Омарова Бану Аманбаевна
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, ф. ғ. к.,
ел.: 8 702 249 06 73, e-mail: o.banu71@mail.ru
КӘСІБИ-БАҒДАРЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ПРОЦЕССУАЛДЫҚ
БАҒАЛАУ ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУ
Түйін. Мақала кәсіби-бағдарлы қазақ тілін оқытудағы бағалау мәселесін қозғайды. Кәсіби тілді оқытуда, студент-
тердің оқудағы жетістіктеріне диагностика жасауда процессуалдық бағалауды және оның бір түрі портфолионы
қолданудың артықшылықтары қарастырылады.
Резюме. Статья посвящена проблеме оценки при обучении профессионально-ориентированному казахскому языку.
Рассматриваются преимущества использования процессуальной оценки и портфолио, как ее разновидности, в диагно-
стике учебных достижений студентов при изучении профессионально-ориентированного казахского языка.
Summary. The article is sanctified to the problem of estimation at educating of professionalу oriented to Kazakh. Advantages
of the use of judicial estimation and portfolios, as her varieties, are examined, in diagnostics of educational achievements of
students at the study of professionalу oriented to Kazakh.
Бүгінгі таңда білім беру саласында өз таңдаған
саласында тиімді жұмыс істеу үшін болашақ ма-
манға құзыреттілікті дамыту мәселесі аса өзекті бо-
лып отыр. Жалпы құзырет терминін зерттеушілер
әрқалай түсіндіріп жүр. Мысалы, Э. Зеер мен Э.
Сыманюк құзыреттер құрылымына кәсіби қызмет-
ті жүзеге асыратын білім, білік-дағдылармен қатар
уәждемелік және эмоционалдық компоненттерді де
жатқызады [2]. А. Хуторской құзыретті тұлғаның
(білім, шеберлік, дағды, әрекет тәсілдері) сияқты
бір-бірімен тығыз байланысты қасиеттерінің жиын-
тығы ретінде қарастырады [4]. Құзыреттілік тура-
лы айта келе, И.А. Зимняя оның құрылымын мына-
дай аспектілерге бөледі: уәждемелік (құзыреттілік
танытуға дайындық), когнитивтік (білімге ие болу),
мінез-құлықтық (әртүрлі жағдайларда құзыреттілік
таныту тәжірибесі) және құндылықты-мағыналық
(құзыреттілік мазмұнына және оның қосымшасы-
ның объектісіне қатынасы) аспектілер[3].
Сонымен, құзырет және құзыреттілік деген
ұғымдар мазмұнына жасалған талдау олардың
білім, білік-дағды деген ұғымдардан әлдеқайда
кеңірек екендігін байқатады. ЖОО-ларда болашақ
кәсіби маман даярлаудың мақсаты ретінде құзырет-
терді дамыту танылып жүрсе, олардың қалыптасу
деңгейін бақылау да заңды болар еді. Алайда осы
уақытқа дейін ағымдағы және қорытынды бақылау
өткізу барысында дамудың сол кезде қалыптасқан
білімі мен білік-дағдылары негізінде қол жеткіз-
ген деңгейі ғана бағаланып келді. И.А. Зимняя-
ның құзыреттілік құрылымын қолданатын болсақ,
онда тек когнитивтік компонент қана бағаланады
[3]. Ал уәждемелік, мінез-құлықтық және құн-
дылықты-мағыналық аспектілер осы күнге дейін
оқытушы назарынан тыс қалып отыр.
Біздіңше, оқу үдерісінде процессуалдық баға-
лауды қолдану жалпы оқу нәтижесін бағалаудың
деңгейін көтереді. Процессуалдық бағалау студент-
тердің құзыреттілік деңгейінің қаншалықты дең-
гейде екендігін айқындайды. Оның мәні мынада:
бағалауды ақырғы нәтиже деп түсінуден нәтижеге
бет алған қозғалыс үдерісін бағалауға көшу. ЖО-
О-ларда кәсіби-бағдарлы қазақ тілін оқытуда бұл
мәселе аса маңызды болып табылады. Әсіресе дең-
гейлеп оқыту жоқ жерде өзекті болмақ. Бастапқыда
студенттер әртүрлі деңгейде болғандықтан, оларға
бір критерий бойынша талап қою пәнге деген қы-
зығушылықты төмендететіні сөзсіз. Дайындығы
жоғары студенттер пән бойынша емтихан тапсыру
үшін еш қиналмайды, ал керісінше, әлсіздеулері
мақсатқа жету жолында еш нәтижесіз тырысып
бағады. Бұл мәселені оқу әрекетінің ақырғы нәти-
жесін ғана емес, сол нәтижеге бағытталған қозға-
лыс үдерісін бағалау арқылы да шешуге болады.
Мұндай жағдайда нәтижеге қарай бағытталған
ешбір кезең оқытушы назарынан тыс қалмайды,
бұл тәсіл оқытуда әр студенттің тілін табуға мүм-
кіндік береді. Сонымен қатар, процессуалдық баға-
лау жинақтаушы тәсіл болып келеді. Бұл белгілі бір
уақыт аралығында студенттің барлық жетістіктерін
қосу арқылы ақырғы нәтиже шығады деген сөз.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, дәстүрлі баға-
лаумен салыстырғанда күйзеліске қарсы факторла-
рымен сипатталады.
Процессуалдық бағалау формаларына порт-
фолио, жеке мінездеме және рейтингіні жатқызуға
болады. Кәсіби-бағдарлы қазақ тілін оқытуда баға-
лаудың әлдеқайда ыңғайлы формасы ретінде порт-
фолионы атай аламыз. Портфолио дегеніміз
студенттің оқу-танымдық әрекет үлгілері мен
өнімдерінің, сондай-ақ оның оқу деңгейін сандық
және сапалық тұрғыдан бағалауға арналған ақпа-
раттық материалдардың формасы және үдерісі.
Портфолионы бағалаудың мүлдем жаңа тәсілі деп
айта алмасақ керек, алайда студенттердің оқудағы
жетістіктерін бағалауда кең қолданысқа түспей
отыр. Біздіңше, портфолионы оқу үдерісінде қол-
данудың бірқатар артықшылықтары бар. Ең ал-
дымен, портфолио студенттің оқуға деген көзқара-
сын түбегейлі өзгертеді, өйткені ол әр студент үшін
табыс жағдаятын тудырады. Портфолионы қолда-
ну үлгерімі төмен студенттердің қызығушылығын
оятады, оқу үдерісін өз көзімен көруге мүмкіндік
береді, сөйтіп, олардың өзіне деген сенімін артты-
рады. Ал үлгерімі жоғары студенттер үшін өздерін
дамыту мен білімін тереңдетуде ынталандыру
тәсілі болып табылады. Екіншіден, портфолионы
қолдану әркімге өзінің жеке білім алу жолын құра-
263
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
стырып, оған оқу үдерісінде қажетті өзгерістер
енгізіп отыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ порт-
фолиомен жұмыс істеу студенттерді өзінділік пен
дербестікке баулиды, көп нәрсеге үйретеді, өйткені
студент портфолиомен жұмыс істеу барысында
оқу әрекетінің түрлері туралы өз бетінше шешім
қабылдап, оқу үдерісін жоспарлауға қатысуы тиіс.
Бұл оқу үдерісіндегі саналылық және белсенділік
қағидаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Портфолионы қолдану өзін-өзі дамытуға құлшын-
дырады, сөйтіп, студенттердің жеке қабілеттерінің
барынша ашылуына ықпал етеді. Сонымен қатар
портфолиомен жұмыс істеу жүйелілікті талап етеді,
яғни, семестр бойы үздіксіз жұмыс істеу қажет. Ал
тіл үйренуде, әсіресе, кәсіби-бағдарлы қазақ тілін
үйретуде бұл өте маңызды. Портфолиомен жұмыс
нәтижелі болу үшін мынадай элементтер кіруі тиіс:
1) портфолио материалын сұрыптауға студент-
тің қатысуы;
2) материалды сұрыптауға арналған критерий-
лерді айқындау;
3) бағалаудың критерийлерін айқындау;
4) студенттің өз жұмысын талдауы.
Портфолиомен жұмыс мынадай қадамдардан
тұрады:
1) портфолионың тараулары, рубрикалары
анықталады, портфолиоға кіретін немесе кірмей
қалуы мүмкін жұмыстың тізімі құрастырылады,
материалды сұрыптауға арналған критерийлер
анықталады;
2) портфолионы құрастыру жұмысы;
3) портфолионы бағалау және презентациясы;
4) портфолионы сарапшылардың бағалауы.
Жалпы педагогикада портфолионың бірнеше
түрі қолданылады. Соның ішінде құжаттар, жұ-
мыстар, пікірлер портфолиосы және процессуал-
дық портфолио. Бұл портфолионың әрқайсысы-
ның өзіндік ерекшеліктері, артықшылықтары мен
кемшіліктері бар. Кәсіби-бағдарлы қазақ тілін оқы-
туда портфолионың бір ғана түрін қолданумен шек-
телуге болмайды. Кәсіби тілді меңгеруге қажетті
портфолио элементтерін таңдаған дұрыс. Мәселен,
құжаттар портфолиосы студенттердің білімін сан-
дық тұрғыдан бағалайтын болса, жұмыстар және
пікірлер портфолиосы шығармашылыққа да көңіл
аудартады. М.В. Вегеро шет тілдерін оқытуда порт-
фолиомен жұмыс істеудің төмендегідей модуль-
дерін ұсынады [1]. Біздің ойымызша, бұл модуль-
дерді кәсіби-бағдарлы қазақ тілін оқыту үдерісінде
де өте тиімді қолдануға болады. А модулі – курс-
тың мақсат, міндеттерін, жеке жұмыс жоспарын
қамтиды. Бұл модульдің жұмысы оқытушымен бір-
ге жүргізіледі.
В модулі – ағымдағы және қорытынды бағалау
нәтижелері, пәндік олимпиадалар, байқауларға қа-
тысу нәтижелерін қамтитын деректі бөлік.
С модулі – шығармашылық бөлік. Мұнда
ғылыми конференцияларға қатысу, факультатив
сабақтарындағы жұмыс, пән үйірмелеріне қатысу
жұмыстары, шығармашылық байқаулар, жобаларға
қатысу, сабақтарда айтылған ерекше мәнді сөздер
қамтылады.
D модулі – бұл модульдің жұмысы оқытудың
соңғы кезеңінде орындалады, өйткені мұнда порт-
фолио құжаттары негізінде студент өзінің оқудағы
жетістіктеріне талдау жасайды.
Портфолиомен жұмыс істеуге бірінші сабақтан
кірісудің қажеті жоқ, алдымен профилактикалық
жұмыстар жүргізілуі тиіс. Одан кейін ғана оқыту-
дың мақсаттары мен міндеттерін айқындап, сту-
денттің білім алу жолын жобалау қажет. Алайда
белгіленген білім алу жолы сол күйінде бекітіле
салмайды, оқу үдерісінде ол бірқатар өзгерістер
мен түзетулерге ұшырап отырады. Бұл – портфоли-
оны қолданудың артықшылықтарының бірі.
Портфолиомен жұмыс істеу барысында ерік-
тілік қағидатын басшылыққа алу керек, сөйтіп, сту-
денттердің өз бетінше жұмыс істеуін қамтамасыз
ете отырып, жауапкершілігін арттырған жөн. Бұл
жерде ақырғы нәтиже емес, өз жетістіктерін түсіну
үдерісі маңызды екендігін ұмытпаған абзал.
Портфолиомен жұмыс істеу барысында қосым-
ша дереккөздерді пайдаланудың да пайдасы аса
зор. Мысалы, факультеттен, университеттен тыс
жобаларға қатысу. Алайда сандық көрсеткіштерді
қуып кетуден де аулақ болған дұрыс.
Егер студенттердің портфолио жұмысының
нәтижелеріне көңілдері толмайтын болса, онда
оларға портфолио құжаттарын ауыстыруға мүм-
кіндік беру керек деп санаймыз. Өйткені бұл сту-
денттердің қатемен жұмыс істеуге деген ынтасын
әлдеқайда көтереді. Қатемен жұмыс істеу мәселесі
бүгінгі таңда аса өзекті мәселе екендігі белгілі.
Портфолиомен жұмыс істеудің кемшіліктері де
жоқ емес. Оқытушының портфолионы бағалауға
көп уақыты кетеді. Сондай-ақ жұмысты шығар-
машылық тұрғыдан бағалау барысында субъек-
тивтілікке жол берілуі мүмкін. Мәселен, регла-
ментке бағынбайтын әрекет түрлерін және оның
өнімдерін бағалауға қатысты айтуға болады. Бірақ
соған қарамастан, портфолиомен жұмыс студент-
тердің кәсіби тілін дамытуда, болашақ маман да-
ярлаудың сапасын көтеруде тиімді әдіс-тәсілдердің
бірі болып қала бермек.
Пайдаланған әдебиет:
1. Вегеро М.В. Портфолио как метод оценки при обучении иностранному языку в вузе. 2013.
2. Зеер Э.Ф, Сыманюк Э.Э. Компетентностный подход к модернизации профессионального образования // Высшее образование в
России. – 2005. – №8. – С. 23–30.
3. Зимняя, И.А. Ключевые компетенции – новая парадигма результата современного образования // Интернет-журнал «Эйдос»
[Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.eidos.ru/journal/2006/0505.htm. – Дата доступа: 25.11.2013.
4. Хуторской, А.В. Компетентностный подход в обучении. Научно-методическое пособие. – М.: Издательство «Эйдос»; Изда-
тельство Института образования человека, 2013. – 73 с
264
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Хадырбаева Индира
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, псих.ғ. магистрі
ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ӘЛЕУЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Түйін. Бұл мақалада әлеуметтік жобалар арқылы студенттердің шығармашылық әлеуетін қалыпта-
стыру қарастырылған.
Резюме. В этой статье рассматривается формирование творческого потенцила студентов через со-
циальные проекты.
Summary. The article discusses the formation of the creative potential of students through social projects.
Қазiргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділі-
гі жоғары, мәдениетті ұлттық тәлім–тәрбие алған,
білiм, біліктіліктерін өмiрде пайдалана алатын,
іскер, өзіндік ой талғамы бар, адамгершілігі, шығар-
машылық қабілеті жоғары, жан-жақты дамыған
жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Шығармашылық – адамның өмір шындығын-
да өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс
жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен са-
палы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі
керек. Адам бойындағы біліктіліктерді дамытып,
олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани
күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Жалпы «шығармашылық» ұғымын зерттеу
қазақ ойшылдары (Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсы-
нов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев [3] және т.б.),
сондай-ақ, ХІХ ғасырда А.И. Герцен, В.Г. Белин-
скийдің еңбектерінде көрініс тапқан [5]. Шығар-
машылықты зерттеудегі ең қарқынды кезең ХХ
ғасырдың ортасында, әрекет теориясын зерттеу ая-
сында дамыды. Осы тұста адамның еңбегінің нәти-
желілігін, өнімділігін зерттеудегі әрекеттік тәсіл,
шығармашылықты туындататын жағдаяттар, фор-
малар мен кезеңдер, мотивтер мен шарттар жайлы
теориялар (П.В. Алексеев, В.В. Давыдов, М.С. Ка-
ган, Я.А. Пономарев және т.б.) тәжірибені байыта
түсті. Мәселен, шығармашылық мәселесін терең
зерттеген Я.А. Пономарев оны «даму» ұғымымен
қатар қойды [4]. Себебі, әрбір жаңалық, әсіресе
интеллектуалдық тұрғыдағы жаңалық студент-
ті жаңа сапаға көтереді. Қазақстандық ғалымдар
Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, Т.Сабыровтың педаго-
гикалық-психологиялық еңбектерінде де адамның
жеке басының дамуы мен шығармашылығының
әртүрлі аспектілері қарастырылған [2]. Сондай-ақ,
Шығармашылық әлеует ұғымын анықтауда В.Г.
Рындак [7], Л.А Даринская [8], Ю.Н Кулюткин [6]
еңбектерінен көруімізге болады.Жалпы студент-
тік шақтағы дамыған шығармашылық әлеуеті, кез
келген маманның берік негізі бола алады.
Студенттердің шығармашылық әлеуетін арт-
тыру шығармашылық ойлау негіздерінде қалып-
тасуы көрінеді. Яғни, талдау, қорыту, қорытынды-
лау, нақтылау, ойлау қабілеттері. Шығармашылық
әлеует шығармашылық қиялмен, қиял және ойлап
табу қажеттілігімен байланысты. Осы үрдістің
қозғалтқышы креативтілік деп атауға болады. Түр-
лі жағдайларда білімді қолдану, жаңа ашылулар
сәтінде, қайталанбас және стандартты емес тапсы-
рмаларды шешу арқылы креативтік дағдылар да-
миды және пайда болады.
Студентердің шығармашылық әлеуетін қалып-
тастыру оқудан тыс ұйымдастырылатын қызмет
барысында жүзеге асыру үлкен мүмкіндіктерге
ие десек болады. Мәселен, Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ-де оқуды жүзеге асыруға ғана емес, сон-
дай-ақ оқудан тыс әлеуметтік тәрбиелеу жұмысына
да көп көңіл бөлінеді. Университетте 2011 жылдан
бастап педагогтік-тәлімгерлік институт ашылды
және эдвайзер тәлімгерлік қызметі күшейді. Қазір-
гі уақытта куратор-эдвайзер деп аталады. Сту-
денттердің клубтық формада жұмысын іске асы-
ру 2010-2011 –ден 2013-2014 оқу жылдарындағы
үйірмелер мен клубтар саны 2 есеге өсті. Бүгінгі
күні ҚазҰУ-де 374 клубтар мен үйірмелер жұмыс
істейді.
Әлеуметтік тәрбиелеу бағытындағы жобалар
және бағдарламаларды дамыту белсенді түрде іске
асырылуда [9]: «Айналаңды нұрландыр» жобасы
– оқу үрдісінде тұлғалық субъектілердің шығар-
машылығын дамыту компоненті және мемлекеттің
әлеуметтік жаңғырту үрдісіне тарту мақсатында,
«100 кітап» жобасы – студенттердің мәдени және
білім деңгейін көтеру жене де әдеби кітаптарды
оқуға бейімдеу болып табылады. «Дені саудың -
жаны сау» жобасында – жастардың салауатты өмір
салтын қалыптастыру мақсатында және т.б. «Жа-
сыл көпір–ұрпақтан-ұрпаққа» қозғалысын әлемдік
экологиялық бастамалардың қолдауымен ұйымда-
стырылып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Green
campus» жобасын жүзеге асурудың қосалқы бөлімі
болып табылады. Қазақстан Республикасының
Алғашқы Президент күніне байланысты 2013
жылдан бастап «Мен жастарға сенемін» атты жыл
сайын өтетін республикалық жас студенттердің па-
триоттық фестивалі өтеді.
Аталған
бағдарламалар
мен
жобалар
анықталған нақтылығына қарамастан әлеуметтік
белсенділікті қалыптастырып, жаңа жағдайларға
бейімделу қабілетін, мансап траекториясының
және кәсіби орнатуларды құру және креативтілік
пен лидерлікті дамытады. Студенттердің шығар-
265
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
машылық әлеуетін ең бірінші кезекте жандандыру
және табысқа жетуге ұмтылуды қалыптастырып,
өзінің жұмысының сапасын ойлауды талап етеді.
Жоғарыда аталып өткен әлеуметтік жобалар
студенттердің шығармашылық әлеуетін қалыпта-
стыруда қаншалықты маңызды екендігін анықтау
үшін 16 сұрақтан тұратын сауалнама құрастырыл-
ды. Бұл сауалнама әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, фи-
лософия және саясаттану факультеті, педагогика
және білім беру менеджменті кафедрасының «Пе-
дагогика және психология», «Әлеуметтік педагоги-
ка және өзін-өзі тану» мамандығының 1курс-56,
2 курс-35, 3 курс-47 студенттеріне жүргізілді. Жал-
пы 138 студент қатысты.
Әрбір студенттің студенттік өмірге бейімделуі
әр қалай жүзеге асады. Демек, жоғарыда аталып
өткен әлеуметтік жобалар студенттердің шығар-
машылық әлеуетін қалыптастыруда қаншалықты
«студенттік өмірге бейімделуі» маңызды орын
алатыны айқын. Осыған байланысты ең алғашқы
сұрақты «Студенттік өмірге бейімделу» сізге қиын-
дық тудырған жоқ па?, - деген сұрақтан бастадық.
Бұл сауалнаманың нәтижесін төмендегі 1-диаграм-
мадан қарауымызға болады.
1-диаграмма. - Студенттердің «Студенттік өмірге бейімделу» нәтижелері.
Әлеуметтік жобалар арқылы студенттердің
шығармашылық әлеуетін қалыптастыруда «Әлеу-
меттік жобалар» студенттерге қаншалықты маңыз-
ды екенін анықтау барысында келесідей сауалнама
құрастырылды. Сабақтан тыс ұйымдастырылатын
«Әлеуметтік жобалар» сіздің шығармашылық әле-
уетіңізді дамытуға әсері бар ма? Бұл сауалнаманың
нәтижесін төмендегі 2-диаграммадан қарауымызға
болады.
2-диаграмма. - Сабақтан тыс ұйымдастырылатын «Әлеуметтік жобалар» студенттердің
шығармашылық әлеуетін дамытуға әсер ету нәтижесі.
Студенттердің шығармашылық әлеуетін қалып-
тастыруда ҚазҰУ-де ұйымдастырлатын әлеуметтік
«Айналаңды нұрландыр», «100 кітап», «Салауатты
өмір салты» және «Green campus» жобаларының
әсерін анықтау мақсатында, келесідей сауалнама
жасалынды. Сіздің шығармашылық әлеуетіңізді
қалыптастыруда төмендегі «Әлеуметтік жобалар-
дың» қайсысы әсер етеді? Бұл сауалнаманың нәти-
жесін төмендегі 3-диаграммадан қарауымызға бо-
лады.
3-диаграмма.-Студенттердің шығармашылық әлеуетін қалыптастыруда
«Әлеуметтік жобалардың» әсер ету нәтижесі.
Сонымен қатар, cтуденттерді оқудан тыс қыз-
метте шығармашылық әлеуетін арттыру тәжіри-
бесі педагогика және білім менеджменті кафед-
расы университеттің дәстүрінен шетте қалмайды.
Оқудан тыс қызмет, сонымен қатар әлеуметтік-тәр-
биелік, волонтерлық, ағартушылық және т.б. ка-
федраның үйірмелері, клубтары және қоғамдық
жұмыстарында өз орнын тапты: «Логос» сту-
266
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
денттердің ғылыми бірлестігі, «Шабыт» шығар-
машылық клубы, «Үміт сәулесі» волонтерық клу-
бы, «Эмпатия» үйірмесі, «Жас ғалым мектебі»
магистранттардың ғылыми зерттеушілік бірлесті-
гі және т.б. Демек, кафедрамызда әрбір студент-
тердің білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, бос
уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың
шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға ар-
налған әртүрлі студенттік үйірмелер, клубтар және
орталықтар бар және даму үстінде екені айқын.
Яғни, жоғарыда аталып өткен студенттік үйірме-
лер, клубтар мен орталықтар студенттердің шығар-
машылық әлеуетін қалыптастыруда қаншалықты
маңызды екенін айқындау мақсатында келесідей
сауалнама жасалынды.
Шығармашылық әлеуетіңізді қалыптастыруда
төмендегі студенттік үйірмелер, клубтар және ор-
талықтардың қайсысы әсер етеді? Бұл сауалнама-
ның нәтижесін төмендегі 4-диаграммадан қарауы-
мызға болады.
4-диаграмма.- студенттердің шығармашылық әлеуетін қалыптастыруда студенттік үйірмелер, клубтар
және орталықтардың әсер ету нәтижесі.
Студенттің университетте білім беру үрдісін-
де өзіне қажет құзыреттіліктерді қабылдау. Тек
құзыреттіліктер білім беру үрдісінде қалыптасқан
түлекке кәсіби ортада бейімделуге және білікті ма-
ман болуға мүмкіндік береді. Көбінесе маманның
тұлғасының қалыптасуы оның гумандық бағыты-
ның, шығармашылық бағытының, сонымен қатар
креативтілігінің, шығармашылық қабілеттерімен,
құндылық таңдауларымен анықталады. Осы сту-
денттік жылдар психологиялық феномендерді қа-
лыптастыруға, ал шығармашылық әлеует тұлға-
лық дәрежелердің құрамы ретінде және кәсіби
жетістіктерінен көрінеді.
Адам шығармашылық қызметінің бір түрінде
жетістікке жету үшін, ол кейбір жақсы қасиеттер-
ге ие болуы қажет: шығармашылық белсенділік,
бірегейлік, жаңашылдыққа қабілеті және ниеті,
идеяларды біріктіре білуі, тәжірибелерін қолдану,
қалыптасқан ойларға ие болу, эстетикалық талғам,
эмоционалдық жауапкершілік. Адамның шығар-
машылық әлеуетін дамытуа ерікті шарт болуы тиіс,
яғни шығармашылық үрдісі үдемелі, міндетті бол-
мауы тиіс, ол адамның қызығушылығы мен ниеті-
не байланысты бола алады.
Қорыта келе, жоғарыда көрсетілгендей әрбір
жобалар студенттердің шығармашылық әлеуетін
қалыптастыруға септігін тигізетінін байқадық.
ҚазҰУ-де оқитын әрбір студент өзінің өмірлік та-
лаптары мен талғамына сай жобалар мен бағдарла-
маларды таба алады және сол жобалар арқылы өз
шығармашылық әлеуетін қалыптастырады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. 2010-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010ж
2.Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо, 2010. - 462 б
3.
Жұмабаев М. Өлеңдері, прозасы және әдеби зерттеулер // Ж.Сүлейменов. – Петропавл, 2006. – 428 б.
4.
Пономарев Я.А. Психология творчества. М.: Издательство "Наука", 1976. - 304 с
5.
Белинский В. Г. Избранные педагогические сочинения / Под ред. действ. чл. АПН Е. Н. Медынского. — М.; Л.:
Академия пед. наук РСФСР, 1948. — 280 с
6.
Кулюткин Ю.Н. Изменяющийся мир и проблема развития творческого потенциала личнсти. Ценност-
но-смысловой анализ. – СПб.: СПбГУПМ, 2001. – 84 с.
7.
В.Г. Рындак, Л.В. Мещерякова. Теоретические основы развития творческого потенциала учителя (в процес-
се освоения педагогических инноваций).–М.: Педагогический вестник, 1998. – 116 с.
8.
Даринская Л.А. Творческий потенциал учащихся: методология, теория, практика –СПб.,2005.–293с.
9.
http://www.kaznu.kz/ru/17323/page
267
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Достарыңызбен бөлісу: |