ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет23/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31

 

 

 

 

 


САРЫӨЗЕК – САНДЫҚБИДАЙЫҚ 

 

«Сарыөзек –Сандықбидайық» 



Атауы- сәндікке лайық. 

Атағы – қазақ даласы, 

Атамыз өткен қой жайып. 

 

«Сарыөзек – Сандықбидайық», 



Қырында өстім қой жайып. 

Араға жылдар түсті де, 

Соға алмай кеттім айналып. 

 

«Сарыөзек – Сандықбидайық», 



Соға алмай кеттім айналып, 

Тірлігімменен алыстап 

Кіндігімменен байланып. 

 

«Сарыөзек – Сандықбидайық», 



...Бір бала қойын жүр жайып, 

Оның да ұшар басынан 

Балалық дәурен – бір ғайып. 

 

 



  

СОҢҒЫ  ХАБАР 

Диктор Сауық Жақановаға 

 

Сауық диктор оқиды соңғы хабар, 



Не айтар екен, япыр-ай, мен қуанар. 

Мен қуанар, 



                     

менімен ел қуанар 

Сауық диктор оқиды соңғы хабар! 

 

Бір жаңалық айтады Сауық қазір, 



Қуанышқа боламыз қарық қазір. 

Сауық диктор,  

                    

сен неткен бақыттысың, 

Дауысыңды таниды халық қазір. 

 

Дауысыңды таниды халық қазір, 



Дауысыңа қуанып қалып та жүр. 

Ән айтпадым деме сен,  

                                       

ән айтпай-ақ 

Атақтысың талайдан анық қазір. 

 

Ән деген не?..  



                         

Әуелі сөзі болмай, 

Сөз деген не?  

                      

Салмағын сезіп алмай, 

Сол екеуін сарапқа сала алар ма ең, 

Сауық, сен сезіміңнің тезіне алмай. 

 

Сауық, сен  



                   

сезіміңнің тезіне алмай, 

Соңғы хабар оқыр ма ең сезіне алмай, 

Соңғы хабар күтеміз сағат сайын 

Қонақ күткен адамдай көзін алмай. 

 

Сан мың адам күтеді соңғы хабар 



Өзі және өзімен ел қуанар. 

Соңғы хабар жеткізген бір ауыз сөз 

Мүмкін... мүмкін құлақта мәңгі қалар. 

 

Мүмкін қалмас,  



                           

ауамен кетер тарап, 

Өтер секунд, минуттар, өтер сағат. 

Мүмкін сол ма – бір хабар, бір ауыз сөз 

Өміріңді өксітер қатал сабақ. 

 

Тіршіліктің жүректе мәңгі жанар 



Оты өшкенше –  

                            

күтесің соңғы хабар. 

...Сауық диктор оқиды соңғы хабар, 

Не айтар екен, япыр-ай, мен қуанар, 

Меніменен бірлесіп ел қуанар. 

 

* * * 


Тағдырдың басқа салғанын 

Тауқымет деуге бола ма?! 

Қаптаған қауым жан-жағың, 

Жалқы жоқ деуге бола ма?! 

 

Назамен сөнген намыстың 



Нарқы жоқ деуге бола ма?! 

Өзіңмен өзің алыстың, 

Талқы жоқ деуге бола ма?! 

 

Орыны толған дүние 



Олқы жоқ деуге бола ма?! 

Қалған соң дүние кімнен де 



Көркі жоқ  деуге бола ма?! 

 

Бола ма кесіп-пішуге 



Бола ма кесім айтуға? 

Дүние осы пішінде, 

Замана осы қалпында 

Тұрады деуге бола ма, 

Тұратын болса егер де, 

Сәулелі оймен санаңа 

Келешегіңді көгенде. 

 

«ТАЗА БҰЛАҚ»  БАСЫНДА 

(баллада) 

Құлашын Қызбел таудан соза құлап, 

Ағады мөлдір бұлақ – «Таза бұлақ». 

Бір кезде ағартушы Алтынсарин 

Суреттеп жазған бұлақ, ғажап ұнап. 

 

Бұл бұлақ көне дала өткеніне, 



Білмейміз риза ма, өкпелі ме! –  

Бір кезде диқан Қыпшақ Сейітқұл кеп 

Сүйеніп тұрған мұнда кетпеніне. 

 

Бұл бұлақ – бұла бұлақ, тұма бұлақ, 



Тарихы одан да әрі жырағырақ. 

Бір кезде ат суарған сардар, сарбаз 

Атойлап қызыл туды қырда бұлғап. 

 

Бұл бұлақ сан жолаушы, сан ұрпақты 



Тазалық, мөлдірлікпен таңырқатты. 

Айтқандай Алтынсарин, құйттай бұлақ 

Даланың даналықпен бабын тапты. 

 

...Сол бұлақ, 



                   

сол бұлақтың жағасында, 

Ауыл тұр қаққан жаңа қадасын да. 

Ыбырай Алтынсарин атындағы  

Жас совхоз – көне Торғай даласында. 

 

Жоқ әлі бұл ауылда сән-салтанат, 



Әзірге өңкей үміт, өңшең талап. 

Жас совхоз кеңсесіне кеше көшті, 

Жаз бойы жүрген шатыр-кеңсе арқалап. 

 

Құт қоныс құба жонға талай пайда, 



Ақ шаңқан ауыл өсті алаңқайда. 

Мың-мыңдап жер жыртқанмен, 

                                               

бірақ, биыл 

Бұл ауыл асықпайды сабантойға. 

 

Шымырлап «Таза бұлақ» шым-шым ағып, 



Барады әр тамшысы бір сыр алып. 

 

Маңайда қарабарқын күздік жатты. 



Мақпалдай топырағынан бу шығарып. 

 

Бұлақтан әріректе қос басына, 



Диқандар жиналған кез кешкі асына. 

Құйғытып қара жолман келе жатты, 

Сол кезде қос қапталдан қос машина. 


 

Бәлкім, бұл жолаушы ма, әлде өкіл ме, 

Басшы ма шаруа сұрар сол бетінде. 

Жүр еді қос басында жас директор, 

Қылпылдап сан сауалдың қалды өтінде. 

 

Жас жігіт – жас директор тұрған қылпып, 



Замана қызығына құмар да ынтық. 

Шалт мінез, шапшаң да тез, қимылы ілез

Шамалы шырғалаңды шығар жұлқып, 

 

«Е, мейлі, кімде болсаң жолаушысың, 



Бал бұлақ таңдайыңа болар сусын». 

Әзілмен жұбанады жас директор, 

«Бар ғой деп Ыбырайдай қолдар кісім». 

 

Бұлаққа жеткенде олар дем арасы, 



Байқалды анадайдан шама жасы. 

Біреуі – «Бидайықтың» жігіттері, 

Біреуі – ардагер қарт, ел ағасы. 

 

Әп-сәтте сәлем беріп, сәлем алып, 



Қауым жұрт алқа-қотан бола қалып, 

Жол болсын! 



Әлей болсын! –деп жатқанда, 

Ортадан ардагер қарт дараланып, 

Дауысы сәл дірілдеп,  кетті сөйлеп: 

 



Жастықты бекер айтпас отпысың деп, 



Заманның оты – сендер, шырақтарым, 

Отымен Отан ыстық, - деп мүсіндеп, 

Бейнелеп, теңей сөйлеп, тебіреніп кеп, 

Біз-дағы жерді баптап, жерді емдік, - деп. 



Қоржыннан қолындағы ала берді 

Ұқыппен әлденені келген бүктеп. 

 



Жылдарда жиырмасыншы ашпа-жалап, 



Келдім  мен бұл бұлақты баспаналап. 

Сепкенмін қап түбінде қалған дәнді, 

Әрқайсын көзден тамған жасқа балап. 

 

Сонда мен санап сепкем түйір дәнді, 



Түйір дән тіршілік боп бұйырған-ды. 

Бұйырған сол тіршілік бір әулетке 

Жалғады қияндар мен қиырларды. 

 

Тараған сол әулеттен нелер ұрпақ, 



Топырақ сендер басқан – жер жарылқап.     

Суырылып ақын шықты сол ұрпақтан, 

Қарайтын ғалым шықты ел таңырқап. 

 

О, тоба, ең бастысы – сендер барсың, 



Әуелі Диқан керек жер болғасын! 

Диқанның еңбегінсіз күнің бар ма, 

Кіндіктен қара жерге жалғанғансын. 

 

Бұл бұлақ көп тірлікке болған талшық, 



Талматқан талайларды қалған қаңсып. 

Басынан шөл қанғанша өткен де бар, 

Бекерге тебіренгенсіп, толғанғансып. 


 

Зымырап өтті жылдар... күйті келмей, 

Басына бұл бұлақтың үй тігілмей, 

Бауырына бұл қыраттың дән себілмей, 

Сол мені ойлантатын ұйқы бермей. 

 

«Орнады жаңа совхоз» -  



                                     

дегенді естіп, 

Жаз бойы бір әулет боп елеңдестік.    

Бар еді сол әулетке ортақ мүлік, 

Хақында сол мүліктің көп кеңестік. 

 



Берсек пе! -  

Бермесек пе?! –  

Екіұдай боп, 

Тыңдады олар мені тоқырай кеп. 

Кемпірім кемсеңдеді: «Ең болмаса 

Музейге бермедің-ау, бәтір-ай», - деп. 

 

Ол мынау, 



                  

сынық кетпен – сүйем темір,  

«Тәйір-ай» деп біреу күлер, біреу кейір. 

Бұл темір көшпендінің көп әулетін 

Тұяғы қалмағанда тігерге бір. 

 

Асырап, алып қалған аман сақтап, 



Сан ұрпақ талай шыңдап, талай саптап, 

Сейітқұл кетпенінің бір сүйемін 

Жеткізген сөйтіп бізге, заман – соқпақ. 

 


Немере, шөбересі, шөпшегі ұстап, 

Заманы Сейітқұлдың кетті алыстап.  

Бұл кетпен енді бүгін өздеріңмен,  

Көненің көзі болып төс қағыспақ, 

 

Сол Қыпшақ Сейітқұлдың нәсілі ем мен, 



Осы өлке, осы өңірде өсіп-өнген. 

Жылдарда жиырмасыншы жаңағы айтқан 

Сау қалдым, осы кетпен, осы қолмен. 

 

Сондықтан, сүйем темір – сынық кетпен, 



Төрінде  біздің үйдің тұрып көптен, 

Мүлкіндей сақтап едік бабамыздың, 

Қолымен керегеге іліп кеткен. 

 

Қимадық ешбір музей сөресіне, 



«Береміз, береміз» деп келесіде.  

Әкелдім соны Ыбырай ауылына –  

Дән сепкен «Сейітқұлдың төбесіне». 

 

Сыйлаймын солардың жас әулетіне, 



Ескерткіш болады деп елге түге. 

Ал сендер, енді кетпен  ұстамассың, 

Тек, бірақ, табаныңды жерге тіре! 

 

Осы сөз белгісі деп – осы мұра, 



Теңгеріп бабалардың асылына, 

Ұстаңдар,  

                

қайсың совхоз директоры, 

Әкелдім ауылыңның шашуына. 


 

Сол кезде жас директор тұрды ұшып, 

Қарт оны бір минутке тұрды құшып. 

«Бидайық» - көрші совхоз жігіттері 

Әкелді алқа-масақ жүгірісіп. 

 

ТЕПЕ-ТЕҢДІК 

Денеме тарап деміммен жұтқан ауасы, 

Туған жер, сенен жаралдым білем, шамасы. 

Мен ғана емес, туған жер, сенің перзентің 

Адамзат барда – адамның бүкіл баласы 

 

Бұл жұмыр жерде туған жер емес жоқ нүкте, 



Белдіктерде де, байлықтарда да, ендікте. 

Сағыну керек, табыну керек сондықтан, 

Туған жер деген табиғи тепе-теңдікке. 

 

ТҮС 

Көк аршасын Тосынның  

Көрем кейде түсімде. 

Көкорай құм – жасыл құм, 

Жүрем соның ішінде. 

 

Сонау жылғы сар бала, 



Құм ішінде қой бағам. 

Елегзимін сәл ғана, 

Есесіне – ойланам... 

 

Танауымды жарады 



Көк аршаның иісі. 

Әтірдейін бұрқырап 

Тұрады бір құм іші. 

 

Аспанда бұлт көк шұбар, 



Айналамда – көк шынар. 

Көзім алды – көк мұнар, 

Көйлегім де көк шығар. 

 

Дүние маған – көк арша 



Көк қабығын аршыған. 

Көзімді ашып қалғанша, 

Қасқыр шапты қойыма, 

Басқа түк жоқ қамшыдан, 

Сол түседі ойыма. 

 

«Қап, қап енді не істеймін?» -  



Деп, ернімді тістеймін. 

Көк аршаның бір түбін 

Сойыл ету іштей мұң, 

Іштей мұңнан қиналам, 

Қасқырдан да қорқамын. 

Бар күшімді жинаған 

Бір-ақ рет сарқамын. 

 

Не жеңілем, не жеңем! 



Тәуекел, 

               

күш тежемен. 

Сындырмаймын аршаны 

Кейін тартып кежегем. 

 


Жо... жоқ, дүние көкпеңбек, 

Көк аршамды сындырман. 

Оянам ақ тер, көк тер боп 

Түс дейтұғын – құрғырдан. 

 

ШӨПКЕ БАРҒАНДА 

Ағам Төлеуге 

Салыңқы,  

                  

салқы, сары күз 

Айдау жол. Арба. Кер өгіз. 

Шалғынның иісі – дәмеміз, 

Сарыөзек жаққа келеміз. 

 

Сыздана салып салмағын 



Тобықтан түскен бозқырау. 

Аяздың жақын қалғанын 

Айтпадық...  

                     

Іштей сездік-ау. 

 

Қамысы көлдің қау болып, 



Сыбыры, сазы сиреген. 

Саяқ жел қырда сау желіп 

Сыңайын салқын билеген. 

 

Сәскеде жалпақ жон үсті 



Ақтылы тұяқ – құт дарып. 

Қара оты қалған өрістің 

Қайызғақ шаңы бұрқ та бұрқ. 

 

Көрінді көздің ұшында 



Ескі бір қыстау, кейпін көр. 

Сен айттың: «Соның тұсында 

Сандықбидайық – дейтін жер». 

 

Содан соң өзің үнсіз қап, 



Ойға бір баттың шамалы. 

Көк аспан жүзі мұң сыздап, 

Көмкеріп тұрды даланы. 

 



Әнеки, «Бурылбидайық», 

Әнеки, «Сандықбидайық». 



Ойдым да ойдым шалғынға 

Отар да отар қой жайып, 

Сұйылды шөбі деп жүр ғой, 

Сөлі де суға айналып. 

 



Жә, - дедің, - жә, сен көрмедің, 



Менің де бала шағымда, 

Осынау ойпаң шеңберін 

Су қаптап жазға салымда, 

Содан соң жарты ай өткенде 

Бұла бидайық түрленіп... 

Ішіне сүңгіп кеткенде 

Құлын-тай тұрар күрмеліп. 

 

Қылпылдап шалғы, орақтар 



Түсетін ойнап жасындай. 

Шалғышы біткен –  

                                 

бәрі атпал 

Жігіттер сайдың тасындай. 


Сәріде салған шалғыны 

Сәскеде бір-ақ суытып, 

Саяға келіп барлығы 

Шаршағандарын ұмытып: 

Жарықтық, - дейтін, - жерді бір 



Жарылқап нұрдың сіңуі-ай. 

Қимылдайық ал, енді бір 

Ет-қызуымыз суымай. 

 

Ат тырма жегіп, жұтынып, 



Келуші ек біз де түсте де. 

Аузын ашып құтының 

Дейтінбіз: «Сусын іш, көке!» 

 

Көк шөпке белден көміліп 



Жатқанда көкке сүйсіне. 

Шалғыннан шырын төгіліп, 

Мас болушы едік иісіне. 

 

Қол орақ, шалғы, тырманы 



Көрдің ғой сен де,  

                                

дегенмен... 

Анау бір, анау жылдары 

Көбірек көрдім сенен мен. 

 

Совхозда көп қой машина 



Сұрасаң білем берерін. 

Арбамен ертіп қасыма 

Шөпке алып шыққан себебім: 

Сондай бір шалғын иісін 



Иіскеп қайтсаң деп едім... 

 

Байқамадыңыз, сіз, тегі, 



Ағажан, тоқта, - деп қалғам, - 

Жаз емес қазір,  

                           

күз соңы, 

Шалғынның бәрі шөп болған. 

 

Сонда сен маған қарадың,  



Қарадым сонда мен саған. 

Қабарып тұрды қабағың 

Қыруар сұрақ самсаған. 

 

Салыңқы,  



                  

салқы, сары күз, 

Айдау жол. Арба. Кер өгіз. 

Шалғынның иісі – дәмеміз, 

Шөп тиеп алып келеміз. 

 

* * * 



Япырмай,  

                 

уақыт деген осы екен ғой, 

Балыңа, балаусаңа өш екен ғой. 

Балалық – жалғыз бақыт...  

                                       

Қалған ғұмыр 

Балалықпен тайталасың, бәсекең ғой. 

 

Балалық тәтті елес қой, тәтті түс қой, 



(Түс екеш түстің өзі қақтығыс қой). 

Балалық – бейкүнә сәт, періште сәт, 



Алғашқы және ақырғы ақтық іс қой. 

Аңғармай алақаннан шашып алған 

Бір уыс балалығың ақ күміс қой... 

 

Сол күміс жылт-жылт етсе кейде бізге, 



Үміттің желкені етіп келеміз бе?! 

Қалмаса қорқынышты-ау,  

                                            

бала күннің 

Бір елес – бір белгісі денемізде. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЛАЛЫҚ  ШАҚ  БАЛЛАДАЛАРЫ 

 

(1986 ж., «Жалын» баспасы) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айтсын ұрпақ атынан 

(фрагмент) 

 

Мен туғанда ұлы жеңіс жылы еді, 

Сұм соғыстың бітті әйтеуір сүреңі. 

Қуанышқа, қайғыға да күпті елдің  

Түсе қойған жоқ орнынан жүрегі. 

 

Түсе қойған жоқ орнына жүрегі,  



Кіре қойған жоқ әлі де реңі. 

Бес жыл бойы қайғы жұтқан қан жұтқан 

Қайран елдің қандай жаны сірі еді. 

 

Қайран елдің қандай жаны сірі еді, 



Жылай жүріп, жоқтай жүріп… күледі. 

Әр жүректе жара барын біледі, 

Әр тілекте «тоба» барын біледі. 

Өлгендердің оралмасын біледі, 

Орнында бар оңаларын біледі. 

Адамзаттың арын төккен соғыстан  

Келер ұрпақ кек аларын біледі. 

 

Ел біледі,  



                  

біледі ел барлығын, 

Қолға тастай ұстайды енді тағдырын. 

Уақыт – емші,  

                       

бірте-бірте құрғатар 

Көз жасының көлшік-көлшік жаңбырын. 

 


Ал әзірге жара сыздап, жан мұздап

Талай жесір, талай жетім жалғыз қап. 

Аяулы әке, адал жарын күтуден 

Мың-мың көздер боталайды андыздап. 

 

Біреу келді… 



                       

Келді ерте, келді кеш, 

Енді біреу айтып кетті мәңгі «Қош!» 

Соғыс бітті. 

                     

Бейбіт майдан басталды – 

Махаббат пен шапағаты мол күрес. 

 

Соғыс салған күйік пенен жараны, 



Тек махаббат, мейірім емдей алады. 

Жүрегі удай ашыса да, 

                                      

сондықтан 

Емен-жарқын еді елдің қабағы. 

 

Жарым көңіл көтерумен келісіп, 



Өле ішкенше,  

                      

қолда барды бөле ішіп. 

Жүдеу иін, жыртық иық жамиғат 

Жарық дүние көргені үшін көрісіп. 

 

Жылап-сықтап, көздің жасын бір сығып, 



Бір уһілеп, алады бір күрсініп. 

Одан кейін тірі пенде қыбырлап, 

Басталады жеткізбейтін тіршілік. 

 

Біреу әне, аяқ молақ, қол шолақ, 



Ерден ұстап аттан түсті домалап.  

Енді біреу шолақ қолын демеу қып, 

Шөмелеге салды айырын шамалап. 

 

Енді біреу атын да ерттеп міне алмай, 



Түп етектен шорт кесілген шынардай. 

Болса-дағы,  

                 

тамыры аман қалған соң, 

Бұтақ жайып кетті көктеп суалмай. 

 

Енді біреу бұлт айналса төбеге, 



Оқ тигендей қалшылдайды денеге. 

Кегі қайтқан, 

                      

жан жарасы жазылған, 

Тән жарасын қайсар солдат жеңер ме? 

 

Жеңе ала ма,  



                      

оқтың уын, уытын, 

Жарық дүние жағар ма екен үмітін. 

Енді біреу… қалш-қалш еткен қария 

Қалды ұрпақсыз, 

                       

соны ойлайды күндіз-түн. 

 

Ал біреуде жар некесі алғашқы, 



Тағдыр заңы… 

                         

амалсыздан алмасты. 

Ал бір үйде әкесі жоқ ұл туды, 

Әкесі жоқ. 

                          

Өмір бірақ жалғасты. 

 


Жер бетінде сан мың адам жылады, 

Біреу қайыр, біреу көмек сұрады. 

Мұның бәрі сұм соғыстың кінәсі 

Сол соғысқа бірақ адам кінәлі. 

 

Сол кінәні жуып-шаяр –  



                                            

тірі адам , 

Ал күнәһар құтылмайды күнәдан. 

Бүкіл,  бүкіл соғыстардың мойнында 

Келіншектің көз жасы бар жылаған. 

 

Мен де сондай жылап туған шарана, 



Бейбіт күннен берді жарық замана. 

Іңгәлаймын тал бесікте бөлеулі, 

Тылсым заңмен ұмтыламын Анама. 

 

Анам маған ақ көкірегін ашады, 



Ана сүтін аузыма әкеп тосады. 

«Уызыңа жари көрші, жан ботам! » 

Алпыс екі тамыры иіп босады. 

 

Мен білмеймін, 



                     

сойқан соғыс өткенін, 

Сан жүректі күлпаршалап кеткенін. 

Мен білмеймін,  

                     

дүние – дүние болғалы 

Көз көрмеген азапты адам шеккенін. 

 

Мен білмеймін,  



                             

дерті, өрті соғыстың 



Соғыстан соң сансыратып Жер үстін. 

Сан ұрпақтың кеудесінде тас болып 

қалатынын жібімейтін беріш-мұң. 

 

Соғыс заңы – не өмір де, не өлім! 



Соғысқанның ұраны тек «жеңемін!» 

Соғыстан соң  ашу керек, Адамзат, 

Жеңу менен жеңілудің себебін. 

 

Қара күш пе, 



                         

әлде айла-амал ма, 

Беріктік пе, бекініс пе, қамал ма? 

Келешектің құрбаны еткен әлде өзін 

Ырқы күшті, рухы күшті адам ба?! 

 

Соғыстан соң – бәрін елеп, екшесе, 



Онда адамзат қанын судай төкпес ед. 

…Тауқыметтің  кім біледі біз білмей, 

Соғыстан соң өртеңіне көктесек. 

 

Соғыстан соң –  



                       

көз көргеннің барлығы, 

Адамзаттың соғыс салған тағдыры. 

Сұм соғыстың зіл-заласы соңында, 

Соңында ғой қайғысы мен зар-мұңы. 

 

Соңында ғой – күйініші, күйігі, 



(Соңында ғой – бар дүниенің түйіні). 

Жесір әйел көрсетпейді көз жасын, 

Жетім ұлдың бүлкілдейді бүйірі. 


 

Кемтар-кәріп құнын кімнен сұрайды, 

Сұрамайды,  

                   

жыламайды –  

                                           

шыдайды! 

Ерлігіңе көзі жеткен күллі әлем 

Соғыстан соң төзіміңді сынайды. 

 

Төзді. 



Күтті, 

           

сары алтындай сабырмен, 

Көктен көмек сұраған жоқ, тәңірден. 

Уа, туған ел, соғыстан соң сен бізді 

Толғатқансың жарақатты тәнімен. 

 

Соғыстан соң… соғыстан соң барлығын 



Танып өстік туған елдің тағдырын. 

Ал сан ұрпақ қырық жасқа келіпті, 

Қырық жылдай жұтып бейбіт таң нұрын. 

 

Біз сол ұрпақ - өртеңге өскен көк құрақ, 



Соғыс көрмей, көргеніміз көп бірақ. 

Зіл-заласы соңындағы соғыстың 

Санамызға батты біздің қаттырақ. 

 

Ал сол ұрпақ айтсын соғыс соңынан, 



Көз көргенін… 

                          

сәби шақтан таныған. 

Алдыңғыға баға берер соңғы ұрпақ, 

Айналайын, Заман – тарих заңынан! 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет