ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31

ЕБІНІҢ ЖЕЛІ 

Ерітші, еріт,  

                     

Ебінің желі 

Емдеші қане,  

                       

деміңмен деме. 

Жел-құзымды алып көңілімдегі, 



Көтерші көкке,  

                            

желіңмен жебе! 

 

Бітірші маған жел-қанат демде, 



Берші бір сәтке қиял-ғаламды. 

Қанатымды тез қомдап ап мен де, 

Кезейін сендей қиян даламды. 

 

Сілкінейін де, серпілейін де, 



Үйірілейінші, жел дүлейін де. 

Ебі желіндей ебіл де себіл 

Сүйгім келеді елді менің де! 

 

* * * 



Ебінің желі лүп етті, 

Төбеден жүзіп бұлт өтті. 

Күнгейге шарпып нұр тепті, 

Беткейде бұлақ бүлк етті. 

 

Ебінің желі лүп етті, 



Лүп еткізгендей жүректі. 

Қызыққа толы түн өтті, 

Қалғандай қармап бір отты. 

 

 



* * * 

 

Ебінің желі, Ебінің желі, 



                                           

Ебі жел, 

Таңдайын қағып тамсанады екен тегіңе ел. 

Жеңіл емессің сен – еліктейтұғын серілер, 



Аруларға ұқсап әдетің де жоқ керілер. 

 

Жылылығыңды жұмақтың нұры депті ғой, 



Салқындығыңды жұмбақтың бірі депті ғой. 

Бірақ та қазір болжамның күні өтті ғой, 

Ғалымдар айтсын...  

                                   

Айтатын кезі жетті ғой. 

 

Ғалымдар рас, қуатын-күшін өлшер де, 



Жатқызар оны миллион аттық мөлшерге. 

Ебінің желі жансыз жел десе сенбеймін, 

Ғылымға-дағы, ғалымдарға да сенсем де. 

 

Ебінің желі таулардың мүмкін тынысы, 



Ырысы мүмкін, толғанда шашқан уысы. 

Қасиетті мұндай берді деп қалай айтарсың 

Таулардың жансыз қолаттары мен қуысы. 

 

Ебінің желі-ай сипатпай өтіп жалыңнан, 



Қақпадан шығып, қоңыр төс іздеп сабылған. 

Мен туған дала – Торғайға дейін жетесің, 

Аңсатқан сезім айырмай мені арыннан. 

 

Суысаң – суы, жылысаң – жылы мезгілдей,  



Саябыр тауып, селсоқтығыңды сездірмей. 

Ебінің желі-ай, сағыныш лебі секілді, 

Қашықтықтарды қаусыра берші көзге ілмей. 

 

 



ЕКІ  АБЫСЫН 

Екі абысын –  

Алпыстан кеткен асып, 

Бұйдаласып, бірге өскен ноқталасып. 

Бір әулеттің тілегін бірге тілеп, 

Бақа тірес болмаған, бақ таласып. 

 

Кіндіктеліп бір әулет көгеніне, 



Бірге көрді жаңаны, көнені де, 

Бір әулеттің тағдыры арқылы олар 

Қарайды енді кең дүние көлеміне. 

 

Кең дүниенің тарылып, кеңейгенін, 



Татар дәмнің жалғасып көбейгенін 

Көрді бірге... Бақтарды бастан тайған, 

Ішкен ірің болған-ды, жеген желім. 

 

“Елу жылда ел жаңа” деген рас, 



Ат тұяғын тай басар – ел арымас, 

Жігіттері серкедей сере құлаш. 

 

Сол қайнаға, сол қайын... 



                                          

со бір боздақ, 

Қабырғаны, түссе еске, сөге жаздап, 

Сөге жаздап сөге алмай кетті, бірақ, 

Өтер уақыт –  

                          

жараның орнын жазбақ. 

 

Екі абысын –  



                         

өткенннің бәрі ішінде, 

Бергісін де біледі, әрісін де. 


Ішке бүккен бір сырды бұл екеуі 

Іштен шыққан айтпайды бала үшін де. 

 

Бірі – ағаның әйелі, бірі – інінің, 



Білдірмейді өткенннің жымып, жігін. 

Кеше отттай шарпысқан абысындар –  

Бәйбішесі  байыпты бүгінгінің. 

 

Бірі – қазір қалада, бірі – ауылда, 



Екеуі де екі үйдің ылауында. 

Қор болады кей-кейді күйіп-пісіп, 

Келін менен баланың шылауында. 

 

Бірі ауылдан ет пенен май жіберіп, 



Бірі алма, не үнді шай жіберіп, 

Екі абысын алмасып сәлем-сауқат, 

Отырады өткенге ой жіберіп. 

 

Көгенделіп, бір әулет көгеніне, 



Өтті-ай, дүние... 

                      

дегенше «әне, міне» 

Бір әулеттің әзірге сыйластығы, -  

Екеуінің сыбаға-сәлемі ме?.. 

 

Екі абысын – алпыстан кеткен асып, 



Бұйдаласып бірге өскен, ноқталасып... 

Әлгіні ойлап қалады тызалақтап, 

Табандарын алғандай шоққа басып. 

 

Тамыр жайған емендей – екі абысын, 



Күйіп-пісіп бір әулет атағы үшін, 

Өмір сүріп жүргенін білмейді олар 

От басынан басталған Отан үшін. 

 

 

 

 

 



 

ЖАЛБЫЗ  ТУРАЛЫ  ЖЫР 

 

Екеуміз сол көктемді сағынармыз, 



Сағыныш -  сары бояу, қанығармыз. 

Сарыөзек сайға шығып, 

                                        

қайда құрып 

Кетті екен, қаймағы іріп сары жалбыз. 

 

Қаймақтай қайран жалбыз көз суырып, 



Көп еді соған құмар ессіз үміт. 

Әрлі еді, әсерлі еді, әдемі еді, 

Мен содан аман қалдым тез суынып. 

 

 



 

ЖАЛҒЫЗ КЕЛІНШЕК 

 

Бала бақшаға барады жалғыз келіншек, 

Баласын алады күнде жалғыз келіншек. 

Сәбиі кешке томпиып ерте ұйықтайды, 

Томсарып өзі қалады жалғыз келіншек. 

 

Қаланың үйі – қарауытқан төрт қабырға, 



Көшені әбден тыныштық басқан шағында, 

Тылсым бір күш кеп басады мұны иықтан, 

Қашады ұйқы, қалмайды дегбір жанында. 

 

Ұйқыдан тәтті тұрғысы келіп, тұра алмай, 



Тұрады ертең буыны құрып бұраудай. 

Жұмыста мұның сыртынан сөздер борайды: 

Бейшара-ау, – дейді, – беті-аузы неге бұлаудай?... 



 

Сыбырдың бәрін сезеді ол да сыртымен, 

Жалғызбастыға жабысқақ ғайбат ілкіден. 

Жұмыс бабында жымиып қойған болады, 

Көздегі мұңды көмгісі келіп күлкімен. 

 

Көздегі мұңын көмгісі келер күлкімен, 



Іштегі құмай арбасып сыртқы түлкімен, 

Өткен қызықты ойлайды ынты-шынтымен 

Алдында бар ма?.. 

                            

Жиырылар жаман кірпіден. 

 

Өзегін өртеп өткендей болар бір уыт, 



Өткендей болар жүректің  қылын суырып. 

...У тиген жерде сабағы қалған үгіліп, 

Тамыры тірі келеді бір гүл тіріліп. 

 

 

 

 

ЖЕР АТТАРЫ 

 


Қара Торғай – Сары Торғай, 

Қошалақ құм – Қарақұм. 

Сары Тосын – сары атандай  

Ботасындай – Балақұм. 

Түйемойнақ, Ақшығанақ – 

Қарт Торғайдың қанаты. 

Ешкіқырған – Қазасалған... 

Қандай-қандай жер аты! 

Көнген бейнет, көрген қызық, 

Келген бұйрық, кешкен тірлік – 

Бәр-бәрінің мандаты 

Кәсібінде, нәсібінде, 

Жалғыз сөзбен танытқан. 

Қалт кетпеген, 

Мүлт кетпеген 

Жібермеген сәл қапы. 

 

Неткен халық, 



Не қылған ел – 

Маңдай термен, 

Құса-шермен 

Махаббатқа мәңгі шөлмен, 

Атау жаумен аңдысумен, 

Атамекен – Жерге жазған тағдырын. 

Неткен халық, 

Не қылған ел, 

Қуанса да, 

Жыласа да, 

Тұла бойын мұң алса да, 

Отанынан жасырмаған барлығын. 



Жері жомарт, 

Елі де мәрт, 

Революция бораздасын 

Тартты Торғай далада, 

Ал Ыбырай 

Алтын сарай салғызған жоқ 

Салды сарай – санаға! 

Ал Иманов, 

Ал Жанкелдин 

Жанталасқан жандар ма екен жаны үшін?! 

Жан ұшырса, 

Сағы сынса, 

 

Ал немесе бағы туса, 



Тек халқының қамы үшін. 

 

Торғай алыс, 



Торғай шалғай – 

Құйттай Торғай картада. 

Әлібилер елден алыс, 

Жыртты намыс 

Тарих дейтін – аренада, 

Туған жерден алыс шалғай ортада. 

 

Торғай түкпір, 



Торғай қиян, 

Бір жағында құрдымы бар, 

Бір жағында Бетпақ жатыр, 

Бетбақтырмай мың жылдар. 

Сол өлкеге қоныс тепкен 


Көзсіз батыр бабамыз. 

 

... «Жүрек жұтқан» бабалардың 



Жас ұрпағы бүгінгі. 

Құрдымдарды құрғатты да 

Құлпыртты ғой тыңыңды. 

Боксит таулар – 

Байқоңырлар шұғыласы боп құбылды. 

 

Торғай алыс, 



Торғай шалғай, 

Құйттай Торғай кешегі. 

Ұлы Торғай, 

Жақын Торғай –  

Жүрегіме бүгінгі! 

Сендегі әрбір жердің аты – 

Бабалардың махаббаты, 

Бізге қалған аманаты, 

Тілде қалған – тірі ескерткіш, 

Тірі жеткен туынды! 

 

 

 



ЖОҢҒАР ҚАҚПАСЫ 

 

Әнеки, Жоңғар қақпасы, 



Тіреген қос тау – қос қолдап. 

Таулардың талай – алқасы 

Қарайды көкке аспандап. 

 


Барлықтың тауы, Тоқта тау, 

(Бекер ат жерге қойған ба?) 

Барлық көл келіп тоқтады-ау, 

Барлық ел тоқтап байламға. 

 

Немесе,  



               

жаудың бар күші 

Тоқтаған шығар – тоқырап. 

Тоқтатқан халық қарғысы, 

Немесе кие – топырақ. 

 

Немесе намыс не қайрат, 



Немесе аққан қанды жас. 

Қақпаға қарай атойлап, 

Қиылып талай қалды бас. 

 

Әйтеуір, қақпа аузында 



Төгілгені рас қызыл қан. 

Аққан да шығар қан-жылға, 

Қақпа да, мүмкін, бұзылған. 

 

Бұзылып қақпа бекінген, 



Мүжіліп тастар, жетілген. 

Шекарадағы тіршілік –  

Қыл суырғандай өтіңнен. 

 

Халықтың жаны ұшында 



Болған бұл қақпа – жан алқым. 

Заманның бейбіт тұсында 

Ұмытпау керек соны әркім. 


 

 

 



ЖҮРЕК 

 

Бәріміз де Адамбыз – жүрегі бар, 

Кермек дәмін тірліктің білер, ұғар. 

Бірі – бірақ шын күліп, шын жылайды, 

Жүре күліп, біреуі жүре жылар. 

 

Барлық жүрек соғады бірдей,  бірақ... 



Бірақ, бірақ бермейді бірдей қуат. 

Бірдей ысып, суынар барлық жүрек 

Барлық жүрек тұтпайды бірдей мұрат. 

 

Түсі бірдей, түрі де, көлемі де, 



Ісі бірдей игерер денені де. 

Біреулерге езіліп ет жүрегің, 

Жібімейді біреуге... себебі не? 

 

Алпыс алты тамырдың бәрін бірдей 



Әдіптеген, тіршілік «тәңіріндей». 

Тілсіз жүрек, 

           

бірақ та сол жүректің 

Бәрімізге өмір жоқ әміріндей. 

 

Ақыл ісін жүрекке артамыз да, 



Жүрек жара қуанып,  

                       

қорқамыз да, 

Жұдырықтай жүректі додаға сап 



Өтеміз... 

 

Өмір деген ортамызда. 



 

 

 

 

* * * 



 

...Қара бұлтты үйіріп, селмен ұрып, 

Дауылымен түйіліп желмен ұрып, 

Тағдыр мені тезіне салып алып, 

Жібергісі келді бір «пенде» ғылып. 

 

Бұлт артында білдім мен шуақ барын, 



Дауыл ғой деп – дәмемді құлатпадым. 

Сырғақтамай, сырғымай қарсы алғанмын 

Тағдырымның сыбаға – сынақтарын. 

 

Өарсы алмасқа жоқ ешбір айла-шарғым, 



Тағдырымнан қашанда қайда асармын? 

Тағдыр, саған мың да бір рақмет! 

Өкіндірдің. өксіттің, ойға салдың. 

 

 



 

КЕРЕКУМЕН КЕЗДЕСУ 

 

Баянауыл басында бұлт бар ма, 



Керекудің көгінде мұнар бар ма, 

Қалқаман мен Мамыр көл қосыла алмай, 

Орны жатыр. 


                        

Баяғы құмар бар ма?! 

 

Шідерті мен Шілікті арасынан 



Тұз тасыған түйеге сыңар бар ма, 

Махаббатқа «Қорландай» қойса ескерткіш, 

Машақатын көрген кім,  

                                          

сұрау бар ма?! 

 

«Мен кедеймін, адастым, кім жазықты!» 



Деп бозбала жаныман жылау бар ма, 

Тағы да бір бозбала тау-тас кезіп, 

Табанынан таусылып, шыдау бар ма, 

Қара Ертістің суындай арқаланып, 

Төгіп-төгіп алатын жырау бар ма, 

Сері бар ма Шәкендей,  

                                        

бала бар ма 

Қабдікәрім ақындай қуанғанда. 

Жә, жетеді тізбей-ақ 

                                    

осылар да 

Осынау топырақ аруағы бір аунауға. 

 

Бар, әрине. 



                    

Бәрі бар. Бәрі орнында, 

Бірі кейін, біреуі топ алдында. 

Соған орай сыйы бар заманның да, 

Соған орай салмағы бағаңның да. 

 

Қосылмаса, көл шығар қосылмаған, 



Ынтызарлық үлгісі ол – ғасырға аян. 

Махаббаттың мұңына мәңгі ескерткіш 



Қалқаман мен Мамыр көл, жасыл Баян. 

 

Осы өңірде тұз жалап, суын ішкен 



Сыңар түйе аумайды өң мен түстен. 

Елестейді ол өркеші мұнара боп, 

Пароход боп боздайды енді Ертістен. 

 

 



 

Сол бір түйе енді елес...  

                                          

ант атқандай, 

Еңбегіне куәлік, мандат қалмай. 

Екібастұз жылуын Орал тау мен 

Европаға ең алғаш сол тартқандай. 

 

Ол шөлдеген, ол білген, ол аңсаған, 



Сүрлеу салып жасампаз, заман, саған. 

Пирамида тасынан түрі бөлек, 

Эйфель мұнарасынан биігірек, 

Ең алғашқы кірпішті сол тасыған, 

Сараыарқада салынған, канал, саған... 

 

Қол жетпеген шын ғашық адамына, 



Жеткізбеген Қорлан ба, заманы ма!? 

Ол да білген, 

                        

бар мұңын кеткен айтып, 

«Келер ұрпақ қарар деп қабағыма». 

Бас ескерткіш – жүректе Естай әні, 

Тас ескерткіш әлі жоқ... болады да! 

 


«Мен кедеймін, неліктен? 

                                       

Кім жазықты?» -  

Деген ақын, мұң жұтты, у да жұтты. 

Соның бәлкім, арманы орындалған, 

Гүл-қауызда таскөмір бүр жарыпты.  

 

Тау-тас кезген бозбала далаға ынтық, 



Қуанышын ғұлама қабағы іркіп, 

Менделеев кестесін Сарыарқа ғып, 

Махаббаттан тұрар ед алабұртып. 

 

О, жарықтық кең заман, неткен рақат! 



Кен мұхиты – Кереку жатқан жалпақ. 

Екібастұз жылуы енді бүгін, 

Евразияға табиғи оттан да ортақ. 

 

Онда Баян басының бұлты да ортақ, 



Керекудің көгінде мұнар да ортақ. 

Топырағынан алынған тас көмірдей, 

Топырағымен жабылған мұңы да ортақ. 

 

Онда мұңға малынған жыры да ортақ, 



Мұңнан бақыт жасаған ұлы да ортақ. 

 

Дос елдерге жарық та, жылу да ортақ, 



ГРЭС-тердің, ГЭС-тердің атауы ортақ, 

Алыптардың даңқы мен атағы ортақ. 

Бәрі,  

           



бәрі, бәрі жұп, бәрі де ортақ, 

Жұп емес туған жерге – тек Махаббат!  



 

 

 



* * * 

 

Көктемгі қара жаңбырлар, қашан жауасыңдар, 



Қырлардың көгін өсіріп, көңілін ашар дауасыңдар. 

Қара жер қатаяр еді, аспанның нұры 

Жасыл шалғындарменен жасауламасаңдар. 

 

Сіркесі су көтермей – сонар даламыз, 



Сендер сіркірегенше алаң боламыз. 

Ұлан далаға көк, жасыл шалғындар шықпаса, 

Қайрақ қырларға қажалып, тәмамдаламыз. 

 

Беу, аспан, 



Жердің әділ жанары, жылап тынасың сұстансаң, 

Жалқы тақиям – қиналам апшып, қысқарсаң. 

Жердің әділ жанары, сен жыламас та едің, 

Көзіңе түспесе табанымнан ұшқан шаң. 

 

Айлап жаумадыңдар, айлап жоқ болдыңдар, 



Аңсап сағындық, қай жаққа тоқталдыңдар. 

Жерден ұшқан шаң аспанның көзін ашытқанда, 

Жерге ыршып төгіліп, қаймақ боп қондыңдар. 

 

Жарықтық тамшылар жерге сүйсініп жеткесін, 



Топырақ қалай түрленіп тіршілік етпесін. 

Ақын аспанымыз – иіп тұрғанда, 

Абай болайық, исініп кетпесін. 

 


22.03.69 ж. 

 

 



ҚҰДЫҚ 

 

Торғай,  



            

сенде құдықтар көп, 

Шыңыраудан су тартқан. 

Қара жердің жүрегінен, 

Қасиетімен қыл тартқан. 

Қапырық түтеп шөлдегенде, 

Кәусарыңнан бір тартқан, 

Жас сәбидей қуанушы еді, 

Жаңа шыққан құндақтан, 

Шеменіңде тағдыр жатқан, 

Шыңырауында талшық жатқан, 

Тамшысында сыр жатқан, 

Торғай,  

              

сенің құдықтарың 

Аумайды бір жұмбақтан. 

 

Кейде құмақ,  



Кейде қырдан. 

Кейде жырақ, 

Құм-шағылдан 

Саған жолым тірелер. 

Келем саған мен қаталап, 

Мейіріміңмен сен боталап, 

Екеумізді тең махаббат 

Мөлдіретіп жіберер. 



 

Екеумізде бірдей шөл бар, 

Бір кәусар бар, 

Бірін-бірі қандырар, 

Бір-біріне – махаббаттай 

Мәңгі ынтық,  

Мәңгі іңкәр,  

Мәңгі зар. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ҚҰЛ  МЕН  ҚАЙЫРШЫ 

(аңыз) 

 

Баяғыда,  



                 

құлдық қоғам тұсында, 

Әлде Үрімде, әлде Мекке, Мысырда, 

Әлде базар, әлде мазар сыртында, 

Әлде... әлде... әлдекімнің жұртында 

Кездесіпті қу қайыршы, шұнақ құл, 

Құл шұнақтың жаны алқымның ұшында, 

Қайыршының жұққан май бар мұртында. 

 


Қу қайыршы екі аяқ жоқ – бір кәріп, 

«Осы ғой деп ойлайтындай сорлы анық». 

Қарны тоқ па,  

                         

көңілді екен сол күні, 

Қос балдақпен ұшатындай қомданып. 

 

Құл бейшара,  



                        

құлақ кесті шұнақ құл, 

Қарашықта қарғыс атқыр сұрақ тұр. 

«Бүгін қалай, ертең қалай күн көрем?» - 

Шешілмейтін мәңгі сұрақ бірақ бұл. 

 

Құл асығыс,  



                     

ал қайыршы бей де жай, 

Ертең түгіл бүгінін де ойламай, 

Құлды келіп қағып өтіп аңдамай, 

Шыр айналды сапсыз шолақ балғадай. 

 

Алпамса құл салғысы кеп байбалам, 



Құл емес пе,  

                      

даудың артын ойлаған. 

Асыққаннан қаны тасып миына 

Қан сорпадай зығырданы қайнаған. 

 



Әй, сен неме, 

                          

Сіз немене?.. – деп қалып, 

Екіұшты оймен тұрғанында оқталып, 

Ғафу, ғафу, ғафу, - деді қайыршы, 



Салмақты айтқан сұрағынан сақтанып. 

 


Ғафу, - деді үстін сілкіп, сілкініп, 

Ғафу сұрап, тұр мысқалдап, тұр күліп. 

Құл мүсіркеп аяушылық сезіммен 

«Тұрсаңшы» деп тоқтап қалды іркіліп. 

 



Қарасаңшы, - дегенде құл, - көзіңе, 

Қарасаңшы, - дегені бұл, - өзіңе, - 



Мен көзіме, сен өзіңе қарасаң, 

Біз тағдырдың түсер ме едік тезіне?.. 

 

«Тағдыры не бұл сорлының, тезі не?» - 



Пәлесінен қашыпты бұл безіне. 

Құл бола ма құлдық ұрмай басқаға 

Құлақ қойса қайыршының сөзіне... 

 

                           * * * 



Мысқылдаумен, мүсіркеумен бір-бірін, 

Құлдық қоғам сүйретті ұзақ шылбырын. 

...Пролетарлар, бірігіңдер! 

                                              

Күл болып 

Көкке ұшады – қайыршылық, құлдығың! 

 

 

 



 

ҚЫРЫҚ БІРІНШІ ЖЫЛҒЫ КЕЛІНШЕК НЕМЕСЕ  

ЖАЗУШЫ ШЕРХАН МҰРТАЗАЕВҚА СЫР 

 

Сол келіншек сенің жеңгең, менің шешем еді ғой, 



Сенің барың, менің барым – көңіліне сеп еді ғой. 

Сен аяушы ең, мен аяушы ем.. ол аяйтын біздерді, 

Бұл сезімді кеудемізден өмір көсеп еді ғой. 

 

Бұл сезімді кеудемізден өмір көсеп... жылындық, 



Аяулы өмір, аяй білсе тәтті екенін ұғындық. 

Енді, міне, өтті бәрі, әттең, ғұмыр өтеді-ау, 

Ал әйтпесе, қайғы да жоқ, бақыт та жоқ ғұмырлық. 

 

Енді, міне, өтті бәрі... Үшеуміз де жетілдік. 



Сенен, менен, одан-дағы кетті, әрине, жетімдік. 

Екі еркекпіз, бір әйелміз – үш ұрпақпыз және де, 

Аяп өскен бірін-бірі кешсек-тағы  не тірлік. 

 

Ол, әрине, шашы қудай, бетіне әжім түсті ерте, 



Сенің-дағы балалығың бір жалт еткен түспен тең. 

Мен кеңшілік күндерде өстім, еркіндігім – құспен тең, 

Әке көрмей, көке көрмей алғаныммен іштен дем.  

 

Сен алдыңда жеңгеңді аяп, артыңдағы ініні, 



Ал ол болса, біздерді аяп – жібіді де иіді.  

Өзіңді аяп тұрғандарды – аяу екен қиыны, 

Үштік одақ едік біздер – аяулы өмір түйіні. 

 

Қаяу көрген, аяй білген – үштік одақ біз едік, 



Қайырым үшін, мейірім үшін саппен санат түзедік. 

Енді, міне, өтті бәрі... ғұмыр шіркін өтеді-ау, 

Қаяу көңіл, аяулы өмір біткенінде мұзы еріп.  

 

Бәлкім біздер көп қиындық көріп өскен, соңғымыз, 



Өткенді ойлап, келеді рас, соңғысы да болғымыз. 

Адамзатты мәңгі десек, табиғатқа теңесек, 

Не болады еріп кетсе мәңгі мұхит – мәңгі мұз? 

 

...Бір келіншек, бір бозбала, бір ерқара – ер бала, 



Бірі – кемпір, бірі – азамат, енді бірі болды аға! 

Енді, міне, бәрі бүтін, ғұмыр да әзір тұр жетіп, 

Өтіпті өмір... 

                        

Кетік көңіл... Бататыны сол ғана. 

 

 



 

* * * 


 

Қырық жаста келіншек. 

                                        

Қырық жаста. 

Қырық жаста әйелде –  ғұмыр басқа. 

Қырау, қылау, бозқырау шалығына 

Бұл жаста әйел үсімес, ұрынбас та... 

 

Бұл жаста әйел болғанмен қанша нәзік, 



Үйренеді сәл тоңып, сәл тоңазып. 

Қол байлаған тірліктен мойны босап, 

Азаяды зіл батпан арқада жүк. 

 

Қыз бойжетіп, ұлы да тұр ержетіп, 



Төрт құбыла қалғандай түгел бекіп. 

Әкесі енді дүниені дүрмек етіп 

Баяғыдай жүрмейді түнделетіп... 

 

Жүрек емдеп немесе бүйрек емдеп, 



Үйден ұзап шықпайды күйбелеңдеп 

Ал бұл болса – дені сау, бойы сергек, 

Мезі етеді бір сарын үйдегі ермек. 

 

Той-думанға, қонаққа бара қалса, 



Жүзінен нұр тарқамай, тарағанша, 

Би билейді дөңгелеп, ән айтады 

Шаршағанша, әуені жарағанша... 

 

Бұл жаста әйел – ынжық та ұяң емес, 



Бұл жаста әйел – шындық қой, қиял емес, 

Бойжеткендей ішінен бір булықса, 

Болмысы ғой... 

                           

болмысы зиян емес. 

 

Бұл жаста әйел – ойнаған қолда алтындай, 



Алтын құрғыр арбаусыз болмайтындай. 

Қорқады өзін біреулер арбайтындай, 

Қорқады өзін біреулер қорлайтындай, 

Қорқады өзі. Қорқады,  

                                        

қорықса да, 

Көзге түспей, әйтеуір, қалмайтындай... 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет