Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет27/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50

Шукетаева  Камиля Қдырбаевна
т.ғ.к., аға оқытушы, Қазақ мемлекеттік қыздар  педагогикалық   университеті 
Дауытова   Жамила Қдырбаевна
 аға  оқытушы, әл-Фараби  атындағы   Қазақ ұлттық  университеті
 
Ембергенова Карашаш Рахмановна
аға  оқытушы, әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті
  
Абдибекова Куляш Жалеловна
аға  оқытушы,   әл-Фараби  атындағы  Қазақ ұлттық  университеті
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНУ
Tүйін:  Оқытудың жаңа технологиясын енгізу мен компьютердің міндеті- оқушының казіргі заман сұранысына 
сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде компьютерлік құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан- жақты да-
мыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу,оқу-тәрбие жүйесінің барлық деңгейін жетілдіру, оның тиімділігі мен сапасын 
жоғарлату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану. Ал біздің мақсатымыз 
– ақпараттық технологияны терең меңгерген, қажетті ақпаратты іздеп, осыған байланысты өзі шешім қабылдай-
тын жылдам өзгеріп жататын заманға лайықты, жаңашыл  адам тәрбиелеу.
Резюме: Эффективность комьютеров и информационных технологий зависит от того, как мы их используем, 
от способов и форм применения этих технологий.   Использование ИКТ на уроках естественных дисциплин  позво-
ляет сделать урок динамичнее, интереснее, эффективнее. Oсновная цель компьютерных технологий: подготовить 
молодое поколение к жизни в информатизованном обществе, повысить эффективность образавательного процесса 
внедрения средств инфоратизации, к которым в первую очередь принадлежить компютер
Summary: It is already difficult to present modern training without technology of multimedia which allows to use the text, 
to the schedule, video and animation in the interactive mode and by that expands computer scopes in educational process.
Modernization is impossible without introduction in educational cognitive process of ICT. Fixed assets of informational of 
education are the hardware, program providing and substantial filling. Efficiency of computers and information technologies 
depends on how we use them, from ways and forms of application of these technologies.
Қазіргі кезде ақпарттандыру және білімді ақпа-
раттандыру  ақпараттық  және  коммуникациялық 
технологиялардың  кең  таралуымен  және  жетіл-
дірілуімен  сипатталады.  Білім  беруді  ақпараттан-
дыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпа-
раттық технологияны енгізу және ұлттық модельді 
қалыптастыру  қазақстандық  білім  беруді  сапалы 
деңгейге  көтерудің  алғы  шарты.  Олар  ақпаратты 
тасымалдау  үшін  қолданылады  және  жаңа  білім 
беру  жүйесіндегі  оқытушы  мен  оқушының  өзара 
қатынасын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты 
оқытушы  ақпараттық  және  телеқатынастық  тех-
нологиялар аясындағы білімді меңгеріп қана қой-
май,  өзінің  кәсіптік  іс-әрекетінде    пайдаланудың 
білікті  маманы  болуы  қажет.    Мұндай  мақсатқа 
қол жеткізудің жолы -  білімді ақпараттандыру ая-
сында білімді ақпараттандыруды іс-әрекет ретінде 
қазіргі және болашақ  педагогтарға да оқыту керек. 
Білімді  ақпараттандырудың  техникалық  құралда-
ры  мен  технологиялары,  оқыту  әрекетін  ақпарат-
тандырудың әдістері, ақпараттық оқыту орталарын 
қалыптастыру  негіздері,  ақпараттық  технологи-
яларды  пайдалануға  педагогикалық  кадрлардың 
дайындығын  қалыптастыру  мәселелері  алынғаны 
жөн. 
Ақпаратық технологияларды  қазіргі білім жүй-
есінің әр түрлі саласына ендіру барынша ауқымды 
және  кешенді  сипат  алуда.  Осы  жағдайда  білімді 
ақпараттандыру екі стратегиялық мақсатқа жетуді 
қамтамасыз  ететіндігін  еске  сақтаған  жөн.  Бірін-
шісі  ақпараттық  және  телеқатынастық  техноло-
гияларды  пайдалану  негізінде  білім  қызметінің 
барлық  түрлерінің  тиімділігін  арттырудан  тұрса, 
ал екіншісі ақпараттық қоғам талаптарына сай, ой-
лауы жаңа түрдегі мамандарды дайындаудың сапа-
сын арттырудан тұрады. Болашақ маман ақпарат-
тандырудың әдістері мен құралдарының көмегімен 
қандай  ақпараттық  қорлар  бар,  олардың  қайда 
орналасқаны,  олармен  қалай  қатынас  жасау  және 
оларды өзінің кәсіптік әрекетінің тиімділігін жоға-
рылату мақсатында қолдану секілді сұрақтарға жа-
уап алуды үйренуі қажет. 
Қоғамның  жоғары  деңгейде  дамуы  үшін, 
адамдар арасында ақпарат алмасу қажет екені бел-
гілі. Мұндай алмасудың, білім беру аясындағы рөлі 
маңызды. Бір адамнан екінші адамға ақпарат тара-
ту мүмкіндігімен бірге, білім беру де пайда болды. 
Қазіргі  заманғы  оқытушы  мен  оқушының  өзара 
іс-әрекеті ақпарат алмасусыз мүмкін емес. 
Қазіргі  қоғамды  ақпараттандыру  мен  онымен 
тығыз  байланысты  білім  беруді  ақпараттандыру 
ақпараттық  және  қатынастық  технологияларды 
жетілдірумен және жаппай таратумен сипатталады. 
Олар  ақпаратты тарату мен қазіргі заманғы білім 
беру жүйесінде мұғалім мен оқушының өзара әре-
кеттесуін  қамтамасыз  етуде  кеңінен  қолданылып 

187
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
отыр.  Осыған  байланысты  қазіргі  кезде  болашақ 
мұғалім ақпараттық және қатынастық технология-
лар саласында білімді болып қана қоймай, оларды 
өзінің  кәсіби  қызметінде  қолдануда  маман  болуы 
тиіс [1].   
Студенттердің  автоматты  тренажерлер  немесе 
репетиторлар  қызметін  атқаратын  заманауи  ақпа-
раттық  технологиялық    құралдарымен  жұмысы 
диалогтық режимде жүзеге асады, бұл ашық және 
қашықтықтан  оқытудағы  қарым-қатынас  мәселе-
лерін зерделеу қажеттігіне әкеледі. 
Соңғы  кезде  уақыт  көрсетiп  отырғанындай, 
мұғалiммен  салыстырғанда  оқушыда  көп  ақпарат 
болатыны  кейiнгi  көрсетiлген  тәжiрибелер  дәлел-
деп отыр. Сондықтан әрбiр мұғалiм өз қызметiне 
ақпараттық  технологияны  пайдалана  бiлуi  қажет. 
Бұл мәселе – бiлiм берудi ақпараттандырудың қа-
жеттi шартына айналып отыр. 
Мектеп  мұғалiмдерiн  ақпараттық  технологи-
ямен алғаш танысу институт базасында өткiзiлетiн 
салаларының бiрi ретiнде қарастырылған. 
Негiзгi  мақсаты:  бiлiм  мекемелерi  қызметкер-
лерiнiң  ақпараттық  мәдениетiн  қалыптастыруға 
жағдай жасау, оның iшiнде, жаңа технология құра-
лын  пайдалану  арқылы  өзiндiк  жұмыстарды  ұй-
ымдастыру.
Ақпаратандыру  және  бұқаралық  коммуника-
цияларды  ғаламдастыру  кезеңінде  қазіргі  қоғам 
ақпараты  нақты  тұтынушының  ұсыныстары  мен 
қызығуына  сай  ақпарат  ағынын  қалыптасытруға, 
ақпаратқа  көлем  және  жылдамдық  жағынан 
шектеусіз  қол  жеткізуді,  сондай-ақ  кез  келген 
қашықтықтағы  ақпарат  көзіне,  оның  ішінде  оқу 
ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүм-
кіндік  беретін  әлемдік  ақпараттық  орта  жағдай-
ында  ақпаратты  қоғамдық  өнім  ретінде  белсенді 
пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты 
ақпаратық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа оқы-
тып,  тәрбиелеуге  және  ақпаратық  мәдениетін  қа-
лыптастыруға жағдай жасайды.
Интеллектуалды  оқу  жүйелерінің    негізгі  ере-
шеліктері:  барлық  ерешеліктерімен  қоса  алған-
дағы  оқу  жұмысын  басқарудан;  оқу-танымдық  
мәселелерді  шешудің  барлық,  есептің  берілуінен 
бастап,  оның  шешу  жолын  таңдау,  шешімнің  оп-
тималдылығын  бағалауға  дейінгі    деңгейлерінен; 
жақын  түсінікті  тілде  диалогтық  қарым-қаты-
наспен    қамтамасыздандырудан  тұрады.  Cұқпат 
кезінде сол немесе басқа оқушының іс-әрекетінің 
дұрыстығы ғана талқыланбайды және іс-әрекеттер 
жобаланылып, шешім жолын табу т.б. қарастыры-
лады. Мұндай білім беру жүйелерінде жеке оқыту 
оқушының  динамикалық  моделі  негізінде  жүзеге 
асырылады. Мұндай жүйелер компьютер мен тұты-
нушы арасындағы басқару функцияларын реттеуге 
мүмкіндік  жасайды.  Айта  кету  керек,  тұтынушы-
ның  ақпараттық  технологияның  кез-келген  құра-
лымен  өзара  әрекеті  сұқпат  болып  табылмайды. 
Сұқпат  ұғымының  жалпыға  бірдей  қабылданған 
анықтамасына сәйкес – бұл мазмұнның қандай да 
бір деталындағы нақтылық немесе белгісіздік се-
бебі  бойынша  өзара  әрекет  пен  қарым-қатынаста 
болатын бір немесе бірнеше адамның бірлесе күш 
жұмсауымен тақырыпты, тұрғыны, көзқарасты да-
мытуы. 
Осы  бірлескен  қарым-қатынастың  траектори-
ясын  алдын-ала  болжауға  болмайды  және  сұқпат 
барысында  туындайтын  мағыналармен  және 
мазмұнды  бағыттармен  беріледі.  Компьютерлік 
бағдарламалардың  көпшілігінде  ақпараттық  тех-
нологияның нақты құралдарының тұтынушылары 
қолға алатын үрдісті қозғалысқа келтіретін «ағаш 
бұтақтары» алдын-ала беріледі. Егер де тұтынушы 
басқа «бұтаққа» тура келсе, компьютер тұтынушы-
ның қателескендігі және әрекетті қайтадан қайта-
лау немесе өзге бұтақтан бастау қажеттігі туралы 
«белгі» береді, бұл адамдардың өзара қарым-қаты-
насына тіптен тән емес. 
Оқытудың    компьютерлік  технологиясын  жа-
сайтын  жүйе  техника  (дәлірек  компьютер)  мен 
бағдарламалық және танымдық қамтамадан тұра-
ды.    Компьютерлік  технология  ядросы,  дидак-
тикалық  көзқараспен,  танымдық  қамтама  болып 
табылады.  Бірер  авторлардың  нұсқауы  бойынша, 
компьютерлік  технологияның  алғашқы  модель-
дерінде танымдық қамтама, оқу және өзіндік жұ-
мыстар: оқу мәтіні, алдыңғы тапсырманың берілуі  
мен оның бағасы, қажет  жағдайда  көмек көрсету 
компоненттерінен тұратын, біріккен оқу програм-
малары  көмегімен  жүзеге  асырылып  отырған.  
Компьютерге жүктелген функциялардың күрделе-
нуімен оқыту да қиындады. Сұқпаттасу үшін, мы-
салы, тұтынушымен  достық интерфейс қажеттігі  
туды.    Әсіресе,  интеллектуалдылығының  артуы 
бойынша  оқыту  жүйесінің  құрылымы  қиындады. 
Әр  оқушының  (тәлімгердің)  моделін  жасау  үшін 
оның  білім алу тарихын тізімге алу проблемалары 
пайда болды [2].
Бақа  сөзбен  айтқанда,  көптеген    физикалық 
және  химиялық  процестердің    моделін  құратын 
компьютерлік  программалар  және  программалық  
жүйелер,  экономикалық    және  жаңа  қоғам  әлеу-
меттік  аспектілері    жасалды.    Дегенмен,  мақсат-
сыздық,  жүйесіздік  және  фрагменттілік  сияқты 
кемшіліктер  байқала  бастады.  Дидактикалық 
нұсқаулардың  жетілдірулерінен  кейін ғана олар-
ды жеке бір оқыту түрлерінің  бөлімдерінде (кейде, 
тіптем,  бір  немесе  екі  сабақта)  немесе  толық  бір 
курс (пән) кешенінде қолдануға болады.
Білімді  ақпараттандыруды  үйрену  ақпараттық 
технологиялардың әртүрлі тұрғыда білім саласына 
енуін  қамтамасыздандыруы қажет. Жеке алғанда, 
білімде  қолданылатын  ақпараттандырудың  тех-
никалық  құралдары,  бағдарламалық  құралдары, 
олардың мазмұндық толтырулары нақты қарасты-
рылуы тиіс. 

188
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Әмбебап (мәтіндік және графикалық редактор, 
электрондық кестелер, әр түрлі анықтама-ақпарат-
тық жүйелер және т.б.) программалық орталардың  
жаппай  дами  бастауы-оларды  кеңінен  қолдану 
құжаттар  дайындауды:  баяндамалар,  рефераттар, 
курстық (дипломдық) жұмыстар мен жобалар (сту-
денттерге);  оқытушыларға  методикалық нұсқау-
лар, дәріс, баяндамалар, статьялар, т.б. жеңілдетті. 
Суретті бейнелеу немесе механизмнің бір деталін  
жақсылап  көрсету-  ол  оқу  процессінің  бір  бала-
ма  бөлігі  емес,  керісінше,  ол  материалды  түсіну-
дің  барысынша  рационалды,  адекватты  формасы. 
Ізденістер  мен  жобалауларға  (кез-келген  жұмыс 
қойылған талаптарға бірден жауап бере алмайтын-
дақтан ) кететін уақыттың үнемделуінен талаптар-
ды тереңірек, толық  орындауға, жұмысты көрнекті 
түрге  жетілдіруге  мүмкіншілік  тудырды,  творче-
стволық  дамуға ең өзекті  мәселеде терең тоқта-
луға  мүмкіншіліктер  туды.    Демек,  компьютерлік 
технологияның  толық  жан-жақты  білім  алу  про-
цессінің компоненттеріне берер әсері зор, сонымен 
қатар  білім  алу  сапасына  етер  әсері    зор  екендігі 
әбден  дәлелденді,  бұрын  тек  жоғарғы  дәрежелі 
маман  ғана  игере  алатын  мүмкіншіліктер  енді 
оқушы  (тәлімгер)  игеретін  мүмкіншіліктерге  ай-
ланды.  Сонымен қатар компьютердің  оқу-таным-
дық  мәселер  шешімін  таңдауда  берер  көмегі  зор. 
Компьютердің    интегралды  оқу  программаларын 
жасауда, шынайы ғылыми-өндірістік үрдістерімен 
бірге  алғандағы  профессионалды-бағытталған 
білім алудың  мазмұнын толықтыруда,   оқушының 
жеке оқу-танымдық және өзіндік ізденістерін оқу 
нысанына  айландырарда  атқаратын  ролі  зор.  Ен-
дігі жерде оқушы (тәлімгер) шегі жоқ  операция-
лар  орындаудан  құтылады,  оқытушы  көмегінсіз 
қажет  ақпараттар  ала  алады,  өз  қалауымен  басқа 
да оқу-танымдық  есептер шешу жолдарын іздеп, 
ғылыми зерттеу жұмыстарына қатыса алады/4/.
Компьютер ізденіс құралы ретінде оқытушыға 
да  кеңесші  бола  алады,  ол  оқушы  білімі  туралы 
диагноз жасау-бағалауда көмек береді, оның оқы-
ту әдісі мен технологиясын таңдауда берер көмегі 
зор. Деректі құрал ретінде компьютерді тұтынудың 
аса бір ерекше жерлері ретінде оқытушы-ізденуші 
мен программалық орта жасаушылар, ақпараттық 
технологиялар  жөнінде  мамандар  жұмыстарында 
қолданылуын ерекше атап өтуге болады.
Компьютерлік технологияның екінші бір бағы-
тының ерекше атап кететін жері компьютерді оқу 
нысаны ретінде қолданумен байланысты. Компью-
тердің көмегімен оқу-танымдық есептерді шешуде 
математикалық қамтаманы рационалды қолданып, 
барлық  шешу  процессін  программаламай  қажет 
жерде  стандарт  программалардың  дайын  блокта-
рын қолдануға болады/3/.
Компьютерлік  технология  негізінде  білім  алу, 
демек, ол негізгі даму тенденциялары оқу процес-
сінде  компьютерді  қолдану  сферасының  өсуіне 
байланысты  динамикалық  процесс.  Компьютер-
лік  технологияның  бұдан  былайғы  дамуы  және 
оқу-танымдық есептер (есептерді модельдеу, ими-
тациялау,  жаңа  типті  есептер,  мысалы,  оқығанды 
“шынайы”  қоғамдық  ортаға  немесе  өндірістік 
үрдістерге  “енгізу”,  т.б.),  көлемінің  өсуімен  бай-
ланысты.  Компьютерді  білім  алу  үрдісінде  бей-
нелік қолданудан  тұрақты жүйелі қолдануға; оқу 
мен  өзіндік  іс-әрекеттерді  басқару  мақсатқа  қой-
ған есеп, өзекті мәселелерді шешу ғана емес, оны 
барлық зерттеу барысы мен шыққан нәтижеге ана-
лиз, жобалау жасауда да қолдануға әрекеттер жа-
салуда. Қатаң басқару жүйелер орнын оқушының 
(тәлімгердің)  танымдық  белсенділігін  арттаратын 
жүйелер  алуда.  Оқытудың  принципиалды  жаңа 
компьютерлі-ақпараттық  технологиялар  құралда-
ры: оқу және ойын құралдары, экспертті жүйелер, 
гипертекстік  және  мультимедиялық  оқыту  жүйе-
лері, пайда болуда [1].
Компьютерлік технологияның негізгі мақсаты, 
жоғарыда айтылғандар негізінде, жаңа түлектерді 
ақпараттандырылған  қоғамда  өмір  сүруге  дай-
ындайды,  білім  беру  үрдісінің,  ақпараттандыру 
құралдарын, әсіресе, ең бірінші компьютерді, енгі-
зу арқылы сапасын көтереді.
Оның  негізгі  мақсаты  оқушы  (тәлімгерге) 
бағытталған  оқыту  жүйесі  оқушыны  бүкіл  оқу 
процесінің  негізгі  маңызды  бөлігі  ретінде  қара-
стырады  және  оқушының  жеке  тұлғалық  ерек-
шеліктерінің  пайда  болуы  мен  бекітілуіне,  ойлау 
қабілеттерінің дамуына, шығармашыл, активті, ба-
стамашыл тұлға болуына, оның қоғамдық және қа-
рым-қатынастық  мүмкіншіліктерінің  дамуына,  өз 
бетінше білім алуына, дамуына әкеледі. Сонымен 
қатар, бұл жүйе өз бетінше білім ала алатын, кәсі-
би дәрежесін дамытып отыратын және жаңа қоғам-
дық жағдайларға тез үйренісіп кететін, кәсіби ма-
мандарды дайындауға бағытталған. 
Қолданылған әдебиет
1. Башмаков А.И., Старых В.А. Систематизация информационных ресурсов для сферы образования: классифика-
ция и метаданные. – М.: 2003. 
2. Гриншкун В.В. Теория и практика применения  иерархических структур в информатизации образования и обуче-
нии информатике. // М.: МГПУ, – 2004, 418 с.
3. Машбиц Е.И. Методические рекомендации и проектирование обучающих программ. Киев, Госпрофобр. 2000 г.
4. Монахов В.М. Информационная технология обучения с точки зрения методических задач реформы школы. Во-
просы психологии. С. 27-36.
5. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. / / М.: «Академия», – 2001. 

189
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
 
Ельбаева Зарина Уразбаевна
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті   «Педагогика және психология» мамандығының
2 курс докторанты, тел.:87029562033, e-mail: Zarina.yelbayeva@mail.ru
КАДРЛЫҚ САЯСАТ МЕКТЕП САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ АСПЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Резюме. В статье анализируются концепции кадровой политики школы также, основываясь на теории педаго-
гики и политологии дается определения понятию «кадровой политики школы». Выявлены основные направлении и 
особенности современной кадровой политики школы. Сделан краткий обзор реализации принципов кадровой политики 
школы.  Также, составлен примерный модель кадровой политики школы.   
Summary
The author gave a description of the personnel policy of school policy and its constituent parts. Also author gave based on 
the theory of pedagogy and political science given by the definition of «school of personnel policy». Identified main direction 
and features of modern of personnel policy of the school. Also, accounting for approximately model of personnel policy of 
school.
Кіріспе.  Қазіргі  мектепке  қойылатын  негіз-
гі  талаптардың  бірі  -  білім  сапасын  жоғарылату, 
дегенмен, білім сапасы білімді беруші кадр сапа-
сына  тікелей  тәуелді  екені  қазіргі  ғылым  аксио-
масына  айналуда.  Танымал  ғалым  Майкл  Барбер 
«Мектептің  білім  сапасы  онда  қызмет  атқаратын 
мұғалімдер  білім  сапасынан  жоғары  бола  алмай-
ды» деп тұжырымдаған [1]. Сондықтан, мектептің 
білім сапасын арттыру мәселесінде мектептің ка-
дрлық саясатын қарастыру заман талабы.   
Мектептің білім беру сапасын жоғарылатудың 
кілті мектептің кадрлық саясатын жетілдіру, яғни, 
мектеп  мұғалімдерінің  педагогикалық  әлеуетін 
жоғарылату,  мұғалімнің  өзіндік  дамуына  және 
кәсіби біліктілігін жан-жақты жетілдіруге жағдай 
жасау.  Кез келген ұйымның мүмкіндіктері ұйымда 
қызмет атқаратын әр адамның біліміне, құзіреттілі-
гіне,  еңбек  іс-әрекетіне  деген  мотивіне,  шынайы 
мәселелерді  шеше  алу  шеберлігі  мен  білімін 
үздіксіз жетілдіру ынтасына және т.б. кәсіби және 
түлғалық сапаларына тәуелді екені сөзсіз.  Кәзір-
гі  әлемдік жаһандану және қарқынды техникалық 
даму  дәуірінде  бәсекеге  қабілетті,  тұрақты  даму 
тұжырымдамасы  айқынддалған  ұйым  ғана  еңбек 
рыногында өз қызметін жалғастыра алады, ал ұй-
ымның бәсекеге қабілеттілігі онда қызмет атқара-
тын жұмысшыларының сапасымен есептеледі.  
Негізгі бөлім
Мектептің кадрлық саясаты - мектеп мұғалім-
дерін іріктеу және жұмыстан босату, мұғалім білік-
тілігін арттырудың бірізді жүйесін құру, мұғалім-
дердің мектеп кеңістігіне бейімделу стратегиясын 
жасау,  мұғалімдердің  мектептің  миссиясын,  мақ-
саты  мен  міндеттерін  яғни,    мектеп  саясатын  то-
лық  білуін  әрі  соған  бағытталған  жоғары  сапалы 
еңбекке бағыттылығын және т.б. мәселелерді қара-
стырады.
Кадр, кадрлық стратегия және саясат, ұйымды 
басқару стратегиясы, ұйымның еңбек әлеуетін қа-
лыптастыру  мәселелерін  шетел  ғалымдарыннан 
М.Армстронг,  И.Ансоффа,  Р.Аткинсон,  Г.Беккер, 
А.Смит,  Майкл  Барбер  қарастырса,  отандық  ға-
лымдардан А.Қ. Құсаинов, Г.К. Ахметова, Т.О. Ба-
лыкбаев және т.б. қарастырған. 
Кадрлық саясат мәселесінің теориялық негізіне 
қысқаша  сипаттама  беріп  өтсек.  Бастапқы  кездің 
өзінде-ақ «саясат» ұғымы мемлекетті басқару өнері 
деп сипатталған. «Саясат» ұғымы ең алдымен «По-
лис» сөзінен шыққан, Ежелгі Грецияда кез келген 
мемлекетті  полис  деп  атаған  деген  деректер  бар. 
Дегенмен,  кейбір  деректерде  «саясат»  түрлі  эт-
носқа,  топқа  жататын  мемлекет  тұрғындарының 
өмір  сүру  заңдары  мен  нормаларын  белгілейді, 
яғни,  мемлекет  тұрғындары  үшін  ортақ  мақсат-
ты  анықтау  мәселесін  басшылыққа  алады[3].  О. 
Шпенглер  саясатты  «Саясат – жоғары мәнді өмір, 
ал өмір саясат» деп атап өтсе,  Д.Истон «Саясат – 
қоғам ішіндегі құндылықтарды билік арқылы рет-
теу» деп қарастырған [2]. 
Біздің мақаламызда біз саясат ұғымын мемле-
кет  пен  қоғамның  байланыстарын  айқындайтын 
қоғамдық  өмір  салаларының  бірі  ретінде  сипат-
таймыз.  Егер  саясат  мемлекетті  басқару  аясында 
мемлекеттегі  түрлі  сала  қызметкерлерінің  жұмыс 
жасау  нормалары  мен  принциптерін  айқындай-
тын болса, кадрлық саясат-ұжымды басқару стра-
тегиясының  аясында  мұғалімдердің  қызметінде 
басшылыққа алынатын заңдар мен ұстанымдарды 
айқындайды. 
Мектептің  кадрлық  саясаты  ұжымды  басқа-
ру  және  ұжым  жұмысының  сапасын  жоғарылату 
қажеттілігінен  туындайды.  Ұжымды  басқару  ме-
неджменттің  бір  саласы,  мұнда    менеджменттің 
объектісі  ретінде  ұйымның  субъективті  ресурсы 
қатысады.  Бұл  бір  ұғымның  бірнеше  түсінігінің 
пайда болуына түрткі болады. Мысалы «кадрлық 
саясат» ұғымы ұжымды басқару теориясы әдеби-
еттерінде «ұйымның әкімшілік тарапынан ұжымға 
қатынасының  заңдылықтары  мен  ұстанымдарын 
қамтитын құжат» ретінде сипатталса, ал кейбір ме-
неджмент теорияларында «кадрлық саясат-ұжым-
ды басқару стратегиясы» ретінде анықталады. 

190
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
№  Ғалым   
Кадрлық саясат ұғымының сипаттамасы

Л.В.Карташова  Кадрлық саясат-адами ресурсты басқару стратегиясы мен қалыпты басқару
  
 
 
іс-әрекетінің арасындағы байланысты сипаттайтын заңдылықтар жиынтығы.

А.Я.Кибанов        Кадрлық саясат-кадрлық потенциалды сақтау және дамытуға бағытталған әдістер
 
И.Б.Дудакова  мен ұстанымдардың жиынтығы. Кадрлық саясат-кадрлық стратегияны қалып-
 
 
 
тастырудан бастау алады. 

М.И. Корилов  Кадрлық саясат ұжыммен ұзақ уақытқа жұмыс жасауға бағытталған негізгі 
 
 
 
ұстанымдардың жиынтығы. 
Сурет-1. Н.В.Пошерстик бойынша «Кадрлық саясат» ұғымын анықтаудағы үш амал
Кестеден көріп тұрғанымыздай кадрлық саясат 
кадр  потенциалын  сақтау  және  жетілдіру,  соның 
негізінде ұйымды дамытуға бағытталған ұжыммен 
жұмыстың мазмұны мен бағытын анықтайтын мақ-
саттар  мен  ұстанымдардың  жиынтығы.  Н.В.По-
шерстик идеясына сүйенетін болсақ ұйымның ка-
дрлық саясаты негізінде ұжымды басқару мақсаты 
мен  мендеттері жүзеге  асырылады,  сондықтан  да 
ұйымның  кадрлық  саясаты  ұжымды  басқарудың 
ядросы деп аталады.
Кез  келген  ұйым  әкімшілігі  ұйымның  кадр-
лық саясатын қалыптастыру барысында ұйымның 
өзіндік (кадрлық ерекшелік, тарихи ерекшеліктер) 
ерекшеліктерін, ұйымның миссиясы мен ұйымның 
даму стратегияларын ескере құрастыруы керек Ка-
дрлық  саясат  құқықтық  құжаттарды  басшылыққа 
алып  ұйымның  мұғалімдер ұсынысын  есепке  ала 
әкімшілік  тарапынан құрастырылады да, жұмыс-
шылар тарапынан жүзеге асырылады [4].. 
Мектептің кадрлық саясаты жазбаша және ауы-
зша түрде болуы мүмкін. 
Жазбаша  түрде  бекітілген  мектептің  кадрлық 
саясаттың негізгі ұстанымдары ұйымның төменде-
гідей құжаттарында көрініс табуы мүмкін:
- Ішкі еңбек тәртібі
- Еңбек келісімшарты 
-  Ұйымның  жеке  кадрлық  саясат  тұжырымда-
масы
Еңбек  шарты  заңмен  рәсімделген  екі  жақтың 
(әдетте "жұмыс беруші" және "жұмысшы" деп ата-
лады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу 
туралы жазбаша келісімі болып табылады. 
Еңбек  Тәртібі–  қызметкер  мен  жұмыс  бе-
рушінің  арасындағы  еңбек  қарым-қатынастары-
ның жүйесін құқықтық нормалар арқылы белгілеп, 
оның  қағидаларын  орындауға  тараптардың  өзара 
міндеттілігін  білдіретін  құқықтық  категория.  Ең-
бек  тәртібі  жұмыс  беруші  мен  қызметкерлердің 
ішкі  еңбек  тәртібіне  мойынсыну,  оның  белгілеп 
берген  талаптарын  орындау  жөніндегі  өзара  мін-
деттемелерінен көрініс табады [5].
Ұйымның жеке кадрлық саясат тұжырымдама-
сы  мұнда  ұйымның  мақсаты,  міндеті,  ұйым  қыз-
меткерлеріне қойылатын талаптар және т.б. ақпа-
раттар қамтылады. 
Кез келген кадрлық саясаттың негізгі мақсаты 
ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету, ка-
дрдың интеллектуалды әлеуетін тиімді және ұтым-
ды пайдалану шарттарымен сипатталады. 
Мектеп  кадрлық  саясатының  негізгі  ұста-
нымдарына:
- демократиялық;
-  гуманистік  ұстаным,  рухани-адамгершілік 
ұстаным;
- кадрдың жүйелі жаңарылуы мен сабақтастық 
үйлсімділік ұстанымдары;
- мамандарды таңдау барысында кәсіби, руха-
ни, іскерлік сапаларын қарастыру;
Мектеп кадрлық саясатының негізгі бағыттары: 
- Кадрды қызметке алу және босаты
- Мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесі 
- Мұғаліммдерді ақпараттық қолдау 
- Мұғалімдерді стимулдау жүйесі  және т.б. 
Мектептің  «кадрлық  саясаты»  ұғымын  сурет 
түрінде бейнелесек.  (Келесі бетте)
Суретте  көріп  тұрғанымыздай  дұрыс  ұйымда-
стырылған кадрлық саясат мектеп мұғалімдерінің 
жұмыс  сапасын  жоғарылататады,  сомен  қоса 
мұғалімнің  шығармашылық  жұмыс  жасауына 
мүмкіндік береді. Кадрлық саясат мазмұнының ұй-
ымда жазбаша түрде бекітіліп, ауызша баяндалуы 
ұйымда төмендегідей мәселелерді шешуге мүмкін-
дік береді:
- жұмыс барысында әкімшілік және қызметкер 
тарапынан түсінбеушіліктердің болмауы, яғни, қы-
зметкерлер  әкімшіліктің  ұйым  қызметкерлерінің 
жұмысына  қойылатын  талаптарын  алдын  ала 
біледі, соған сәйкес қызмет атқарады;   
-  ұжым  қызметкерлері  өз  мүмкіндіктерін  ра-
ционалды  бағалай  алады,  яғни,  қызметкерлер  өз 
құқықтары  мен  міндеттерін  біледі  және  олардың 
жұмыстарына  қатысты  әкімшіліктің  қолдануы 
мүмкін шараларды біледі;  
- кадрды басқаруда біркелкі ережелер мен ұста-
нымдар ұсталынады;
- қызметкерлер мен әкімшілік арасында жағым-
ды психологиялық күй қалыптасады: 
1.  қызметкер  сұранысына  құрметпен  қатына-
сын білдіру;

191
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Сурет 1. Кадрлық саясаттың құрылымдық үлгісі 

192
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
2. демократиялық қарым-қатынас;
3.  ұйым  ішінде  ұйымның  ортақ  мақсатына 
қол жеткізуге мүмкіндік беретін үйлесімділік пен 
кілісімділік.
Қорытынды.  Танымал  компаративист-ғалым, 
еліміздегі  салыстырмалы  педагогика  ғылымының 
негізін  қалаушы  Асқарбек  Қабыкенұлы  Құсайы-
новтың «Әлемдегі және Қазақстандағы білім беру-
дің сапасы» еңбегінде мектеп жүйесінің тиімділі-
гі  жоғары  Финляндия,  Сингапур  сияқты  елдер 
мұғалім  жұмысының  сапасын  арттыруға  ерекше 
көңіл  бөледі.  Мектеп  жүйесінің  сапасы  ондағы 
мұғалімдердің  жұмыс  сапасына  негізделеді  деп 
мектеп білім сапасында кадр жұмысының сапасы 
жоғары болу керек екендігін атап өткен[6]. 
Мектеп  кадрлық  саясатының  дұрыс  ұйымда-
стырылуы  мектептің  білім  сапасын  жоғарыла-
туға, мектеп ұжымының интеллектуалды әлеуетін 
тиімді  пайдалануға,  кадр  әлеуетінің  дамуы  және 
соның нәтижесінде білім беру сапасының дамуына 
тиімді әсерін тигізеді. Ұтымды ұйымдастырылған 
мектептің  кадрлық  саясаты  мектепті  дамытудағы 
мұғалім  рөлін  нақты  айқындап,  мектеп  имиджін 
әлемдік ғылым кеңістігіне толық интеграциялауға 
мүмкіндік береді. 
Кадр  әлеуетін  дамыту,  мұғалімдердің  педаго-
гикалық  шығармашылығын  дамытуға  және  олар-
дың  өзіндік  дамына  жағдай  жасау,  мұғалімдерге 
әлеуметтік  және  материалдық  қолдау  көрсету  кез 
келген мектептің негізгі міндеттерінің бірі болуы 
керек. 
Әдебиеттер тізімі:
1. 
Кадровая  политика  школы/  http://nsportal.ru/shkola/administrirovanie-shkoly/library/2014/07/01/kadrovaya-
politika-shkoly-2
2. 
«Әлемдік саясаттану антологиясы», 1- том 2005 г.
3. 
Пушкарева, Г.В. Политология : конспект лекций: учеб. пособие для вузов / Галина Викторовна Пушкарева.- 
Изд. 2-е, перераб. и доп.- М.: АЙРИС-пресс, 2005.- 202, [6] с.
4. 
Совершенствование кадровой политики организации/ http://knowledge.allbest.ru/management/3c0a65635b2bc6
8a5d43b89521306c37_0.html
5. 
Еңбек тәртібі/ https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D2%A3%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D1%82%D3%9
9%D1%80%D1%82%D1%96%D0%B1%D1%96
6. 
Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы/ Құсаинов А.Қ.-Алматы 2013 

193
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет