Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного



Pdf көрінісі
бет46/53
Дата03.03.2017
өлшемі7,62 Mb.
#7253
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53

Әдебиет 
 
1.Крадин Н.Н. Кочевые общества (проблемы формационной характеристики). РАН. Дальневосточное 
отделение.  Институт  истории,  археологии  и  этнографии  народов  Дальнего  Востока.  -  Владивосток: 
Дальнаука, 1992.- 239бб.; Крадин Н.Н. Империя Хунну. - М.: Логос, 2001.- 310бб. 
2.Барфилд  Т.Дж.  Мир  кочевниковскотоводов.//Раннее  государство,  его  альтернативы  и  анаологи: 
Сборник  статей  /  под  редакцией  Л.Е.Гринина,  Д.М.Бондаренко,  Н.Н.Крадина,  А.В.Коротаева.-
Волгоград, 2006.415-441 бб. 
3.Жүсіп Баласағұн Құтты білік. Алматы,1986,378 б.  
4.Рашид ад-дин. Сборник летописей. Т.1, кн.1. М-Л, 1952. 259-266 бб. 
5.Міржақып Дулатұлы.3 том. Алматы,2003. 44 б. 
 
ПРЕДСТАВЛЕНИЕ О ВЕРХОВНОЙ ВЛАСТИ В ТРАДИЦИОННОЙ ЦИВИЛИЗАЦИИ 
Э.Т. Телеуова  
 
Автор  рассматривает  становления  и  формирования  институтов  власти  кочевых 
обществ.  Исследована  проблема  формирования  института  верховной  власти  в  государствах  на 
территории Казахстана.  
 
THE NOTION OF THE SUPREME POWER IN A IN A TRADITIONAL CIVILIZATION 
E.D. Teleuova  
 
The author considers formation and formation of institutes of the power of nomadic societies. The 
problem  of  formation  of  institute  of  the  Supreme  power  in  the  states  in  the  territory  of  Kazakhstan  is 
investigated. 
 
 
 
 

329 
 
ӘОЖ (УДК) 902.02 
Т86 
 
Т . Хазретәлі, З. Әділбекова 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
 
1867 Ж. САНКТ-ПЕТЕРБУРГКЕ БАРҒАН ТҮРКІСТАН ДЕПУТАЦИЯСЫ ТАРИХЫНЫҢ 
ҚҰЖАТТЫҚ ЖӘНЕ ӘДЕБИ ДЕРЕКТЕРІ 
 
Аннотация:  Мақалада  Түркістан  облысынан  1867  ж.  Санкт-Петербургке  арнайы 
жасақтаған депутацияның тарихы құжаттық және әдеби деректер арқылы талданады. Орынбор 
облыстық  мемлекеттік  архивіндегі  құжаттық  деректер  мен  Майлықожаның  тарихи  жыры 
депутацияның құрамын анықтауға және оның миссиясын нақтылауға мүмкіндік береді. Сол сияқты 
құжаттық  және  әдеби  деректерді  ғылыми  талдаудың  маңыздылығы  туралы  тұжырымдар 
жасалған. 
 
Түйін сөздер: Түркістан өлкесі, депутация, отарлық билік, Майлықожа, «Мәдени мұра». 
 
Сыр  бойындағы  жазба  ақындар  мектебінің  ірі  өкілі  Майлықожа  Сұлтанқожаұлы  (1835-1898 
жж) шығармашылығының ақпараттық қатпары қалың. Әзірге аршылмай жатқан қатпарлардың бірі – 
ақын  өлең  жырларының  тарихилығы.  Белгілі  бір  кезең  мен  қоғамдық  ортаның  баянын  жырлаған 
жырдың тарихи деп бағаланары хақ. Десекте, тарихи жырдың тарихилығын деректік тұрғыда талдау 
көп мәселеге айқындық берері де хақ.  
Майлықожаның  Қазақстанның  оңтүстігін  орыс  отаршыларының  жаулап  алуы  тақырыбына 
арналған «Шалқып жатқан елім-ай», «Қабіріңе айтар зарым бар», «Қонысты орыс алғаны», «Заманың 
кәріп  боп  кетті»  және  осы  мақалаға  арқау  болған  «Датқалардың  Петірборға  баруы»  деген  өлең 
жырлары бар.  
Ақынның «Датқалардың Петірборға баруы» жанры жағынан тарихи жыр қатарында саналады 
[1, Б. 537-543]. Барлығы алпыс шумақ, 242 жолдан құралған жыр тарихи оқиға  – Түркістан облысы 
игі  жақсыларынан  жасақталып,  1867  ж.  Санкт-Петербургке  Император  ІІ  Александрдың 
қабылдауына баруына барған депутацияның сапарына арналған. Майлықожа жырларының арасында 
ХІХ  ғ.  ІІ  жартысындағы  қазақ-орыс  байланыстарын  нақты  оқиға  желісімен  баяндаған  шығарманың 
тарихи құндылығы өте жоғары.  
Орынбор  Облыстық  мемлекеттік  архивінде  осы  тарихи  жырдың  оқиғасын  дәйектейтін 
мынадай  тарихи  құжат  сақталған:  «Об  отправлении  к  Госудрью  Императору  депутации  от жителей 
городов Туркестана, Чимкента, Ташкена и других, для принесения благодарности на принятие их в 
русское  подданства»  [2].    Депутация  дегеніміз  әлдеқандай  тапсырманы  орындау  үшін  сайданған 
немесе  тағайындалған  депутаттар  тобы  екндігін  ескерер  болсақ, Түркістан  генерал-губернаторлығы 
құрылғаннан  кейінгі  Петербургке  аттандырылған  осы  алғашқы  депутацияның  миссиясына  ерекше 
мән  берілген.  Аталған  іс  1866  жылдың  13  қыркүйегінде  басталып,  1867  жылдың  31  сәуірінде 
аяқталған.  1866  жылдың  қыркүйегінде  Орынбор  генерал-губернаторлығынан  генерал-адютант 
Крыжановский және Скрипнев, кеңсе меңгерушісі Ходоровский Әскери министрге Түркістан өлкесі 
игі жақсыларының император ағзамның қабылдауында болып, орыс бодандығын қабылдағандығына 
және  азиялық  деспотизмнен  құтылғандығына  ризашылығын  білдіру  үшін  депутациямен  баруға 
рұқсат  сұрағандығын  жазады.  Осы  рапортта  отарлық  билік  шенеуніктері  барлық  шығындардың 
жергілікті  бюджет  есебінен  өтелетіндігін  айта  отырып,  келісім  беруді  сұрайды  [2,  Л.1].  Бұндай 
депутациялардың осыған дейін қазақ жеріндегі басқа облыстардан да барғандығын ескерсек отарлық 
биліктің  жаулап  алған  жерлеріндегі  саяси  ахуалды  реттеуге  арналған  қалыпты  әрекеті  екендігін 
аңғарамыз.  Ол  әрекеттің  астарында  ел  ішіндегі  беделді  адамдарға  Ресей  империясының  құдіретін 
танытып,  орыс  қаруының  күш-қуаты  мен  империялық  биліктің  сән-салтанаты  арқылы  олардың 
мысын басуды көздеген саяси мүдде бұғып жатқан еді. 
1866  жылдың  қазан  айында  Әскери  министрліктің  бас  штабы  Орынбор  әскери  округі 
әскерінің  қолбасшысына  Түркістан  өлкесінен  баратын  депутацияны  қабылдауға  жоғары  мәртебелі 
император ағзамның келісім бергендігін хабарлайды [2, Л.3]. Ендігі кезекте депутацияның құрамын 
жасақтау мәселесі қарастырылады. 1866 жылдың 5 қарашасында Түркістанның әскери губернаторына 
депутация  құрамын  жасақтауға  байланысты  мынадай  ұсыныс  жасалады:  Түркістан  қаласынан  екі 
депутат,  оның  бірі  Шейхул  Ислам,  екіншісі  Шымкенттен,  Ташкенттен  төртеу,  соның  ішінде  Сайд 

330 
 
Азим, Ходженттен екеу, оның бірі Қазы Калян және басқа қалалардан өз таңдауы бойынша екі адам. 
Депутацияның  басшысы  етіп  полковник  Серовты  тағайындау  және  барлық  шығынды  өздерінің 
көтеруі  туралы  хат  жазылған  [2,  Л.4-4  об.].  Николай  Андреевич  Крыжановскийге  30  ноябрь  1866 
жылы Әскери министрліктен ұсыныстарының Петербургке генерал Романовскийдің және т.б. келуіне 
байланысты шешілетіндігі жөнінде жауап жазылады [2, Л.5].  
1867  жылдың  қаңтарында  Түркістан  облыстық  әскери  губернатордың  кеңсесі  Орынбор 
генерал-губернаторына  жазған  хатында  «Сіздің  алдын  ала  белгілеген  депуттарыңыздан  басқа  мен 
Ұратөбе, Жызақ, сонымен бірге облыстың оңтүстік қанатындағы қырғыздардан өкілдер қостым. Бұл 
депутацияның  шығындары  мынадай  болып  белгіленді:  депутация  және  оның  қызметкерлеріне  жеті 
тройка (үш ат жегілген пәуеске – авт.) бөлінеді. Ташкенттен Орынборға дейін 2000 верст, әр верстке 
1,5 тиын және Орынбордан Санкт-Петербургқа дейін 2081 верст, әр верст 2,5 тиыннан. Жалпы бару 
және  қайту  шығындары  3301  рубль.  Депутация  бастығы  войсковой  старшина  Серовқа  472  рубль, 
тілмаш,  хорунжий  Байдоковқа  бір  тройка  үшін  472  рубль.  Жүк  артқан  пәуескеге  472  мың  рубль. 
Депутацияның құрамындағы 16 адамға – 9 сарт және 7 қырғыз - тәуліктік шығын 2 айға әрқайсысына 
900 рубль» деген сияқты шығындар сметасы 10223 рубльді құраған [2, л.7-8 об.]. Осы құжатта рұқсат 
етілген шығындар Ташкент аймағының жергілікті кірісі есебінен жабылатындығы айтылған.  
Енді  осы  деректерді  тарихи  жырдың  мәліметтерімен  салыстырып  көрейік.Майлықожаның 
жырында  депутацияның  құрамында  болған  барлығы  жеті  тарихи  тұлғаның  есімі  аталады.  Олар: 
Шанышқылыдан  молда  Қошық  датқа,  Қаңлы  Әлімқұл,  Үйсіннен  Момынбек  датқа,  өзбектен  Марқа 
қазы, Әулиеатадан Құдайберген, қырғыздан Бәйтек датқа, қоңыраттан Қоныс датқа. Тарихи дерек пен 
жырды  салыстыра  отырып  Майлықожа  ақынның  депутация  құрамын  толық  атамағандығына  көз 
жеткіземіз. Жырға талдау жасаған жазушы, журналистер қауымы да депутация құрамын осы есімдері 
аталғандармен  ғана  шектейді  (Ж.Аяшев,  Ә.Момбекұлы,  Б.Сманов  т.б.).  Ал  Майлықожа  депутация 
құрамында  «Қырғыз,  қазақ,  өзбектің  саңлақтарын,  Жөнелді  айдап  орыс  Петірборға»  дегенде  аты 
аталған қазақ, қырғыздармен бірге өзбектерден де өкілдер болғандығын жоққа шығармайды. Көркем 
шығармада нақтылық сақтала бермеуі мүмкін, содан да тарихи жырдағы деректерді нақты ақиқат деп 
қабылдаудың өзі қиын.  
Аталған  құжатта  Түркістан  облысынан  Санкт-Петербургке  барған  депутация  мүшелерінің 
толық  тізімі  келтірілген.  Олар  мыналар:  1.  Ташкент  және  оның  аудандарынан  Сейт  Әзім 
Мұхамедбаев,  Беренхан  муддарис,  Би  Молда  Құрлық  (Қошық)  Байтоқов,  Би  Егемберді.  2. 
Ходженттен  Қазы  Қалян,  молла  Насыр  (саудагер).  3.  Ұратөбеден  аға  Муфти.  4.  Жызақтан 
Қарауылберді.  5.  Шымкенттен  молла  Марқа  Ахун,  Би  Мәуленбек  Шаубеков  (Шойбеков).  6. 
Түркістаннан  Шейхұл  Ислам  Исанходжин  -  әулие  Әзірет  сұлтанның  тікелей  ұрпағы,  тұрғындар 
арасында  үлкен  құрмет  пен  ықпалға  ие.  Орыс  билігіне  берілгендігімен  ерекшеленеді  және  Қоныс 
Тілесов  -  Қоңырат  тайпасының  биі.  7.  Иқаннан  (Түркістан  қаласына  жақын  елді  мекен  –  авт.) 
ақсақал  Ивин-амин  сопы  Шаиров  -  ақсүйек  ұрпағынан.  Иқан  түбіндегі  шайқаста  орыстарға  қолдау 
жасағандығы  үшін  қоқандықтар  оны  Ташкентке  алып  кетіп,  зынданға  салған.  Ташкент  орыстар 
билігіне  өткеннен  кейін  босатылған.  8.  Солтүстік  шептен  Құдайберген  би  Баетов  (майор)  –  Дулат 
тайпасының биі, 1864-1865 ж.ж. шайқастарға милиция құрамында қатысқан, майор шенін алған және 
Байтық  би  Қанаев  (прапоршик).  9.  Оңтүстік  шептен  Өткелбай  би  Исин  (хорунжий)  Перовскі 
фортынан.  Оларға  қосымша  алты  қызметші  болған,  бірақ  құжатта  олардың  есімдері  аталмайды. 
Депутацияның  құрамында  Орынбордағы  Неплюев  гимназиясының  түлегі,  колледж  кеңесшісі 
Бекчурин  тілмаш  болып  бекітілген.  Сонымен  бірге  3  жылдай  Түркістан  өлкесінде  қызмет 
жасағандықтан,  сарттар  мен  қырғыздардың  салт-дәстүрін,  тілін  жақсы  білетін  ерекше  тапсырмалар 
бойынша шенеунік Южаков қосымша тілмаштыққа тағайындалған [2, Л.9-9об.]. Осы жерде аталатын 
депутацияның  тілмашы  Бекчурин  Мирсалих  Мирсалимұлы  (1819  ж.т.,  ұлты  башқұрт)  кейіннен 
белгілі ағартушы болатын. Ол 1860-1870 жж. Орта Азиядағы Ресей империясы әскерінің қатарында 
тілмаш болып қызмет атқарған.  
Құжатта  депутация  құрамындағы  тұлғалардың  ешқайсы  да  датқа  лауазымымен  аталмайды. 
«Жаңа  заман  дейді  екен  биді  болыс»  дегенде  Майлықожа  осыны  меңзеп  отырғанымен  игі-
жақсылардың бәрін де «датқалар» деп дәстүрге сай көтермелеп отыр. 
1867  жылдың  ақпан  айының  соңында  Ташкенттен  шыққан  депутация  Шымкент  қаласына 
келіп  аялдайды.  Осы  жерде  Әулиеата  мен  Бішкектің  өкілдері  қосылып,  Түркістан  қаласына  келіп 
тоқтайды.  Жырдың  мазмұнында  «12  айлық  Петірборға»  сапар  шеккен  датқаларға  Түркістан 
қаласының төңірегіндегі игі-жақсылар арнайы сәлем беріп, олар бір-бірімен қимай қоштасады.  
Игі-жақсыларды  ұзақ  жолға  тыңғылықты  дайындаған  отарлық  биліктің  шенеуніктері  сапар 
барысын қадағалап, оларға қолайлы жағдай жасап отырған. Түркістанда «Датқалар атын тастап, мінді 

331 
 
күйме» деген ақын сөзі құжаттарда да дәйектеліп тұр. Олар құжат деректеріне қарағанда Ташкенттен 
бастап, күймеге мінген [2, Л.10]. Түркістаннан шыққан депутация Перовский форты, Қазалы арқылы 
«Жаман қала (қазіргі Орск қаласы – авт.) дегенде үш күн тұрып, бет алып Орынборға кетті жүріп». 
Депутаттар  Орынбордан  22  ақпан  1867  ж.  Санкт-Петербургке  аттанған  [2,  Л.22].  Крыжановский 
Санкт-Петербургке жолдаған рапортында депутация мүшелеріне Нева проспектісі бойынан жайлы да 
кең, мебельденген және қолайлы асханасы бар пәтер бөлуді тапсырады [2, Л.20-20об.].  
Түркістан депутациясының құрамына ел ішіндегі барынша беделді тұлғаларды енгізген және 
олардың орыс билігіне жасаған қызметі мен алған марапаттарына баса мән берілген. 1. Құдайберген 
би  Баитов  -  Әулиеатадан.  Қызметі  қырғыздардың  Дулат  руының  басқарушысы.  1864  ж.  орыс 
үкіметіне қызмет жасағаны үшін оған генерал-майор Черняевтың ұсынысымен майор шені берілген. 
Георгий  ленталы  күміс  медальмен  және  шапанмен  марапатталған.  2.  Байтық  би  Қанаев  - 
Әулиеатадан,  қара-қырғыздардың  басқарушысы.  1864  ж.  орыс  үкіметіне  көмегі  және  берілгендігі 
үшін  Черняевтың  ұсынуымен  капитан  дәрежесі  берілген,  ал  1863  ж.  Семей  облысының  әскери 
губернаторы  генерал-майор  Колпаковскийдың  ұсынуымен  Анна  ленталы  алтын  медальмен  және 
құрметті  кафтанмен  марапатталған.  3.  Момынбек  Шойбеков  -  Шымкенттен,  қырғыздардың  Дулат 
руының басқарушысы. 1866 ж. Черняевтың ұсынуымен құрметті кафтанмен марапатталған. 4. Марқа 
ахун  –  Шымкенттен,  қызметі  қазы-калян.  1866  ж.  құрметті  кафтанмен  марапатталған.  5.  Шейхұл 
Ислам  -  Түркістаннан,  қызметі  Түркістан  қаласының  Шейхұл  Исламы,  орыс  үкіметіне  көмегі  және 
берілгендігі  үшін  1864  ж.  генерал-майор  Безактың  ұсынуымен  алтын  медальмен  және  құрметті 
кафтанмен,  сол  жылы  генерал  Веревкиннің,  Крыжановскийдің,  Черняевтың  ұсыныстарымен  түрлі 
заттай сыйлықтармен марапатталған, солардың арасында күміс тостаған, шәйнек және табақ та бар. 6. 
Ибн  амин  сопы  Шайыров  -  Иқанның  ақсақалы.  1865  ж.  Черняевтың  қолынан  күміс  медаль  және 
мауты шапан алған. 7. Қоныс Тілесов Түркістан қаласынан, Қоңырат руының билеушісі. 1864-1865 
ж.ж.  Черняевтың  қолынан  Станислав  ленталы  күміс  медаль  алған,  осы  жылы  Анна  ленталы  алтын 
медаль, құрметті кафтан, 1866 ж. Романовскийдің ұсынуымен сотник дәрежесі беріліп, күміс тостаған 
алған, Крыжановский тарапынан мауыты кафтанмен марапатталған. 8. Өткелбай Исин – Перовскіден. 
Жаңақорған  бекінісін  алудағы  ерлігі  үшін  хорунжий  атағын  алған.  Сол  жылы  генерал  Дебудың 
ұсынысымен  қылышпен  марапатталған.  1863  ж.  Черняевтың  қолынан  күміс  медаль  алған.  1864  ж. 
Түркістанды алуға қатысқаны үшін Веревкиннің қолынан Әулие Станислав медалын, 1866 ж. генерал 
Романовскийдің  қолынан  құрметті  кафтан,  Осмоловскийдің  қолынан  барқыт  кафтан  алған.  9. 
Сейдазим  Мұхамедбаев  –  Ташкенттің  құрметті  саудагері.  Өзінің  байлығы  және  ақыл  парасатымен 
тұрғындар арасында беделі зор. Өз қаржысына мешіт тұрғызған. Жергілікті билікке кеңесші болған. 
Қазіргі  кезде  ешқандай  қызметте  жоқ.  1859-1861  жж.  Ташкентте  орыс  тұтқынын  босатуға 
көмектескені үшін Станислав ленталы күміс медальмен және күміс тостағанмен марапатталған. 1862 
ж.  орыс  сауда  қызметін  дамытуға  ықпал  жасағаны  үшін  Станислав  ленталы  алтын  медалмен 
марапатталған.  Сол  сияқты  Крыжановский,  Черняев,  Романовскийлер  тарапынан  үкіметтік  және 
заттай  марапаттаулар  алған.  10.  Ишанхан  Аман  Мұхамедов.  Ташкент  басшысының  (раисының) 
баласы, ешқандай қызметте жоқ. 11. Молда Құрлық (Қошық – авт.) Байтоқов - 1865-1866 жж. орыс 
үкіметіне жасаған көмегі үшін сотник атағы беріліп, Черняевтың қолынан барқыт кафтан мен күміс 
тостаған, Романовскийдің қолынан күміс сағат, Крыжановскийден күміс стакан алған. 12. Егемберді 
Мырзагелдин  –  Шыршық  сыртындағы  Құрама  руының  басқарушысы.  Орыс  үкіметіне  көмегі  және 
берілгендігі  үшін  Черняев,  Романовский,  Крыжановскийлер  тарапынан  марапатталған.  13.  Юсуф 
Ходжа Шуайқов - Ходжеттің Қазы каляны. 1866 ж. генерал-майор Романовскийден құрметті кафтан, 
Крыжановскийден күміс медаль алған. 14. Сайд Икрам Ахмедов – Верный бекінісі ақсақалының ұлы, 
шешесі  Ходжентте  тұрады.  Қашғармен,  Қоқан  және  Наманганмен  сауда  ісін  жүргізеді.  15.  Молла 
Назар  Бақыбаев  -  Түркістанда  Бұқарамен,  Қоқанмен  сауда  ісін  жүргізеді.  Генерал  Романовскийден 
сыйлықтар алған. Ұратөбенің муфтиі. 16. Қарауылберді - Жызақтың ақсақалы, 1866 ж. генерал-майор 
Романовскийден құрметті барқыт шапан алған [2, Л.28-31]. 
Түркістан  депутациясы  4  сәуір  күнгі  діни  рәсімге  қатыстырылып,  оларға  император  сарайы 
бағының ішінде часовняның қарсы бетінен орын бөлінген [2, Л.60-60об.]. Ал 5 сәуір күні олар Санкт-
Петербургтен елге аттанып кетеді.  
Жырда  императордың  депутацияны  жеке  қабылдауын  баяндауға,  соның  ішінде  Молда 
Қошықтың «патша ағзаммен» сауалдасуына көлемді орын берілген. 
Датқасы Шанышқылының Молда Қошық, 
Қайтпаған ерегісте тәні шошып. 
Жақсысын әр шаһардың аты шыққан, 
Үкіммен жолдас қылды оған қосып,- 

332 
 
Ақ патша «тілегіңді берем» деді, 
«Антына мұсылманның сенем» деді. 
«Достасып қарым-қатыс жасап тұрсақ
Әлімше жәрдемдесіп көрем» деді. 
Мал-басың, әдет-ғұрпың өздеріңде, 
Көрсетсем мен бір зиян өлем деді 
Соны айтып орнынан ұшып тұрып, 
 
Қошықтың  қолын  қысып  сәлем  берді,  -  деп  Ресей  ақ  патшасы  ІІ 
Александрдың Молда Қошыққа ерекше құрмет көрсеткенін жырлайды. 
Майлықожа  ақынның  өмірі  мен  шығармашылығын  мұқият  зерттеген  танымал  әдебиетші-
ғалым  Әсілхан  Оспанұлы:  «Орта  Азия  ел-жұртының  сөзін  ұстай  барған  бұл  адамдардың  патша 
сарайындағы  қабылдауда  елдің  елдігін  көрсететін  халықтық  салт-дәстүрлердің,  шаруашылық 
қалыптың, ұстанған дінінің қысым көрмеуі турасындағы тілек-талаптарын қысылмай-қымтырылмай 
айта  білген  Молда  Қошық  халық  қамын  ойлаған  жұрт  жоқшысы  санатында  көріне  алғаны  ақынды 
айрықша сүйсіндіргені аңғарылады» [3, 118 б.] деген тұжырым жасайды.  
Патша  ағзамның  кеңсесіне  депутация  атынан  бірнеше  құжат  тапсырылған.  Олардың 
қаншалықты  деңгейде  қарастырылғаны  жөнінде  деректер  кездеспеді.  Солардың  бірі  «Түркістан 
облысының 59 мәртебелі тұрғыны мөрін басқан» «Государью Императору Всероссийской империй и 
Туркестанской  области»  деп  аталатын  хатта  императорды  мадақтауға  көп  орын  беріліп,  «өз 
қарамағына  алуы  арқылы  Бұхара  мен  Қоқанның  езгісінен  құтқарғандығына»  алғыс  білдірумен 
аяқталады  [2,  Л.69-69об.].  Осындай  мадаққа  толы  хат  императордың  жұбайына  да  арнап  табыс 
етілген [2, Л.68]. Император депутацияны қабылдауы 1867 ж. 29 наурыз сәрсенбі күні күндізгі сағат 
екіге белгіленген еді [2, Л.72]. 
Депутацияның  ұйымдастыру  жұмыстарына  басшылық  жасап  жүрген  Николай  Андреевич 
Крыжановский  «Ұлы  княздар  Константин  Николаевич  пен  Николай  Николаевичтердің  Түркістан 
облысының депутациясын алғашқысы 29 наурыз сәрсенбінің түс мезгілінде, екіншісі 31 наурыз жұма 
күні осы уақытта қабылдауды белгілегендігі» туралы хабар алады [2, Л.73] 
Депутация  мүшелері  Түркістан  облысы  жеке  тұлғаларынан  екі  хат  алып  барған  екен.  Оның 
бірін  ташкенттік  Латиф  Ғабдул  жазып,  Ресей  әскерінің  Жызақ  экспедициясына  лауға  берген  39 
арбаның  ақысын  Ташкент  басшысы  Василий  Роднеевич  Серовтың  осы  кезге  дейін  төлемей 
жүргендігіне «ақ патшаға» арызданады [2, Л.112-112об.]. 
Ал Бабақожа Ғалымқожин генерал Черняев Әулиеата қаласын алған тұста қала төңірегіндегі 
Нәлібай  руынан  Зауалбек  пен  Шымырбек  дегендер  415  қойын  тартып  алғандығын,  оны  қайтарып 
беру  жөнінде  Ташкент  бағындырылған  соң  Черняевқа,  ол  Петербургке  қайтып  кеткен  соң, 
Ташкенттің  басшысы  Серовқа  арызданғанын,  оның  мәселені  шешудің  орнына  өзін  қамап 
қойғандығын айтып, «әлсіздерді әділетсіздердің қорлығынан қорғауды» сұраған [2, Л. 113-113об.]. 
Депутация  2  сәуір  күні  Императорға  11  баптан  тұратын  9  парақтық  ұжымдық  өтініш 
жолдаған.  Өтінішті  хатқа  түсірген  Бекчурин,  орыс  тіліне  поручик  Южаковтың  қатысуымен 
аудармашы Байтоқов аударған. Құжаттың бірінші бабында Түркістанда сот билігін қалыптастыруда 
орыс сот билігімен қатар қазылар мен билер сотын сақтау, олардың ара жігін ажырату туралы нақты 
талап қойылса, салық жүйесіне қатысты Түркістан мен Шымкентті астыққа салынатын харадждан 3 
жылға  босатуды  және  Түркістан  облысында  түтін  салығы  3  рубль  екендігі,  оны  Орынбор,  Алатау 
ведомствосымен бірдей етіп 1,5 рубльге теңестіруді сұрайды. Өтініштің соңында генерал Черняевтің 
тұсында  Ташкент  билеушісі  Серов  Шыршық  сыртындағы  елден  экспедиция  үшін  жалдаған  1649 
түйенің  800-і,  110  жылқының  65-і  ғана  қайтарылғаны,  келісілген  ақысы  осы  кезге  дейін 
төленбегендігіне шағымданған [2, Л.107-111об.].  
Ақын жырындағы Молда Қошықтың атымен баян етілетін: 
Ақ патша көнер болса тілімізге, 
Көз салсын біздің нашар түрімізге, 
Ысыламның мәрхамат қып елдеріне
Бір нұқсан келтірмесін дінімізге. 
Қаралы басымызға жұмыс түссе, 
Жарасын орыс халқы күнімізге. 
Қайырсын бізді аман халқымызға, 
Сеніссін ақ ниетті антымызға. 
Мал баққан, көшіп-қонған дәштегі елміз

333 
 
Тимесін  әдет-ғұрып  салтымызға,-  деген  саяси  талаптардың  мазмұнын  айғақтайтын  аталған 
ұжымдық  хаттан,  өзге  құжаттардан  ешқандай  да  дәйектер  кездескен  жоқ.  Отарлық  биліктің 
қамқорлығымен және тікелей басшылығымен «ақ патшаның» дәргейіне барған депутация өкілдерінің 
саяси талаптар қоюы екіталай тірлік. Бұл, сірә, Майлықожа ақынның тарихи тұлғаларды дәріптеуді 
мақсат тұтқан көркемдік шешімі болса керек. 
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шетелдік және отандық шығармалар мен 
тарихи  құжаттардың  айналымға  ұсынылғандығы  үлкен  жетістік.  Бұл  жағдайдың  халқымыздың  бай 
тарихын  ғылыми  тұрғыда  қалпына  келтірудегі  маңызы  ерекше.  Майлықожаның  жырына  қатысты 
тарихи құжат осындай ғылыми жаңалықтардың бір мысалы ғана.  
Мақаланы осымен қорытындылауға да болар еді. Дегенмен, осы жырда аты аталатын Молда 
Қошыққа  қатысты  жарық  көрген  еңбектер  [3]  тарихи  жырдың  тарихилығы  туралы  қосымша 
тұжырымдар  жасауға  итермелеп  отыр.  Майлықожаның  деректерін  басшылыққа  алған  Д.Асауовтың 
«Генерал  Черняевті  қудырған  датқа»  [4]  атты  мақаласында  ойға  сыймайтын,  көңілге  қонбайтын 
жалған  тұжырымдар  жасалады.  Черняев  Түркістаннан  1866  ж.  кеткен,  ал  депутация  Санкт 
Петербургте 1867 ж. наурыз-сәуір айларында болған. Демек, Черняевті Түркістан өлкесінен қудырған 
Молда  Қошықтың  «тарихи  қызметі»  ақиқатқа  жанаспайды.  Сол  сияқты  жырды  нақты  тарихи 
дереккөзі ретінде қабылдап, танымдық еңбектерінде тарихи ақиқатты қалпына келтіруді мақсат еткен 
авторлардың [3, 189-206 бб.] жаңсақ тұжырымдары мәдени мұрамыздың мазмұнын игеру мәселесіне 
аса  сақтықпен  қарап,  ғылыми-зерттеуде  тарихилық  пен  шынайылық  қағидасынан  ауытқымаудың 
маңыздылығын  тағы  да  еске  салады.  «Мәдени  мұра»  бағдарламасының  мақсаты  мифтік,  көркемдік 
таныммен шектеліп қалмай, ғылыми танымға қол жеткізу арқылы ұлттық ой-сананы әлемдік деңгейге 
көтеру  болғандықтан  айналымға  ұсынылған  мәдени-рухани  құндылықтарды  жан-жақты  деректік 
талдауға мән берілуі керек-ақ. Олай болмаған жағдайда биік мақсатқа қол жетуі қиын. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет