,84 
0,12 
84,04 
 
Сенатор  К.Паленнің  “Ревизиясында”  Сырдария  облысында  1908 жылғы  бүкіл  егістік көлемі 
берілген. Сол мәліметке қарағанда барлық уездердегі қазақтар (Ташкент уезін қоса алғанда) 355462 
десятина жерге егін салған, бұл көрсеткіш бүкіл егіс алқабының 51,3%-ін құрады. Қалған алқаптың 
43,4%-інде отырықшылар (өзбектер, қарақалпақтар) және 5,3%-інде орыстар егін екті [3, 315-б.] .  
ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басында өлке тұрғындарының айналысқан астық өндіру, мақта өсіру жібек 
өндіру,  мал  бағу  сияқты  маңызды  кәсіптерімен  бірге  жүзім  өсіруде  ерекше  сипатқа  ие  болды.  Ол 
Түркістан  генерал-губернаторлығының  Самарқан  және  Ферғана  обылыстарында  айрықша  дамыды. 
Ал  Сырдария  облысында  ол  көбіне  оңтүстік  уездерде,  ең  бастысы  Ташкент  уезінде  аз  мөлшерде 
Амудария және Шымкет уездерінде өсірілген. 
Ташкент  қаласы  жүзім  өсірудегі  орталықтарының  бірі  болды.  өзінінің  1871  жылғы  берген 
есебінде Ташкент қаласының әкімі өзінінің 1871 жылғы берген есебінде : «Астық егуден басқа қала 
тұрғындары егіншіліктін басқа да түрлерімен айналысады. Мысалы, жүзім және бау өсіру айрықша 
маңызға ие кәсіп болды 1871 жылы Ташкентте жүзім 700 десятина жерге егілген еді, салыстыру үшін 
айтатын  болсақ:  сол  жылы  қалада  156  десятинаға  мақта,  бақша  дақылдары  68  десятина  жерге,  180 
десятинаға бау өсірірілген еді» дейді. [2, 3005-іс, 197 198 п]. 
Көріп  отырғанымыздай  Ташкентте  жүзім  өсіру  егіншіліктешгі  басымдық  орынға  ие  сала 
болды.  Бұл  жүзім  өсірудің  көп  пайда  әкелетіндігімен  де  түсіндірілді.  Жүзім  өсіру  80  жылдардың 
екінші  жартысында  үлкен  қарқын  алды.  Мысалы  1887  ж.  Ташкент  өзінде  1778200  пұт  жүзім  өнімі 
алынса,  одан  Ташкент  қаласының  үш  зауотында  51  мың  рубльге  12702  шелек  шарап  әзірлеген  [4]. 
Ташкент қаласында жүзім өсіру қандай роль ойнағандығын төмендегі кестеден көруге болады [5].  
 
Кесте №2 
 
 
Жүзім егілген жер (деятина) 
Жиналған жүзім (пұт) 
Ташкент қаласы 
2 154 
1 723 200 
Ташкент уезі 
554 
443 000 
Шымкент уезі 
14 
11 200 
Әулиеата уезі 

150 
Амудария бөлімі 
17 
13 600 
Барлығы 
2740 
2 191 150 

336 
 
 
Кестеде көрініп тұрғандай жүзім өсіру негізінен Ташкент қаласында шоғырланды.  
Ташкенттегі плантацияларда жүзімнің 20 сорты өсірілген 1891 жылы жүзім өсіретін алқаптар 
облыста 1756 десятинаға дейн, ал өнім 188468 пұтқа дейн қосқанда оған себеп бірқатар жерлер мақта 
өсіру үшін алынды. 
ХХ  ғ.  басында  жүзім  өсіруге  және  шарап  жасауға  үлкен  көңіл  бөліне  бастады.  1910  жылы 
облыста  2316  десятинаға  жүзім  егілді,  Перовск  уезінде    6  десятина  жерге  алғаш  рет  жүзім 
отырғызылған. Жалпы 973887 пұтты құрады. Одан 29 мың шарап жасалған [6]. 
1913  жылы  2500  десятинаға  егілген  жүзімнен  1 миллион    пұттан  жоғары  өнім  алынды. 
«Ташкентте  жұмыс  істейтін  үлкен  төрт  шарап  жасау  зауоттары  осы  жылы  құны  600  мың  рубль 
болатын100  мыңға  тарта  шелек  шарап  әзірлеген.  Ал  көптеген  ұсақ  зооттар  құны  120  мың  рубль 
болатын  толық  ашылмаған  шарапты  160  мың  шелекке  жуық  обылыс  сыртына  шығарған.  Барлық 
қалған  өнім  сол  күйінде  қолданылды  немесе  мейіз  жасауға  берілді,  Еуропалық,  Ресей  мен  Сібірге 
жөнелтілді [6, 112-п].   
 
Облыстың уездері бойынша жүзім егу және жинау төмендегідей болды. Кесте №3 [7] 
 
 
Жүзімдік (десятина) 
Өнім (пұт) 
Ташкент қаласы 
566 
277 600 
Ташкент уезі 
1920 
720 000 
Шымкент уезі 
10 
2 000 
Перовск уезі 

400 
Барлығы 
2 500 
1 000 000 
 
Cырдария  облысында  мал  шаруашылығы  сипатымен    бірге,  астықты,  майлы  дақылдарды 
өсіруде  де  өзгерістер  басталды.  Шымкент,  Перовскі,  Ташкент  уездері  және  Амудария  бөліміндегі 
қазақтар  мақта,    күріш  өсірді.    Облыстағы  көп  күріш  өсірілген  жер  Ташкент  уезі  болатын,  уездегі 
күріш  егілген  жер  барлық  егістік    жердің    25%    құрады.  Амудария  бөліміндегі  күріш  егілетін 
аудандар  Шымбай,  Талдық  аудандары  болса,  Шымкент  уезінде  Машат,  Ақсу  өзендерінің  Арысқа 
құяр сағасы, Перовскі уезінде Сырдарияның оң, сол жағалаулары болды.  
1910  жылы  Шымкент  уезіндегі  қазақтар  күріш  еккен  жердің  көлемі  1356,43  десятин  жер, 
Перовскі уезінде 1413,23 десятин жер. Күріш өсіру барлық суармалы жердің - 6,7% құрады [8]. Күріш 
өсірілетін  аймақтардың жер көлемі үнемі ұлғайып отырды.   
1897 жылы Түркістандағы балық аулау ісі Жер және Мүлік Министрлігіне, ал 1900 жылдан 
Түркістан  өлкесіндегі  Жер  және  Мемлекеттік  Мүлік  басқармасына  берілді.  Балық  аулау  ісі  бұрын 
облыстық  басқарма  бақылауында  болса,  енді  жаңа  құрылған  мекеменің  құзырына  өтті.  Жер  және 
Мемлекеттік  Мүлік  басқармасы қазақтардың өзен, көл, жасанды көл, орман жалпы жерге қатысты 
құқын айыру мақсатында белсенді қызмет жасаған мекеме болды.  
1906 жылдан бастап Түркістан өлкесіндегі кез келген тұрғын көлден балық аулау үшін құны  
9  рубль  25  тиын  тұратын  билет  алуға  міндеттелді.  Түркістандағы  көлдер  мемлекеттік  жерде 
орналасқандықтан,  көшпелілер  оны  мерзімі  белгіленбеген  уақытта  пайдаланып,  жалға  беруге  құқы 
болмады.         
Сырдария облысы  Жетісу, Ақмола, Ырғыз, Торғай облысытарымен, Орынбор,  Бұхара және 
Хиуамен  сауда  қарым-  қатынасын  жасады.  Облыстың  өз  ішіндегі    ішкі  саудада  тұрақты  сауда, 
жәрмеңке, базар, далалық сауда сынды бірнеше формалары болды. Ішкі саудада қалалардағы тұрақты 
сауда орындарының маңызы зор болды. 
Қазақстанның  далалық  облыстарында  жәрмеңкелердің  саны  көп  және  маңызды  болса, 
Сырдария облысында  базарлардың рөлі жоғары болды. 1870 жылы Құрама уезіндегі базардың саны 
17  болса,    1887  жылы    29  болды.  1898  жылы    Қазалы  уезінің  Аққыр,  Қалымбас  болыстары  үшін  
Қарақ  деген жерде базар  ашылып, базар күні белгіленді. Перовскі уезінде Перовскі, Шиелі, Сауран, 
Аламесек базарлары болды. Уездегі Шиелі базары керуен жолының бойында орналасқан және Жөлек 
бөлімінің орталығындағы үлкен базар болатын. Жексенбі күнгі базарға 2000 жуық қазақ келетін, онда 
56 сауда орны жұмыс жасады [9,31-б].  
Сырдария  облысында  екі  жәрмеңке  жұмыс  істеді:  Ташкент  және  Әулиета.    Ташкент 
жәрмеңкесі 1868 жылы, ал Әулиеата жәрмеңкесі 1890 жылы ашылған болатын.  

337 
 
Амудария  бөлімінің  Шурахан  бөліміндегі  қазақтардың  мал  сататын  жерлері  Шурахан, 
Бибазар, Шейх Аббас Вали орындары болғанымен,  Тамды, Мыңбұлақ болысының қазақтары Бұхар 
хандығының  Нұрата,  Гишдуван,  Жызақ  қалаларында  сауда  жасады.  Олар    Бұхар  хандығының 
базарларында түйені 20-60 рубль,  жылқыны 15-50 рубль, қойды 2-5 рубльден сататын [10, 57-б]. 
 Далалық  сауда  көшпелі  аймақтарда  сақталынды.  Сауданы  негізінен  далалық  саудагерлер 
жүргізді.  Олардың  ұлттық  құрамы  татар,  сарт,  қазақтардан  тұрды.    Олар  қазақ  ауылдарын  аралап, 
мануфактуралық тауарлар мен күнделікті тіршілікке  қажетті заттарды сатты, немесе малға және мал 
шикізатына  айырбастап  отырды.  Белгілі  жерлермен  жүре  отырып,  жыл  мезгілдеріне  қарай  сауда 
орындарын  ауыстырып  және  далалық  көштегі  сауданы  өз  ықпалдарында  ұстады,  әрбір  тоқтайтын 
тұрақтарында өзінің сатып алушылары болды, жалпы сауда ақша айналымы 2-3 мың рубльді құрады. 
Қорыта  келгенде,  Түркістан  өлкесін  Ресей  жаулап  алып,  орыстың  тауарлы  өнеркәсіп 
капиталының  мұнда  енуі  және  тауар-ақша  қатынасының  дамуы,  салық  жүйесінің  өзгеруімен  дихан 
шаруашылықтары  ақшаға  мұқтаж  бола  бастады  да,  біртіндеп  рыноктың  сұранысына  бейімделуіне 
тура келді. ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында ауыл шаруашылығының мамандануымен егіншілік өндірісі 
рыноктық  өндіріске  айналды.  Өзбек,  қазақ  егінші  өнімнің  қандайда  бір  түрін  өндіруге  мамандана 
отырып, оны сатуға, өзіне қажетті басқа азық-түлікпен алмасуға арнады. Осылайша, біртіндеп дихан 
отбасы еңбегінің басым бөлігі рынок үшін тауарлы өндіріске жұмсалды. 
 
Әдебиет 
 
1.Александров  Н.Н.  Земледелие  в  Сырдарьинской  области.  Отдельные  зописки  из  журнала 
Туркестанское сельское хозяйство за 1916-18 гг. Ташкент, 1918. 
2.ӨР ОММ., 17 қ, 1-т 32814 – іс 7-п. 
3.Материалы к характеристике народного хозяйства в Туркестане : (приложение к отчетупо ревизии 
Туркестанского  края,  произведенной  по  высочайщему  повелению  сенатором,  гофмейстром,  графом 
К.К.Паленом). ч.ІІ. -Спб., 1910. -250 с . 
4.Обзор обл. За 1887, 27-б. 
5.Обзор обл. За 1888, 26-б. 
6.ӨР ОММ.,  7п, 1-т4151гс 53-п. 
7.Обзор  Сырдарьинской области за 1913 год. Спб. 1913г. 69-б.  
8.Материалы  по  киргизскому  землепользованию.  Перовский  уезд  Сырдарьинской  области.- 
Ташкент.-1912.- 65, 88. 
9.ӨРОММ,  269- қор, 66-іс, 31- п. 
10.ӨРОММ, 1-қор, 14-т,  353-іс,  57-п. 
 
ИЗ ИСТОРИИ ПОЛОЖЕНИЯ ХОЗЯЙСТВО ХЛОПКА И ДРУГИХ ВИДОВ ПРОМЫСЛА В 
ТУРКЕСТАНСКОМ КРАЕ В КОНЦЕ ХІХ ВЕКА – НАЧАЛЕ ХХ ВЕКА 
Л.С. Динашева, М.М. Тастанбеков 
 
            С воволечениием Туркестанского края в товаро-денежное отношение России, изменилось 
виды  деятельности  народного  хозяйства  и  разновидности  растении,    увеличиволось  размеры 
пашни и зависимость жителей от рынко, колониальной администрации и банка. 
 
THE CONDITION OF THE TURKESTAN TERRITORY ACTIVITIES OF THE NATIONAL 
ECONOMY AND VARIETIES OF PLANTS IN THE LATE XIX - EARLY XX CENTURIES 
L. Dinasheva, M. Tastanbekov  
 
   With the involvement of the Turkestan Region in commodity-money relations Russia has 
changed the activities of the national economy and varieties of plants, increase the size of arable land, and 
dependence of villagers from the market, the colonial administration and the bank.  
 
 
 
 

338 
 
УДК 792.2(574.3) 
 
М.К. Альбеков  
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы 
 
ҚАЗАҚ ТЕАТРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ 
 
Мақалада  қазақ  театрының  қалыптасу,  даму  тарихы,  ұлттық  театр  өнерінің  алғашқы 
бастау  кезеңдері,  оның  зерттелу  деңгейі  қарастырылады.  Кәсіби  қазақ  театрының    ұлттық 
мәдениетттің ажырамас құрамды бөлігі ретінде зерттелген.  
 
Түйін  сөздер:  театр,  мәдениет,  өнер,  тетрлық  қойлым,  драматургия,  спектакль,  пьеса, 
атор, режиссер, қазақ театры 
 
Театр  өнерінің өсу,  өрлеу,  даму  эволюциясы ұлттық өнердің сан  алуан жанрлық  түрлерімен 
табиғи  диалектикалық  тызығыз  байланыста,  ажырамас  бірлікте  болғандықтан,  оны  халық  өнерінен 
жеке  дара,  бөліп  қарауға  келемейтіні  анық.  Осынау  өнердегі  нәзік  байланысты,  конгениалдық 
сабақтастықты әлем театры тарихынан да айқын бағдарлап, анық аңғаруға болады. Ұлы жазушы, әрі 
ғалым  Мұхтар  Әуезов  өзінің  «Жалпы  театр  өнері  мен  қазақ  театры»  зерттеуінде  сахна  өнері  мен 
драматургияның  дүниеге  келуін  халық  өнерінен  жаралғанын,  оның  тамырына  нәр  болып 
байланғанын  нақты  мысалдармен  деректі  де  көрнекті  түрде  дәлелдеп  берген.  Көптеген  дамыған 
елдердің сахналық өнері халық өнерінен бастау алған. Оны ұйымдастырушылар мен орындаушылар 
да  халық  арасынан  шыққан  табиғи  дарын  иелері.  Жоғарыда  айтылған  мақалада:  «Елдің  болымсыз 
ойынынан, болымсыз күлдіргі әңгімелерінен, ертегі, жырларынан шыққан кішкене театрларды алсақ, 
олар  заман  озған  сайын  буын-буын  болып  тұрған  ірі  жазушылардың  тартуына  ілініп,  бәйгеге 
қосылған  атта  ілгерілеп,  алды  ашыла  берген,  ел  тіршілігінің  дәл  өз  топырағынан  туған  кішкене 
театрлар  кейінгі  заманның  ірі  жазушыларына  бет-бағыт  белгілеп  бергендей  болды.  Қай  елдің 
жазушысы  болса  да  драмаларына  алдымен  өз  елінің  өмірін,  өз  жұртының  салт-әдетін,  мінез-
жаратылысын  көрсетуді  міндет  деп  санады.  Барлығы  да  еліне  салт  театрын  жасап  берді.  Басында 
елдің  өз  денесінен,  болымсыз  ойын  сауықтан  шыққан  кішкене  театрлар  кейін  салт  театрларына 
айналған  уақытына  дейін  бір  мезгіл  елді  тастаған  емес.  Бұл  көптің  қызығы,  қалың  елдің  театры 
болудан  айныған  жоқ.  Ел  өмірі,  ел  қалпымен  қол  ұстасып  қатар  отырды.  Барлық  салт  театрының 
бетімен жазылған пьесалар бұл сөздерге дәлел», - дейді. М.Әуезов кішкене салт театры деп отырғаны 
ұлтымыздың ғасырлар бойы рухани азығы болып келген халық шығармаларының сахна өнеріне етене 
жақын  үлгілері.  Бағзы  заманнан  бері  қарай  халық  өнері  ретінде  сіңістіріп,  толықтырып,  әдеби 
көркемдік сипатқа жеткізіп, бұларды орындап келген елдің өз ортасынан шыққан өнерпаз шеберлер.  
Өнердің  туын  өрге  тіккен  Семей  киелі  мекен  Ордасы.  Семей  театры  –  қазақ  театрының 
мекені. Алаш орыстарының басы біріккен Семейге қазақ зиялыларының табан тіремегені жоқ.  
Сол  секілді  қазақ  театры  тарландарының  біразы  өз  өнерін  осы  өңірден  бастаған.  Мәселен, 
сонау  жамбылда  туып  өскен  Құрманбек  Жандарбеков  осында  ұзақ  жылдар  болған.  1920  жылдары 
Қызылордада  М.Әуезов  театрының  нұсқасы  құрылғанда  бірінші,  екінші,  әртіс  боп  бекітілген 
Қажымұқан, Исалар Семейдегі өнерге өздерінің  үлестерін қосқан тарландар С.Сейфулиннің «Қызыл 
сұңқарлары»    1920  жылы  тұсауын  осы  Семейде  кескен.  Ал  одан  бұрын  М.Әуезов  Семейдің 
мұғалімдер семинариясында оқып жүрген кезінде (1912 – 1919 ж.ж.) 1917ьжылы Ойқұдықта Семейде 
оқып жүрген жастардың күшімен тұңғыш рет өзінің «Еңлік - Кебек» песасын қойған.  
1920 жылы құрылған. «Ес – аймақ» мәдени – ағартушылық үйірменің актері де, режисеры да 
М.О.Әуезов болған. Сол жылдары «Ес аймақ» Мұқаңның «Бәйбіше - тоқал», (1921 жылы 23 наурыз). 
«Еңлік  -  Кебек»,  «Ел  ағасы»  драмалық  туындыларын  қойған.  1920  жылы  тұсауын  осы  Семейде 
кескен  Семей  театрының  іргетасын  қалап,  қалыптастырушы  ретінде  қазақтың  тұңғыш  режисеры 
Жұмат  Шанин  бастаған  Орынбек  Беков,  Ғ.Төребаев,  Есмұхан  Обаев,  Шопан  Кәрібаев,  сынды 
режисерлардың еңбектері зор. Қазіргі режисерлардың бірі Ерсайын Жүніспекұлы Төлеубай (2002 ж. 
бастаған).  
Атақты  әнші  Әміре  Қашаубаев  «Ес  –  Аймақтың»  ұйымдастырған  кештеріне  белсене 
қатынасып  отырған.  Осы  Семейден  Әміре  Москваның  үлкен  театрында  (1925ж.  27  ж.)  концерт 
берген,  содан  Парижде  халықаралық  көрмеде  этнографиялық  концертте  ән  айтқан  1924  жылы 
Франфукрт  Майнаде  де  айтқан,  Әміре әнші  ғана емес,  ол  актер  1925  жылы  бірінші ұлттық  театрда 
Мұхтардың «Еңлік - Кебек» пьесасында қойшы Жапалдың бейнесін сомдап жеткізе білген.  

339 
 
Бұл сахнада Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов, Латиф Хамиди, Құрманбек Жандарбеков, 
Әмре Қашаубаев, Иса Байзақовтар өнер көрсеткен. Абай атындағы Семей театры қазақ сахна өнерінің 
қара  шаңырағы  іспеттес  1934  жылы  сәуірде  Абай  атындағы  Семей  театрын  құру  туралы  Шығыс 
Қазақстан  облысының  комитеті  бюросының  қаулысы  шыққан.  Алғашқы  қойылымға  «Кек»  пьесасы 
сахналанған. Содан бері Б.Майлин, М.Әуезов , Ғ.Мүсірепов, О.Сүлейменовтердің шығармаларымен 
бірге  Гогольдің,  Р.Гамзатовтың,  Ш.Айматовтың  т.б.  қаламгерлердің  еңбектері  сахналанып  отырды. 
Театр  ұжымы  республикалық,  одақтық  жарыстардың  жүлдесін  қанжығаға  талай  рет  байлаған 
болатын.  
«Семей қасіреті» спектаклі Ашхабадта өткен «Наурыз  – 93» фестивалінің жүлдегері атанған 
театрдың  алтын  қорына  айналған  «Еңлік  -  Кебек»,  «Абай»,  «Қыз  Жібек»,  «Қозы  Көрпеш  –  Баян 
Сұлу» т.б. спектакльдер кезінде өзінің лайықты бағаларын алып отырған.  
1920  жылы  тұсауын  осы  Семейде  кескен.  Семей  театрының  іргетасын  қалап, 
қалыптастырушы  ретінде  қазақтың  тұнғыш  режисері  Жұмат  Шанин  бастаған  Орынбек  Беков, 
Ғалиақпар Төребаев, Есмухан Обаев, Шопан Кәрібаев, Ерсайын Жүнісбекұлы,  Ақпарәлі Тұрақұлов. 
Сынды режисерлардың еңбектері зор. 
Алғашқы театр өнерінің ойын-сауығы ретінде дүниеге келу мекені-халық арасы, ел іші. Сол 
топырақта  дүниеге  келген  өнер  белгілі  бір  шартқа,  болмысқа,  ұлттық  құбылысқа  бағынады.    Өз 
бойында  туындаған  өнер  сол  елдің  әдет-ғұрпын,  дәстүрін,  ұғым-нанымын,  мақсат-мүддесін  паш 
етеді.  Халқымыздың  өз  іргесінде  туған  салттық,  дәстүлік  ойындар,  той-думандар,  ел  аузындағы 
күлдіргі әңгіме, аңыздар, сан қилы жиындарда орындалатын театрлық ән-күйлер, күлкілі жәйттер – 
біздің  өнеріміздің  дүниеге  әкелген  репертуар  мен  сахнасы.  Қазақтың  ертеден  дәріптеп,  қастерлеп 
келген  ұлттық  сахналық  бұйымдардың  халық  өнерлеріндегі  тегін  тектеп,  болмысын  анықтау 
театртануда аса қажет. Олай болса, театр өнерінің даму ерекшелігін алдымен ұлттық театрдың басты 
өзегі  болған  қазақтың  ескіден  келе  жатқан  көне  ауыз  әдеби  мұраларынан  театр  элементтерін 
іздестіруге  болады.  Мәселен,  «Жар-жар»  мен  «Беташар»,  «Айтыс»  өлеңдерін  М.Әуезов  «ешқандай 
қоспасыз  театр»  дейді.  Бір  кездері М.Әуезов  ұлт  театры  екі  бағытта  –  қалалық  һәм  далалық  болып 
дамиды деп пікір айтқан. 
50-ші  жылдардың  аяғында  ұлттық  театр  өнерін  зерттеуді  неден,  қалай  бастаудың  жолы 
қарастырыларда қазақ білімді жастары Қазақ ССР Ғылым академиясының сол кездегі Тіл мен әдебиет 
институтындағы фольклор бөлімін басқарып жүрген Мұхтар Әуезовпен кездесіп ақыл кеңес сұрайды. 
Ол  кісінің  шәкірттерінің  көмегімен  болған  бұл  кездесуде  Мұхаң  олардың  театр  өнерін  зерттейтін 
шынайы  ниеттеріне  қуанышын  білдіріп,  қызықты  әңгіменің  тиегін  ағытқан  екен.  Зерттеуді  ұлттық 
сахна өнерінің алғашқы қадамынан, Семейден бастауды ұйғарған. Сондағы ол кісінің ақыл-кеңесінің 
мазмұны  өзі  айтқан  көптеген  мәселелермен  бірге,  Жүсіпбек  Аймауытов  творчествосына  да  қатысы 
бары  айтылды.  Партияның  ХХ  съезінен кейін  қайта  тірілген  таланттарға  көңіл  бөлу,  оларды  білуің 
міндет. Бұлардан қалған асыл мұраның театрға байланысты тұстары бірталай,  -дей келе, Мұхаң сәл 
кідірістен  соң  үлкен  дарын  иесі  Жүсіпбек  Аймауытовтың  атын  атап,  оның  әдебиетке  де,  өнерге  де 
мол  мұра  қалдырғанын,  бірақ  ол  туралы  жазуға  қазір  рұқсат  жоқтығын  ескерте  отырып,  дегенмен, 
ұлттық  драматургия  мен  театрдың  дүниеге  келу  жолын  түсіну  үшін  оның  творчествосын  білу 
қажеттігін  баса  айтқан.  Ол  кісі  Жүсіпбектің  Мемлекеттік  театр  құрылғанға  дейінгі  жазған 
пьесаларының  түгелдей  Семейде  қойылғанын,  басқа  шығармаларының  да  сахнаға  шыққанын, 
олардың  қойылымдық  үлгі-сипаты  жайлы  мағлұмат  берген.  «Мемлекет  атынан  ресми  түрде  театр 
болғанымен,  кәдімгідей  мағыналы  өнерге  лайық  көркем  тәжірибесі  бар,  жан-жақтан  жиналған 
таланттардың басын біріктірген, профессионалдық үлгіге түскен өнер болған Семейде», - деп, Мұхаң 
Семейде  революциядан  бұрын  үш  театр  болғанын,  қазақ  труппасы,  татар  және  орыс  труппалары, 
бұлардың арасында өзара байланыс болғанын да әңгімеледі. Сондағы татар труппасының ұзақ жылғы 
жетекшісі  болған  Хакимов  Әміржанмен  сөйлесуді,  оның  біраз  жайдың  сырын  ашып  бере 
алатындығын  естеріне  сала  отырып,  сөзінің  аяғын  Ж.Аймауытов  жайлы  әңгіменің  ешкімге 
жарияламауын  ескерткен.  Бұл  –  1958  жылдың  жазы.  Сонымен,  Мұхтар  Әуезовтің  кеңесімен 
халқымыздың өнер ордасы болған Семейден басталатын ұлттық сахна өнерінің қадамдары, оның тәй-
тәй басып дүниеге келуі Жүсіпбек Аймауытов есімімен байланысты.  
Қазақтың талантты жастары оқыған Семей мұғалімдер семинариясы шәкірттеріне жан-жақты 
білім  берумен  бірге,  қаладағы  мәдени  шараларды,  оның  ішінде  ұлттық  ойын-сауықтарды 
ұйымдастырудың  ұйтқысы  болған.  Мұндағы  озық  ойлы  Нәзипа  Құлжанова,  Нұрғали  Құлжанов, 
Райымбек  Мәрсеков  тағы  басқа  ұстаздар  өздерінің  шәкірттерінің  рухани-  эстетикалық  дамуына  да 
ерекше  көңіл  аударып  отырған.  Сол  тұстағы  қазақ  халқының  мәдени  өмірінде  елеулі  орын  алған 
алғашқы  ойын-сауықтарды  семинария  мұғалімдері  мен  студент  жастары  ұйымдастырып,  қазақ 

340 
 
топырағындағы  сахналық  өнердің  көшін  тартты.  Семинарияға  дейінгі  ауылда  өткен  бал  дәурен, 
балалық жастық шақтың кезеңінде елдегі талай той мен түрлі жиындарда, ойын-сауық кештерінде ән 
салып,  домбыра  тартып қалың  қауымның  сүйіспеншілігіне бөленген  Жүсіпбек  Аймауытов  Семейде 
өнер  жолындағы  ізденісін  оқумен  бірге  кеңейтіп,  оның  жаңа  үлгілеріне  ден  қояды.  Әуелі  қалада 
қазақ-татар жастары ұйымдастырып жүрген ойын-сауықтар мен Шығыс кештерінің ерекшеліктерін, 
үлгі-сипатын  өзінше  барлап,  солардың  көркемдік  болмысын  саралайды,  өзі  де  олардың  жұмысына 
араласа  бастайды.  Соның  бастамасы    -  1914  жылы  Семейде  Абайдың  қайтыс  болғанына  10  жыл 
толған күніне арналған әдеби-этнографиялық, музыкалық өнер кешін өткізуге алдыңғы қатарлы орыс 
оқығандарының ұйтқы болғаны белгілі. «Біз өзіміз істеуге тиісті болған бір істі бізге орыстар істеп 
берді!»  -  деп  жазылған,  осы  кеш  туралы  «Айқап»  журналының  1914  жылы  №4  санында  (кешті 
ұйымдастырушылар  семинария  мұғалімдері)  Нәзипа  Құлжанова  жасаған  баяндаманың  жинақы, 
мазмұны  терең  әрі  сауатты  болғаны  да  осы  «Айқап»  журналында  жоғары  бағаланған.  Сауықтың 
екінші  бөлімінде  Абай  әні  мен  өлеңдерінен  үлкен  концерт  беріліп,  қазақтың  ұлт  ойындарын 
көрсетумен  аяқталған.  «Абайдың  өлеңі  айтылады...деген  хабарды  естіп,  қаладағы,  қырдағы 
қазақтардың көбіне билет жетпей қалды», - деп жазылған журналда. 
Осы кеште Абай шығармаларының халық арасына тарауына көп еңбек сіңірген Әлмағамбет, 
Мұқа  сияқты  ақын-әншілер  бірнеше  ән-өлеңдер  айтады.  Сонымен  бірге,  кешті  ұйымдастыруға 
араласқан Абайдың балалары Кәкітай мен Тұрағұл әкесінің бірнеше шығармаларын орындаған. Бұл 
семинарияға  оқуға  түскен  Жүсіпбек  Аймауытовтың  қатысқан  тұңғыш  ойын-сауығы  еді.  Осы 
уақыттан бастап ол театр мен драматургияға әбден беріліп кетеді.  
Қазақ  топырағындағы  европалық  үлгідегі  тұңғыш  спектакльде  1915  жылы  осы  Семейде  13-
ақпанда  қойылады.  Сахнаға  қоятын  жөнді  пьеса  болмағандықтан,  ойынды  ұйымдастырушылар 
Біржан мен Сараның айтысын сахнаға бейімдеп шығарған. Бұл сахналық өнердің сол уақыттағы бар 
мүмкіншілігін толық пайдаланып, әрі программасының жинақтылығымен көркем қойылған ойын.  
1915  жылы  өркендеп  келе  жатқан  өнерді  «Біржан  мен  Сара»  айтысы  төңірегіне  тоғыстыра, 
сахналық  көріністері  мол  бағдарламамен  өткізілген  ойын-сауық,  әр  кезде  орайына  қарай 
ұйымдастырылатын  ақындар  айтысы,  өлең-жыр,  ән  мен  күй  кештері  жас  бастамашылардың  зор 
талпыныстары  туғызған  жаңа  қойылымдар,  1917  жылы  қыр  жайлауы  «Ойқұдықта»  дала  театры 
болып шымылдығын ашқан, «Еңлік-Кебек» пьесасын қойып, жаңа өмірге, мәдени жаңалыққа жаршы 
болған игіліктер заман ағысымен бағытын түзей бастаған сахналық өнердің алғашқы қарлығаштары 
еді.  Мұхтар  Әуезовтің  он  екі  томдық  шығармалар  жинағының  сегізінші  кітабында  берілген 
түсініктерде  «М.О.Әуезов  жазған  «Еңлік-Кебектің»  алғашқысы  көркем  интермедия  түрінде  1917 
жылы  тіркестіріп  қатар  тіккен  қос  киіз  үйде  Абай  аулында  қойылды»  деген  мәлімет  берілген.  Бұл 
қойылымды Шыңғыс бөктеріндегі Ойқұдық жайлауында демалысқа келген жастар қояды. Пьесадағы 
Еңлік,  Таңшолпан  мен  қалампыр  рольдерінде  жігіттер  ойнаған.  Тұңғыш  спектакль  бірін-біріне 
тіркестіріп  тігілген  киіз  үйдің  ішінде  қойылды.  Бірі  сахна,  екіншісі  көру  залы  іспеттес.  Үйдің 
босағасына  қойылған  сандықтың  ішіндегі  сыбыршының  сөзін  естімей  кейде  орындаушылар  өз 
бетінше  импровизациямен  сөз  құрастырып,  ойынның  шырқын  бұзбай  алып  шыққан  көрінеді. 
Спектакльдің  режиссерлік  жұмысын  автордың  өзі  жүргізген.  Сонымен,  Семей  театрының  тұңғыш 
талпынысы Абай топырағында жанданды десе болады. 
1920 жылы  Семей губерниясының саяси-ағарту бөлімі алғашқы ағарту қоғамын құрды. Ұлы 
Мұхтар  Әуезовтың   жетекшілігімен  дүниеге  келген  «Ес-Аймақ»  деп  аталатын  бұл  қоғам  халыққа 
қызмет  етіп, санаға  өнер  жарығымен сырлы  сәуле  құя  білді.  Қоғамның  мәдени-ағарту,  үгіт-насихат 
жұмыстарын  жүргізетін  іс-шараларына  Уәли  Тұрлыбеков,  Құсайын  Әубәкіров,  Омар  Бейсенбаев, 
Ахмет  Әуезов,  Жүніс  Сәлменов,  Әбіл  Бейсенбаев,  Кенжебек  Құлғарин  сияқты  қызметкерлер, 
Ғалиақпар  Төребаев,  Латып  Әшекеев,  Фатиха  Әшекеева,  Кәбір  Махмудов,  Өжен  Махмудова, 
Гүлбаһрам  Тәуекелова,  Сәруар  Арықова,  Сейітқазы  Тоқымбаев,  тағы  басқалар  тартылады.  Әйгілі 
әншілер  Жүсіпбек  Елебеков,  Әміре  Қашаубаев,  Әлмағамбет  Қапсәләмов,  тұңғыш  режиссер  Жұмат 
Шаниндер өнерге өзегін тосқан өнерпаздармен бірге өнерлі орданың іргетасын қалай бастайды. 
 «Ес аймақ» труппасына Республикалық саяси-ағарту бас комитетінің театр бөлімі басшылық 
еткен. Сондағы труппа мүшелеріне берілген арнулы куәлікте: 
 «РСФСР  Киргизский  культурно-просветительныйкружок»  деген  жазу  бар.  Тағы  бір  дерек: 
совет үкіметі тұсында да шығып тұрған статистикалық шолу кітаптарында келтірілген мәліметтерге 
қарағанда, Семей труппасы мемлекеттік мекеме есебінде қаражат алып отырған. «Семей губерниясы 
1924-1925 жылдары» деген статистикалық шолуда губерниядағы жалпы мәдениет орындары туралы 
мәліметте  85  қызметкері  (труппалардың  тұрақты  мүшелері  болу  керек)  бар  5  театрдың  жұмыс 
істейтінін  айта  келіп:  «.\қазақ-татар  труппасы  жергілікті  қаражаттан  қаржы  алып  отырады»  деген. 

341 
 
Труппаның бұрынғы мүшесінің бірі жазған мақалада: «Ес-аймақ» бұдан 40 жыл бұрын қазіргі Жаңа 
Семей қаласында қазақ демократ жастарынан алғаш рет ұйымдасқан мәдени-ағарту қоғамы еді. «Ес-
аймақ»  әуелде  Семей  губерниялық  саяси-ағарту  бөлімінің  Жаңа  Семейде  ұйымдастырылған 
кітапханасы  үйінде  құрылды.  «Ес-аймақ»  қоғамы  өзінің  алдына  халық  арасында  білім  таратуды, 
халықтың  сана-сезімін  көтеруді  міндет  етіп  қойды.  Ол  өзінің  бұл  міндетін  халыққа  ойын-сауық 
кештерін көрсетуді ұйымдастыру жолымен жүзеге асырды», - делінген. Труппа отыз шақты адамнан 
құралған. Алғаш болып труппаның жетекшілік және режиссерлік жұмыстарын Сейітқазы Тоқымбаев, 
кейіннен  Уәли  Тұрлыбеков  басқарады.  Сонымен  бірге  оның  көкемдік  жұмыстарына  көп  араласқан 
педтехникумның  мұғалімі  Ғалиакбар  Төребаев  та  жетекшілік  етіп,  коллективтің  творчестволық 
дамуына  үлкен  әсерін  тигізеді.  Қазақ  өнерінің  көрнекті  өкілдері:  Әміре  Қашаубаев,  Иса  Байзақов, 
Жұмат  Шанин,  Қали  Байжанов,  Жүсіпбек  Елебековтер  алғашқы  сахналық  сапарын  осы  труппадан 
бастады.  «Ес-аймақ»  репертуарында  сол  уақытта  жарық  көрген  пьесалар  (М.Әуезовтің  «Ел  ағасы», 
«Бәйбіше-тоқалы», «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөзі» Ж.Аймауытовтың «Сылаң қызы», С.Сейфуллиннің 
«Қызыл  сұңқарлары»,  Ж.Шаниннің  «Арқалық  батыры»  т.б)  қойылған.  Труппа  1925  жылға  дейін 
жұмыс  жасады.  Бұл  қазіргі  Абай  атындағы  қазақ  музыкалы-драма  театрының  сол  кездегі  алғашқы 
құрылған жартылай профессионалды труппасы еді.  
 Қазақтың  тұңғыш  ұлттық  театрының  шымылдығы  1926  жылдың  қаңтардың  13-і  күні 
ашылып,  Мұхтар  Әуезовтің  «Еңлік  -Кебек»  трагедиясының  үшінші  актысы  –  билер  сахнасы  ,  ғана 
көрсетілген.  Пьесаны  сахнаға  қойған  режиссер  Серке  Қожамқұлов.  Театрдың  алғашқы  дәрежесі 
көркем  үйірме  дәрежесінен  ұзап  кете  алмаған.  Бұл  қазақ  үшін  ресми  түрде  ашылған  тұңғыш  театр. 
Сондай –ақ, Қазақстанның облыс орталықтарындағы басқа театрлар сияқты Семейдің Абай атындағы 
қазақ драма театрының да шығармашылық сапары 30-шы жылдардың орта шенінен басталады. Театр 
труппасының негізі әуел баста жергілікті жердегі әуесқойлық көркем үйірмелерге қатысушылардын 
бас құрағаны мәлім. 
 Көтерілістен  бұрын-ақ  қалада  орыс,  татар  сауыққойларының  үйірмелері  жұмыс  істеген.  Ал 
көтерілістен  кейін  бұрынғы  үйірмелер  театрлық  труппаларға  айналып,  сауық  кештерінің  көркемдік 
дәрежесі де, оған қатысушылардың саны да арта түседі. 
Көркем  үйірмелердің  көбеюі  мен  олардың  шығармашылық  жұмыстарының  кәсіби  бағыт 
алуына  1920  жылы  Семейде  тұңғыш  ашылған  А.В.Луначарский  атындағы  қалалық  орыс  драма 
театры үлкен ықпал жасайды. Атап айтқанда, үйірмеге қатысушылар декорация жасау, парик, грим, 
бутафор  сияқты  өздерінің  ойын-сауықтары  мен  спектакльдерінде  бұрын-соңды  қолданбаған  сахна 
компоненттерімен алғашқы рет осы театрда танысады. Орыс режиссерлері мен актерлері қазақ, татар 
труппасының  жұмысына  көңіл  бөліп,  жәрдемдесіп  отырған.  Ең  аяғы  өздерінің  репертуарлық 
жоспарына  аракідік  қазақ  спектакльдерін  енгізіп,  театр  сахнасына  қойылуына  көмектескен.  Кейін 
орыс театры басқа қалаға ауысып, оның үйі, барлық жабдықтары, сахналық құрал саймандары қазақ 
театрына беріледі.  
Ал  енді,  Семейде  қазақ  театрының  ресми  түрде  ашылуына  тағы  бір  әсер  сол  театрдың 
іргетасын бірге қаласып, алғаш театр шымылдығын ашысқандардың бірі актер, Қазақ ССР-нің халық 
әртісі, Мусин Шахан Әлімханұлы кітабында былай дейді:  
«Семей.  1934  жыл.  Көкек  айының  орта  кезі.  Асау  Ертіс  күрт  қозғалған  сеңнен  бірте-бірте 
арылып,  арнасына  түсе  бастаған  шақ.  Кейбір  тарихи  себептердің  салдарынан  ауыл  тынысы  азды-
көпті күйзеліңкіреп, еңсеріліп қалған ел еңсесі енді-енді көтеріле бастаған кез еді. Ол жылдары бүкіл 
Республикамызда  жалғыз  ғана  театр  болатын.  Ол  –  академиялық  драма  театры.  Облыс 
орталықтарында  бірен-саран  әуесқойлардың  драмалық  үйірмелері  ғана  болатын.  Сонымен,  1934 
жылы,  қаңтар айының  13-күні  құрылған  музыкалық  драма  театры  сапар шегіп  Семейге келді деген 
хабар газет, радио арқылы тез тарап, аз күннің ішінде-ақ етек алып, Ертіс бойына жайыла түсті.  
      Өнер  мен  өлеңді  сағынып,  енді  бұрынғыдан  да  гөрі  қыранша  құлшына  бастаған  халық 
театр  кассасы  ашылар-ашылмастан-ақ,  есік  алдында  күндіз-түні  кезек  алып  тұра  бастады.  Сол 
күндері, поэзия әлеміне апыл-тапыл аяқ басып, енді ғана көзге түсе бастаған жастардың ішінен мен 
былай деп өлең жазып, оны Семейдің облыстық «Социалды Шығыс» атты газеті жариялады. 
Ақыры  көп  күткен  күніміз  туып,  Луначарский  атындағы  клубтың  есігі  кеңінен  ашылып, 
жөңкілген  жұрт  біреуді  біреу  баса-көктеп  әуелі  аман-есен  театрдың  ішіне  кіргенімізге  кенеліп 
қалдық. Кісі көп, ине шаншар жер жоқ, «Әміре мен Исаның өздері келіпті, әрі өлең айтып, ән салып, 
әрі  ойнайды  екен,  тіпті  реті  келсе билейді  де  екен»  деп  даурыққан жұртта дамыл жоқ.  Бір  уақытта 
залдың  шамы  сөніп,  шымылдық  алдына  өзі жас, жүзі жарқын  орта  бойлы  бір  жігіт  шықты.  Шулап 
отырған  көпшілік  құлаққа  ұрған  танадай  жым-жырт  болып  тына  қалды.  Әлгі  жігіт  осы  «Айман-
Шолпан»  пьесасының  авторы  Мұхаң  туралы,  Мұхаң  творчествосының,  драматургия  жанрындағы 

342 
 
еңбек  ізденістері  туралы  және  «Айман-Шолпан»  спектаклінің  қазақ  театр  қнерінің,  сахна 
мәдениетінің  тәжірибесінде  әлі  бола  қоймаған  жаңа  бір  жанр  екенін,  спектакльді  қоюшы  «қазақ 
халқының  Станиславскиі»  атанған  тұңғыш  режиссеріміз  Жұмат  Шанин  екенін  қысқаша,  бірақ  өте 
әдемі,  маңызды  етіп  айтып  шықты.  Сөйтсек,  бұл  жігіт  әрі  жазушы,  әрі  сол  кездегі  театрдың 
директоры Саттар Ерубаев екен. 
     Шымылдық  ашылды,  спектакль  де  басталды.  Көтібар  рөлінде  Құрманбек  Жандарбеков, 
Айман  рөлінде  Күләш  Байсейітова,  Шолпан  рөлінде  Әйнеш  Ержанова,  Арыстан  рөлінде  Қанабек 
Байсейітов,  Жарас  рөлінде  Манарбек  Ержанов,  ақындар  рөлінде  Иса  Байзақов  пен  Қуан  Лекеров, 
әнші рөлінде Әміре Қашаубаев. Үзіліс-антракт уақытында ешкім орнынан қозғалмай, есіл-дерті, екі 
көзі  шымылдықтың  тағы  да  ашылып,  спектакльдің  жалғаса  беруінде  ғана  болды  десем  өтірікші 
болмаспын. 
     Спектакль  де  аяқталды.  Құрманбек  пен  Манарбектің  образды  ойыны,  Иса  мен  Қуанның 
айтысы, Әміре мен Күләштің әні, Шараның биі, оркестрдің күйі бір кеште бір спектакльден өнердің 
бар  сырын,  сегіз  қырын  көрген  жұрт  орындарынан  ұшып  тұра  келіп,  ду  қол  шапалақтап  ұзақ  та 
қошемет көрсетті. Міне, осы күндері Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет 
істеп  жүрген  менің-дағы  Мұхаңмен,  театр  өнерімен  алғаш  дидарласқаным  осы  жылы  болды.  Ұлы 
актерлер мен ақын, әншілердің шабытты өнерінен алған әсерлерімізде шек жоқ, Өз басым, сол күні 
ұйқтай алмай, сахнада көрген сымбат-суреттерімді түні бойы түсімде көріп шықтым. Көп күндер, көп 
айлар  бойы  көрермен  көпшіліктің  де  әңгімесі  тек  сол  театр  өнерінен  алған  алуан  әсердің  маңында 
болды.  Бұл  уақиға  бірте-бірте  аңызға  айналды.  Мүмкін,  осы  әсердің  күші,  осы  ықпалдың  салмағы, 
осы дидарласудың болмыстан, тұрмыстан да гөрі жоғары, арқалы да сиқырлы  шапағаты болар, сол 
жылы, сол көктемде, сол Семейде театр ашысып, сол күннен бастап сахна таразысына мен де түстім». 
Шахаң сол театрда актер болып жұсмыс жасап, біраз рөлдерді сәтті сомдады. 
    Сонымен, 1934 жылдың 10-шы мамырында  Семей қазақ театры болып, ол өз шымылдығын 
Ілияс  Жансүгіровтің  «Кек»  драмасымен  ашты.  «Кек»  30-жылдардың  басында  қазақ 
драматургиясындағы  жаңа  тақырыпқа  жазылған  алғашқы  пьесалардың  бірі.  Шығарманың  оқиғасы 
Қазақстанда  кеңес  өкіметі  орнай  бастаған  кезең  мен  тұңғыш  колхоз  ұйымдастырыла  бастаған 
дәуірдің  екі  аралығын  қамтиды.  Спектакльді  қоюшы  режиссер  Ғалиакбар  Төребаев  арнайы  кәсіби 
дайындығы  болмағанмен,  кешегі  ұлы  өзгерістерді  көзімен  көріп,  жаңа  өмірді  құрушылардың  бірі 
болып,  оған  белсене  араласқан-ды.  Театрдың  тұңғыш  маусымында  тағы  Б.Майлиннің  «Майдан», 
«Талтаңбайдың  тәртібі»,  Ж.Шаниннің  «Шахта»,  аудармадан  В.Киршонның  «Астық»  сияқты 
пьесалары қойылды.  
     Семей  қазақ  театрының  босағасы  бекіп,  шаңырағы  көтеріліп,  керегесі  кеңіп,  өзінше  жеке 
отау боп құрылып тууы осылай болды. Шынайы тарих. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет