Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет39/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50

Шеримбетова Меруерт Алиқызы
Гуманитарлық ғылымдарының магистрі, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушысы, 
mary8581@mail.ru, 87016984050, Түркістан қ.
ОҚУШЫНЫҢ ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Түйін: Мақалада оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру жолдар мен ерекшеліктері жазылады.
Резюме: В этой статье рассматривается способы повышения интереса учеников в предмете
Summary: This article deals with the ways of increasing pupils’ interest in the subject.
Жас  бала  не  нәрсені  болса  да  білуге  құмар, 
қызыққыш, қолмен ұстап, көзбен көргенді жақсы 
көреді.  Сондықтан  сабақ  үстінде  көрнекіліктерді 
тиімді  пайдалану,  оларды  балаға  жеткізе  білу  ба-
сты рөл атқарады. Оқушылардың қызығушылығын 
арттыру  жақсы  ұйымдастырылған  сабаққа  байла-
нысты.  Сондықтан  әрбір  сабақта  бұрыннан  бел-
гілі  мәліметтерді  қайталай  бермей,  оқудың  жаңа 
әдіс – тәсілдерін іздестіру қажет. Қазіргі сабақтың 
түрлері:  сайыс,  жарыс  сабағы,  концерт,  аукци-
он,  кіріктіру  сабағы  т.б.  өз  нәтижесін  беріп  жүр. 
Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ата 
–  бабаларымыздың  жақсы  дәстүрін  шәкірттердің 
бойында дарыту мақсатында халық ауыз әдебиетін 
пайдалануға болады. Қазақ халқының мейірімділі-
гі,  кеңпейілділігі,  сыпайылығы,  көпшілігі,  сөзге 
беріктігі  туралы  әңгімелесу  арқылы  осы  қасиет-
терді шәкірт бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге 
қамқор болу, әдептілікті биік ұстау сияқты әдет – 
ғұрыпты үйретуге болады. [1]
Оқушының  пәнге  қызығушылығын  арттыру 
мақсатында сабақта проблема жағдай туғызып оты-
ру  да  маңызды.  Мәселенің  шешімін  табу  арқылы 
оқушының ойлау қабілеті нығайып, кез келген про-
блеманы  шешуге  үйренеді.  Ал  ойлауға  үйрететін 
сабақты  дамытуға  оқыту  сабақтары  деп  білеміз. 
Бұл сабақтарға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы 
арасындағы ерекше қарым – қатынас. Мұғалім бұл 
жағдайда  танымдық  іс  –  әрекеттегі  ұйымдасты-
ратын  ұжымдық  істердің  ұйтқысы  болғандықтан, 
оқушының шығармашылығын арттырады. Сабақта 
жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс 
істеп  қана  қоймай,  барлық  баланың  дамуы  үшін 
қолайлы  жағдай  туғызып,  қабілеті  жеткен  жерге 
деген еңбек етуі ойластырылса әр оқушының қы-
зығушылығы артады.
Оқушының қабілетін дамыту үшін жаңа ақпа-
раттық  технологиясын  пайдалану  қажет.  Шығар-
машылық  деңгейде  оқушы  құбылысты  өз  бетін-
ше  талдай  келіп,  шағын  ғылыми  шығармашылық 
тұрғыдан  зерттеу  жұмысын  жүргізуге  тырысады. 
Оның негізгі мақсаты:
- оқушылардың танымдық міндеттерін қалып-
тастыру;
-  шығармашылық  қабілеттері  мен  қызығуын 
жетілдіру,
- білімге құштарлығын ояту;
Осы мақсатта оқушыларды әр пән бойынша әр 
бөлімге  байланысты  мақал  –  мәтелдер  жинақтау, 
тақырыпқа  байланысты  шығарма  жазу,  өзіне 
ұнаған  кейіпкерлерге  өлең  жазуға  бағыттап  оты-
руға болады. (Сурет келесі бетте).
Оқушының пәнге қызығушылығын арттыратын 
көптеген әдістер бар. Соның бірі -  біздің елімізде 
Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос 
– Қазақстан» қоры арқылы келген сын тұрғысынан 
ойлауды  дамыту  технологиясын  оқушылардың 
оқуға  деген  қызығушылығын  арттыруда  алатын 
орны  ерекше.  Сын  тұрғысынан  ойлау  –  сынау 
емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты 
дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне 
сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістікке же-
тері  сөзсіз.  Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы 
қызығушылықты  ояту,  мағынаны  тану,  ой  толға-
ныс т.б. кезеңдерінен түзеледі. Бағдарламаны «Бес 
жолды  өлең»,  «Венн  көрсетеді»,  «Еркін  жазу», 
«Жұпта талқылау» [2] т.б. әдістерден тұрады. Сын 
тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдық 
белсенділігін, сабақта қызығушылығын арттыруға, 
өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалып-
тастыруға  ықпал  етіп,  сабақтардың  қызықты, 
жеңіл өтетіндігін, оқушыларды ұжыммен бірлесіп 
жұмыс  жасауға  үйрететіндігін,  білімнің  тереңді-
гі  әрі  тиянақтылығы  артатындығын  байқауға  бо-
лады.  Сабақтың  басты  мақсаты  оқушының  пәнге 
және  өтіліп  жатқан  тақырыпқа  қызығушылығын 
ояту.  Ол  үшін  ұстаз  бен  шәкірт  арасында  ерекше 
түсіністік  болу  керек.  Ұстаз  шәкіртін  өзімен  тең 
ұстап,  оқушы  ойын  жүйелеп  айта  білуіне  бағыт-
тағаны дұрыс сияқты. Әдетте көп ұстаз үндемей-
тін,  тұйық  оқушыны  сөйлете  бермейді.  Ескерусіз 
қалдырады. Көбіне жақсы оқитын оқушыға көңіл 
аударады. Бірінші сыныпқа келген күннен бастап, 
оларды  сауатты  жазып,  дұрыс  оқи  білуін  ерекше 
назарда ұстау керек. Кемшілігін байқаса, олар қа-
тарға қосылғанша ерінбей жұмыс істеу қажет. 
Үйрету  процесі  –  бұрынғы  білетін  мен  жаңа 
білімді  ұштастырудан  тұрады.  Үйренуші  жаңа 
ұғымдарды,  түсініктерді  өзінің  бұрынғы  білімін 
жаңа  ақпаратпен  толықтырады,  кеңейте  түседі. 
Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған  мәсе-
ле жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын 
анықтаудан  басталады.  Осы  арқылы  ойды  қозғау, 
ояту,  ми  қыртысына  тітіркенгіш  арқылы  әсер  ету 
жүзеге асады.[3]

268
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Қызығушылықты  арттырудың  екінші  мақсаты 
– үренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйре-
ну – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін 
іс – әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске 
түсіреді, қағазға жазады. Көршісімен бөліседі, то-
бында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу 
арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша 
шыңдалған  ойлауға  бірте  –  бірте  қадам  жасала 
бастайды. Оқушы бұл кезеңдерде жаңа білім жай-
лы      ақпарат  жинап,  оны  байырғы  білімімен  ұш- 
тастырады.
Бастауыш  сынып  оқушыларын  тақырыпқа 
қызықтыруда  шағын  әңгімелердің  орны  ерекше. 
Сондықтан балалар ұғымына жеңіл ертегілер мен 
мақал – мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар 
сабақта қолданған пайдалы. 
Математика  сабағында  сандар  мен  амалдар-
ды  ұғындыру  үстінде  ойша  жинақтау  дағдысына 
төселуге тырысу. Математикалық диктант мәтінін 
есептің  шарты  мен  нәтижесін  ұғынықты  тілмен 
құрастыруға ерекше назар аудару керек. Суретпен 
жұмыс,  үлестірмелі  перфокарталарды  бұрынғы 
дағдысын бекітуге тиімді пайдалануға тырысамын. 
Ана тілі сабағында схемалық – сызба, жаңа тех-
нологиядан – деңгейлік жұмыстар, түртіп, әдісін, 
ойындарды тиімді пайдалануды көздеймін.
Сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық әдет – ғұр-
пын,  салт  –  дәстүр  нышандарын  шәкірттер  зер-
десіне терең ұялатуға мән беремін. Тәрбиелік ша-
раларға отбасы мүшелерін біртіндеп қатыстыру  да 
көзделген. 
Пайдаланған әдебиеттер:
2. Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//
    ”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.
3. Дамыта оқыту технологиялары.Алматы 2000.Б.А.Тұрғынбаева
4. Ұстаздық шығармашылық.Алматы 2007. Б.А.Тұрғынбаева

269
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Шерментаева Жазира Утегеновна 
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Инженерия факультетінің оқытушысы,
 87716008310,  mktu-2015@mail.ru 
ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН ЖОБАЛАУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ  ҚОЛДАНУ
Түйін. Жұмыстың мақсатты қазіргі заманның жаңа даму сатысында болашақ мұғалімдерге білім беру жүйесі 
қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. 
Резюме. Цель данной работы  система образования будущих учителей развития нового современного мира эконо-
мической политики, должны соответствовать социального и интеллектуального уровня.
Summary. The purpose of this operation, the system of education of the future teachers of the new modern world of economic 
policy must comply with the social and intellectual level.
Елбасымыздың  «Қазақстан-2030»  стратеги-
ялық  бағдарламасында  барлық  қазақстандықтар-
дың  өсіп-өркендеуін,  қауіпсіздігі  және  әл-ауқаты-
ның артуы, елдің денсаулығын жақсартумен бірге 
жас  ұрпаққа  білім  мен  тәрбие  беру  мәселесі  деп 
атап  көрсетілгендей,  тәуелсіз  мемлекетімізге  ең-
бекқор, өз кәсібін терең түсінетін, білімі мен іскер-
лігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. 
Осы  айтылған  міндеттер  мамандар  дайындайтын 
жоғары оқу орындарының алдында тұрған негізгі 
мәселелер.
Кәсіби  тұлғаны  тәрбиелеу  мен  оқытуда  жоға-
ры мектептің алатын орны ерекше. Оның қызметі 
үнемі  дамуда.  Жаңа  заман  талаптарына  сәйкес 
жоғары мектептің дамуы көптеген қоғамдық- әле-
уметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі тиіс. 
Жоғарғы мектептің алдына қойған ең бірінші мақ-
саты- қоғамға қажетті жоғары білімді мамандарды 
даярлау.
Сондықтан  жоғары  мектеп  педагогикасының 
күрделі  де  маңызды  бір  мәселесі  студентті  бола-
шақ  мамандығына  оңтайландыру,  кәсіптік  білік-
тілігін  дамыту,  кәсіби  бағдар  берудің  жаңа  жүй-
есін  жасау,  іскер  және  құзырлы  маман  дайындау. 
Мұндай маман дайындау үшін білім беру үдерісін 
белсенділендіру,  оқытудың  жаңа  формалары  мен 
әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет. Оқу үдерісін бел-
сенділендіру – берік те тиянақты білім берудің жол-
дарын  қарастыру,  студенттердің  шығармашылық 
ойлауына,  ізденуіне  мүмкіндік  жасау,  оларды  ке-
лешек мамандығына қызықтыра алу, оқу үдерісін 
ғылыми негізде ұйымдастыру және т.б. 
Заманның  жаңа  даму  сатысында  болашақ 
мұғалімдерге  білім  беру  жүйесі  қоғамның  жаңа 
экономикалық  саясат,  әлеуметтік  және  интеллек-
туалдық  деңгейіне  сай  келуі  тиіс.  Осыған  орай 
білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсіл-
дері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, жетілдіру, 
ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін та-
буды қажет етеді. 
Бүгінгі ақпараттық технологиялардың қарқын-
ды  даму  кезеңінде  орта  білім  беретін  оқу  орын-
дарының  оқу  үдерісінің  тиімділігі  болашақ 
мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. 
Осыған  орай  педагогикалық  іс-әрекетте  қолда-
нылатын  болашақ  мұғалімнің  кәсіби  іскерлігінің 
жоғары  деңгейде  қалыптасуы  мектеп  мұғалім-
дерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар 
қатарына енеді. 
Білім сапасын жақсарту үшін оқу іс-әрекетінің 
мақсаттылығына,  мазмұнына  үлкен  мән  берілуде. 
Қазіргі  заманғы  оқыту  технологиялары  білімгер-
лердің  жеке  интеллектуалдық  ерекшеліктеріне 
сүйене отырып, білімді ұсынуды қажет етеді.
Осы  тұрғыдан  алғанда,  біз  оқу  үрдісінде  тек 
қана  дәстүрлі  репродуктивті  әдістерді  ғана  емес, 
фундаментальды  пәндерді  оқытудың  продуктивті 
әдістерін,  яғни  таңдалған  пәндік  саланың  ішінен 
кәсибі  міндеттерді  шешу  бойынша  студенттердің 
зерттеу  қызметіне  негізделген  оқу  зерттеу  жоба-
лар әдісін, оқыту жүйесін жобалау барысында жа-
санды интеллект негіздерін де қолдануды қажетті 
деп  санадық.  Жобаға  қатыса  отырып,  студенттер 
қойылған  міндеттердің  шешімін  іздеуге  қатысты 
тұлғаның  белсенділігін  қалыптастыратын  арнайы 
білім беру ортасына кіреседі. Бұның нәтижесінде 
оқытудың тиімділігі жоғарылайды. 
Жобалық  қызметтің  негізінде  білімгерлердің 
танымдық  дағдыларын  өздерінің  білімдерін  өзін-
дік  құрастыру  біліктілігін  дамыту,  ақпараттық 
кеңістікте  бағдар  алу,  олардың  шығармашылық 
және шешімдерді ойлау қабілеттерін дамыту, про-
блеманы көруді, құрастыру мен шешу де жатады. 
Студенттердің  жобалық  жұмыстарының  ұй-
ымдастыру кезінде біз жобалар әдісін қолданудағы 
негізгі талаптарды есепке алдық [1].
1. Интеграцияланған білімді талап ететін зерт-
теу  тұрғысынан  алынған  проблема/міндеттің 
мағынасын айқындау.
2. Болжамға жату барысында алынған нәтиже-
лердің практикалық маңызы.  
3. Студенттердің өзіндік жұмысы.
4.Жобаның мазмұндық бөлімін құрылымдау.  
5. Алдағы іс-әрекеттерді белгілі ағымдығын қа-
растыратын  зерттеу  әдістерін  қолдану.  Академик 
А.П.Ершов: «Компьютер оқу үрдісіне айтарлықтай 
жаңа  тану  құралдарын  нақтылай,  есептеу  экспе-
рименті,  жасанды  интеллект  негіздері  көмегімен 
міндеттерді  шешу,  алгоритмдерді  құрастыру  мен 
білімдер базасын толықтыруды енгізеді» деп атап 

270
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
көрсеткен болатын. Бұл жағдайдың жетілдірілген 
түрі жасанды интеллект негіздерімен білімдер қо-
рын құру болып табылады. «Практика  көрсеткен-
дей, жасанды интеллект негіздері үшін білімдердің 
кіші базаларын құру бойынша тапсырмалар білім-
дерді  құрылымдау  жоспарындағы  педагогикалық 
проблемаларды  шешу  үшін  өте  пайдалы  болып 
табылады.  Бұл  жердегі  оқыту  мейлінше  түсінікті 
болады  [2].  Білімдер  базасын  жасау  кезінде  бо-
лашақ  информатика  пәні  мұғалімдер  практикада 
білімдерді  тасымалдау,  құрылымдау  мен  ұсыну 
әдістерін қолданады.
Жасанды интеллект негіздері арқылы білімдер 
қорын  жобалау  кезеңі  ретінде  білімдер  ортасын 
[3] құрастыруда жасаушыға кейбір салада міндет-
тердің шешілуіне ықпал ететін ұғымдардың праг-
матикалық мағыналы сипаттарын ерекшелеу талап 
етіледі.  Ұғымдар  мен  метаұғымдарды  ерекшелей 
білу  жалпылау  және  жіктеу  операцияларын  жүр-
гізуді  білуімен  байланыстырылады.  Сондықтан, 
жасанды интеллект негіздері мен білімдер базасын 
жобалау  логикалық  операцияларды  (талдау,  син-
тез, жіктеу, жалпылау) қолдану дағдыларын игеру 
арқылы логикалық ойлау деңгейінің жоғарылауы-
на ықпал етеді. 
Студенттер-болашақ 
информатика 
пәні 
мұғалімдері  «Жасанды  интеллект  негіздері»  ар-
найы курсына негізделген жобаның негізгі мақсаты 
студенттердің  жеке  демонстрациялық  тұрғыдағы 
бағдарламаларын  құрумен  байланысты.  Жасанды 
интеллект  негіздері  мен  білімдер  базасын  құру 
бір  мезгілде  құрылатын  пәндік  салада  білімдерді 
кеңейту және тереңдету құралы болып табылады. 
Құрылған  білімдер  базасының  сапасы  бойынша 
тек  білімдерді  қалыптастыру  әдістерін  қолдану-
ды білу ғана емес бұл білімдерді игеру дәрежесін 
анықтау  басты  назарда  болды.  Сондықтан,  бола-
шақ информатика пәні мұғалімдерге жасанды ин-
теллект  негіздері  көмегімен  тиімді  түрде  жүзеге 
асырылатын проблемаларды іздеуде пәндік саланы 
талдау пайдалы болып келеді.
Біздіңше,  оқу-зерттеу  жобалар  бойынша  сту-
денттердің  жұмыстарын  ұйымдастыру  кезіндегі 
оқытушының  қызметі  бірнеше  кезеңдер  түрінде  
ұйымдастырылуы мүмкін:
•  Оқытушы  жобаланатын  зерттеу  тақырыбы 
мен  білімдер  қорын  болашақ  жобалауын  таңдау 
үшін  студенттерге  ұсынуға  болатын  пәндік  сала-
лардың мысалдық тізімін құрастырады. 
•  Оқытушының    жобамен  жұмыс  істеу  бары-
сында білімгерлерге көмек көрсетілуі мүмкін, яғни 
әдебиетпен  жұмыс  істеуде  көмектесу,  интернет 
желісіндегі  ізденістерге  бағдар  беру,  техникалық 
қиындықтардан  өту  жолдарын  ұсыну,  ойдың  жи-
нақталуын оңтайландыру, таңдалған зерттеу жоба-
сын іске асыруда және т.б.
•  Студенттердің  оқу-зерттеу  жобамен  және 
есептер  мен  компьютерлік  бағдарламалар  түрін-
дегі  олардың  нәтижелерін  дайындау  жұмыстары-
ның соңғы кезеңінде кезінде оқытушымен топтағы 
пікірсайыс, сараптаушы жүйенің жасалған прото-
типін ұжымдық талдау ұйымдастырылады.
Сонымен  болашақ  мұғалімдерді  кәсіби  дай-
ындау  барысында  оқыту  үдерісін  жобалауды  іске 
асыруда  жасанды  интеллект  негіздеріне  оқыту 
олардың  практикалық  іс-әрекеттеріне  оң  әсер 
етеді. Бұл олардың ақпараттық-технологиялардың 
құралдарына оқыту мазмұнын тиімді жүзеге асыру 
мүмкіндігін береді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Е.С.Полат, М.Ю.Бухаркина, М.В.Моисеева, А.Е.Петров Новые педагогические и информационные технологии в 
системе образования: Учебное пособие для студ. пед. вузов и системы повыш. квалиф. пед. Кадров.- М.: Издательский 
центр «Академия», 2002.-272 с.
2. И.П.Дудина Методическая система обучения основам логического программирования в профессиональном обра-
зовании учителя информатики: дис. канд. пед. Наук. - Тольятти, 1997. -182 с.
3. Л.П.Доблаев Смысловая структура учебного текста и проблемы его понимания / - М.: Педагогика, 1982. - 176 с.
4. Е.В.Михеева. Информационные технологий в профессиональной деятельности. М.:Академия, 2006. -384с.
5. М.П.Лапчик и др. Теория и методика преподования информатики. М.:Академ., 2001. -624 с.
6. О.Камардинов. Жасанды интеллект. Сараптаушы жүйелер. Пролог. Шымкент, 2003
 

271
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
Мұқамбетқалиева М.А.
Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университетінің
доценті,  педагогика ғылымдарының кандидаты,  е-mail turumbet93@mail.ru
ҚҰЗЫРЕТ ЖӘНЕ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ТІЛ ҮЙРЕТУ БАРЫСЫНДА
 ҚОЛДАНУДЫҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІ 
Түйін. Тіл үйретуде қазіргі заманауи әдістердің бірі құзыреттіліктерді қалыптастыруға, дамытуға, жетілдіруге 
негізделеді. 
Түйін  сөздер:  Әдістеме,  коммуникатив,функционалды,    тілдің  қатысымдық,  қабілеттілік,  үрдіс,  коммуника-
тивтік бірлік, репродуктивтік, продуктивтік,құзіреттілік әмбебап, 
Резюме. Одним из современных методов формирования языковых навыков преподавания, разработки, на основе.  
Summary. One of the modern methods of formation of language teaching skills, development, by improving.
Тіл  үйретуде  қазіргі  заманауи  әдістердің  бірі 
құзыреттіліктерді  қалыптастыруға,  дамытуға, 
жетілдіруге негізделеді. Университет бітірген жеке 
тұлға  жан-жақты,  әмбебап  әрі  бәсекеге  қабілет-
ті болуы үшін мемлекеттік тілді жетік меңгерген, 
кез-келген  жағдаяттардан  өз  бетінше  шығып  ке-
туі керек. Осы ретте дүние жүзілік әдістемелерде 
жан-жақты зерттелген құзыреттіліктерді дамытуға 
нақты тоқталып, анықтамаларды зерттеп білуді ба-
сты мақсат етіп қойдық.
Ресей  педагогикалық  мәдениетінде  классика-
лық үлгіде құзырет пен құзыреттілік таза маңызы 
бар  әрекеттер  ретінде  сипатталады.  Осы  кездер-
де  Батыс  мәдениетінде  классикалық  емес  фено-
мен  ретінде  қарастырылады.  Ол  қоғамдық  білім 
білім  беру  практикасында  тамырын  жайған  және 
қоғамның,  білім  беру  институттарының,  жұмыс 
берушілердің, тұтынушылар қызметтерінің мүдде-
лерінің балансын көрсетуші ретінде қарастырыла-
ды. Тіл үйрету саласында «құзырет» пен «құзырет-
тілік»  терминдері  де  қолданысқа  ие  болып  отыр. 
Бұл  терминдер  әдістеме  ілімінде  көрініс  тауып, 
үлкен маңызға ие болуда. Енді осы терминдердің 
анықтамаларына тоқталып көрейік.
«Құзырет»  -  ұғымы  Ресейге  білім  берудің  ан-
глосаксондық дәстүрінен келді. Бұл термин Ресей-
дің  Болонья  үрдісіне  қосылғаннан  бері  пәрменді 
түрде қолданыла бастады.
Педагогикалық 
интерпретацияда 
«құзы-
рет»  және  «құзыреттілік»  ұғымдарының  айыр-
машылығы жоқ. Дидактика үшін «құзырет» ұғымы 
жаңалық  емес.  Ерте  кезеңдердің  өзінде-ақ  фило-
софтар мен дидакттар білім (құзырет) және оның 
іске асырылуының (әрекет) ара жігін ашумен көп 
айналысты. Тіл үйренуде құзырет дегеніміз – грам-
матикалық және семантикалық жақтан дұрыс сөй-
лемдер құру үшін тіл жүйесінің саналы және ин-
туитивті білімінің болуы, ал білім мен қабілеттілік 
– сөйлеу арқылы жүйенің білімін көрсету. Мұндай 
ұғымдар  лингвистиканың  жан-жақты  зерттелуі 
әсерінен  пайда  болды.  Ғалым  Ф.  Де  Соссюр  тіл 
жүйесі әр ұжым мүшесінің ойында образдар жиын-
тығы  ретінде  қалыптасады  деген  болады.  Тілдік 
жүйе тілдік қабілет ретінде сөйлеу әрекетін қамта-
масыз етеді. Бұл ұғым 50 жыл өткен соң Американ 
ғалымы Н.Хомскийдің еңбектерінде көрініс берді. 
Ол ғылымға «құзырет» терминін енгізді. Бұл тер-
мин кезінде генеративтік грамматикада туындаған 
проблемаларды зерттеуге байланысты көптеген ға-
лымдардың және В.Гумбольдтың  еңбектерінде де 
кездеседі.
Құзыреттілік  –  адамның  жеке  қасиеттерін 
ескере отырып, өзіне қажетті құзыреттерге ие бо-
луы. 60-70 жылдарда ғылыми ортаға   «құзырет» 
категориясы  енгізілді.  Ғалымда  «құзырет»  пен 
«құзыреттілік»  категорияларының  шегін  айыруға 
көптеген  еңбектер  арнап,  жаңа  зерттеулер  пайда 
бола  бастады.  Әлеуметтік  психология  саласында 
Л.А.Петровскаяның  «Қарым-қатынас  жасаудағы 
құзыреттілік» атты кітабы жарық көрді. Онда құ-
зыреттілікке  жан-жақты  тоқталып,  анықтамалар 
жасалды. Өткен ғасырдың 90 жылдарында ЮНЕ-
СКО  материалдарында  құзырет  шеңбері  бел-
гіленіп, ол білім берудің нәтижелеріне қол жеткізу 
құралы ретінде қарастырылды /1/.
А.В.  Хуторскийдің  пікірінше:  «Тірек  (немесе 
базалық) құзыреттіліктер дегеніміз – креативтілік, 
құлшыныс,  топта  жұмыс  істеу,  өзінің  проблема-
ларын шешуге жеке қабілеттілігі, бәрі жеке тұлға 
дайындауға  әкеп  соқтырады».  Оның  ойынша, 
тірек  құзыреттіліктерге  мыналар  жатады:  құн-
ды-мағыналық,  жалпы  мәдени,  оқу-танымдық, 
ақпараттық,  коммуникативтік.  Осылардың  ішінде 
құнды-мағыналық  құзыретті  бірінші  орынға  қоя-
ды. Өз бетінше сыни ойлау қабілеті бар жеке тұлға-
ның басқа ұлттар өкілдерімен біріккен әрекеттері 
де оның дербестік қасиеттерін айқындай түседі /2/. 
ЖОО-ның  түлектері  жоғарыда  аталған  құзы-
реттерді иемдену арқылы жаңа заман талабына сай 
даярланған маман ретінде қабылданады. Сонымен 
қатар  бұл  құзырет  дүние  тану  саласында  басты 
орында  тұрады.  Студент  өзін  қоршаған  ортаны 
көру және оны тану, өзін сол ортада еркін сезіну, 
шешімдер қабылдау т.б. әрекеттерді іске асырады. 
ЮНЕСКО  1998  жылы  нұсқаулықтарына 
оқушылардың  тірек  құзыреттіліктеріне  мыналар-
ды жатқызды:
-  Математикалық  құзыреттілік  –  санмен,  сан-
дық ақпараттармен жұмыс істей білу білігі;
- Коммуникативтік (тілге тікелей қатысты) құ-

272
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
зыреттілік - қарым-қатынасқа түсе білу білігі;
- Ақпараттық құзыреттілік – ақпараттық техно-
логиялармен жұмыс істей білу білігі;
-  Автономизациялық  –  өз  бетінше  дамуға,  өз 
бетінше білім алуға, бәсекеге қабілетті болу;
-  Әлеуметтік  –  адамдармен  командада,  еңбек 
ұжымында жұмыс істей білу білігі;
- Өкілділік – жұмыс істей алу, өз өнімін шығара 
білу, шешім қабылдай алу, ақша таба білу білігі. 
Ғалымдар  құзыреттілік  ұғымын  зерттей  келе 
мынадай  пікірге  келеді:  құзыреттілік  –  білімге 
және жеке тұлғаның интеллектуалды қасиеттеріне 
негізделген адамның әлеуметтік, кәсіби іс-әрекеті. 
Ғалымдардың пікірінше, «құзыреттілік» ұғымы 
бүгінгі күнде білім беру практикасында негізгі ор-
талық болып саналады. Сонымен қатар білім беру-
дің приоритетті мақсаттарының бірі саналып, жеке 
тұлғаның  өз  бетінше  дамуына,  жеке  дара  өсуіне, 
өздігінен  ұйымдастырушылығы  ретінде  қарасты-
рылады. 
Білім  беруді  ұлттық  тұрғыда  жаңғыртуда  «құ-
зырет»,  «құзыреттілік»  ұғымдарына  мағыналық 
интерпретация жасап алу қажеттілігі тұрады. Бұл 
категорялар әуелі кезде экономикада, өндірісте жиі 
қолданылған, кейіннен білім беру саласына да кірі-
гіп кетті. Алайда бұлар күнделікті қолданыста да, 
кәсіби тілде қарым-қатынас жасауда да жиі қолда-
нылып келеді.
Көптеген ғалымдар «competentso» термині «to 
compete» - жарысу, сайысқа түсу деген етістіктен 
шыққан деп есептейді. Жеке тұлға өзін өмірде ала-
тын  тиісті  орынға  жету  үшін  қандай  болу  керек? 
– деген сауалға ғалымдар жан-жақты жауап іздеу 
үстінде.
Құзыреттілік  –  лат.  competens,  competentіs  қа-
білетті, тәуелді, білетін өзінің білімі немесе өкілет-
тілігімен бір нәрсені шеше білу немесе істей білу. 
Құзырет    -  (от  лат.  competo  –  лайықтымын, 
ыңғайлымын):
- Біреудің белгілі бір мәселеге байланысты нәр-
селерінен хабардар болуы;
- Жеке тұлғаның беделді тәжірибелілігі, таным-
ды  болуы  жағынан  түрлі  сұрақтар  мен    құбылы-
стар мәселелерінің шеңбері.
Құзыреттілік – (competents – тиісті, қабілетті):
- Құзыреттерге ие болу;
- Бір нәрсені талқылау үшін білім, тәжірибенің 
болуы.
Анықтамалық әдебиеттерде «құзырет», «құзы-
реттілік»  терминдеріне  мынадай  да  анықтамалар 
берілген: 
- Біреудің жан-жақты хабардар болған мәселе-
лер шеңбері;
-  Біреудің  құзырында,  құқығында  болу  (юри-
спруденция саласында);
- Жеке тұлғаның беделге, танымға, тәжірибеге 
қол жеткізудегі мәселелер мен құбылыстар аясы.
Терминдер глоссарийінде құзырет ұғымы: 
1. Бір нәрсені дұрыс және тиімді жасау қабілет-
тілігі;
2. Жұмысқа орналасарда қойылатын талаптарға 
сай болу;
3. Ерекше еңбек қызметтерін орындау қабілет-
тілігі. 
А.В.Хуторский мен А.К.Маркова еңбектерінде 
«құзырет»,  «құзыреттілік»  ұғымдары  белгілі  бір 
құзыреттілікті меңгеру мен тіл үйренушінің жеке 
дара  тұлғалық  сапасы,  қабілеттері  ретінде  қара-
стырылады.
А.В.Хуторский  құзыретті:  «тұлғаның  әрекет 
етуге  жалпы  қабілеттілігі  мен  дайындығы.  Ол 
білім мен тәжірибеге негізделеді. Тұлғаның оқу-та-
нымдық үрдісте өз бетінше әрекет етуіне бағдар-
ланған. Сонымен қатар ол оның еңбек әрекетіне де 
бағытталған». Ол «Құзырет тұлғаның пәндер мен 
үдерістердің белгілі бір шеңберіне қатысты нәти-
желі орындау үшін қажетті өзара байланысты сапа-
ларының (білім, білік, дағды мен әрекет тәсілдері) 
тұтастығын көрсетеді. Құзыреттілік – адамның құ-
зырет пен әрекет пәніне тұлғалық қатысынан тұра-
тын  сәйкес  құзыреттерді  игеруі»  -  деп  тұжырым 
жасады /2/. 
Ғалымдар К.Устемиров, Н.Р.Шаметов, И.В.Ва-
сильевтердің  пікірінше,  құзыреттілік  –  маман 
өзінің  кәсіби  білімдері  мен  дағдыларын  пайдала-
на отырып, еңбекте жоғары сапалық және сандық 
нәтижелерге қол жеткізу мақсатында нақты бір ма-
мандық  шеңберіндегі  белгілі  бір  жұмыс  түрлерін 
кәсіпқойлықпен  орындай  алу  қабілеттіліктері. 
Маманның өз бойында бар кәсіби білімді, білікті, 
дағдыны  пайдаланып,  еңбегінің  жоғары  сапалы 
нәтижесін көруі /5/. 
Рягин  С.Н.:  құзыреттілік  –  әрекетті  бүтіндей 
жүзеге асыруға мүмкіншілік жасайтын қасиеттер, 
сонымен  қатар  жеке  тұлғаның  күрделі  интегра-
тивтік сапасы /6/. 
Л.Н.Болотов,  В.С.Леднев,  Н.Д.Никандров, 
М.В.Рыжаков:  құзырет  дегеніміз  –  адам  практи-
касында білім мен әрекет арасындағы қатынастар 
саласы /7/. 
Дж.Равен  жалпы  құзыреттіліктердің  моделін 
жасады. Ол 143 матрицадан тұрады 8/.
Дж.Равеннің  пікірінше,  құзыреттіліктер  құра-
мына мыналар кіреді:
1) жоғары деңгейде  қызмет ету  үшін  уәжділік  
пен  қабілеттіліктерге   ие  болу. Мысалы:  бастама 
көтеру, өзіне  жауапкершілік  алу, ұйымның немесе 
саяси жүйенің жұмыстарына талдау жасау;
2) субъективтік мәні бар іс-қимылдарға кірісуге 
дайындық. Мысалы: қоғамда болып жатқан  қозға-
лыстардың  бағытына немесе өз ұйымында болып 
жатқан  әрекеттерге әсер етуге тырысу;
3)  жаңалық  енгізушілерге  немесе  жұмыстың 
тиімділігін арттыру тәсілдерін іздеушілерге  көтер-
мелеу  сыйлықтарын  беру  және  оларды  қолдауға 
қабілеттілік пен дайындықтың болуы;

273
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
4)  адам  өмір  сүретін    қоғамның,  өзі  қызмет 
істейтін ұйымның қалай жұмыс істейтінін түсіну, 
өзінің  қоғамдағы  жеке  рөлін  басқалармен  бірдей 
түсіну;
5) ұйым  ішіндегі қатынастарды басқаруды си-
паттайтын  мағынасы теңбе-тең ұғымдар: тәуекел-
шілдік,  тиімділік,  көшбасшылық,  жауапкершілік, 
қатысымдық, теңдік және демократия, т.б.
Л.М.Митина  құзыреттілікке  білім,  білік,  дағ-
ды  және  жеке  тұлғаның  өсуіне  оларды  әрекеттер 
кезінде  қолдана  білу  қабілеттіліктері  жатады  деп 
дәлелдей отырып, жеке тұлғаның даму сатыларын-
да, қарым-қатынастарында әрекеттер кезінде олар-
ды қолдану тәсілдері мен әдістерін іске асырудың 
жолдарын көрсетеді /9/. 
Американдық  ғалымдар  құзыреттілікті  толық 
меңгерген  жеке тұлғалар туралы түрлі анықтама-
лар  берді.  Солардың  бірі  -  құзыреттіліктерді  то-
лық меңгерген маман дегеніміз - өз кәсіби маман-
дығын  жан-жақты  игерген,  әлемдік  сұраныстарға 
сай  білім,  білік,  дағдыларға  ие,  серіктестерімен 
бірнеше  тілде  қарым-қатынасқа  түсетін,  түрлі 
тиімді келісім-шарттар жасай алатын, өз ұлтының 
құндылықтарын  қадірлей  білетін  жеке  тұлға.  Со-
нымен  қатар  олар  құзыретті  маманды  әлеуметтік 
қызметтерді  және  оның  әлеммен  өзара  әрекетін 
біліктілікпен  атқаруға  қажетті  мүмкіндіктер,  кө-
кейтесті және бастапқы түрткілер, қарым-қатынас, 
сенім,  құндылықтардың  дамуымен  сипаттайды. 
Американ ғалымдары құзыреттіліктерді маманның 
нақты тұлғасының жалпы сипаттамасы ретінде қа-
растырады.  АҚШ  педагогикалық  ғылымында  құ-
зыреттілік – ол жеке адамның жалпы міндеттемесі.
Н.А.Мещерякова  құзыреттіліктерге  берілген 
анықтамаларды  зерттей  келе  былайша  тұжырым 
жасайды: «Дидактикада бұл ұғымға нақты анықта-
ма жоқ. Алайда көптеген зерттеушілер мына пікір-
ге  қосылады:  құзыреттіліктің  басты  белгісі  жеке 
тұлғаның сипаттамасы ретінде адамның тиісті қы-
змет саласында нақты міндеттерді табысты шеше 
білу білігі» /10/. 
Ғалымдар  Н.Д.Никандров,  М.В.Рыжаков, 
В.С.Ледневтердің  пікірінше,  «құзырет»  термині 
білім, білік, дағдыға ие болу т.б. ұғымдардың ор-
нына қолданылады. Олар: «Компетенция является, 
таким образом, сферой отношений существующих 
между знанием и действием в человеческой прак-
тике» /11/. 
Осындай берілген бірнеше анықтамаларды тал-
дай отырып, осыған орай туындайтын жаңа құзы-
реттердің  де  түрлерін  байқадық.  Мысалы:  білім 
беру  құзіреті,  бұл  студенттің  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптасуының  дамуының  деңгейі.  Ол  білімді 
сапалы  менгеруіне  байланысты  болады.  Бұл  сту-
денттің  тілдерді  менгеруіне,  әдебиет,  мәдениет, 
техника  т.б.  игеріп  тұлға  ретінде  қалыптасуына 
негіз  бола  алатын  мәселелерді  қамтиды.  Тіл  үй-
рету  үрдісінде  құзыреттіліктерді  қалыптастыру 
үшін әуелі «құзырет» және «құзыреттілік» термин-
дерінің  анықтамаларын  оқытушы  ажырата  білу 
керек.  Студенттердің  тіл  үйренуі  нәтижелі  болу 
үшін құзыреттерді, құзыретттіліктерді дамытудың, 
жетілдірудің  және  қалыптастырудың  маңызы  өте 
зор. Қорыта айтқанда, құзыреттіліктер білім, білік, 
дағдылардың  жиынтығы  болып  табылады  және 
бұларсыз тіл үйрету мүмкін емес екендігі мәлім.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Л.А.Петровская «Қарым-қатынас жасаудағы құзыреттілік» М.; 2002. 
2. А.В.Хуторский. Ключевые компетенции и образовательные стандарты. // Философское образование и теоре-
тическая педагогика. РАО. Центр «Эйдос» 2002. – 25-33с.. 
3. 
 Делор Ж. Образование: Необходимая утопия. (Докл. ЮНЕСКО) // Педагогика. 1998 №5 3-24 стр.].
4. 
Профессиональная педагогика. Под.ред. К.Устемирова. Научно-метод. Центр проф.обр. АИПА, А., 2005 – 
432с. 
5. Рягин С.Н. Формирование процесса обучения старшеклассников на основе профильной компетентности. Дисс. 
к.п.н.. Омск, 2001 -162стр.].
6. Болотов Л.Н., Леднев В.С., Никандров Н.Д., Рыжаков М.В. Государственные образовательные стандарты в 
системе общего образования: теория и практика. М., 2002.
7.  Равен Дж. Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация М.: Когито-Центр, 
2002. — 396 с.
8. Л.М.Митина Психология развития конкурентоспособной личности.М.2002.
9. Н.А.Мещерякова. Формирование информационной компетентности студенов экономических специальностей 
ВУЗ-ов при обучении объектно-ориентированному программированию. Омск, 2005. (Дисс. к.п.н.)]. 
10. Леднев В.С. Никандров Н.Д. Рыжаков М.В. Государственные образовательные стандарты в системе общего 
образования: теория и практика. М.,2002.

274
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет