ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет4/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

            

ҚҰМДАҒЫ АРШАЛАР 

                (

баллада) 

Сықыр да сықыр сары аяз, 

Сына алмай сыздап тұр аспан. 

Қақтаған аптап ала жаз, 

Қақаған қысқа ұласқан. 

 

Қылаумен өскен қар биыл, 



Бұрқасын боран жоқ әлі. 

Қырдағы ауыл малға үйір 

Қырық-елу түтін шамалы. 

 

Өзеннің арғы бетінде, 



Өзектен өтсең, орғыл құм. 

Шетіне шалғай жетуге 

Салт атпен үш күн жол жүргін... 

 

Ақтылы қойы колхоздың 



Алпыстай отар боп қалар. 

Қыстайды құмды, сан көздің 

Себебі солай көп қарар. 


 

Ал мынау ауыл шап-шағын, 

Көшесі жазда оспа құм. 

Қыс болса кешіп омбыны, 

Сүйреткен шана-шаңғыны, 

Қораштау болар басқаға, 

Біз үшін құйттай астана. 

 

Әнеки, қыштан өрілген 



Қызыл үй –  мектеп-интернат. 

Тағлымы соның дедім мен 

Тағдырымды өссем ерте аңдап. 

 

...«Жаңа жыл ертең», - дегенде, 



Жүгіріп жапа-тармағай, 

Бала біткен елеңдеп, 

Қуанып, толқып әрқалай... 

 

Интернат іші гуілдеп, 



Ерсілі-қарсылы, у да шу. 

Ересек біздер күбірлеп, 

Құрушы ек сұхбат, сырласу. 

 

Құлайды-ау ертең құм жақтан 



Қырық-елу шана ат-көлік . 

Шанасын бәрі сырлатқан 

Сәйгүліктері ақ көбік. 

 

Бәйгеге келе жатқандай,  



Бәсеке бәрі шетінен, 

Малынып тонға мақпалдай, 

Қан тамып күрең бетінен. 

 

Қай  үйге бұрар ат басын, 



Атағы-даңқы барлары. 

Сол үйдің барып қақпасын 

Ашады-ау және баллары. 

 

Өңкей бір аға қойшылар 



Өргізген төлді мыңғыртып. 

Біреуін бірі қамшылар, 

Қолтықтарына су бүркіп. 

 



Әбзелің мынау үр жаңа, 

Әубәкір жасап берген бе? 

Нарқына берсең бір қара, 



Кім қой дейді осы сенлдерге. 

 

Әзіл мен қалжың ішінен 



Шындықтың шоғы жылт етіп. 

Табылмай тұрмас кісіден 

Бір кеміс пенен бір кетік. 

 

Құр ұстап, қойға мінбеген, 



Бәрінде бір-бір қынулы ат. 

Құлайды орғыл құмменен 

Ор қоян шана зуылдап. 

 

Жаңа жыл тойын мектепте 



Балаларымен қарсы алып, 

Бой көтеріп бір кетпекке 

Артынан айтар тамсанып. 

 

Жиналу әдет-дәстүрге 



Айналған бір кез болатын. 

Күллі ауыл... Кәрі-жас бірге 

Ёлкаға кешке баратын. 

 

Айтпақшы, барлық шананың 



Бөктерген бір түп баршасы, 

Шыршасы жоқ қой даланың, 

Бар бірақ құмның аршасы. 

 

Қызыл да жасыл күреңсе, 



Күн нұры тисе құлпырған. 

Кеберіп құмдар түнерсе, 

Көгеріп арша бұлқынған. 

 

Көктемде кейде сарғаяр, 



Қаңтарда кейде көгерер. 

Бояуда бейбақ бар ма амал, 

Құнарын берсе жер егер. 

 

Әрбір түп анау, қаншасы 



Өсті екен сазға, тастаққа. 

Әйтеуір, құмның аршасы 

Әкелген бір-ақ мақсатқа. 

 

Жұрттағы ой: «Ертең кімдікі, 



Ёлка боп тұрмақ ортада?» 

Бірақ ол сонау құмдікі, 

Атауы жалқы картада. 

                 * * * 

Мектеп директорына  

Ентелей кіріп үш кісі, 

Жармасып жатыр қолына 

Келгендей қысып құшқысы. 

Жүйріктеу сөзге Оңғар қарт, 

Отырған жұртқа бір бүйір. 

Иығын қозғап, қомдап ап, 

«Қарағым, - деді, - жыл биыл... 

Жыл биыл жақсы болып тұр,  

Кеп қалдық тағы жиналып. 

Жиырма жыл бойы көріп кіл 

Қия алмай жүрген қиналып 

Қызылдың бір түп аршасын 

Қиып-ақ ағаң түсірді»... 

Деді де, қағып шақшасын 

Шалғынбай қартқа ұсынды. 

 

Шақшаны кейін шорт қағып, 



Шамданып қалған сыңайлы, 

Шалекең жұртқа оқталып: 

Қыстағым  құмның шұрайы, –  



Деді ол, - қалқам ұға бер, 

Өрісім аты – «Аршаорман» 

Құр дөненіммен құлагер 

Қалыңына өтіп қарсаңнан 

Мен де бір арша қиып ем, 

Атты адамдай-ау ұзыны. 



Шықпайтын ба еді жиіден 

Ағаштың түзік түзуі» 

 

Сол сәтте сөзге сараңдау 



Абдырап қалған Сағымбай: 

«Менің де аршам биік, дәу 



Жұп-жуан Торғай талындай», - 

Дегенде, бар жұрт күлкіге 

Қыран да топан көміліп, 

Сағымбай сыртқа сілкіне 

Шықты да кетті шегініп. 

 

Жиналып қалды бар қойшы, 



Ішінде және Қабдіраш. 

Аршасын мақтап әрқайсысы 

Ал даулас келіп, салғылас. 

 



«Жә, - деді жаймен директор, - 

Рахмет пейіл пиғылға. 

 

Орны бар бірақ ерек бір 



Сияпаттың да, сыйдың да. 

Оқуда үздік кілең бес, 

Ортада үлгі беделі, 

Бастап бір ылғи жүрер көш, 

Жас болса да ойы келелі 

Бар еді бізде бір бала». 

 

Директор үнсіз.  



Жұрт жым-жырт,  

Дау айтар оған кім дара, 



Жөні бар іске «құп», «құлдық». 

 

Қай әке қазір төбесі 



Қуанар көкке жеткендей, 

Үміттің ұшқыр елесі 

Бәрін де баурап  өткендей. 

 

Бәрі де қазір аршасын 



Қондыратындай кең залға. 

Қас-қағым сәтте сонша сын, 

Сонысы қиын жалғанда. 

 

Жаутаңдап бәрі қарайды, 



Жанарларында шық тұнып, 

Күпініп келген талайды 

Үміт пен күдік күпті ғып. 

 



«Ол ма, ол – деді директор,-  

Келген жоқ білем арша оған».  

Тез ұқты бәрі, демек бұл –  

Жесірдің ұлы Аңсаған. 

 

Ешкімді ешкім қаумалап, 



Ешкімді ешкім сүйген жоқ. 

«Қайырлы болсын» саудалап, 

Қағытқан да жоқ, ілген жоқ. 

 

Ойлайды бәрі үнсіз қап, 



«Орнында қалған оңалды-ау». 

Ескірген жара бір сыздап, 



Бір сыздап барып жамалды-ау... 

 



«Әкесі жиен, жиеншар», 

«Бір жылғы төл ем,» - деп біреу. 



Көзіне жас ап бірер шал, 

Жалғызға тілеп көп тілеу. 

 

Сол күні келген бір арша 



Әкесіз ұлға арналған. 

Жарқырап ёлка алауша 

Аршасы құмның жанданған. 

 

Есіңде бар ма, Аңсаған, 



Сонда айтып ем ғой мен саған. 

«Құмдағы жасыл аршалар, 

Құмдағы асыл аршалар, 

Жалғасқан жастық мәңгілік  

Япыр-ай, осылар шығар!». 

 

                



ҚЫРМАН БАСЫНДА 

Елу тоғызыншы жылы қырманға барғаным есімде, 

Тайынша жетектеп тырбаңдағаным есімде 

Қайрағым да жоқ, орағым да жоқ қолымда, 

Күн құлап кеткен бесінде. 

                                     

Құрдан-құр барғаным есімде. 

 

Кешке жақын дала салқын, 



Орып алған егістік – қарабарқын. 

Жанымда Хайдолла бар 

Хайдолла қара нар-тын. 


 

Сарғайған сабанның торсықтай дәні тырсылдап, 

Белі шойырылса да Хайдакең бау тізгіндеп жүр ырсылдап. 

Күн қағып  әбден бозарып кеткен көйлектен 

Тобылғы майдай тамады тамшы шым-шымдап. 

 

Орақ аяқталған, 



Күз таяп қалған. 

Бармақтай дәнді көріп, 

Хайдолла тояттаған. 

 

Нан турап жеген соң ұйыған ащы айранға, 



Шаршадым, - деді, сабанға құлап Хайдолла. 

«Нан бар ғой, - дейді, - нан бар ғой», - дейді ол күбірлеп, 

Қашпай қалған қашары жайлы ойлауда… 

 

Кешке жақын, дала салқын, 



Орып алған егістік – қарабарқын. 

Жанымда Хайдолла отыр –  

Қырманның қарауылы, 

...Екіндіге еңкейді дала күні. 

 

 

                                         * * * 



Пендеге біткен дүние, 

Байлық па, бақ па, бірібір, 

Көзіңнен бір күн ұшады – 

Тағдырдың берік заңы бұл. 

 

Көзіңнен бір күн ұшады 



Артына әсте бұрылмай, 

Тарқаған базар шуындай. 

Көзіңнен бір күн ұшады 

Қоңыр суына қош айтпай, 

Кеуденің дертін босатпай. 

Сазарып қалған сулардың 

Қиналып ұшқан қуындай. 

 

Зердеге біткен дүние, 



Қайғы ма, сор ма, бірібір. 

Кәдесі болса халқыңның, 

Салмағын басар алтынның 

Тағдырдың тастай заңы бұл! 

 

Уа, тағдыр, осы заңыңнан 



Тоқсан да тоғыз айналам! 

Тоқсан да тоғыз ойланам. 

Қасиетті заңның қармысын 

Қалайша, қалай қайыра алам? 

 

                            * * * 



Салт атқа мініп сар желіп қырда қайтар ем, 

Шалқақтап жүріп «Айнамкөзді» айтар ем. 

Шекетулі ерде отырар едім шайқалып, 

Сүріне білмес су жорға болса байталым. 

 

Сарғайған дала сазды әйет құмы бұрқылдап, 



Сар жайлауда анау, сері өзен ақса сылқылдап. 

Құр-құрлап қырдан қайырып қайтсам құлын-тай, 

Әр көде басы дуадақ ұшса, пыр-пырлап. 


 

Тайпалған жорғам, майталман жорғам жараса,  

Қайқаңдау жолмен қыраттан, белден әрі асам. 

Сағынышымды сейілтер ме екен, сол кезде 

Сары адырларға көз майын тауысып қарасам. 

 

 



 

                                 

СЕВАН 

Бір қанып ішіп, суына түсіп көрмей біз, 

Ауызымыз жеңіл, тоспа да болса, көл дейміз. 

Мойылдай дейміз, моншақтай дейміз, мең дейміз, 

Біз де бір аққу, айдынды көлге шөлдейміз.  

 

Қайсыбір көлдер бетінде барлық ашуы, 



Қайсыбір көлдер шымырлап түбі тасыды. 

Ал туласын-ақ, толқынның бәрі бір ме екен, 

Жылымы да бар, жуасы да бар, жасығы.  

 

Қайсыбір көлдер құлазып қырда қалғыған, 



Қайсыбір көлдер құйын түртсе де салды ұран. 

Қайсыбір көлдер жазықта жатыр,  

                                                          

Севанға 


Арарат абай, Арарат қамқор тау бұған. 

 

Қарауылы боп қаншама ғасыр күзеткен, 



Севанның көлін кемемен жүзіп біз өткен. 

Қалғымайтын тау мұз болып қатып қалыпты, 

Табанынан да, арқасынан да сыз өткен.  

 


Шөлдер де келген айлап та жылдап, аптаған, 

Жаулар да келген тасына дейін таптаған. 

Армян халқы қарашығындай көзінің, 

Севанды бірақ шайқамай, төкпей сақтаған. 

 

Құр атқа мінген адамдай болып бой бүгін, 



Севанға жүзіп құрдық-ау серуен, беу, бүгін! 

...Он ғасыр көрсін, жүз ғасыр көрсін, бұл көлдің 

Суынан таза, суынан жаспын деу қиын. 

 

                                        



                   

ТАБИҒАТ 

Нөпір де нөпір ой бұлты қалың, 

Нөсерлеп бүгін тынам ба?! 

Немесе түсіп торғын тұманым, 

Малынамын ба мұнарға? 

 

Көктем сыңайы, күз нышаны ма, 



Өкінішті ме әлде өлара. 

Бұлтымнан өлкем сыз құшады ма, 

Бәйшешекке әлде тола ма? 

 

Нәзік бұлттардың нұрларын күтіп, 



Нөсерлер аңсап тұрғанда, 

Тұман түседі тұланын тұтып, 

Қырауын жауып қырларға. 

 

Қорғасын бұлтым торлаған кейде, 



Тұрғанда қар боп жетер деп, 

Жұп-жұмсақ тамшы сорғалар бетке 



Самалдан жазғы бетер боп. 

Табиғатыма таң қалам мен де, 

Ақын емес пе екем деп. 

 

                                 



ТАЛ БЕСІК ТУРАЛЫ БАЛЛАДА 

 

Көргенде сені сәмбі тал, 



Қабағы жанып тұрғандай. 

Есіме түсті Сәбіл шал 

Және де және бір жағдай... 

 

Есіме түсті ерке өзен, 



Құрдымға қарай жөңкілген. 

Бұйым ба оған бел, кезең, 

Бір рет ырғып серпілген. 

 

Жазыққа тіреп табанын, 



Шымырлап ағар толқыны –  

Мойнына салған даланың 

Мойылдай бұйра елтірі. 

 

Жағасы жасыл тал, орман, 



Хош жұпар иіс атырап. 

Үп ете қалған самалдан 

Үркетін жәудір жапырақ. 

 

Есіме түсті төрт қанат 



Тұрмысы – әбеқоңыр үй. 

Бір-екі құлын ноқталап, 

Жылқысыз тұрмас желі ылғи. 


 

Есіме түсті тал бесік, 

Тал құрық пенен тал уық. 

Жағалау кезіп, жар кешіп,  

Жүгірген ұлы тал мініп. 

 

Есіме түсті тал күршек, 



Есіме түсті тал оқтау. 

Тал шанасы да бар деуші ед, 

Жетегі ғана шолақтау... 

 

Есіме түсті, көк өрім 



Қабығын талдың жонғанда, 

Балауса балғын дененің 

Бойынан сөлі тамғанда. 

 

Тарамыс жіптей тарқатқан 



Тоқсан да бұрап, сан иіп, 

 

Тал шебер еді ол,  



                                

жан-жақтан 

Жататын жұрты ағылып. 

 

...Бір күні тоқсан шақырым,  



Сабылып сонау дуаннан. 

Сүліктей етіп атының 

Қан сорпа терін шығарған. 

 

Келді бір кемтар жолаушы, 



Бір аяқ шолақ, қол молақ. 

«Ал, әлей болсын!» - Шал даусы, 

Жүр еді ұлым жол қарап...» 

 

Дегенде, 



                

кемтар атынан 

Қарғыды жерге бір ырғып. 

Ақсақал, - деді, - отырам, 



Келіп ем бір зат ырым ғып. 

 



Отырам – деді, –  асықпай,  

Көзінде оттай нұр жанып. 

Жалғанға жаңа ғашықтай  

Наласыз, мұңсыз бір кәріп... 

 



Бейшара-ай, – деді шал іштей,  



Қайтсін-ай, - деді кемпірі. 

Көз қарақ болған таныс қой 

Мүгедектердің әр түрі. 

 

Қырық алтыншы жыл. Қырық күн 



Шілденің кемел кезі еді. 

Тобылғы, дүзген, шіліктің 

Өртеніп тұрған өзегі. 

 

Тек қана өзен бойлаған 



Құба тал нарттай тұр қунап. 

Үп еткен желмен ойнаған 

Жапырағы желпіп, суды ырғап. 

 

Жайғасып кемтар, есіктің  



Жақтау жағына қарады. 

Иілген талдан бесіктің 

Тұр әне, иін – шабағы.  

 



«Ақсақал, сізге сұрау боп, 

Отырмын сірә! – деп алды. 

Жарымжан мынау – бір әулет, 



Не арты соның, не алды». 

 

Дегенде демі іркіліп, 



Қарт оған «тәйірі, тек!» - деді. 

«Үмітсіз шайтан...  

                              

Жігіттің 

Болады қырық көктемі!» 

 

Жалғыз көз қарттың қолымен 



Жасалып тағы бір бесік. 

Үміттің алыс жолымен 

Жолаушы тартқан тілдесіп... 

 

Жылады кемтар: «Жалғыз ем, 



Ақталар ма деп бұл батаң. 

Мен перзент көрсем, алдымен 

Осы жерге әкеп аунатам». 

 

...Көріпті перзент. 



                               

Көгеріп 


Кетіпті сол бір көсеге. 

Құбыласы тегіс теңеліп, 

Бақ қонған бопты пешене. 


 

Бір өзен бойы су-нәрін 

Жүрсе де күнде бір еміп, 

Топыраққа сонау ұлдарын 

Аунатқан жоқ ол бір келіп. 

 

Аунатқан жоқ ол,  



                              

дегенмен 

Аяулы оған сол бесік. 

Тербетті оны өлеңмен 

Түндерде не бір ән қосып. 

                *  * * 

 

«Жасап ем жастан сан бесік, – 



Депті қарт кейін өлерде. 

Тек бесік жырын ән қосып, 

Айтыңдар мені көмерде»... 

 

 



 

                  * * * 

Төбеде жүзген бұлттарға 

Төменнен қарап сұқтанба! 

Жел тұрса зеңген жан-жаққа 

Салмағы бұлттың салмақ па?.. 

 

Жетелеп жүрген жол бәлкім, 



Тағдырың шығар жел бәлкім. 

Суымнан ұшқан бу едің,  

Шығарсаңдаршы жер даңқын. 

 


Бармаған жерің жоқ шығар, 

Баспаған тауың жоқ шығар. 

Бір күні жерге құлайсың 

Талмай-ақ жүзген топшылар. 

 

Жауасың жерге бір күні, 



Қақ болып сосын іркіліп,  

Сіңесің құмға су болып,  

Шығасың гүл боп құлпырып. 

 

Бұлттар-ай, деймін ер көңіл, 



Жылайсың бір күн боркемік. 

Бұйрық заң сүйреп бәріміз 

Құлаймыз қара жерге бұл. 

Табиғат тең қып жаратқан 

Төбеде жүзген сен де бір, 

Төменде жүрген мен де бір. 

 

 

                           



ТОБЫЛҒЫ САЙҒА БАРҒАНДА 

Дүр етіп лезде, бүр жарған кезде дүзген, тал,  

Тобылғы сайға торыңды сайлап қызбен бар. 

Қолаң шағыр мен қоламта күлгін көкпектің 

Арасында аршын тұяқтар тиген іздер бар. 

 

Тұяқтар теуіп тастаған таспа топырақ 



Қияқтар көміп, аңқасы кеуіп жатып ап,  

Шаңқай түсте шекесі шып-шып қызғанда 

Қалқалайды кеп қызғаншақ түйежапырақ. 

 


Тобылғы сайға торыңды сайлап бар сонда, 

Жарауы жетсе, топайдай торың алшаңдар. 

Ізге ұя салған жапырақтан бір құс пыр етіп, 

Жазатайымда қайтер ең құлап қалсаңдар?! 

 

                          

ТҮС 

Ұйқым сергек.  

                       

Мен қазір көп түс көрем, 

Жорытар ем – жүрегім дауаласа. 

Торғайдан суыт шығып,  

                       

Тосынға кеп түстенем, 

Ұясына асыққан бал араша. 

 

...Төбешігі Тосынның тау екен деймін, 



Таудан өтіп кетейін тәуекел деймін. 

Тау артына тығылып қоныпты ауыл, 

Таудан асу, әрине, көлікке ауыр... 

 

«Шөміштөбе» басына жұртты иіріп, 



Нұрқан ақын сөйлеп тұр мұрт шиырып. 

Арқам кеңіп жөнейді, содан ба әлде, 

Кеудемді ашам саябыр сараң желге, 

«Жауса деймін жарықтық бұлт бұйырып». 

 

Күн жаумайды, шаң құрғақ, ауа құрғақ, 



Шәйі сағым шайқайды даланы ырғап. 

Өртеңге өскен Қаракөл қамысына 

Қараймын да жазамын қаламымды ап. 

 

Жыр тумайды, зіл дене құрысады



Жырау ақын «жырла» деп ұрысады. 

«Қарағайдың әуелі шанағын қақ, 

Арқаң бар ма ед, жөнелсей, ал, ағындап»... 

 

Дейді маған Нұрекең, қиналамын, 



(Қиын екен қинағаны сыйлы адамың). 

Қорықпай-үрікпей түсемін қара терге, 

Құдіретің бар, Ақындық,  

                                           

иланамын! 

 

 



           

ХАН ТӘҢІРІ 

Аспан тіреп тұрған шың, 

Асқақтыққа туғансың. 

Ақша бұлтың желпілдеп, 

Алыстан қол бұлғарсың. 

 

Әжіміңде мұң бар шың, 



Етегіңде гүл бар шың. 

Өз бұлтыңмен шыланып, 

Өз күніңмен құрғарсың. 

 

Ұлылығың сол сенің, 



Кішілігің және сол. 

Қабақ шытсаң, еңселім, 

Әне нөсер, әне сел. 

 

Ту сыртыңнан толықсып,  



Ашық қабақ ай туған, 

Күлім қабақ күн туған. 



Аңыздарда айтылған 

Алыпқа ұқсас түр-тұлғаң. 

 

Мыңқ етпеген мықты шың, 



Жалғызбысың, жұппысың? 

Шығысында шыңдардың 

Шалқақ тұрған ықпысың? 

 

                                



ІҢГӘ 

Іңгә, іңгә, 

                    

іңгә, іңгә, іңгәла, 

Іңгәлай ғой, іңгәлай ғой, бір бала 

Жарық дүние кілтін ашқан жалғыз үн, 

Адамзатқа сол ғой ортақ тіл ғана. 

 

Іңгә, іңгә... 



                

іңгәлай ғой, шаранам, 

Тербетеді, ұйықтатады жан анаң. 

Тербеу деген басталғаны қозғалыс –  

Секундтарды, минуттарды санаған. 

 

Іңгә, іңгә... 



                 

іңгәлай ғой, бейкүнәм, 

Анаң сені әлдилейді айтып ән. 

Ән басталды дегеніңше, саған да  

Сана бітті, бергені ғой ой – қылаң... 

 

Іңгә, іңгә... 



                     

іңгәлай ғой, бөбегім, 

Кермек дәмді келте айтатын өлеңің. 


Түсінерсің, күрсінерсің, ұғарсың, 

Іңгәлаудың, үһілеудің себебін. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

КӨКТЕМ  КӨКЖИЕГІ 

 

(1978 ж., «Жазушы» баспасы) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

АҚ  ШИЛЕР 

Құм Тосын жаққа құларда, 

Қол бұлғаушы еді ақ шилер. 

Малынып мұхит мұнарға, 

Тоқындаушы еді ақ шилер. 

 

Алтынмен аптап күн нұры, 



Жарқылдаушы еді жел қағып. 

Сайрайтын жоқ-ты бұлбұлы 

Өздері сыңсып, толғанып. 

 

Табиғат берген тілменен 



Үнсіз де түнсіз тебіреніп. 

Сусыған қызыл құмменен 

Тұратын толқып, еміреніп. 

 

Көрдім мен құмның шилерін, 



Желкілдеп қунап тұрғанда. 

Қозғалып бірге билейді 

Қарауыл төбе құмдар да. 

 

Аршын да, аршын құм іші, 



Дастарқан дерсің жайған бір. 

Қанаты құмның, дұрысы, 

Қаға алмай тұрған қайран бір. 

 

Құмдағы қыруар өскіннің 



Сыңары сирек сұңғағы. 

Бар екен сенде, кеш білдім, 

Жоқ деуші ед сенде гүл жағы. 

 

Қас-қағым сәтте қабығың 



Терідей түлеп жаңарып. 

Жалғыз-ақ талсың, тамырың  

Жап-жайқын құмға таралып.  

 

«Жап-жайқын мұхит бетінде 



Жұптасқан желкен – керуендер. 

Соққан бір дауыл өтінде 

Селдіреп қала көрмеңдер». 

 

Және де солай тіледім, 



Табиғат пейілі кең ғой деп. 

 

Қауышып есен жүремін, 



Пенделік оймен сенбей кеп. 

 

Қаз-қалпың қоңыр құмыңнан 



Аумай да көшпей еш жаққа. 

Қызықпайсың-ау, құбылған 

Тауға да, тасқа, асқаққа. 

 

Құмыңның қалды жыры боп, 



(Болсақ қой сендей баршамыз)  . 

О, құмның шиі, бір түнеп, 

Кетті екен саған қанша құс. 

 

 



 

 

* * * 



Аман ба, туған топырақ, 

Аман ба, Ақшығанағым. 

Ақ деген сөзден жарқырап, 

Жеткендей жақсы хабарың. 

 

Жүйкемді күллі босатып, 



Мен сені неге сағынам. 

Сенде өткен дәурен – жас уақыт, 

Сәулесіне әлі табынам. 

 

Жұмыр жер неге кең деме, 



Қасиетті қырлар көп-ақ қой. 

Азамат туған жерге де 

Аз ғана күндік қонақ қой. 

 

Әйтпесе, біздің бәріміз 



Жүрмес пе ек туған төбеде. 

Жұмыр жер – кеме, жанымыз, 

Жанымыз бірге кемеде. 

 

Шыр етіп түскен уыс құм, 



Қасиетті болар себебі, 

Алғашқы деммен туыстың, 

Алғаш сол сүйді денені. 

 

Қайғысыз, қамсыз күндердің 



Қайығында сонда жүзерсің. 

Кіршіксіз, кірсіз гүл көрдің, 

Үзбессің, мүмкін үзерсің. 

 

Кімде де бар ғой нала, наз, 



Күндер бар жолың болмайтын. 

Сондайда бірақ адам аз 

Туған жерді іздеп бармайтын. 

 

Сондайда бірақ көп пенде, 



Тек өзім ғана сүйем деп, 

Сен аунап өскен бөктерді 

Тұрады жалғыз иемдеп. 

 

Әттең-ай, сонда тіл болып



Сөйлеп бір кетсе әлгі қыр. 

Білер ед, бейбақ, шын берік, 

Туған жер сүйер жалғыз ұл, 

Жалғыз ол емес екенін, 

Сүюдің сан мың бар заңы. 

Сүюге оның жетерін, 

«Сүйем» деп айту арзаны. 

 

Туған жер, саған қаталап, 



Кім қалай сүйсе өз еркі. 

Мендегі сендік махаббат –  

Жанардың нұры – көз өрті, 

Жүректің жыры – сөз өрті. 

 

 

                    * * * 



Асқынып ағатын бұлағың, 

Бастығып қалған ба, шырағым. 

Басылмай келіп ем құмарым, 

Басыңа жеттім де құладым. 

 

Баяғы ағысың қайда асау, 



Булығып жатыр ма, бар ма сау?! 

Қара жер қайнарға тоймас-ау, 

Қайнарлар ағыссыз қалмас-ау. 

 


Көлдері қол бұлғап талай қыр, 

Төсінен шақырды талай нұр. 

Сабылып сабырсыз келгенде, 

Саябыр жатқаның қалай бұл? 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет