ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет5/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

                   

ҒАНИ АҒА 

Қара тас түнді шақпақша шағып қақ жарып, 

Алтынның түсі секілді бейне ақ жарық. 

Аспаннан бір сәт тұрады, - дейді, - нұр сеуіп, 

Тілегің қабыл, көрсең бір соны бақ жанып. 

 

Қасиетті нұрдың белгісіз қашан жауары: 



Қызыл іңірдің тарқаған соң ба зауалы, 

Қоп-қою түннің торлаған тұс па қамалы, 

Қаққанша қасты қанатын жайған сол нұрдан 

Адалдық тіле, адалдық қана дауалы! 

 

Сипатын нұрдың суреттей алмай тілменен, 



Салыстыра алмай Айменен яки Күнменен. 

Айтатын жұрттар: «Төбесінде айлап тұрса да, 

Бірде бір тілек тілемейді, - деп, - білмеген». 

 

Айтатын және біреулер «мынау қай таң» деп, 



«Қап» деген сөзді қадір түн өте айтар деп. 

Ей, халқым менің, аңтарылушы ең аспанға, 

Қадір түн түгіл, боп шықты көкте сайтан жоқ. 

 

Сен оны білдің, біле де жүріп алдандың, 



Сол емес пе деп жұлдызға да аққан таң қалдың. 

Қасыңда бірақ қадір түн туып қаншама, 



Жарығы болып үзіліп жатты жалғанның. 

 

Қадір түндердің қонысы қара жер екен, 



Өрісі – халқы, өсірген орта елі екен. 

О, тоба, тоба! Менде де біраз болыпты-ау, 

Шарапат түндер, шұғыласы болған мерекем! 

 

Наразы туып нарқын біліп ең халқыңның, 



Ширек ғасырға сыя алмадың ба, шарқ ұрдың. 

Қамба қазғанда қара топырақтан кезіккен, 

Сәулесіне ұқсап сіңдің бе сен бізге алтынның. 

 

Беу, Ғани аға! 



                     

Сен де бір қадір түн едің, 

«Ұзақтау жан» деп үзіліп тұрып тіледім. 

Сәулесі сіңсе сәулетті келешектерге 

Өтірік екен «өзекті жанға бір өлім». 

 

             



  

ДӘМЕТЕМІН, МАХАББАТ 

Шын ләззат күтемін тағы сенен, 

Шын рақат күтемін тағы сенен. 

Дүр сілкініп жүрегім дір етті ғой, 

Дәметемін, махаббат, әлі сенен. 

 

Лебің самал желпитін жел боп жетсең, 



Көңілім қалар тағы да келмей кетсең. 

Қайтейін мен дәметпей, бұрында бір 

Дәметкізіп, дәнеңе бермей кетсең. 

 


             

ЕКІ  ҚАЗ 

Көліме былтыр ерте қонып ең, екі қаз, 

Көлімнің бетін күлімсіреткен екі қаз.  

Кешіктіңдер ғой, сыңайы салқын аспанның, 

Жылым сулардың болғаныменен беті жаз. 

 

Кешігіп биыл талықсып ұшып келгенде, 



Тәнті етер сыйлық таба алмай жүрмін сендерге. 

Көк құрақтарын көп орып едік өткен жаз, 

Қарсы алар ма екен жатырқап жайдақ көлдер де. 

 

Көк аспаныңның кеңістігіне тайғанап, 



Аққуларменен араласып кел, ай қабақ. 

Жалаңаш көлдерді айналып өтіп қаңқылда, 

Қаңқылдаңдаршы, қонысым менің қайдалап. 

 

                                    * * * 



                      

Ғ. Қайырбековке 

Екі-үш үй көшті ме екен Дүбірдегі, 

Екі ши өсті ме екен түбірлері. 

Желпініп бір өте ме екен қырат-қырды 

Жәннат леп жұп-жұмсақ жел іңірдегі. 

 

Жалғыз бұлт көкжиекте қосақталмай, 



Жалғыздық жан жүйесін босатқандай. 

Жібісе, желпи соққан қияңқы жел, 

Шайқай ма шалғындағы шашақтардай. 

 

Елгезек есіле ме ерке бұлақ, 



Еңістен көсіле ме ерте құлап. 

Ертерек тілі шыққан бұлақтардың 

Бал мезгіл балалығы келте бірақ. 

 

Шайқалып шарбы бұлттар сейіле ме, 



Шайпау жел ауады екен ойы неге?.. 

Екі-үш үй төбесіне бұлт айналып,  

Иіп бір берер аспан пейілі – ене. 

 

Екі-үш үй қара құрым туырлығы, 



Тұр ма екен тарқатылмай уық жібі. 

Жүр ме екен бәйек болып бәйбіше - әже 

Пісіріп соңғы сауған иіндіні. 

 

...Екі-ши көшті ме екен Дүбірдегі, 



Екі ши өсті ме екен түбірлері. 

Көшкенде өскен шығар, қараша қос, 

Қайда екен бірді-екілі жүгірмегі. 

 

Жайқалып алуан тамыр гүл ашқанда, 



Шайқалып бала бұлақ қыр асқанда, 

Найқалып өскен шидің ортасынан 

Шаншыла ұшса бір құс ніл аспанға... 

 

                                            * * * 



Жарқыным-ау, махаббат өрт екен ғой, 

Мерт етердей адамды дерт екен ғой. 

Он жетіде үйлену ерте екен ғой, 

Жарқыным-ау, махаббат жалқы екен ғой. 

 

Жарқыным-ау, махаббат жалқы екен ғой, 



Шын ғашықтар зар болу салты екен ғой. 

Он жетіде қол жетпеу ойлағанға, 

Махаббаттың мәңгілік нарқы екен ғой 

 

Жарқыным-ау, махаббат мұң екен ғой, 



У екен ғой, не зәмзәм су екен ғой. 

Он жеті жас өзі емес махаббаттың, 

Маңайында естілген шуы екен ғой. 

Шуылымен, шуымен алдамаған 

Ақ махаббат бары рас, шын екен ғой. 

 

ЖАСТЫҚ 

Көктемгі бір өзеннің тасқынымысың, 

Көбігін көкке ататұғын көкек айында. 

Жаз алыс.  

                   

Аптабы сорып бастығу үшін, 

Жастық-ау, болсашы уайым бөтен ойыңда. 

 

Жағаңда жап-жасыл құрақ, қурай да балдай, 



Құсың жоқ шырқатпайтұғын, қондырмайтұғын. 

Елесің кетерде жоқ та, туғанда бардай, 

Жастық-ау, уақыт па едің қол бұлғайтұғын. 

 

ЖЕҢІС ЖЫРЫ 

                

Өтежан Нұрғалиевке 

Қозатын «қоға» десе намысымыз, 

Өртеңнің орнындағы қамысымыз. 

Жел тұрсын, самал соқсын бұл маңайда, 

Бірінші шыққан біздің дауысымыз. 

 

Жел жоқта қамыс басы майда құрақ, 



Үкідей үлпілдейді ойланып ап. 

Сабағын қағыстырып табыстырған, 

Қолаң жел – қойдай жуас қайда бірақ?! 

 

Дауылы соқпай жатып байқалған соң, 



Дауысы шықпай қайтсін, шайқалған соң. 

Ерлік сол – жел өтінде тұрсаң дағы 

Еркелеп шындығыңды айта алған соң. 

 

 



                      * * * 

Жылдар қалай зымырайды, ағажан, 

Шапшып аққан суларға ұқсап сағадан. 

Самайыңа ақ кіреді аңдатпай, 

Суық қолдай жас күніңді тонаған. 

 

Бірте-бірте көздегі үміт мұнары 



Сейіледі, кеудеңе кеп тұнады.  

Құйттай жүрек құйын мінез, құрғырым, 

Тыпыршиды, қанадан тыс ұрады. 

 

Қанат бұлғап қайтқан құстай төбемнен, 



Күн өтеді... көлеңкесін көрем мен. 

Мені анау жыл қытықтайтын қыз даусы 

Қарт әншінің әуеніндей көнерген. 

 

Көз алдымда керуен көлбеп дәл мына, 



Көнерген де, жаңарған көп орнына. 

Қысқа жіптей келмесең де күрмеуге, 

Қайран жастық,  орның сенің толды ма?  

 


ЗАМАНМЕН ДИАЛОГ 

Адам кейде албырт та алаңғасар. 

Айдай жолда қияс бір қадам басар. 

Адам – кеуде жоқ шығар жарақатсыз 

Қияс қадам кейде бір жараңды ашар. 

 



“Әмән нашар болғам ба, әмәнда осал” - 

Деген бір ой сезімге қамал жасар. 

Өзіңді өзің алдымен жегідей жеп, 

Ақтарылғың келеді Заманға сәл. 

 



Жолдас Заман! 



                            

Мен саған Замандаспын, 

Сан мүдіріп, сүрініп қадам бастым. 

Зымырансың, жылдамсың,  

                                              

кешір мені, 

Мен сенімен зымырап аға алмаспын. 

 

Ырза емеспін өйткені кей күніме, 



Мырза емеспін өйткені ой гүліне. 

Кеше мені бір шаттық шарықтатып, 

Бүгін бір мұң көгендеп қойды, міне. 

 

Күйбең тірлік – шеңберге симай кейде,  



Кеткеніммен, 

                        

шаңырақ үй-жай менде. 

Алдымдағы күндерге асықсам да, 

Қарайлаймын артыма қимай кейде. 

 

Өкінемін. 



                 

Өлердей сан соғамын, 

Өкінішке қайсарсып қарсы ағамын. 

Жолдас Заман, 

                          

бойымнан зая кетті 

Саған берер қанша күш, қанша жалын. 

 

Қуанамын. 



                     

Жүрегім жарылардай, 

Қуаныштың кеудемде таңы бардай. 

Жолдас Заман, 

                          

келеді таңым менің 

Таланттыдай талансыз таныла алмай. 

 

Өкініш пен қуаныш. 



                                    

Бұларға мен, 

“Өзімсіңдер” деп ылғи ұрандап ем. 

Мен солармен жүргенде қоян-қолтық, 

Жолдас Заман, өзгермей тұрар ма әлем?.. 

 

Жолдас Заман!  



                         

Сондықтан мына мен де 

Болармын бір күйкі жан, сірә пенде. 

Кеудемдегі жарам сол, сенен бөлек 

Болған күндер, құнын сен сұра, терге! 

 

“ – 



Жоқ, Замандас,  

                            

шын жылап, шын қуансаң, 

Сезіміңді өзіңе ту қыла алсаң, 

Өмір бойы игеріп үлгіре алмас 

Жүрегіңді таусылмас тың қыла алсаң. 



Жаңа Адамсың, сен мәңгі жас Адамсың 

Армандайтын Азамзат күллі жайсаң. 

 

Соны аңғардым мен сенің лебізіңнен, 



Мықты адамдар уақыттан, тегі бізден. 

Сан заманды есейтіп келесіңдер 

Қуаныш, қайғы сөлін емізумен”. 

 

                                                       

1977 ж. 

 

     



ҚАРЛЫҒАШ – АПАЙ 

                  

(баллада) 

В.М. Панченкоға 

Біздің ауыл – айналасы орғыл құм... 

Кіреуке күз. Сұрғылт аспан. Солғын күн. 

Теріскейден тұрып алып соғады, 

Өктім-өктім оғына ұқсап жел мірдің. 

 

Жайдақ құмның жиде талы дірдектеп, 



Еспе желді елемейді құм беткей. 

Біздің ауыл – он бес түтін, ортада 

Қыштан салған төрт кластық тұр мектеп. 

 

Жиналуын күтіп отыз баланың, 



Күзембай қарт бастап кетер сабағын. 

Отыз бала өзі осында, ойы алыс 

Күтіп бәрі, күтіп көке хабарын. 

 

Сабақтан соң класта қап топ бала, 



Сурет салып, көркем жаздық тақтаға. 

Төрт амалмен шығар алмай әлекпіз 



Соғыс қашан бітетінін тек қана. 

 

Құмдағы ауыл... құлаққа ұрған танадай, 



Анда-санда ит үргенде абалай, 

Жолаушысыз сүрлеу тартқан сорап жол, 

Соған қарап, көңіл босар қаралай... 

 

Көз ұшында құмға малтып бір арба, 



Сүңгиді кеп күзгі сұрғылт мұнарға. 

Оң қабақтар, сол қабақтар сол кезде 

Тартады, яки қуануға, жылауға. 

 

Бұйра құмды жалғызаяқ жол бойлап, 



Шыбыртқысы шолақ шалдың  қолда ойнап. 

Бүгін де әне, құлады арба, қажалған 

Дөңгелегі шақырымнан ойбайлап. 

 

Қартаң мал ғой жегіп жүрген лекерлеп, 



Қоңыр өгіз қозғалады тепеңдеп. 

Жұрт арбаға лап қойды бір кезде 

«

Екі адам ғой, екі адам ғой... екеу» деп. 



 

 

Аңғармадық арбаға алғаш кім жетті, 



Артқы адаммен көрісуге ол міндетті. 

Осы ауылдың боздағы ғой әйтеуір, 

Қан майданнан қайтқаны үшін құрметті. 

 

Жан ұшырып жетті де, кілт тоқтады, 



Қағыстырып төсіне-төс соқпады. 

Жаңа ғана лап-лап қойған үміттің 

Лып-лып етіп сөнді сәтте шоқтары. 

 

Желге қамсау болмай жұқа киімі, 



Бір орыс қыз үнсіз отыр, бұйығы. 

Жұрт арбаға ілескенде үн-түнсіз, 

Қыз жылады селк-селк етіп иығы. 

 

Көкшіл көздің тамшы шайып кемерін, 



Біз білмедік жылағанын неге оның. 

Естіп қалдық хат тасушы қарияның 

«Орыс тілі мұғалімі» дегенін. 

 

                       * * * 



«Волга, Волга, матушка» 

Ән салады Валя апай. 

Біз қараймыз батысқа 

«Көкем келсе-ау, алақай...» 

 

Көсіледі қызыл құм, 



Есіледі жел үрлеп. 

Күн батысқа қызыл күн 

Екінді ауса-ақ егілмек. 

 

Жалғыз жиде далада 



Құмға қарай құмартар. 

Қаулап өскен жағаға 

Шулайды кеп шұбар тал. 

 

Тас керең құм егілер 



Үнсіз-тілсіз томсарып. 

Алып болсын тегі жер, 

Байтақ болсын қаншалық. 

 

Тұтас дене, құм мынау 



Қара етіндей бір үзім. 

Сабырлы құм сұмдық-ау, 

Дөңбекшиді күн ұзын. 

 

...Ән салады Валя апай, 



Бір ысиды, бір суып. 

Сағыныштың сағаты-ай, 

Қалар кейде күрсініп. 

 

«Жоқ, жоқ» - дейді ол сонан соң, 



Сергігендей қыр, белдер. 

«Маған бәрі туған жер 

Орыс тілі жүрген жер. 

 

Орыс тілі қай жерде 



Жүрсең де тек бақ болғай» 

Апай айтқан ой кейде 

Құмдағы атқан ақ таңдай. 

 

Жарқырайды құмның бір 



Қара бұлтын ысырып. 

Бізге жеткен нұрдың бұл 

Бір ұшқын, бір ұшығы. 

 

Біз шырқаймыз Волга деп, 



Ол қазақша Еділ деп. 

Орыс тілі арқылы 

Бар қайғымыз жеңілдеп. 

 

Орыс тілі арқылы 



Сағыныш та сейіліп. 

Көк жиегі кеудеде 

Кеңейеді ой үміт. 

 

Бөкебайы ақ түбіт, 



Апай құмға жүгірді. 

Аппақ сәуле қақ тіліп 

Қара қоңыр іңірді. 

 

Әнге бөлеп тұрады ол 



Марғау кеште бел үстін. 

Қарлығашы сияқты 

Құмға келген жеңістің. 

 

ҚАСИЕТ 

Ағажан,  

              

самайыңды шалған қырау 

Алмастай жас жылдардың сәруәр нұры-ау. 

Қартсың сен, қуатыңды сарқып берген 

Заманға парасаты заңғар мынау. 

 

Ағажан,  



              

төңкерістің тал бесігін 

Тербеткен аға ұрпақ боп қалды есімің. 

Әліби, Сәкендермен бірге өттің сен 



Дәуірдің тайғақ өткел тар кешуін. 

 

Жалт етіп жаңа дүние нұрға көзің, 



Сол жаққа болмысыңды бұрған өзің 

Сарбаз боп революция шеруіне, 

Темірді қызған кезде ұрған өзің. 

 

Іздеп сен жас дәуірден мұратыңды, 



Қосшыға қостың әкеп бір атыңды. 

Сосын сен РКП(б) мүшесі боп, 

Бұлғадың қызыл шымқай бұла туды. 

 

Қолға ұстап бесжылдықтың балғасын сен, 



Бірісің шыққандардың алғаш үйден. 

Жаныңа тұңғышыңды ерттің және 

Ерліктер жету үшін жалғасумен. 

 

Тіміскі түртіншек жау андағайлап, 



Жапқанмен жас дүниеге жала-ғайбат. 

Жеңістің туын тіктің сен атойлап, 

Жеңістің гүлін тердің алақайлап. 

Партбилет жүрді сенің шырағың боп, 

Алғыр ой, асыл мұрат, дана қайрат. 

 

Уақыттың ылдиынан, ойпаңынан, 



Бақыттың шыңын барлап, ой таныған. 

Және де сол биікке шырқап шығып, 

Заманға жетелі сөз айтар ұлан, 

Болдың сен, 

                 

мақтанамын мен сол үшін, 



Күн сипат, нұр дидарлы еңсең үшін. 

Дүниені қозғаған күш, қозғайтын күш, 

Ол сенің тебіреніс пен теңселісің. 

 

Көшелі тұлғаңменен көш басында, 



Жасампаз болдың біздің Бас ғасырға. 

Сен мынау алты құрлық бір-бірімен, 

Алғашқы дәнекерсің достауға. 

 

Әділет жауыздықпен ерегеске 



Шыққанда жекпе-жекке, төбелеске, 

Намыстың найзасы боп жарқылдаған, 

Ағажан, сендерсің ғой, сен емес пе?! 

 

Ағажан,  



                

түн қатқан кез, түс қашқан шақ 

Бәрі өтті. Қайғы-қатер тұстасқан сәт.  

Келесің мәңгі алаудың жанына үнсіз, 

Сен қазір қос қолтыққа ұстап балдақ. 

 

Балдақтың сықыры мен бурыл самай 



Сыр айтып, таң ғап саған тұрдым талай. 

«Осы адам, осы адамдай болсаңдаршы, -  

Дедім мен, - жұмыр жердің тұрғындары-ай...» 

 

Ғасырдың тыныштық пен бүлігіне, 



Тірліктің іңгәсі мен уіліне. 

Достардың жеңуі мен сеніміне, 

Дұшпанның күлігі мен күдігіне. 

 


Көш басы коммунистер сергек қарап 

Тұрса тек, қоғам керуен өрге аттамақ. 

Ол сенің, ол сендердің арқаларың, 

Келеміз нұрлы ертеңге тербеп қанат. 

 

Қуансаң шаттық нұрын жалқы жағып, 



Қайғырсаң көрдің бе сен жалқы қалып. 

Жо... жо... жоқ, партиямен бірге болдың, 

Керек пе? 

                   

Болмысың да партиялық. 

 

Сенің бар бақытың да, бағың да сол, 



Сен үшін байлық та сол, жалын да сол. 

Жауыңа зауал болған тосқауыл сол, 

Жаныңа жақын қонған дос-қауым сол. 

 

Дегенде, қарт коммунист қыран қабақ, 



Қонатын қас бүркіттей шығандап ап. 

Бас изеп бар сөзіме, сөзін жалғап,  

Өзіне берді өзі бірер жауап. 

 



Бәрі рас,  

                 

білесің бе бірақ, інім, 

Тау мен тас жаңғыртады қыран үнін. 

Қағып ап қия беттер, құз шатқалдар, 

Қыранның ұмыттырды сыңарлығын. 

 

Сол кезде тау да қыран, тас та қыран, 



Сол кезде Шындық, Ерлік – асқақ ұран. 

Қасиет коммунистік басталған ғой 



Осы екі ұлы ұғымның дастанынан. 

 

Жаңғыртып, жайлап, баурап күллі әлемді 



Жөнелген бөлеп шұғыла нұрға жерді. 

Қашанда коммунистер дауысынан 

Ұлы рух, ұлы қасиет туған еді. 

 

Түнегін түн ойлардың қақыратып, 



Тілемей жалқы жерге жарты бақыт. 

Тек қана коммунистер ықпалымен 

Дүниені түрлентеді Батыр – Уақыт. 

 

Біз кеше компас едік, дүниеге 



Жөн сілтер нұрлы ертеңнің зеңгіріне. 

Біз бүгін барометр сияқтымыз 

Дүниенің демін тыңдар енді, міне! 

 

Деді де, 



             

қарт коммунист тыныстады, 

Алаңда топ көгершін жүр ұшқалы. 

Адамдық қасиеттің мен ойладым 

Осы-ау деп адамзатқа туысқаны. 

 

                 

КЕЛІН 

 

Ауыл арты айдын көл – қардың суы, 

Қар суына қосылған жаңбыр суы. 

Тұщы суға барады қыз-келіншек, 

Табанына шашырап шалғын шығы. 

 

Кешке қарай көкжиек күреңітіп, 



Қою бұлтты балқытып тұр ерітіп. 

Боз жусанның түбінен тіп-тік ұшып, 

Бір бозторғай аспанда жүр елітіп. 

 

Ауытқыған ауамен бозторғайға 



Көп қадалды бір кемпір,  

                                    

көз талмай ма? 

Кенет ұшқан құстардың қанатындай 

Келер болса жақсылық кез таңдай ма? 

 

Құдіретімен тұрған кез көктем буып, 



Күн сәулесі алтын зер боп төгіліп. 

Қайта оралды әлгі құс... 

                                        

қайран дүние, 

Келмейді әттең, бұлдырап кеткен үміт! 

 

Көмейінен торғайдың төгілген үн, 



Әкеледі көзге жас, көңілге мұң. 

Майдан біткен,  

                         

мазасыз кемпір күткен, 

«Махаббатын ән қылып менің де ұлым... 

 

Менің де ұлым оралар, орнында бар, 



Орнында бар болған соң орман толар. 

Менде қайта көктермін жапырақ шашып, 

Жапырылып жапанда қалған томар». 

 

Күтті кемпір екі жыл, үшінші жыл, 



Күтті келін көп естіп қысыр сыбыр. 

Екеуі де сұрайды әлдекімнен,  



«Құсымызды кенеттен ұшыршы бір».  

 

...Суға барған көп әйел шалқып әні, 



Кешке жақын көл жақтан жел тұрады. 

Қараша үйдің шығып ап қолдауына 

Қадалып тұр сол жаққа кемпір әлі. 

 

Көл маңайы көп жұрттың шуын құшып, 



Ерте түсті шалғынға бүгінгі шық. 

Келін, бүгін көлге сен бармаушы ма ең, 



Жалғыз қалдың, кетті ғой іңір түсіп. 

 

Және де айтты:  



                       

«Қыздардан жай қалдың ба,  

Әлде бүгін бір жаққа ойландың ба?» 

Келіні тұр таранып, шашын өріп, 

Керегеге ілулі айна алдында.  

 

Абыройын қалдырып аманатқа, 



Жардан артық жоғалған жара боп па!.. 

Кемпір де дал,  

                        

барғанын айна алдына 

Жори алмай жақсылық, жаманатқа. 

 



Көңілінің шашбауы көтеріліп, 

Көлге қарай асығып жетеді жұрт. 

Қайда асығам, қашанғы күзетемін, 

Бұл босаға мен үшін бекер үміт. 

 

Иінағашы салдырлап иықтағы, 



Қараңғыда көл жаққа жуықтады. 

Жабамын деп түндікті жатты кемпір, 

Құлап түсті бір дәуіт уықтағы. 

 

Келер күні тұрып па келін ерте, 



Қолы үйренген қашарын еміренте, 

Еміренте сауғанда, елжіреді 

Ене емшек секілді көңіл дерте. 

 

Содан кейін кір жуып, шай қайнатты,  



Білек түріп шайқады бал қаймақты. 

Бұзауы бар қашар да май береді, 

Қысыр қалу, япыр-ай, қандай қатты! 

 

Көрші жинап, көп жұрттың батасын ап, 



Келін айтты: 

                      - 

Келгем жоқ жат асырап,   

Тайып тұрар тағы да мен емеспін, 

Алып ұшқан нәпсімен шатасып ап. 

 

Мүлкін де алмай бұл үйден, малын да алмай, 



Кейде орнында тұрмайтын лағылдардай, 

Кетті келін,  

                   

кетерде енесіне 

Еңіреді «кетті деп бағым жанбай». 

 

Қыз-келіншек күлкісі сараласып, 



Көлден қайтты жарысып, жағаласып. 

Жалғыз кемпір келеді жұрт соңында 

Ақ жаулыққа ақ самай араласып. 


 

Жалғыз кемпір келеді...  

                                       

қайран көңіл, 

Артта қалған жылдарға ала қашып. 

 

                                                    * * * 



“Келіншек пе, екен, қыз ба екен, 

Иман жүзді екен, ізгі екен. 

Таң алды түскен сонар ма, 

Бір жүріп өткен із бе екен? 

 

Махаббат атты құрылықта 



Бақытты ма екен, мұңлық па? 

Тәрк боп кеткен жоқ па екен, 

Тағдыр дейтұғын – бұйрыққа. 

 

Ғашықтық өртке малынып, 



Асықтық дертке шалынып. 

Көрген жоқ па екен қамығып,  

Кеткен жоқ па екен жаңылып?.. 

 

Апыр-ау, анау алма бет, 



Қарақат көз бен шие ерін. 

Тәтті ұйықтап жатқан таңда кеп 

Қонатын жері-ау киенің”. 

 

Деп қалдым, досым, 



                                 

деп қалдым, 

(Дерсің сен тағы, айт, айтқыш.) 

Саған да сондай тап болсын 



Сұлулық дейтін – Жайтартқыш. 

 

                                           



07.11.1977 ж. 

                       

                              * * * 

Көргеннің бәрін кеудеге қамап, шегендеп, 

Көздегі нұрды ақылға матап, көгендеп, 

Жиырма бестегі жабырқай ма екен жас ақын 

«Күндерде бір күн бізге де қарттық келер», - деп. 

 

Қайғыру неге..., 



                                

қайғырмаймын мен өз басым, 

Қарттық та жақсы басыңнан күнің озғасын. 

Бас жаққа қойған белгің де тозсын өлген соң, 

Жас шақта жазған бір шумақ жырың тозбасын! 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет